Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





37.Сал-серілердің (әнші-ақындар) көтерген мәселесін, қозғаған тақырыбын талдап жазыңыз.



Сал- серілік ө нерді халқ ына ө лмес мұ ра етіп қ алдырғ ан ә нші-ақ ындар – тобы қ азақ ә дебиетіндегі біртуар тұ лғ алар. Олар ақ ындық пен ә ншілікті, сазгерлікті қ атар алып жү рген, сегіз қ ырлы, бір сырлы ө нер майталмандары болды. Олардың назарынан ел арасындағ ы, заман ағ ымындағ ы бірде-бір мә селе тыс қ алғ ан емес. Мұ ның мә нісі неде?

Бұ л сұ рақ қ а жауап алу ү шін, алдыменен, сал-серілердің кө терген мә селесі мен қ озғ ағ ан тақ ырыптарына талдау жасап кө рейік. Ә нші-сазгер ақ ындар ел ішіндегі келең сіз жағ дайларды қ аламына тиек етті. Олардың ө здері де сол ә леуметтік ортаның ә ділетсіздігінің қ ұ рбаны болғ ан. Сондық тан да, ө з ө лең дерінде осы мә селелерді шыншылдық пен жазғ ан деп ойлаймын.

Біріншіден, сал- серілерге кө регендік қ асиет тә н сияқ ты. Себебі, айналадағ ы ә леуметтік тең сіздікті жіті бақ ылап, тү йген ойларын батыл айтып отырғ анын кө реміз. Ә сіресе, Жаяу Мұ са, Ақ ан сері, Біржан, Ә сеттің ө лең дерінде анық кө рінеді. Жалғ ыз атынан айрылғ ан Мұ саның жаяу атануы, Ақ ан серінің айық пас трагедиялық халі, Ә сеттің туғ ан жерден жат ө лкеге кетуі, Біржанның озбыр болыстың қ иянатын кө руі кө рінісі емес пе? Десе де, ә нші-ақ ындар жырының кү рескерлік мә ні жойылмады деп ойлаймын. Сегіз серінің: «Қ олыма ұ стап жү рмін ерлік туын, Кө зімнен туғ ан ө лке бір-бір ұ шып, Сағ ындым кө п Есілдің мө лдір суын» деген ө лең інде ө мірлік мақ саттың бағ дары айқ ын кө рінеді. Сонымен қ атар, туғ ан елден артық ештең е жоғ ын да аң ғ артады. Себебі, сал-серілердің кө бі қ уғ ын-сү ргінге ұ шырап, жат елде жү рген.

Екіншіден, сал-серілер адамның еркін ө мір сү руі мен бас бостандығ ын жырлайды. Сұ лулық пен махаббатты дү ниенің сә н-салтанаты деп кө рсетеді. Жақ сылық пен жамандық ты салыстыра суреттеу де, ә нші-ақ ындардың қ озғ ағ ан тақ ырыптарының ө зегі болғ ан. Ақ ан серінің жеті қ ыздың сипаты мен жігіттің он ү ш тү рлі қ асиетін жеке беруі «Адамның біліміне ақ ыл серік» деген идеясын ашатындай.

Сонымен қ атар, аң шылық, мергеншілік жайлы да жыр еткен. Менің ойымша, қ азақ халқ ының саятшылық ө нерін жыр етіп қ ана қ оймай, мық тап сақ тап қ алғ ан да – осы ақ ындар тобы.

Қ орыта келгенде, ә нші-сазгер ақ ындардың кө терген мә селелері ә р алуан. Олар ө з заманының айнасы іспеттес болғ ан. Сондық тан да, ө ршіл, азаматтық сарындағ ы жырларын жазып қ алдырды. Сал-серілер поэзиясы – бү гінгі кү ннің еншісіндегі асыл мұ рамыз!

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.