Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЖАР ТАҢДАУ ТОЙЫ



 

Келесі кү ні онкилондардың кө ктемнің кемел тууын, жыл қ ұ старының келуін, солтү стік бұ ғ ыларының бұ заулауын атап ө тетін кө ктем тойы болуғ а тиісті. Алаң қ айғ а алакө беден-ақ барлық мекеннен ағ ылып жауынгерлер келе бастады, ү йде тек кемпір-шал, бала-шағ а мен бұ ғ ы кү зеткен бақ ташылар ғ ана қ алды. Келгендер орман жиектей ру-руымен жайғ асып, от жақ ты, ә йелдер ас қ амдап, ерлер жарысқ а қ ажет қ аруларын сайлады. Бір ошақ тан бір ошақ қ а қ ыдырып, жаң алық тарын ортағ а салысты.


 

 

Онкилондарғ а жазылмыш бақ ытсыздық ты жуық татпас ү шін бірге қ алуғ а келіскен, қ олында нажағ айы мен жасыны бар жатжерліктерді кө ру ү шін жауынгерлер топ-тобымен Амнундактың жертө лесіне кезек-кезек кіріп-шығ ып жатты. Алғ ашқ ы кү ндердегідей емес, ә ң гіме енді еркінірек ө рбитін болды, себебі Горохов ұ мыта бастағ ан чукча тілін есіне тү сіріп, басқ алары да бірдең е тү сіне бастады. Жертө ленің бұ рынғ ы ө з тұ рғ ындары шығ ып кетті де, кө семі бастағ ан бір ру тұ тас келіп, ү йдің екі бү йірі мен босағ асына жайғ асты, алдың ғ ы қ атарғ а ерлері малдасын қ ұ рып, артқ ы жағ ында ә йелдері тү регеп тұ рды. Қ ұ рметті орында отырғ ан Амнундакқ а, бақ сы мен жатжерліктерте ру кө семі ө зінше тарту-таралғ ы ә келіп, бұ лғ ын мен тү лкі терісін, тү рлі-тү сті тастардан жасалғ ан моншақ жә не тас балта ұ сынды – соның сыбағ асына қ ыран- қ ауырсынын алып, ө з шашына қ ыстырды. Жалпы, рубасыларының жасын шашына қ адағ ан осы қ ауырсынын санап білуге болады екен. Олардың кейбіреуінің шашы бурыл тартқ ан, бірақ кү ш-қ уаты ә лі нығ ыз сияқ ты, шашындағ ы жиырма-отыз қ ауырсынына қ арап тұ тас бір желпуішті кө з алдың а келтіресің.

Жағ алата сұ рай отырып жиһ ангездер мұ нда рубасылық атақ мұ рагерлікпен берілмейтінін білді: ә р ру ө з адамына батылдығ ы мен батырлығ ы, аң аулау мен соғ ыстағ ы ақ жолтайлығ ы ү шін ғ ұ мыр бойына немесе қ артайып тұ ғ ырдан тү скенге дейін кө семдікті береді. Қ артайып қ айраты қ айтқ ан кө сем биліктен ө зі бас тартып, жаң а басшы сайлатады да, сол мекеннің қ ұ рметті адамы болып қ ала береді. Кө сем қ азағ а ұ шырағ ан жағ дайда жедел жаң асы сайланады. Сол сияқ ты кү ллі онкилондардың кө семі деген атақ та мұ рагерлік бойынша берілмейді: оны рубасылары ө з ортасынан сайлайды. Айтқ андай, бү л қ ұ рметті ғ ана атақ: басқ а рубасылар сияқ ты бұ л да ө з тұ қ ымын басқ арады, тек руларындағ ы арасы дау- дамайды ғ ана шешіп, бірлесіп аң аулау, тағ ыларғ а шабуыл жасау шараларын белгілейді. Ал дау дегенің із, ара-тұ ра бұ ғ ы


 

 

жайылымы мен қ ыз алып қ ашу тө ң ірегіндегі болмаса, аса сирек.

Жертө леде бірге тұ ратын ә рбір ру ө зінше кішігірім коммуна, ү й-орманы да, мал-мү лкі де, жиғ ан-тергені де тү гел ортақ. Ә йелдер асты бірге істеп, теріні бірлесіп илейді, киімді бірігіп тігеді, жеміс-жидек, қ озық ұ йрық теруге де бас қ осып шығ ады, ерлер де солай: табынды бірге бағ ып, кү зетеді, қ ару-жарақ ты қ осылып жасайды, аң қ ағ у, балық аулауғ а, тағ ылармен соғ ысқ а қ атар аттанады, отын-суды бір жү ріп ә зірлейді.

Он тоғ ыз ру жатжерліктермен жү з кө рісіп, жертө лесіне кіріп-шық қ ан соң меймандарын Амнундак алаң қ айғ а келгенде бақ сы данғ ырасын қ ағ ып, тойдың басталғ ан белгісін берді. Ә йелдер, қ ыздар, жеткіншектер жә не жақ ын мекендердің азын-аулақ кә рі-қ ұ ртаң ы жертө ленің екі жағ ына орман барқ ынын жиектей отырды. Бір шетте ерлер ру-руымен жасақ қ ұ рып, сапқ а тұ рып жатыр. Екінші белгі берілісімен жасақ тар ә скери би орындап бірінен соң бірі кө семнің алдынан ө те бастады, қ олдарында найза, садақ, дулығ а, арқ аларында жебе толы қ орамсақ. Биінің тү рі найзаны лақ тырып қ ағ ып алып, садақ тартып, секіре беру, барлық жасақ тағ ы қ имыл бірдей, сә нін келтіріп тұ рғ ан сонысы ғ ана. Биіктігі екі метр, жуан теректің тү бірінен ойылып, мү йізтұ мсық тың кө німен асты-ү сті тү гел қ апталғ ан, ү стінде бірнеше тесігі бар барабанды тоқ пақ пен соғ ады екен кеп, ә скери ә уенінің тү рі содан шық қ ан дү ң гір. Бұ ндай барабан ә р руда бар екенін соның кө мегімен жедел маң ызды хабарлар телеграф сияқ ты тайпағ а ә п-сә тте тарайтынын жиһ ангездер енді білді. Барабанның қ атты кү ң гірт ү ні бірнеше шақ ырым жерге жетеді.

Би кезінде жиһ ангездерге онкилондардың ә скери кү шін санап білуге мү мкіндік туды, олар тө рт жү з – тө рт жү з елудің аралығ ында екен, ә р руда жиырма-отыздан жауынгер бар. Бақ ташылар мен кемпір-шал қ атын-қ алаш, бала-шағ аны қ осқ анда тайпада мың екі жү з – мың жарым адам болып


 

 

шығ ады, бұ л Амнундактың бастапқ ы сө зі бойынша ә р руда жиырма-отыз жан бар деген сө зімен санағ андағ ыдан ә лдеқ айда кө п, бақ са ол тек жауынгерлерді ғ ана айтқ ан екен, қ алғ андарының санын тіпті білмесе керек.

Іле биден кейін найза лақ тыру мен садақ тан ату жө нінен жарыс басталды. Найза лақ тыру ү шін алдымен биік екі қ азық қ а ұ зын қ айыс арқ ан керді. Оғ ан қ ырық қ адам жерге келіп бір ру бір рудан кейін қ атар тү зеп, бү кіл жауынгерлер арқ аннан асыратындай етіп бір-бірден найза лақ тырды. Ү ш рубасыдан тұ ратын тө решілер алқ асы межеден асқ ан, аспағ ан найзаларды тү гел санап шық ты. Найзалары арқ аннан ең кө п асқ ан ру жең імпаз деп танылды. Садақ тан ату жө ніндегі жарысты бастар алдында найза ұ шына жабайы жылқ ының терісін ілді, жон арқ адағ ы қ ара жолақ нысана болып белгіленді. Ә р ру нысанадан елу метр қ атар тү зіп, жауынгерлер бір-бір оқ тан шығ арды. Қ ара жолақ қ а тиген жебе ғ ана есепке алынып, кө п тигізген ру жең імпаз деп танылды. Оның қ ұ рметіне барабан гү рс-гү рс қ ағ ылып, кө рермендер айғ айлап қ ошемет кө рсетті.

Сонан кейін кү рес басталды. Екі рудан кезектесіп бірдей адам бө ліп, қ арама-қ арсы сап қ ұ рды; одан екі-екі адамнан шығ ып белдеседі де, барабан бес-он мә рте біркелкі қ ағ ылғ анша бірінің жамбасын бірі жерге тигізеді. Тағ ы да қ ай жығ ысы кем ру жең імпаз саналады. Кү рес біткеннен кейін тө решілер алқ асы жарыстың тү р-тү рі бойынша жең іп шық қ ан рулардың атын Амнундакқ а хабарлады, сосын барлық рубасыларымен бірге жинағ ан ұ пайына қ арай рулардың орнын анық тады. Осыдан соң рулар дө ң гелене сап қ ұ рып, ортасына Амнундак шық ты да, ә лгі орындарды жариялады. Алдың ғ ы он орынғ а ие болғ ан рулар айғ ай-қ иқ у салып мә з боп қ алды да, қ алғ андары ұ ялып жерге қ арады. Кө сем ө з орнына оралғ асын рулар ә скери биді қ айта бастады, бұ л жолы жең гендері алғ а шығ ып, жең ілгендері артқ а ысырылды, ал кө рермендер тек алдың ғ ыларғ а ғ ана қ ошемет кө рсетті. Жең іліс тапқ андар енді


 

 

бір жылдаң соң ғ ана қ арымта қ айтара алады, сондық тан бұ л жарыс жауынгерлердің ұ дайы жаттығ ып, денесін шынық тыруын, ә скери рухын биік ұ стауын талап етеді.

Ә йелдер ет қ уырып, сорпа мен шелпек пісіріп қ ойғ ан еді, онкилондар биден кейін кө лең кеге отырып, асқ а бас қ ойды. Рубасылар меймандармен бірге Амнундактың жертө лесіне жиналды, олар ас ү стінде де жарыстың нә тижесін талқ ылап, жең ілгендер сә тсіздігінің себебін айтып, ақ талып жатты. Бә рі де тү скі астан кейін жатжерліктердің нажағ ай мен жасынын кө рсетуін ө тінді.

Екі сағ аттан кейін жас жігіттерді жар таң дау жарысына шақ ырып, барабан қ айта дү мпілдеді. Бойдақ жауынгерлер ә р руда екі-ү штен ғ ана екен, енді олар ру-ру болып емес, тү гел қ осылды жарысқ а. Ә уелі найза лақ тыру қ айталанды, ө з кезегімен ә ркім ү ш найзадан лақ тырды: содан сон садақ тарту басталды, ә ркім ү ш жебеден атты. Тө решілер тә ртіпті бақ ылап, тигізгендерді белгілеп тұ рды, содан соң нә тижесіне қ арай жең імпаздар реті айқ ындалды. Егер бір орынғ а екі, ү ш адам бірдей ілігетін болса, жең імпаз белдесіп ұ стасу арқ ылы анық талды. Ақ ыр аяғ ында реті де айқ ындалды, сол тә ртіппен сапқ а тізілгенде ү міткерлер қ ырық жеті болып шық ты.

Барабанның жаң а дабылымен кө рермендер арасынан жасы жетіп, жар таң дауғ а жарап қ алғ ан қ ыздар кө терілді. Ү йдегідей ү стіне не болса соны іле салмай, ә йелдерге ұ қ сап олар да тойғ а қ ызыл-жасыл жің ішке таспамен кестеленген жең іл тері шалбар мен кеудеше жә не торбас киіп келіпті. Бұ рымдарын гү лмен безеп, басына шең бер-гү л киіп алыпты. Бірақ кө рімге келгенде олар киімін сыпырып тастап, жас жауынгерлерге ө рнек-таң басының ә семдігін, сымбат-мү сінінің мінсіздігін кө рсету ү шін жалғ ыз ғ ана белдемшемен шық ты. Олар рубасылары отырғ ан кө сем ү йінің қ арсысына келіп сап тү зеді. Амнундак орнынан тұ рып былай деді:


 

 

– Қ ыздар, бізге тә ң ірінің жаушысы болып қ олында нажағ ай мен жасыны бар ақ адамдар келгенін есіттің дер ғ ой. Бабаларымыз айтып кеткен бақ ытсыздық тан онкилондарды сақ тау ү шін олар бізбен бірге тұ рмақ қ а келісті. Ештең еден мұ қ таждық кө рмесі ү шін біз оларғ а баспана, азық -тү лік жә не жар-жолдас тауып беруіміз керек. Бұ лар қ алың дық ты сендердің ортаң нан таң дайды. Қ алауы қ айсың а тү ссе де, ризалық берің дер. Мен сө йлеп болдым.

Бұ л сө зге қ ыздар қ айран қ алғ ан жоқ, себебі мұ ндай хабар мекен-тұ рақ тарғ а бұ рын-ақ тарағ ан. Тө ртеуіне жары болу бұ йырып тұ рғ ан қ ыздар тойғ а келе-ақ, жатжерліктерге ынтығ а қ арап, кө з айырмай қ ойғ ан. Дегенмен кейбір қ ыздардың жас жауынгерлер арасында сү йіп, кө ң іл қ осқ андары да болатын, олар қ онақ тардың таң дауы тү се қ оймас деп жұ батты ө здерін. Сондық тан Амнундактың сө зіне қ ыздар қ атарынан бірауызды жауап қ айтты:

– Таң даса таң дасын, біз бә ріміз де ризамыз!

– Мына аралдағ ы жағ дайымыз аяқ астынан қ иындайын деді-ау, – деп дал болды Ордин. – Ә йел алып онкилондарғ а байланып қ алатын болдық. Не істейміз?

– Менің ше, онкилондарды ренжітіп алмас ү шін кө ң ілін жық пай, достық қ арым-қ атынасымызды ү збеуіміз керек, – деді Горюнов.

– Сонда шынымен-ақ таң дап қ ыз аламыз ба? – деп аң тарылды Костяков.

– Біз былай жасаймыз, – деді Горюнов. – Бұ ларғ а біздің елде ү йленетін жігіт пен кү йеуге шығ уғ а келіскен қ ыз бірімен- бірі жақ ын танысуы керек, сондық тан олар жарты жылдай немесе бір жылдай бір тү ндікте бірге тұ руы керек, сол мерзімнің ішінде олар бір-бірін етене жақ ын біліп, ортақ ө мірін ұ натса, ү йленуіне болады дейік.

– Тамаша! Міне, мынауың ыз табылғ ан ақ ыл! – деп қ уанып кетті Ордин. – Осы ұ сынысты енді кө семге айтып, біз ө з еліміздің дә стү рі бойынша таң даймыз қ алың дық ты дейік.


 

 

Жиһ ангездердің қ алай шешкенін Горохов Амнундакқ а жеткізді де, ол келіскен сың ай танытып, оны сө зімен де білдірді:

– Ақ адамдар, мен сендердің қ алауың а келешекте жар боп ұ найтын қ ыздарды тартамын.

Жиһ ангездер орнынан қ ымсына кө терілді, қ ысылмасқ а да жө н жоқ: қ арсы алдында қ ылымсып, қ ұ лын мү шелі елу қ ыз қ атар тү зеп тұ р, дені ү ріп ауызғ а салғ андай, таң дау да оң айғ а тү сер емес. Амнундакка еріп, олар ә уелі сапты сү зіп шық ты, сұ луларының алдына келгенде ә рқ айсысы-ақ бір-бір толқ ып алды. Бірден таң дап ү лгерген Горохов қ ана болды. Ол қ у орта бойлы бір қ ызды анадайдан кө здеп тұ р екен, жанына жетіп барып:

– Мен осыны қ алаймын! – деп қ олын созды.

Жү зін қ олымен жауып сық ылық тағ ан қ ыз саптан шығ ып, Гороховтың қ асына кеп тұ рды. Таң дау бірінші тү скен қ ыз сол болды да, қ ұ рметіне барабан соғ ылды.

Қ алғ андары саптың шетіне шық қ анымен ешқ айсысын тү степ кө рсетпеді. Бұ ғ ан қ айран қ алғ ан Амнундак:

– Ақ адамдарғ а біреуі ғ ана ұ нағ андай біздің қ ыздар шетінен ұ сқ ынсыз болғ аны ма? – деп сұ рады.

– Жоқ, қ айта қ арап тұ рғ андай сұ лулары тіпті кө п, – деді Горюнов, – сондық тан таң дау қ иын соғ ып тұ р. Оның ү стіне біз таң дайтын қ ыз ө з қ алауымен емес, сенің бұ йрығ ың мен разылық береді-ау деп қ орқ амыз. Бізде ерлері алдымен жар етуге таң дағ ан қ ызының келісімін алады.

– Ә -ә, демек, сендерді алдымен қ ыздың таң дағ анын қ алайды екенсің дер ғ ой. Онда, жақ сы! Таң дауғ а қ ұ лық тыларын қ азір тү гел шақ ырайын. Ал, қ ыздар, мына ақ адамдар сендер шетінен сұ лу деп таң дауғ а жү рексініп тұ р. Олай болса, ақ адамғ а жар болуды қ алайтын қ ыздар алғ а шық сын.


 

 

Қ ыздар арасынан ә зіл-кү лкі естілді, кейбіреулері бірден алғ а шығ уғ а батпай, салмағ ын бір аяғ ынан екіншісіне ауыстырып тапыршып қ алды.

– Ал не тұ рыс! – деп дауыстады Амнундак. – Сонда ешқ айсың ның да қ онақ тарғ а косақ болғ ыларың келмегені ме? Ашуланып олар онда кетіп қ алуы кә дік. Ө йтсе біздің жұ рт бақ ытсыздық қ а тап болады.

Осы сө з ә сер етті де, қ ыздардың жартысынан астамы жайнаң қ ағ ып алғ а шық ты.

Сол қ арбаласты пайдаланып жиһ ангездер қ алағ анын кө рсетіп те ү лгерді. Горюнов пен Ордин жертө леде бірге тұ рғ аннан-ақ кө зі тү скен кө сем руының қ ыздарын таң дады, ал Костяков кө зін ойнақ шытып ө зінен айырмағ ан қ ұ лын мү шелі, қ ылық ты қ араторы қ ызды қ алады.

– Бұ л таң дау бітті, – деді дауыстап Амнундак. – Ендігі кезек онкилон жауынгерлерінікі.

Қ алағ ан қ ыздарын ертіп кейін ысырылғ ан жиһ ангездермен бірге кө сем де ө з орнына оралды. Қ ыздар киінуге рұ қ сат алып, ә йелдердің қ ұ ттық тау қ ошеметінің қ анатында ө з руларына жү гіріп кетті де, ізінше қ алап қ осылғ ан жатжерліктермен қ атар қ ұ рметті орынғ а отыру ү шін қ айтып келді.

Қ ыздардың қ алғ аны қ атарын қ айта тү зді. Барабан қ айта дү ң гірледі. Қ иғ ашырақ тұ рғ ан жас жауынгерлердің арасынан жарыста бірінші орын алғ ан біреуі шық ты да, асық пай-саспай қ ыздар қ атарын жағ алай бастады. Оны ә зіл-кү лкімен қ арсы алып, тіпті ә р қ ыз дерлік «Мені алшы, мені! » деп жанық ты, себебі жас жауынгерлердің маң дайалдысының жары болу арман ғ ой, сондық тан бойжеткендер оны ашық айтудан жалтарғ ан жоқ. Оларғ а жігіт те ә зілмен жауап беріп, ә рқ айсысына ә р алуан сылтау тапты: «Сен тым сұ лусың » (сиық сызына), – деді біреуіне, «сен бү кірсің » (оқ тай тіп- тікесіне), – деді екіншісіне, келесісіне: «кө зің қ итар» деді,


 

 

«тісің кетік» деді – не керек, бә рін ыза ғ ып, кө пті кү лкіге батырды.

Сапты сү зіп келіп ол мен мұ ндаламай, жанарын тө мен салып тұ рғ ан бір қ ыздың қ арсы алдына кеп иығ ынан қ ағ ып қ алды да: «Сен мағ ан ұ найсың! » деді. Дір ете қ алғ ан қ ыз саптан атып шығ ып тұ ра жү гірді, алаң қ айда оқ тай зулағ ан оның соң ынан жігіт тартты.

– Мұ нысы қ алай? – деп Амнундакқ а қ арады Горюнов.

– Қ алап алғ ан келіншегі онан неге қ ашады? Ә лде ол жігітті ұ натпай ма?

– Ғ ұ рпымыз осындай. Қ ыз таң дағ ан жігіт қ уып жетіп ұ стап алса ғ ана оны жар етеді.

– Жарыстың жаң а бір тү рі де! – деді Ордин.

– Жоқ, бұ л – дә стү р, – деп ежіктеді кө сем, – жә не аса ақ ылды ә дет: қ ыз желең – жү гіру жең іл, ал жігіт киімімен, қ олында қ аруы бар – қ орбаң дап жү гіру оң ай емес. Қ ыз қ аламаса, оны қ уып жететіндер некен-саяқ. Таң дағ ан жігіт ұ намаса, иә басқ а сү йгені болса, қ ыз ө лсе де жеткізбейді.

– Бә рінен бұ рын мынасы тамаша екен! – деді Ордин жолдастарына, сосын кө семге қ арап: – Сонда қ алай, қ ызды қ уып жете алмағ ан жауынгер ә йелсіз қ алуы керек пе? – деп сұ рады.

– Жок, ол ә йтеуір біреуін қ уып жетіп ұ стағ анша таң дай береді.

— Қ ыз қ анша уақ ыт қ ашқ алақ тауы керек, бір кү н бе?

– Жоқ, ә лгі ә скери би шең берімен бір ғ ана айналуы керек.

Ә не, қ араң дар, ол ұ стап та алды!

Шынында да, жаң ағ ы жауынгер ұ стағ ан қ ызын бұ рымынан жетелеп келеді де, бикеш жұ ртқ а кө з ғ ып жігітті қ олынан ұ рғ ан болады. Ә йелдер мен қ алғ ан қ ыздар мұ ны қ алжың даса қ ұ ттық тап жатыр. Кө рім жерге келіп, жауынгер мен қ ыз бір шетте қ атар тұ рды.

Барабан тағ ы да дү мпілдеді. Екінші жігіт те қ ыздарғ а тақ алды. Жең імпаздардың екіншісі болғ андық тан бірінші


 

 

сияқ ты, бұ ғ ан да ынтығ ушылар кө п еді. Алайда ол сапты сабырмен шолып бара жатып, лә м-мим деп ү н қ атқ ан жоқ. Саптың шетіне шық ты да ол қ ыздардың зығ ырданын қ айнатып ыза ғ ып кері оралды.

– Ол қ ашанғ а дейін таң дай алады? – деп сұ рады Костяков.

– Сапты ү ш қ айтара сү зуіне болады, одан ә рі жол жоқ,

– деп жауап қ атты Амнундак. – Бұ л жаужү рек батыл аң шы, қ ыздарды қ асақ ана ыза қ ылғ ысы келіп жү р. Қ араң даршы, қ ыздардың қ алай ашу шақ ырғ анын!

Расында да, жауынгер екінші жолы да ешқ айсысын атағ ан жоқ. Қ ыздар ыза боп, «мені ал! » деудің орнына, бет-аузын қ исайтып оны келекелей бастады: «Тайып тұ рсаң да жарайды! Бар, вампуларғ а бар, сабалақ ә йел ал! Тү ксіз қ ыз сағ ан ұ намас! » деп те салды. Келеке-кү лкіге бір де мә н бермей, жауынгер ү шінші жолы да маң ғ аздана басып, ү нсіз ө тіп бара жатты да жалт бұ рылып, соң ғ ы қ ыздардың бірінің жауырынына салып қ алды. Қ ыз қ апелімде абдырап қ ап, атып шық қ анымен, зымырап кете алмай жиырма қ адамнан соң -ақ жігіттің қ олына тү сті.

– Қ уын қ арай гө р! – деп басын шайқ ады Горохов. – Жү гіре алмасын деп ә дейі олардың дегбірін алды.

– Міне, бұ л табылғ ан ақ ыл! – деп кү лді Костяков. – Бұ лай ө зін менсінбейтін қ ызды да қ олғ а тү сіреді ғ ой.

– Бұ л жолы ө зі де солай болды ма деймін, – деді Ордин.

– Қ араң даршы, ол алдындағ ы қ ыздай кө з ғ ып қ арсыласпайды, бірақ қ уанбайды да.

Қ алғ андардың ә зіл-қ алжың ына жауап қ атпай, иіні тү сіп қ ыз жауынгердің соң ынан еріп барады.

– Ө зің нен кө р, ашық ауыз болмау керек еді, – деді Горохов.

Ү шінші жауынгер саптың алдындағ ы қ ыздардың бірін тандады. Онысы тіпті жү йрік екен, алғ аш қ арасын кө рсетпей кетті де, айналымның ақ ырына келгенде сү рініп кетіп, кө птің


 

 

кө зінің сұ ғ ына орай кө к шө пке серең ете қ алды, орнынан енді атып тұ райын дегенде бұ рымы жігіттің уысына тү сті. Ол оны мардамсып жетелей жө нелді, Шамасы, қ ыз қ асақ ана қ ұ лағ ан, бұ л да келісімнің бір тү рі болса керек.

Тө ртінші жауынгер қ ыздардың қ асынан ү ш рет ө тті, ешкімді қ аламай, кө семнің алдына кеп басын иді.

– Сенің ү йленгің келмей ме? – деп сұ рады таң данғ ан Амнундак.

– Жоқ, ұ лы кө сем! Бірақ біздің кө рші мекенде бір жас жесір бар, мағ ан сол ұ найды, ә йелдікке соны берсең із екен. Ол да қ осылуғ а разы.

Жесірдің рубасысы жігіт сө зін растады да, Амнундак келісім берді.

Бесінші жауынгерге екі рет жү гіруге тура келді, себебі алғ аш таң дағ ан қ ызы ұ статпай кетті, екіншісі бірден мағ ан кө з салмағ ан жазығ ың ү шін деп, оны ә бден ә урелеп, шең берді толық айналып, тек ақ тық қ адамда ғ ана қ алжырағ ан болып тоқ тай қ алды. Алтыншы жігіт бесіншіге ұ статпай кеткен қ ызды таң дап еді, ол жарты шең берге жетпей-ақ қ олғ а тү сті. Қ асынан ө тіп бара жатқ анда қ ыздар оғ ан қ алжың дап: «Ей, желаяқ, қ алайша шапшаң қ алжырай қ алдың! »деп айғ айлады. Осылай ә р-алуан амалмен таң дау жалғ аса берді, қ ыздар қ атары сирей тү сті. Сан сағ атқ а созылғ ан бұ л ойын кө рермендерін де, қ атысушыларын да жалық тырғ ан жоқ. Қ ыздар аяғ ынан тік тұ рғ анына кө п болса да, оң айлық пен беріспеді, жү гіргенде желдей есті. Кейбір жауынгерлерге екі рет, тіпті біреуіне ү ш рет жү гіруге тура келді. Соң ына қ арай

қ ыздар санаулы ғ ана қ алып, таң дау тездеді.

Ү ш жауынгерден қ ашып қ ұ тылғ ан ең ақ ырғ ы қ ыз, жұ ртты аң -таң етіп, соң ғ ы жігітке де ұ статпай кетті. Шақ ыртумен келген оғ ан кө сем:

– Кү йеуді қ аламайтының не сенің? – деп сынай қ арады.

– Тайпаны жаң а жауынгерлермен толық тыру ү шін ә р қ ыз


 

 

жар болуы керек. Сен болсаң табаны кү ректей тө ртеуінің меселін шақ тың. Бұ ны не деп білмек керек?

– Жақ сы жауынгерлер қ арағ ан жоқ, жаманын мен қ аламаймын, – деп қ ыз ө зін тә каппар ұ стап жауап берді.

– Сонда қ алай, келесі кө ктемді кү тпексің бе?

– Мен мына ақ адамғ а жар болсам деп едім, – деп ойламағ ан жерден бір-ақ қ ойды тә каппар қ ыз таң -тамаша болғ ан Ординді нұ сқ ап.

– Таң дауын алды ғ ой ол, – деп жақ тырмай қ алды Амнундак.

– Бұ л ұ лы кө сем, екі ә йел алуына болады, – деп қ ыз да қ аймығ ар емес. – Мен мұ ны сенің сө зің қ амшы боп қ алағ ан едім, бұ л басқ аны тандады. Ендеше, мен екінші ә йелі болайын. Қ ыздың табандылығ ы мен тә каппарлығ ы ұ нап кетті де,

Ордин ынғ айсызданса да разылығ ын берді. Қ ыз киіміне жү гіріп барып кеп, оның қ асына қ атар отырды.

Жас жұ байлар сап тү зеп барабан даң ғ ырымен шеру тартып Амнундак пен рубасылардың алдынан ө тті; кү йеуге шық қ анының белгісі етіп қ ыздар осы екі ортада тө рт бұ рымын екеу етіп қ айта ө ріп ала қ ойғ ан. Олар ө ткенде қ алың дық сыз қ алғ ан жалғ ыз жауынгер жұ рттың арасына кіріп жоқ болды, ол жазғ анғ а жарды тағ ы да жыл он екі ай кү ту керек.

Жиһ ангездердің нажағ айы мен жасынын онкилондарғ а кө рсететін де кез келді. Тә уір нысана табылмағ ан соң жылқ ы терісін ә кеп тағ ы ілді. Онкилондарды айран-асыр етіп атқ ыштар нысанадан екі жү з қ адам тұ рды, бұ л садақ тартушылардан тө рт есе артық деген сө з. Екі бү йірден жарты шең бер жасай орналасқ ан онкилондар жатжерліктердің жылтыр таяқ қ а не істеп, не қ ойғ анын, содан соң жағ ына қ алай тө сегенін қ алт жібермей қ арап тұ рды. Гү рс еткен ү н, бұ рқ еткен тү тін бә рін бір селк еткізді. Сонан соң топырлап, бірін-бірі басып озып бә рі нысанағ а қ арай тұ ра жү гірді де, барып бірден оқ тан тү скен шұ рық тесіктерге саусағ ын тық ты. Кө пшілігі таң ырқ ап, теріні тесіп ө ткен оқ ты іздеп, алаң қ айғ а


 

 

жү гірді. Ө з бас киімін аспанғ а лақ тырып, ұ шып бара жатқ анда оқ тигізген Горюновқ а бә рі ауыз ашып кө з жұ мды. Осы кезде Ордин кө зі тү стік жақ та орман ү стінен терістікке ұ шып бара жатқ ан қ аздарды шалды. Ол жалма-жан патронын жаң артып, онкилондар нажағ айың ды тағ ы неге кө здеп тұ рсың деп сұ рағ анша болғ ан жоқ, аспанғ а қ аратып гү рс еткізді – ортасына бір қ аз сол замат топ еткенде кө рермендер қ иқ у салып, не істерге білмей қ алды. Ақ ыр аяғ ында Амнундак бұ ғ ыны алып кел деп ә мір берді. Ортағ а алып келіп қ оя берген бұ ғ ы орманғ а қ арай жалт беріп еді, жиырма қ адам жібермей Гороховтың оғ ы жалпасынан тү сірді.

Жатжерліктердің кұ дірет-кү шін байқ ау осымен аяқ талды. Ақ адамдарғ а жақ ындығ ын мақ тан тұ тып, ө здерін ө р ұ стағ ан сү йіктілерін ертіп, олар кү ллі тайпанын қ ошеметімен Амнундак ү йіне бет алды. Алаң қ айдың ә р тұ сында от лаулап, кешкі ас қ амдана басталғ ан. Ас кү ткен ерлер мен қ ыздар от айналып билеп жү р.

Кешкі астан кейін кө сем жиһ ангездердің жаң а ү йіне кө шуін ө тінді.

– Енді бә рің нің де жарың бар, ө зіміз ә рең сыйысып отырғ ан біздің жертө леден жаң а ү й кең де жайлы болар.

Келіншектер от жағ ып, ас ә зірлегелі алдымен жү гіріп кетті. Қ асында кө сем бар жиһ ангездер, кү зетші қ ойып, ө здері ру- ру болып жерге тө сеген терілерге қ исая бастағ ан онкилондарғ а қ арап, алаң қ айда аз аялдап қ алды. Ә удемнен соң Амнундак меймандарын есікке дейін ә кеп салды.

Жертө леге кіріп ортада алаулап жанып жатқ ан ү лкен отты кө рді. Оның жарығ ы қ абырғ ағ а жайылғ ан қ арағ айдың қ арамай иісі аң қ ып тұ рғ ан жаң а ү йдің тө рт бұ рышына тү гел тү сіп тұ р. От басында ү йде киер лыпасы – белдемшелерін ғ ана байлап бес қ ыз отыр. Қ ызу ә ң гімесін қ алаулылары келгенде кілт ү зіп, олар оттан кері ысырылып отырды. Жертө ле кісі тұ ратын қ алыпқ а кә міл келіп қ апты: ашағ а сү т толы торсық, қ ұ ман мен қ азан ілінген, таяқ тың басында жол


 

 

кү рішкесі мен ағ аш аяқ тар тұ р, жерде сорпа пісіретін екі ағ аш ыдыс пен ет шыжғ ыратын істіктер, отқ а қ ыздырар тастар жатыр ү йіліп. Ү йдің ү ш жақ жақ тауының астына қ арағ ай бұ тасы тасталып, ү стіне бұ ғ ы терісі тө селген. Кірер ауызғ а тамызық отын ү йіліп, су қ ұ йылғ ан ыдыс тұ р.

Кісі аузы-мұ рнынан шығ ып, ә бден ыс болғ ан Амнундактың жертө лесінен кейін мынау кең де таза ү йде еркін тыныстағ ан жиһ ангездер от басында отыра тұ рып, темекі тартқ ысы келді. От басына жайғ асып олар қ ыздарды шақ ырып, қ атар отырғ ызды. Ү йреніп ү лгерген азын-аулақ сө здері еркін ә ң гімелесіп кетуге мү мкіндік бермей, олардың ымдасып, қ олын шошайтып тү сінісуіне тура келді. Ең алдымен олар сү йіктілерінің атын біліп алды: Горюновтікі – Мату, Костяковтікі – Папу, Гороховтікі – Раку, ал Ординнің біріншісі Анну, екіншісі жә не Анну болып шық ты.

– Мә ссағ ан керек болса! – деді ың ғ айсызданып қ алғ ан Ордин. – Екі қ ызды бірдей қ осақ тап, екеуінің де есімін бірдей ғ ып беруін кө рмейсің бе бұ қ ұ дайдың. Екеуі қ атар қ арамауы ү шін бұ ларды қ алай атасам екен, ә?

– Анну – бірінші, Анну – екінші деп ата! – деп ақ ыл қ осты Горохов.

– Бұ ларша ол қ алай болады?

– Анну-эннен жә не Анну-нгирэк, – деп жауап берді Горохов.

Екі Анну да келісім белгісі етіп басын изеді.

– Мұ ның тым ұ зақ, қ ысқ артың қ ырауғ а болмай ма? Мен мынаны Аннуэн деп атаймын, – деп Ордин бірншісін кө рсетіп еді, ол басын иді.

– Ал сен – Аннуир! – деп екіншісінің білегінен ұ стағ анда ол да келісім білдірді.

– Сіз бұ ларды жай ғ ана бірінші, екінші деп атасаң ыз да болады, тү сінеді ғ ой бұ лар, – деді Горюнов.

– Жоқ, неге? Анну деген ә демі есім, ал ә лгі нгирэк дегенің ді сү рінбей, мү дірмей айту мү мкін емес.


 

 

Горохов осы сө зді аударғ анда Ординнің есімдерін ә сем деп танығ анына қ ыздар сү йсініп қ алды. Олар орыс сө зіне қ ұ марта қ ұ лақ тү ріп, кейбірін тү сінген де сың ай аң ғ артады.

«Бірер аптадан кейін ұ дайы сұ қ баттасу барысында бірін-бірі толық тү сінісетініне» ә сіресе, орыстар жағ ы сенімді.

Ә ң гімелесе отырып олар жатар орындарын да бө лісті. Кірер ауызғ а қ арама-қ арсы тө ргі қ абырғ аны жерге аласа қ азық қ ағ ып екі бө лді де, ерлер орналасты. Оң жақ, сол жақ бү йірге шымылдық орнына тері ұ стап ә йелдерді жатқ ызды. Иелерінен екі елі қ алмайтын Крот пен Белуха кірер ауызғ а жайғ асты. Келіншектер отқ а отын ә кеп салып, орын-орындарына барып жатты.

Жертө ле іші жым-жырт.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.