Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Орта Азия



 

Алай аң ғ ары – Қ ырғ ызстанның оң тү стік-батыс бө лігінде орналасқ ан тауаралық ойыс (суретте). Алай атауы XI ғ асырда Махмұ т Қ ашқ ари ең бектерінде кездеседі. Э. М. Мурзаев (1957) бұ л атауды санскриттік алай («адам қ оныстанғ ан жер») терминімен байланыстырады. Шындығ ында да бұ л аң ғ ар ежелден бері халық қ оныстанғ ан, тамаша жайылымдары бар аумақ болып табылады. Дә л осы термин Алай жотасының атауына да негіз болғ ан.

Атрек ө зені Иран, Тү рікменстан аумақ тары арқ ылы ағ ып ө тіп, Каспий тең ізіне қ ұ яды. Ө зен атауына байланысты екі тү рлі пікір бар: тү рікмен топонимисі Атаниязов (1980) оны тү ркілік атырау сө зімен байланыстырады, ал басқ а пікір бойынша бұ л тү ркілік этноним болып табылады.

Ахангаран ө зені Сырдарияның оң жақ саласы болып табылады, Қ ырғ ызстан жә не Ө збекстан жерлері арқ ылы ағ ып ө теді. Ө зен атауы тә жіктің охангарон («ұ сталар») сө зімен байланысты. Бұ л ө зеннің бойында қ оныстанғ ан халық ежелден ұ сталық ө нерімен ә йгілі болғ ан жә не бү кіл Орта Азияғ а қ ару-жарақ пен металл бұ йымдарды сатқ ан. Шаруашылық тү ріне, кә сіпке байланысты қ ойылғ ан атауғ а жатады.

Бадхыз қ ыраты Тү рікменстанның оң тү стігінде орналасқ ан. Бұ л ороним иранның бад («жаман, нашар») жә не тү ркілік хыр («қ ыр, қ ырат, таулы ү стірт») терминінің қ осылуынан қ алыптасқ ан, яғ ни «жаман қ ырат» деген мағ ына береді. Дыбыстық ө згерістерге ұ шырау нә тижесінде Бадхыр біртіндеп Бадхызғ а айналғ ан.

Бартанг ө зені Пяндж ө зенінің оң жақ саласы, Ауғ анстан, Тә жікстан аумақ тары арқ ылы ағ ып ө теді. Ауғ анстан жерінен Оксу (тү ркілік Ақ су дегеннің баламасы) деген атпен ағ ып шығ ып, орта ағ ысында Мургаб (тә жік тілінде «шалғ ынды ө зен») деп аталады. Тө менгі ағ ысында Бартанг (тә жік тілінде «шатқ алмен ағ атын») деген атауғ а ие болады.

Боам шатқ алы немесе Буам шатқ алы Қ ырғ ыз Алатауы мен Кү нгей Алатауы жоталары арасындағ ы Чу ө зенінің аң ғ ары болып табылады. Бұ л атау қ ырғ ыз тіліндегі «ө зен аң ғ арының жің ішке жеріндегі биік тік жартас» деген мағ ына беретін бом, боом терминінің негізінде қ алыптасты.

Бозащы тү бегі Каспий тең ізінің солтү стік-шығ ысында орналасқ ан. Қ азақ халқ ының боз жә не ащы терминдерінің қ осылуынан қ алыптасқ ан. Жалпы мағ ынасы «сортаң топырақ ты, боз ө сімдіктер ө скен жер». Ө збектер мен тү рікмен халық тарында бузачи деп аталатын ру да бар.

Гиссар жотасы Гиссар-Алай жү йесіне енеді, Ө збекстан мен Тә жікстан аумағ ында орналасқ ан. Бастапқ ыда Гиссар атауы елді мекенге ғ ана қ атысты болғ ан, кейіннен сол маң дағ ы аң ғ арғ а осындай атау берілген. Жотағ а оның оң тү стік беткейінен басталатын Гиссар аң ғ арының атауын беруді 1871 жылы орыс ғ алымы А. П. Федченко ұ сынғ ан болатын. Жалпы алғ анда тә жік тіліндегі хисор «бекініс, қ оршалғ ан қ ала» деген мағ ына береді. атаудың жазылу нұ сқ асы бастапқ ы ү лгісінен бұ рмаланғ ан. Ә детте табиғ и объект алдымен атау алып, кейіннен сол атау маң ындағ ы елді мекенге берілетін заң дылық бар. Гиссар мысалында бұ л керісінше болғ ан.

Индер кө лі Каспий маң ы ойпатының солтү стік-шығ ысында орналасқ ан орналасқ ан ағ ынсыз ащы кө л. Кө л атауы оның солтү стігін кө мкеріп жатқ ан Индер тауларының атауымен байланысты. Ороним монғ олдың ундер («қ ырат») деген терминінен пайда болғ ан.

Кафирниган( Кофарнихон) ө зені Ә мударияның оң жақ саласы, Тә жікстан аумағ ы арқ ылы ағ ып келеді. Ө зен атауы тә жік тіліндегі кофар («кә пір») жә не нихон («тығ ылғ ан») деген сө здерінен қ ұ ралғ ан. Бұ л атаудың этимологиясы ислам бұ л ө лкеге таралмай тұ рғ анда, осы аумақ та буддизм жә не Кү нге табынатын халық тар қ оныстанғ ан болатын. Мұ сылмандар сол себепті оларды кә пә рлер деп атағ ан.

Копетдаг жотасы Тү рікмен-Хорасан тауларының солтү стігінде орналасқ ан, Иран жә не Тү рікменстан аумағ ында жатыр. Атау тү ркі тілдеріндегі кө п жә не даг («тау») сө здерінің қ осылуынан пайда болғ ан. Жалпы мағ ынасы «кө п таулар» дегенді білдіреді. Бастапқ ыда бұ л Ашғ абаттан батысқ а қ арай жатқ ан шағ ын жотағ а ғ ана қ ойылғ ан атау болатын. Кейіннен жергілікті халық қ ойғ ан жалпы атауы болмағ ан, ұ зындығ ы 650 км шамасында болатын жоталар жү йесіне қ атысты қ олданыла бастады.

Обихингоу ө зені Вахш ө зенінің сол жақ саласы болып табылады, Тә жікстан аумағ ы арқ ылы ағ ып ө теді. Ө зен атауы жалпы алғ анда «сұ р ө зен» яғ ни «лайлы ө зен» дегенді білдіреді. Гидронимде екі рет «су, ө зен» дегенді білдіретін терминдер қ айталанғ ан: кө не ирандық оу жә не тә жік тіліндегі об. Ө зен суы шындығ ында да сазды жыныстарды кө п ағ ызып ә келетіндіктен, лайлы болады.

Пяндж ө зені Ә мударияғ а сол жағ ынан келіп қ осылатын ө зен, Ауғ анстан мен Тә жікстан шекаралары арқ ылы ағ ып ө теді. Ә детте бұ л гидронимді иран тіліндегі «бес» деген сан есіммен байланыстырады. Ө зен атауы оғ ан қ ұ ятын бес саласына байланысты осылай аталғ ан деген пікір бар.

Рангкуль кө лі Памирде орналасқ ан. Лимнонимге қ ырғ ыз тіліндегі ранг (қ азақ ша нұ сқ асы «раң », яғ ни қ ияқ тү рі) фитонимі мен кө л термині негіз болғ ан деп есептеледі. Бұ л тұ рғ ыдан алсақ, кө л атауы «қ ияқ ты кө л» дегенді білдіреді. Шындығ ында да, кө л жағ алауы батпақ танғ ан, мұ нда ә ртү рлі батпақ ө сімдіктері ө седі. Кейбір зерттеушілер бұ л атауды тә жік тіліндегі ранг («тү с, рең ») немесе ранга («тү рлі-тү сті, ала») сө здерімен байланыстырады.

Тарбағ атай жотасы Алакө л жә не Зайсан қ азаншұ ң қ ырларының аралығ ында орналасқ ан. Негізгі бө лігі Қ азақ станда жатыр, аздағ ан бө лігі Қ ытай шекарасы арқ ылы ө теді. Тау атауы монғ ол тіліндегі тарбаган («суыр») жә не тай («тау») сө здерінен қ ұ ралғ ан, жалпы мағ ынасы «суырлы тау» дегенді білдіреді. Шындығ ында да бұ л тауда суырлар ө те кө п мекендейді.

Тянь-Шань тау жү йесі Орта жә не Орталық Азиядағ ы ірі тау жү йесі болып табылады, Қ азақ стан, Қ ырғ ызстан жә не Қ ытай аумақ тарында жатыр. Бұ л бастапқ ыда монғ ол тіліндегі тэнгер («тә ң ір, аспан») жә не таг («тау») деген сө здерінен қ ұ ралғ ан Тә ң іртау атауының қ ытайша калькасы болып есептеледі. Қ азіргі кезде Қ азақ стандағ ы географиялық ә дебиет пен карталарда Тә ң іртау атауы қ олданысқ а ене бастады.

Ферғ ана аң ғ ары Орта Азияда Қ ырғ ызстан, Ө збекстан жә не Тә жікстан аумақ тарында орналасқ ан. Бұ л атау «тауаралық жазық қ азаншұ ң қ ыр» деген мағ ына беретін памирлік паргана терминінен пайда болғ ан. Ферғ ана атауы осы терминнің аздап ө згертілген ә деби нұ сқ асы болып табылады.

Ыстық кө л Солтү стік Тянь-Шаньдағ ы тауаралық қ азаншұ ң қ ырда орналасқ ан тектоникалық кө л болып табылады. Біздің заманымызғ а дейінгі ІІ ғ асырдағ ы қ ытай жылнамаларында кө л Жэ-хай («ыстық тең із») деген атпен берілген. Бұ л жергілікті атаудың қ ытайша калькасы деп ұ ғ ынуғ а мү мкіндік береді. Шындығ ында да кө л қ ыс кезінде де қ атпайды (беткі су қ абатының температурасы 2, 7—3, 0°С аралығ ында ауытқ иды). Кө л суы аздап тұ зды болады, бұ л ерекшелігі VII ғ асырғ а дейін Тұ зкө л деп атануына негіз болғ ан. Сонымен, кө л қ ытпағ анымен, ыстық емес, тау кө лі болғ андық тан тіпті оны жылы кө лге де жатқ ызуғ а болмайды. Сол себепті кейбір ғ алымдар лимнонимді тү ркілік Ызых-кө л, яғ ни «қ асиетті кө л» дегенмен байланыстырады. Дегенмен, ызых сө зінің ыстық сө зіне ауысуы туралы мә селе кү мә н туғ ызады.

Челекен тү бегі Каспий тең ізінің шығ ыс жағ алауында орналасқ ан, Тү рікменстан аумағ ына енеді. Бұ л тү бекті Каспий тең ізін зерттеуші А. Бекович-Черкасский 1715 жылы алғ аш рет картағ а тү сірген. Ғ алым қ ателесіп, бұ л тү бекті картағ а Черекен аралы деп жазғ ан. Ұ зақ уақ ыт бойы зерттеушілер бұ л атауды парсылық чаракан («тө рт байлық ») деген сө збен байланыстырып келді. Бір жағ ынан алғ анда, осы аумақ та ас тұ зы, қ ызғ ылт тү сті минералды жоса бояуы, озокерит пен мұ най ө ндіріледі. Дегенмен, табиғ ат байлық тарын бейнелейтін мұ ндай атау ерте замандарда қ ойылды деу қ исынғ а келмейді. Сол себепті атаудың этимологиясын тү рікмен тіліндегі чёл (қ азақ ша нұ сқ асы «шө л») терминімен байланыстыру шындық қ а жанасады.

Экономикалық -географиялық нысандар атауларына енетін топонимдер арасынан мағ ыналары тексерілген мемлекет, елді мекен атаулары таң дап алынды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.