Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ендеше құрайштықтардың көпқұдайшылығы неде еді?



3. Ендеше құрайштықтардың көпқұдайшылығы неде еді?

Егер біз өзіміздің айналамыздағы мұсылман халықтарының этникалық өкілдеріне қарайтын болсақ, олардың кейбіреулері Аллаһтың бар екеніне күмәнін білдіретінін, көбі «Барлық нәрсені кім жаратты, кім осының барлығына ие және оны басқарады?» деген сұраққа нақты жауап бере алмайтындығын көреміз. Олардың көпшілігі Аллаһқа ғибадаттың ешқандай сырттай жасалатын түрлерімен құлшылық етпейді. Сонымен бірге олар өздерін мұсылман деп айтады. Қөпқұдайшыл құрайштықтардың Аллаһтың бар екендігіне, Оның Раббылығына мығым сенгендігіне және Оған көп-көп құлшылық еткендеріне, бірақ сонымен бірге Аллаһ Тағала оларды көпқұдайшылдар деп атап, оларға мәңгі Тозақты уәде еткеніне қараңыздаршы. Ал олардың көпқұдайшылығының мәні неде еді?

Мәселенің өзегі адамның мұсылман, бірқұдайшыл болуы үшін Алаһқа құлшылық етудің өзі ғана жеткіліксіз екенінде. Исламға кіру үшін жай Аллаһқа құлшылық етіп қана қоймай, жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық ету және Одан басқа ешкімге құлшылық етпеу керек. Сондықтан да Аллаһ Тағала былай деген: «Сондай-ақ кім Раббысына жолығуды үміт етсе, ізгі амалдар жасап, Раббысымен бірге ешкімге құлшылық етпесін»(«Кәһф» сүресі, 18: 110).

Аллаһ Тағаланың тек ізгі амалдар істеуге ынталандырумен шектелмегеніне, бірақ соған қоса Онымен бірге кімге болсын құлшылық етуді тастауды шарт етіп қойғанына назар аударыңыз.

Ханафи имамы Ибн Абил-‘Изз былай деген: «Егер адам осы пәлсапашылардың көбі растап жатқан және бұл туралы сопылардың көпшілігі де айтып жүрген әрі бірқұдайшылықтың осы түрін ең соңғы мақсатқа айналдырған Аллаһтың Раббылықтағы жалғыздығын растаса, бірақ сонымен бірге ол Жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етпесе және Аллаһпен бірге басқа біреуге де құлшылық етуден бас тартпаса, сол көпқұдайшыл болады». Қз.: «Шарх `Ақида әт-Тахауия» 83-бет.

Ал құрайштықтарға келер болсақ, олардың көпқұдайшылығының мәні олардың қайтыс болған ізгі кісілерге, періштелерге және Аллаһтың алдында мәртебеге ие болған басқа да жаратылыстарға құлшылық ететіндерінде еді. Олардың идеологиясын түсіндіріп, Аллаһ Тағала былай дейді: “Олар Аллаһтан өзге өздеріне зиян, не пайда бермейтін нәрселерге құлшылық етіп: «Олар - Аллаһтың қасында шапағатшымыз», - дейді”(«Юнус» сүресі, 10:18). Ол сондай-ақ былай деді: “Ақиқатында, нағыз дін Аллаһқа ғана арнала алады. Сондай Аллаһтан өзгені дос тұтқандар: «Біз бұларға бізді Аллаһқа жақындастырсын деп қана табынамыз», - дейді. Күдіксіз, олардың араларындағы таласқан нәрселеріне Аллаһ үкім береді. Расында, Аллаһ өтірік айтатындар мен кәпірлерді тура жолға салмайды”(«әз-Зүмәр» сүресі, 39:3).

Осы аяттардан көріп тұрғанымыздай, құрайштықтардың ең соңғы мақсаты Аллаһтың разылығына қол жеткізу және Оған жақындау болатын. Олар өздерінің сиынатын пұттарына олар Аллаһтың алдында олар үшін дәнекер болады деп құлшылық ететін. 

Құрайштықтардың сиынатын құдайлары туралы баяндап, Ибн ‘Аббас әл-Ләт деген құдай туралы былай деген: «Әл-Ләт – бұл қажыларға сауик[6] дайындайтын адам (болған), әрі кім оның (дайындаған) сауигінен жесе, сол міндетті түрде салмақ қосатын еді. Кейін адамдар соған сиынатын болды» (иснады жақсы (хасан) хабар;Ибн Аби Хатим өзінің қазіргі кезде жоғалған тәпсірінде келтірген, бұл туралы «Фәтх ул-Бәриде» айтылған, хадис № 4859).

Мужаһид ибн Жәбр былай деген: «Әл-Ләт – бұл сауик дайындайтын адам болған, ал ол қайтыс болған соң адамдар оның қабірінің басына жиналып, уақыт өткізетін болды» (сахих хабар;Ибн әл-Мунзир және ‘Абд ибн Хумайд бұл туралы «Дурр әл-Мәнсурда» «Нәжм» сүресінің 19-аятының тәпсірінде келтіреді).

Мужаһидтің сөздері адамдардың осы салиқалы адамға табынуы неден басталғанын түсіндіруде. Бұл оның қабірінің басына жиналып, уақыт өткізуден басталған. Түрлі тәпсірлерде бұл кісі қайтыс болған соң адамдар оның қабірінің басына жинала бастағаны, ал белгілі уақыт өткен соң олар: «Олар – біздің Аллаһ алдындағы шапағатшыларымыз», - сондай-ақ: «Біз оларға олар бізді Аллаһқа барынша жақындатуы үшін құлшылық етеміз», - деп, оған табына бастағаны туралы айтылады. 

Ал құрайштықтардың әл-‘Узза деген құдайы туралы Ибн Жәрир былай деген: «Олардың сиынатын бұл құдайы үстіне ғимарат құрылып, оған жамылғы жабылған тал (ағаш) болатын. Ол Мекке мен Таифтің арасында орналасқан Нәхлә деген жерде болатын. Құрайштықтар осы ағашты ұлықтайтын. Сондықтан да Ухуд шайқасы күні Абу Суфиян: «Бізде ‘Узза бар, ал сендерде ‘Узза жоқ», - деді, ал бұған Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “«Аллаһ – біздің қамқоршымыз, ал сендерде қамқоршы жоқ», - деп айтыңдар”,- деді (хадис сенімді (сахих);Бухари 3039, Бара ибн ‘Азибтің сөздерінен).

Бұл ағашты ұлықтау олардың осы ағаштан береке алу ниетімен оған матаның жыртыстарын және басқа да заттарды ілетінінде көрініс табатын. Тура осындай нәрселер бүгінгі күні Түркістанда, Бекет атада, тағы да басқа жерлердегі ағаштар мен жасалып жатыр. Ал Аллаһ Оған серік қосылатын нәрселерден Жоғары.

Абу Салих былай деген: «Олар осы ағашқа қайыс пен жүннің жыртыстарын ілетін» (хабардың иснады сенімді (сахих);‘Абд ибн Хумайд өзінің тәпсірінің осы кезде жоғалған бөлігінде келтірген, бұл туралы «Дурр әл-Мәнсурда» 14/33 айтылатынындай; ал бұл хабардың негізі Ибн Жәрирде 22/48 келтіріледі, әрі бүкіл мақтау тек Аллаһқа ғана тән!).

Осы орайда, құрайштықтар да қабірлерге табынушы сопылар сияқты олардың сиынатын құдайлары өздерінше, яғни Аллаһқа мұқтаж болмаған күйде пайда не зиян келтіре алады деп санамайтын. Керісінше, олар Аллаһ Тағала осы ізгі кісілерді сүйгендігі себепті оларға болмыстың кейбір құбылыстарын басқаруды тапсырған деп санайтын. 

Ал егер сопы тариқаттарының өкілдері осыған күмәнданса, онда ханафи имамдарының кітаптарын, әсіресе, олардың тәпсірлерін оқысын. Қз.: «әл-Кәшшаф» 2/275-276; «әл-Мәдарик» 2/64; «Иршад ул-‘ақль» 4/217; «Рух ул-Мә’ани» 2/82.

Ибраһимнің өз әкесімен және елімен болған әңгімесі туралы баяндап, Аллаһ Тағала былай деген: «Сол уақытта ол әкесіне және қауымына: "Неменеге табынасыңдар?", - деді. Олар: "Біз пұттарға табынамыз әрі оларға үнемі берілеміз", - деді. (Ибраһим:) "Олар жалбарынғандарыңды ести ме? Немесе олар сендерге пайда, зиян келтіре алады ма?", - деді. Олар: "Жоқ, аталарымызды осылай істеген түрде таптық", - деді»(«әш-Шу’ара» сүресі, 26: 70-74).

Бұл аятта көпқұдайшылдар өздерінің табынатын құдайлары өздерінше, яғни Аллаһқа мұқтаж болмаған күйде пайда не зиян келтіре алады деп санамағанына айқын дәлел бар. Алайда, сонымен бірге, олар Аллаһқа дәнекерлер арқылы жақындау – бұл Аллаһ разы болатын Оның дінінің нағыз өзі деп есептеген. Сондықтан да Пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) соғысудан бұрын олар Аллаһтан сол шайқастарында көмектесуін сұрайтын. Олар Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ разы болмайтын жаңа дін алып келді деп санайтын. Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларды Аллаһқа дәнекерсіз құлшылық етуге шақыратын. Аллаһ Тағала бұл туралы былай деген: “Олар: «Сен бізге жалғыз ғана Аллаһқа құлшылық қылуымыз және ата- бабаларымыздың табынатындарын тастауымыз үшін келдің бе? Егер рас айтушылардан болсаң, бізді қорқытатын азабынды әкел», - деді”(«әл-Әғраф» сүресі, 7:70).

Тура сол сияқты, біздің жерлеріміздегі бүгінгі сопылар бейне бір біз оларға Аллаһ разы болмайтын жаңа дін әкелгендігімізді айтады да, оны уаһһабизм, экстремизм т.с.с. деп атайды. Осы орайда олар өздерінің Түркістандағы, Арыстан Бабтағы, Бекет-Атадағы, тағы да басқа жерлердегі «әулиелері» пайда мен зиян келтіруде Аллаһқа мұқтаж болмаған күйде дербес емес және осы «әулиелерді» құрметтеп-дәріптеу арқылы Аллаһқа жақындау – міне, осы Аллаһ разы болатын нағыз Аллаһтың діні деп санайтындарында тура құрайштықтардың сеніміне ие. Сондықтан да олар өздерінің кітаптарында «уаһһабилерге» қарсы күресуде Аллаһтан көмек тілеп жалбарынады, ал енді олар осыған «сәлафи» деген тағы бір терминді қосып, оған өздеріне ұнамайтындардың барлығын телитін болды. Олар сондай-ақ өздерінің сенімдері үшін ашулы және жойқын күрес жүргізеді, ал өздерінің ұстанымдарын дұрыс деп көрсету үшін тек «Біз ата-бабаларымыздың осылай істегенін көргенбіз» деген сөздерден басқа ешқандай дәлел келтірмейді.

Құрайштықтарға келер болсақ, олар Ибраһим пайғамбардың дінің өзгертілген қалдықтарын ұстанатын, ал біздің сопыларымыз ата-бабаларынан қабылдап алған сопылық дінді ұстанады. 

Ал құрайштықтар өздерінің сиынатын құдайларын дербес және Аллаһқа мұқтаж емес деп сенбегеніне тағы бір айқын дәлел – бұл олардың қажылық жасайтын кездерінде айтқан тәлбиясы. Олар қажылық жасау кезінде: «Міне, біз Сенің алдыңдамыз, я, Аллаһ! Сенің серігің жоқ», - деп айтатын. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға: «Қасірет болсын сендерге, жалғастырмаңдар, осыда тоқтаңдар!», - деп айтатын, бірақ олар: «Сен оның өзіне де, ол иелік ететін нәрселерге де иелік ететін серігіңнен басқа», - деп жалғастыратын (хадис сенімді (сахих);Муслим 1185, Ибн ‘Аббастың сөздерінен).

Олардың қажылық жасау кезінде айтатын осы сөздері сенімдерінің мәнін айқын ашып береді. Бұл тәлбияда бірден бірнеше маңызды жайттар қамтылған: 

1. Құрайштықтар Аллаһтың толық мағынадағы, яғни барлық жағынан серік болатындай серігі жоқ екенін білетін;

2. Құрайштықтар өздерінің құрметтеп-дәріптейтін құдайларын болмыстың кейбір құбылыстарына иелік етеді деп санайтын;

3. Құрайштықтар бұл құдайлар осыларға дербес, Аллаһқа мұқтаж болмаған күйде иелік ете алмайды, бірақ осының барлығына дербес түрде тек Аллаһ иелік етеді және Ол Өз рахымымен оларға кейбір құбылыстарды басқаруды үлес етті деп нық сенетін;

4. Мұның үстіне, олар Аллаһ осы серіктердің барлығына толық иелік етеді деп санайтын.

Ал арабтарда «иелік ету» термині басқа халықтардағыдай «Затты барлық жағынан пайдалануға және басқаруға деген құқық» деген ұғымды білдіреді. Қз.: «Та’рифат» әл-Журжани» № 1476, 295-бет.

Сондай-ақ осы жерде жәһилиет Исламға дейінгі надандық кезінде өмір сүрген көпқұдайшыл-құрайштық Әуса ибн Хәжардың[7] былай деп айтқан өлең шумағын келтіріп кету қажет:

«Әл-Ләт және әл-‘Уззамен және олардың дінінде болған баршамен ант етемін,

сондай-ақ Аллаһпен де ант етемін; ақиқатында, Аллаһ олардан жоғары»[8].

Осы дәлелдердің барлығы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде өмір сүрген көпқұдайшыл құрайштықтардың сенімдерінің мән-мағынасын ашып береді. Осы дәйектердің барлығына талдау жасаған соң, оқырманымыз құрайштықтар мен сопылардың сенімдері мен амалдары арасында ешқандай айырмашылық жоқ екеніне көз жеткізген болар.

Ал егер оқырманымыз әлі де осыған күмәнданатын болса, онда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезіндегі көпқұдайшылдар туралы баяндайтын Аллаһтың мына сөздерін оқысын: «Қашан оларды таулардай толқын орап алса, олар Аллаһтың алдында иманын тазартып, Одан тілейді»(«Лұқман» сүресі, 31:32).

Мұндай аяттар Құранда сан рет қайталанады. Осы аяттар көпқұдайшылдар шарасыз болған жағдайларда дәнекерлерге емес, тікелей Аллаһқа жалбарынатындарына нұсқайды, өйткені олар дәнекерлерге жалбарынып, олардың жауабын күтуге уақыт жоқ екенін түсінетін.

Ал Аллаһтың «Аллаһ құлына жеткілікті емес пе? (Мухаммад,) олар сені Аллаһтан өзгелермен қорқытады. Кімді Аллаһ адастырса, оған тура жол көрсетуші жоқ»(«әз-Зүмәр» сүресі, 39:36), немесе “Олар: “«Саған кейбір құдайларымыздың киесі тиген екен», - деп қана айтамыз“, - деді”(«Һуд» сүресі,11: 54), - деген аяттарына қатысты айтар болсақ, онда олар көпқұдайшылдар өздерінің құдайлары өздігінше зиян тигізе алады деп санағандығына нұсқамайды. Олар тек Аллаһ Тағала осы өлген әулиелерге Аллаһтың дұшпандарына зиян тигізуге рұқсат еткен деген сенімдерге ие болған, өйткені олар өздерін Аллаһтың дінінде деп, ал Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ разы болған Оның дінін өзгерту үшін келген Аллаһтың дұшпаны деп санаған.

Тура осыны «пәлен бір «әулие» оның құрметін түсірген біреуге зиян тигізіпті» деп жиі қабірлерге табынушылардан да естуге болады.  Оларға: «Сендер осы «уәли» зиян тигізе алады деп ойлайсыңдар ма?», - десең, олар: «Жоқ, ол өздігінше дербес түрде зиян тигізе алмайды, бірақ бұл – Аллаһ оған дарытқан керемет (муғжиза)», - деп жауап береді. Сондықтан да имам Ибн Абил-‘Изз былай деген: “«Көпқұдайшылық – бұл әулиелер Аллаһтың алдында шапағатшы болып табылады деген сенім, және осы сенімнің негізінде оларды өзі мен Аллаһтың арасында дәнекер ету және соларға құлшылық ету. (Исламға дейінгі) надандық дәуріндегі арабтардың көпқұдайшылығының негізі, міне, осы”. Қз.: «Шарх ‘Ақида әт-Тахауия» 20-21беттер.

Құрайштықтардың сенімдерін, олардың дінін және амалдарын түсіндіріп берген соң, біз енді сопылардың кейбір күмәндарын түсіндіруге және оларға жауап беруге көше аламыз.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.