Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





райштық көпқұдайшылдар Аллаһқа құлшылық ететін



2. Құрайштық көпқұдайшылдар Аллаһқа құлшылық ететін

Сөйтіп, біз төмендегідей қорытынды шығардық:

1. Аллаһтың бар екендігін жүрегімен жоққа шығаратын жер бетінде ешкім жоқ, өйткені Жаратушының бар екендігін мойындау адамдардың тума сипаты болып табылады. Бұған жатпайтындар – бұл «барлық нәрсені табиғат жаратты» деп айтатын тек кейбір атеист-материалисттер ғана;

2. Әлдебіреуді Аллаһпен барлық жағынан теңестіретін және әлдебіреу Аллаһқа абсолюттік тұрғыдан тең деп айтатын жер бетінде ешкім жоқ;

3. Кез-келген көпқұдайшыл Аллаһ осы болмыстың Раббысы екенін, оған иелік ететінін және басқаратынын мойындайды.

Ал қазір біз әрі қарай жылжып, Пайғамбардың (оған Аллаһтыңигілігі мен сәлемі болсын) заманындағы көпқұдайшылдардың арасында кең таралған тағы бір құбылысты қарап шығамыз.

Құрайштықтар Аллаһты және Оның Раббы екендігін жай мойындап қана қоймай, Оған құлшылық та ететін. Олар Ибраһим пайғамбардың дінінің қалдықтарын ұстанып өмір сүретін, сондықтан да Аллаһтың Үйіне (Қағбаға) қажылық жасайтын[2], Қасиетті Харам мешітіне қамқорлық жасайтын және қажыларға жақсы істер жасап көмектесетін. Олар Аллаһқа дұға етіп жалбарынатын, Оны зікір ететін, ұрыс-шайқастар кезінде Одан көмек тілейтін. Олар Аллаһқа нәзір беретін, Оған сәжде жасайтын, үлкен және кіші ластанудан тазару үшін дәрет және ғұсыл алатын, Аллаһқа құрбан шалатын. Оларда зекет сияқты төлемдері де бар болатын. Олар қонақ пен мүсәпірге құрмет көрсететін. Олар туысқандық қатынастарды үзбейтін және жоқ-жітіктерге садақа беретін. Олар туысқандардың қыздарына үйленуге тыйым салынған деп есептейтін. Оларда өлтірілген адам үшін өш алу (қысас), дия (өлтірілген адам үшін құн) төлеу, ұрлық үшін жазалау іске асырылатын. Жоғарыда аталғандардың барлығына дәлелдер өте көп және кең танымал. Сондықтан да олардың кейбірін ғана келтірумен шектелеміз:

1. Аллаһ былай деді: «(Әй, мүшріктер!) Сендер қажыларға су беру, Месжід Харамды жөңдеуді Аллаһқа, Ақырет күніне иман келтіріп және Аллаһ жолында соғысқан кісі сияқты көресіңдер ме? Бұлар Аллаһтың қасында тең болмайды. Аллаһ залым қауымды тура жолға салмайды»(«әт-Тәубә» сүресі,9:19).

Бұл аятта көпқұдайшыл құрайштықтар қажыларға жақсылық істегеніне және Харам Мешітіне қамқрорлық жасап қарағанына нұсқау бар.

2. Абу Хурайра былай деп бандайтын: “Абу Бәкр әс-Сыддық мені топтың құрамында \ішінде\, адамдар арасында құрбан шалу күнінде:«Осы жылдан соң бірде-бір көпқұдайшыл қажылық жасамауға тиісті», - деп жариялауым үшін жіберген еді”(хадис сенімді (сахих);Муслим 1347).

Бұл хадисте көпқұдайшыл құрайштықтар қажылық жасағанына нұсқау бар.

3. ’Умар ибн әл-Хаттаб былай деген: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бірде жәһилиет кезінде мен Харам Мешітінле и`тикаф (мешітте еш жерге шықпастан үздіксіз болу) жасаймын деп нәзір берген болатынмын». Оған Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Нәзіріңді орында», - деп жауап берді (хадис сенімді (сахих);Муслим 1656).

Бұл хадисте көпқұдайшылдар Аллаһқа нәзір беретініне және нәзірлерін бұзуға немесе орындамауға қорыққандарына нұсқау бар. Сондай-ақ онда олар мешіттерде Аллаһ үшін и`тикаф жасағандарына да нұсқау бар.

Мүшриктер Аллаһқа құлшылық еткендеріне Ибраһим пайғамбардың (оған Аллаһтың сәлемі болсын) өз қауымына айтқан мына сөздері де дәлел болады:

“Сол уақытта Ибраһим әкесіне әрі еліне: «Шын мәнінде, мен сендердің табынған нәрселеріңнен бездім. Бірақ мені жаратқан Аллаһтан басқа. Өйткені Ол мені тура жолға салады», - деді”(«әз-Зухруф» сүресі, 43: 26-27).

Бұл аятта Ибраһимның қауымы Аллаһқа құлшылық еткеніне, бірақ Онымен қатар басқа да пұттарға құлшылық жасағанына айқын нұсқау бар. Сондықтан да Ибраһим олардың құлшылық еткен барлық нәрселерінен бас тартты, тек Аллаһ Тағаладан басқа. Ал егер олар Аллаһ Тағалаға құлшылық етпейтін болғанда, онда «Бірақ мені жаратқан Аллаһтан басқа», - деп айтудың мәні болмас еді.

Сондықтан да «Ақиқатында, сендердің құлшылық ететін нәрселеріңе менің қатыстым жоқ, тек мені жаратқан Аллаһтан басқа»деген аяттарға түсіндірме жасап, Қатада былай деген: «Өйткені олар: «Аллаһ – біздің Раббымыз», - деп айтатын, бұл туралы Аллаһ: «Егер оларды кім жаратқанын сұрасаң, олар міндетті түрде: «Аллаһ», - деп айтады»(43:87), - деп айтқанындай. Осыны түсінген Ибраһим ерекшелеу жасап, Аллаһтан бас тартпады» (сенімді (сахих) хабар (асар);Ибн Жәрир 43-сүренің 26-аятының тәпсірінде).

Ал «Олардың басым бөлігі Аллаһқа серік қосқан күйде иман келтіреді»(«Юсуф» сүресі, 12:106) деген аятты түсіндіріп, Мужаһид ибн Жәбр былай деген: «Олардың Аллаһқа деген иманы «Аллаһ бізді жаратты, бізді ризықтандырады және өлтіреді» деген сөздерде (болатын). Бұл – олардың Аллаһқа деген иманы, ал олардың серік қосуы олар Онымен бірге басқа құдайларға құлшылық ететіндерінде (еді)» (сахих хабар;Ибн Аби Хатим және Ибн Жәрир 12-сүре 106-аятының тәпсірінде). Осы аяттың тура осындай түсіндірмесі Ибн ‘Аббас[3] пен ‘Атаның[4] сөздерінен жеткізілген.

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген: «Адамдардың кейбіреулері Аллаһқа өзгелерді теңдес етеді де, оларды Аллаһты сүйгендей сүйеді»(«әл-Бақара» сүресі, 2: 165).

Бұл аятта көпқұдайшылдар Аллаһты сүйетініне, бірақ Оған қоса өздерінің құдайларын да сүйетініне нұсқау бар.

Міне, Аллаһқа теңдес етудің мәні осыда. Оның мағынасы біреудің Аллаһ барлық жағынан теңдес құдай бар деп айтуында емес, алайда көпқұдайшылдар Оның Раббы екенін мойындап, құлшылықтарын Аллаһпен бірге басқа да құдайларға арнауында.

Аллаһ Тағала Қиямет күні көпқұдайшылдар: «Аллаһпен ант етеміз, біз сендерді әлемдердің Рабысымен теңестірген кезімізде анық адасушылықта болдық»(26:97-98), - деп айтатынын хабарлаған.

Бұл мәселені түсіндіріп беретін осындай дәлелдер өте көп әрі оларды жан-жақты қарастыру бізден жеке бір еңбек жазуды талап етеді[5]. Сондықтан да бізге осы бөлімді ханафи мәзһабының тағы бір имамы – имам ‘Али әл-Қаридің (1014) келесідей сөздерімен аяқтаудан өзге еш нәрсе қалмайды: «Ең ұлы мақсат – бұл Аллаһтан басқалардың барлығының құдайлығын теріске шығарғаннан кейін, Оның құдайлығын бекіту». Содан соң ол былай деген: «Ақыл иелерінің арасында Аллаһ Тағала құдайлыққа ие екеніне еш келіспеушілік жоқ, бірақ Онымен бірге тағы біреудің құдайлығын бекіткендігі себепті кәпір болған ғана кәпір болды». Қз.: «әт-Тәжрид» 29, 32.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.