Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





райштық көпқұдайшылдар Аллаһтың бар екендігін және Ол бүкіл болмыстың Раббысы екендігін мойындайтын еді



2-Бөлім. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заманындағы көпқұдайшылықтың мәні неде еді?

Осыдан алдыңғы бөлімде біз Сүннетті жақтаушылар да, сопылар да Аллаһ Тағала Өзінің Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көпқұдайшыл-мүшрик болған адамдарға жібергеніне бірауызды келісетітін айтқан болатынбыз. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) солардың арасында өмір сүрген және соларға ең бірінші кезекте үндеуін жолдаған халық құрайштықтар еді[1].

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл адамдарды бірқұдайшылыққа шақырды, олардың сенімдері мен істері көпқұдайшылық екенін оларға түсіндірді және оларды мүшриктер деп атады. Осы іргетас болып табылатын ұстанымға сүйеніп, бізге осы адамдардың сенімдері мен іс-амалдарының мәні неде болғанын қараудан басқа еш нәрсе қалмайды. Олардың сенімдері мен іс-әрекеттерін зерттегеннен соң, біз көпқұдайшылықтың не екенін және оның шекаралары қандай екенін түсінеміз.

1. Құрайштық көпқұдайшылдар Аллаһтың бар екендігін және Ол бүкіл болмыстың Раббысы екендігін мойындайтын еді

Сөзді құрайштықтардың Аллаһ бар екендігіне сенгендігінен және құдайсыз атеисттер болмағанынан бастау керек. Мұның үстіне, олар Оның бар екеніне ғана емес, сонымен бірге Оның Раббы екеніне де сенетін. Бұған дәлел өте көп. Ал біз олардың кейбіреулерін ғана келтірумен шектелеміз.

Аллаһ Тағала былай дейді: ”(Мухаммад,) егер олардан: «Көктер мен жерді жаратқан кім?», - деп сұрасаң, әлбетте: «Аллаһ», - дейді. «Барлық мақтау Аллаһқа тән», - де. Әрине, олардың көбі түсінбейді”(«Лұқман» сүресі, 31:25).

Бұл аят Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірқұдайшылыққа шақырған адамдар Аллаһтың бар екеніне және тек Ол ғана көктер мен жерді жаратқанына сенгендеріне нұсқайды. Бұл аятты басқаша түсінуге болмайды да.

Сондай-ақ Аллаһ Тағала: “(Мухаммад, оларға): «Сендерді аспаннан, жерден кім ризықтандырады? Құлаққа, көздерге кім ие? Өліден тіріні, тіріден өліні кім шығарады? Әр істі кім игерді?», - де. Олар: «Аллаһ», - дейді. «Ендеше, Аллаһтан қорықпайсыңдар ма?», - де”(«Юнус» сүресі, 10:31).

Бұл аят құрайштықтар оларды тек Аллаһ қана ризықтандыратынын, сондай-ақ барлық нәрсені басқаратын да жалғыз Ол ғана екенін мойындағанына айқын түрде нұсқайды.

Аллаһ былай деді: “(Мухаммад, оларға): «Егер білсеңдер, жер жүзі мен жер жүзінде болғандар кімдікі?», - де. Олар дереу: «Аллаһтікі», - дейді. «Ал сонда да зер салмайсыңдар ма?», - де. «Жеті көктің Раббысы және ұлы Аршының Раббысы кім?» - де. Дереу: «Аллаһ», - дейді. «Сонда да қорықпайсыңдар ма?», - де. «Егер білсеңдер, әр нәрсенің басқаруы Қолында, Өзі Қорғаушы, Қорғалмайтын (немесе Оған қарсы біреуді біреу қорғай алмайтын) кім?», - де. Олар дереу: «Аллаһ», - дейді. «Ендеше, нендей алданғансыңдар?»,- де!”(«Му`минун» сүресі, 23: 84-89).

Бұл аят түсіндіруді қажет етпейді.

Сондықтан да ханафи имамдарының бірі әс-Сахсауани (1326 һ/ж) былай деген: «Біл, Аллаһ Тағаланың елшілерді жіберуі мен Құранды түсіруі жаратылыстарға оларды Аллаһ жаратқанын және оларға ризықты Ол беретінін түсіндіру үшін емес еді. Өйткені мұны кез келген көпқұдайшыл Кітап түсірілгенге дейін де мойындаған». Қз.: «Сыянат ул-инсан» 164-бет.

Тіпті құдайсыз атеисттердің көбі де жүрегінің түбінде осы болмыстың Жаратушысы бар екенін мойындайды, бірақ оның бар екендігін тілдерімен жоққа шығарады. Атеисттердің жетекшілері Перғауын мен Нәмруд өз жүректерінде Аллаһтың бар екендігін және Ол бүкіл болмыстың Раббысы екенін түсінген. Аллаһ Тағала олар туралы былай деген: «Олар оларды (яғни аяттарымызды) әділетсіз және тәккапарланған күйде тәрк етті, бірақ олардың шындық екеніне іштей сенетін»(«ән-Нәмл» сүресі, 27:14).



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.