Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Олардың «бірқұдайшылық» («таухид») терминіне берген анықтамасы



 

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

ҚАБІРЛЕРГЕ (ӘРУАҚТАРҒА) СИЫНУШЫЛАРДЫҢ СЕНІМДЕРІ МЕН ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ ПАЙҒАМБАР ЗАМАНЫНДАҒЫ КӨПҚҰДАЙШЫЛДАРДЫҢ (МҮШРИКТЕРДІҢ) СЕНІМДЕРІ МЕН ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНЕ ТЕҢ

Осы кездің қабірлерге (әруақтарға) сиынушыларының сенімдері мен іс-әрекеттері (олардың көпшілігін сопылар мен рафидилер құрайды) Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заманындағы көпқұдайшыл-мүшриктердің сенімдерімен және іс-әрекеттерімен бірдей екенін біліңіз, біздің қадірменді бауырымыз. Осыған көз жеткізу үшін осы тарауды бірнеше бөлімдерге бөліп, олардың әрқайсысында тарауда қаралатын маңызды мәселелерге жеке түсіндірме жасау қажет.

1-Бөлім. Қабірлерге (әруақтарға) сиынушы сопылар «көпқұдайшылық» («ширк»), «бірқұдайшылық» («таухид») және «құлшылық» («ғибадат») терминдерін қалай түсінеді

Қабірлерге сиынушы (қубурия) сопылар мұсылмандардың негізгі бөлігінен «көпқұдайшылық (ширк)», «бірқұдайшылық (таухид)» және «құлшылық (ғибадат)» терминдерін өздерінше ерекше түсінуімен қатты ерекшеленеді.

Бұл мәселе осы кітапта қаралатын ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады, әрі ол терең түсінуді талап етеді. Ендеше, оның маңыздылығы неде екен? Осы кітаптың алғашқы тарауларында біз бірқұдайшылыққа (таухидке) шақырудың және оның мәнін адамдарға жан-жақты түсіндірудің ұлы маңыздылығы туралы айтқан болатынбыз. Біз көпқұдайшылық туралы да дәл осыны айттық. Әрі осы орайда мыналарды ұғып алдық:

1. Аллаһ Тағала адамдар мен жындарды олар бірқұдайшылықты өмірге енгізулері (іске асырулары) үшін ғана жаратты;

2. Адам бірқұдайшылықты ұстана бастамайынша Аллаһ Тағала оның игі амалдарын қабыл етпейді;

3. Адамдар бірқұдайшылықты ұстанып, көпқұдайшылықтан аулақ болуы үшін Аллаһ Тағала Құранды түсірді әрі барлық пайғамбарларды жіберді;

4. Бірқұдайшылық – бұл оған адамдарды шақырып, оның мағынасын оларға түсіндіру қажет болған ең алғашқы және ең соңғы нәрсе;

5. Аллаһ Тағала көпқұдайшылықтан басқа барлық күнәларды кешіреді, егер адам қайтыс болуына дейін осы үшін тәубе етіп үлгермесе ғана;

6. Көпқұдайшылық - ең ауыр күнә, ең ұлы зұлымдық және ең терең адасушылық болып табылады;

7. Көпқұдайшылықты жасау адамның Тозақта мәңгі қалуына және одан ешқашан шықпауына себеп болады;

8. Егер адам көпқұдайшылықтан болған бір нәрсе істесе де, оның өмір бойын істеген игі амалдарының барлығы зая болып жойылып кетеді.

Осының барлығынан біз «Адамның бұл өмірдегі ең маңызды міндеті – бірқұдайшылық пен көпқұдайшылықтың не екенін және осы сөздер нені білдіретінін дұрыс түсіну» деген қорытынды шығарамыз. Осыны түсінуге адамның Аллаһ Талағала оны не үшін жаратқан мақсатын өмірге енгізуі (іске асыруы), оның Тозақтың мәңгі және үзілмей жалғасатын азаптарынан құтылуы байланысты болады. Өйткені егер адам бірқұдайшылықтың мәнін бұрыс (қате) түсінсе, ол бірқұдайшыл бола алмайды. Тура сол сияқты, адам көпқұдайшылықтың мәнін дұрыс түсінбесе, ол бірқұдайшылдардың қатарынан шығып кетіп, көпқұдайшылдардың қатарына кіріп кету, әрі осы орайда бұл дүниенің де, Ақыреттің де игілігінен мақұрым болып қалу қауіпінен аман болмайды. 

Негізі, мұсылмандардың басым бөлігі «бірқұдайшылық» пен «көпқұдайшылық» терминдерін мүлде қабірге сиынушы сопылар түсінетіндей етіп түсінбейді. Ал сопыларға келер болсақ, олар осы ұғымдарға қатысты тек өздерінің түсініктерін ғана дұрыс деп санайды.

Осы келіспеушілікті тоқтату үшін, сопылар да, Сүннетті ұстанушылар да (әһли-Сунна) келіспеушілікке түспейтін және оның ақиқаттығына келісетін ортақ негізді (платформаны) анықтап алу керек.

Бұл ортақ негіз - сопылардың да, Сүннетті ұстанушылардың да Пайғамбар (оған Алаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде өмір сүрген, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларды таухидке шақырған және көпқұдайшылдар деп атап, олармен соғысқан көпқұдайшылдар мүшрик болғанына және олар бірқұдайшыл болмағананына келісуі.

Біз осы кездің көптеген сопыларының сенімдері мен іс-амалдары Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезіндегі мүшриктердің сенімдері және амалдарымен мүлде бірдей деп айтамыз.

Келіңіздер, сопылардың сенімдері қандай екеніне қарайық.

1. Олардың «бірқұдайшылық» («таухид») терминіне берген анықтамасы

Сопылардың түсінуіндегі «бірқұдайшылық» –бұл: «Тек Аллаһ қана Жаратушы және бүкіл болмысты басқарушы деген сенім». Қз.: Ахмад әл-Ғумари «Ихья ул-мәкбур» 29-бет.

Осы анықтамадан «Аллаһ бүкіл болмысты жалғыз Өзі жаратты және Оның Өзі ғана осы болмысты басқарады, әрі Одан басқа ешкім жарата да, бүкіл болмысты басқара да алмайды» деген сенімге ие адам бірқұдайшыл болып табылатыны келіп шығады. Басқаша айтқанда, егер біз адамнан: «Бүкіл болмысты кім жаратты және осының барлығын кім басқарады?», - деп сұрасақ, әрі осы адам бізге: «Мұның барлығын Аллаһ жаратты әрі тек Ол ғана барлық нәрсені басқарады», - деп жауап берсе, онда бұл адам – Аллаһ Тағала оны не үшін жаратқан мақсатын өмірге енгізген бірқұдайшыл.

Сондықтан да қубурия сопыларының жетекшілерінің бірі әл-Куза’и, сондай-ақ Ибн Мәрзук былай деп мәлімдеген: “«Лә иләһа иллә Ллаһ» куәлігінің мағынасы - «Аллаһтан басқа Раббы (яғни Жаратушы және Басқарушы) жоқ». Әрі осы түсінік бүкіл мұсылмандардың жүрегінде сақталады”. Әл-Куза’и «әл-Барахин» (375-бет) және Ибн Мәрзук «Тәуассул би ннәбий» (20-бет).

Бұл жерде екі әртүрлі ұғымды ажырата білу қажет:

1. Аллаһ Тағаланың Раббы екендігі. Оның мәні жалғыз Аллаһ қана көктер мен жерді және олардың арасындағыларды жаратқандығында. Тек жалғыз Ол ғана бізді және бізден бұрынғыларды жаратты. Болмыстың үстінен билік жасау және басқару тек Оның ғана Қолында. Тек Ол ғана бізге күн мен айды бағындырды. Ол бұлттарды қозғалтады және жаратылыстар өмір сүрулері үшін жаңбыр жаудырады. Жалғыз Ол ғана тірілтеді және өлтіреді, Өзінің жаратылыстарын ризықтандырады және олардың өмір сүруін қамтамасыз етіп тұрады. Осы аталғандардың барлығы және басқа да көптеген нәрселер Аллаһ Тағаланың Раббылығының және Оның «әр-Рабб» (Раббы) деген есімінің көрінісі болып табылады. Осы есімнен ғалымдар Раббылықтағы бірқұдайшылықты (таухид әр-рубубияны) бөліп көрсетеді. Басқаша айтқанда, егер адам тек жалғыз Аллаһ қана жарататынын, басқаратынын, жаңбыр жаудыратынын т.б. растаса әрі: «Аллаһтан басқа ешкім Раббылық ете алмайды», - десе, онда бұл адам Аллаһтың Раббылығына қатысты бірқұдайшыл болып табылады;

2. Аллаһ Тағаланың Құдай (Иләһ) екендігі. Жалғыз Аллаһ қана Раббылық сипаттарға ие болғандығы және Ол ғана бізге бар қажет нәрселерімізді сыйлайтындығы, әрі тек Ол ғана біздің қолымыздағы бар нәрселерімізді алып қоюға қабілетті екендігі себепті біздің жүректеріміз Аллаһты Құдай деп тани бастайды да, біздің мүшелерімізбен бірге жалғыз Аллаһқа құлшылық (ғибадат) ете бастайды. Адамның жүрегі жалғыз Аллаһты сүйетін, жалғыз Одан қорқатын, жалғыз Оған үміт және тәуекел ететін, жалғыз Оған тәубе етіп оралатын болады. Жүрегімен және дене мүшелерімен жалғыз Аллаһ қана құлшылық етуге және бүкіл ғибадатты тек Оған ғана арнауға лайықты екенін растайтын адам Аллаһтың құдайлығына (иләһтығына) қатысты бірқұдайшыл болады. Бұл екінші түсінік «әл-Иләһ» (сиынатын Құдай) есімінен шығады. «Әл-Иләһ» есімінен ғалымдар сиынатын құдай деп танудағы және ғибадат етудегі бірқұдайшылықты (таухид әл-улюхияны) бөліп көрсетеді.

Осы бөлуге негізделген түрде келесі нәрселер түсінікті болады:

1. Аллаһ Тағаланың Раббылығы – бұл Оның бізге қатысты іс-әрекеттері;

2. Аллаһ Тағаланың Құдайлығы (Иләһтығы) – бұл біздің Оған қатысты іс-әрекеттеріміз.

Егер құрметті оқырманымыз жоғарыда айтылғандарды жақсылап ұғып алған болса, онда біз тағы да бір рет қубурия сопыларының «бірқұдайшылыққа» берген анықтамасына қайта орала аламыз.

Сөйтіп, олардың бірқұдайшылыққа берген анықтамасы келесідей: «Тек Аллаһ бүкіл болмыстың Жаратушысы және Басқарушысы болып табылады деген сенім».

Олардың осы анықтамасына сүйеніп, біз келесідей қорытынды шығарамыз:

Кім Аллаһты Оның Раббы болып табылатындығында жалғыз етсе және бүкіл болмысты тек Ол ғана жаратқанын және басқаратынын мойындаса, әрі тіпті осы орайда ол жалғыз Аллаһтың құлшылыққа лайықты жалғыз Құдай екенін жүрегімен мойындамаса да және өз құлшылық-ғибадатын түгелімен жалғыз Оған арнамаса да, сол бәрібір бірқұдайшыл болып табылады.

Ал біз: «Адам жалғыз Аллаһ қана Раббы және құшылыққа лайықты Құдай екендігін мойындамайынша әрі өзінің құлшылық-ғибадатын түгелімен жалғыз Аллаһқана ғана арнамайынша Исламға кірмейді», - деп айтамыз. Басқаша айтқанда, біз егер адам Аллаһты Раббылықта жалғыз етпесе, ол бірқұдайшыл бола алмайтынын мойындаймыз, алайда сонымен бірге, егер ол тіпті Аллаһты Раббылықта жалғыз етсе де, бірақ оны сиынуға лайықты Құдай деп тануда және құлшылық-ғибадатты арнауда жалғыз етпесе ол бірқұдайшыл болмайды.

Құрметті оқырманымыз көріп тұрғанындай, сопыларда Сүннеттің жақтаушыларына қарағанда бірқұдайшылдардың қатары едәуір кеңдеу. Сопылардың анықтамасынан шыға келе, жер бетіндегі құдайсыз атеисттерден басқа адамдардың дерлік барлығы бірқұдайшыл болып табылады.

Ал егер оқырман: «Бірақ бұл жақсы емес пе, барлығы көпқұдайшыл-мүшрик болғанша бірқұдайшыл бола берсін. Не үшін адамдарға жамандық қалауымыз керек?», - деп айтса, біз: «Әрине, біз адамдарға жақсылық тілейміз және олардың көпқұдайшыл болуын қаламаймыз. Алайда бүкіл мәселе сопылар емес, Аллаһ бірқұдайшыл деп атаған адамның ғана бірқұдайшыл болатынында», - дейміз. Сол сияқты, Аллаһ көпқұдайшыл деп атаған адам көпқұдайшыл болады, тіпті ол өзін бірқұдайшыл деп санаса да. Мынандай бір мысал келтірейік: белгілі бір фирмада жүз адам жұмыс істейді делік. Оның әрқайсысы осы фирмада өз орына ие: біреуі – директор, ал басқалары одан лауазымдық дәрежелері төмендер. Директор, өзінің жұмысшыларын аяп, олардың барлығын директор және басқарушы деп атап қойды делік. Барлығы жақсы болар еді, бірақ жалақы берер сәт келгенде, олардың әрқайсысы өзінің кәсібіне сәйкес жалақысын алды, ал «директор» деген атау тек қағазда ғана қалды. Енді адамдарға жақсылықты тілеп жатқандар – бұл баршаны, олар бірқұдайшыл болмаса да, бірқұдайшылдарға жатқызатын сопылар емес, бірақ адамдарға нағыз жақсылықты қалаушылар – бұл адамдамдың іс жүзінде бірқұдайшыл болуын және осы арқылы мәңгі Тозақтан құтылып, бірқұдайшылдардың мәңгілік мекені болып табылатын Жәннаттың тұрғындары болуын қалайтын Сүннеттің жақтаушылары екендігі түсінікті-ақ болды.

Сонымен, біз сопылардың сенімінің мәні «Аллаһты Раббылықта жалғыз ету адамның Исламға кіруі және Тозақтан құтылуы үшін жеткілікті» дегенде екен деген қорытындыға келдік. Әл-Куза’и «әл-Барахин» 377-бет және Ибн Мәрзук «Тәуассул би ннәбий» 21-бет т.б.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.