|
|||
Ал бүкіл мақтау жалғыз Аллаһқа тән.Ал бүкіл мақтау жалғыз Аллаһқа тән. 5-күмән:Сопылар құрайштықтардың Аллаһты дәріптемегенін және Оны ең Жоғары Құдай деп санамағанын дәлелдеу үшін сопылар келесі аятты келтіреді: «Олардың Аллаһтан өзге сиынғандарын боқтамаңдар. Олар білмей шектен шығып, Аллаһқа тіл тигізеді»(«әл-Әнғам» сүресі, 6: 108). Олардың қорытындысы:егер құрайштықтар Аллаһты дәріптегенде және ең жоғары Құдай деп санағанда, онда олар Оны боқтамас еді. Бұл аяттан олардың Аллаһты дәріптемей, тек өздерінің құдайларын ғана дәріптегені түсініледі. Жауап: Бұл қорытынды қате. Сопылардың бұл күмәніне үш тармақпен жауап беруге болады. Олардың әрқайсысы шындық әрі бір-біріне қайшы келмейді. 1-тармақ.Біз жоғарыда айтып өткеніміздей, құрайштықтар Аллаһты жақсы көретін, Оны дәріптейтін әрі Оған құлшылық ететін. Мұның дәлелдерін біз өткен бөлімдерде келтірген болатынбыз. Олар Аллаһқа тікелей құлшылық етуге батылмауы арқылы Оны ұлықтап жатырмыз деп ықыласты түрде санайтын, әрі сол үшін де Аллаһқа тек дәнекерлер арқылы жүгінетін. Олар Аллаһ өздерінің жағында екеніне, Ол оларды қолдайтынына және олардың дініне разы екеніне ықыласты түрде сенетін. Олар Ибраһимнің дінін ұстанатын нағыз өздері деп сенетін, ал Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олардың әулие тұтып, Аллаһтың жақындары мен сүйіктілері деп санағандарын қорлайтын, Аллаһқа өтірік және жала жапсырып келген өтірікші деп санайтын. Осыдан шыға келе, егер сахабалар құрайштықтардың құдайлары болған олардың дәнекерлеріне тіл тигізе бастаса, олар Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Оған құлшылық етуге шақырған Аллаһты балағаттай бастайтын. Осы орайда олар Аллаһты сөгіп жатырмыз деп ойламайтын, өйткені, олардың ойынша, Мухаммад оларды шынайы Ұлы Аллаһқа емес, қорланғаны соншалықты – тіпті оған дәнекерсіз-ақ жалбарынуға бола беретін әлдеқандай басқа бір Аллаһқа шақырып жатыр деп ойлайтын. Бірақ іс жүзінде олар, мұны өздері түсінбесе де, дәл сол әлемдердің Раббысы болған Аллаһты балағаттайтын. Сондықтан да Аллаһ Тағала: «...білмей», - деп айтты. 2-тармақ.Тура осы идеологияға негізделіп, олар жауап ретінде Аллаһтың Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өтірікші, сиқыршы, жынды, ақын т.с.с. деп айыптап, намысын қорлайтын. Осы орайда олар өздерін Аллаһ елшісін қорлап жатырмыз деп санамайтын, бірақ Аллаһтың дұшпанын қорлап жатырмыз және Аллаһтың дініне көмек көрсетіп жатырмыз деп санайтын. Міне, тағы сол үшін де Аллаһ Тағала: «...білмей», - деген. 3-тармақ.Ал жүректерінің түбінде Мухаммад ақиқатпен келгенін және шындығында да Аллаһтың елшісі болып табылатынын түсінген, бірақ тәкаппарлығы немесе құрайштықтардың масқаралауынан қорқандықтары себепті Исламды қабылдамаған құрайштықтардың тобына келер болсақ, олар туралы Аллаһ Тағала былай деген: «Олар сені өтірікші санамайды, бірақ залымдар дұшпандықпен Аллаһтың аяттарын теріске шығарады!»(«әл-Әнғам» сүресі, 6:33). Міне, осылайша құрайштықтардың осы тобы да өздерінің дәнекерлеріне тіл тігізгенге жауап ретінде Аллаһқа тіл тигізетін, бірақ бұлар мұны білместікпен емес, дұшпандықпен істейтін. Біздің ойымызша, біздің әрбіріміз мұндаймен өмірде кездескенбіз. Мысалы, егер әлдебір мұсылман христианмен айтысса, әрі христиан Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөге бастаса, бұл мұсылман, осы христианға деген дұшпандық сезімі билеп, өзі соны байқамай Иса пағамбарды сөге бастайды. Бірақ осы нәрсе бұл мұсылманның Исаның пайғамбарлығына сенбейді немесе оны сүймейді және құрметтемейді дегенді білдірмейді ғой. Тура осы нәрсе сунни мен рафидидің арасындағы эмоцианалдық айтыс кезінде де орын алып жатады. Рафиди Абу Бакр мен Умарды балағаттап және сөге бастаса, сунни де рафидіге деген ашуының үстінде байқаусызда Алиге тіл тигізіп қояды, бірақ бұл оның Алиді жек көретінін білдірмейді. Сондықтан да Аллаһ Тағала: «...дұшпандықпен», - деді.
|
|||
|