Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ал Аллаһ жүректердегіні толық біледі.



Ал Аллаһ жүректердегіні толық біледі.

10-күмән:Бұл күмән қабірлерге табынушы сопылардың біз осы тарауда келтіретін ең соңғы күмәні болып табылады. Ол сондай-ақ барлық замандағы және барлық елдегі сопылардың дәйек ретінде қолданатын ең салмақты күмәндарының бірі болып табылады.

Сопылар Аллаһ Тағаланың: “Сондай Аллаһтан өзгені қамқоршы әрі көмекші етіп алғандар: «Біз бұларға бізді Аллаһқа барынша жақындастырсын деп қана табынамыз», - дейді”(«әз-Зүмәр» сүресі, 39:3), - және: “Олар зор айлакерліктер істеді. Және олар: «Құдайларыңды тастамаңдар; Уад, Суағ, Яғус, Яғуқ және Насырды әсте тастамаңдар», - деседі”(«Нұх» сүресі,71:22-23), - деп айтқан аяттарын келтіріп, мынандай қорытынды шығарады:

Көпқұдайшылар өздерінің дәріптейтін объектілерін «кұдайлар» деп, ал өздерінің іс-әрекеттерін құлшылық деп ашық айтатын. Ал біз, олардан айрықша, өз әулиелерімізді құдай деп те, және оларға құлшылық етеміз деп те айтпаймыз. Ендеше, сендер қалайша бізді көпқұдайшыл мүшриктерге теңейсіздер!

Жауап:

Бұл күмәнға да бірнеше тармақпен жауап беруге болады:

1. Ислам ғалымдарында мынандай бір қалыптасқан бұлтартпас қағида бар: «Заттардың мәні олардың атауларына ілеспейді», - немесе: «Заттың атының өзгеруінен оның мәні өзгермейді». Ханафилерге келер болсақ, бұл ереженің түсіндірмесін «Фәтх ул-Мәннаннан» (481-бет) тапса болады.

Сондықтан да егер біреу зинаны «азаматтық неке» деп атаса да, ол амал зина болып қала береді. Әрі бұған дәлелдер өте көп. Бұл мәселенің тамаша талдауын ханафи имамы УалиуЛлаһ әд-Дахләуи өзінің «Будур әл-Бәзиға» (169-бет) еңбегінде келтіреді. Сондай-ақ имам Финжифири де қабірге табынушылардың қалайша көптеген терминдердің мәнін өзгертіп және олардың аттарын алмастырып, Аллаһтың дінін өзгерткенінің керемет талдауын жасаған. Қз.: «Усул ус-Сунна» 138-бет;

2. Ал қасиетті мәтіндерге келер болсақ, оларда бұл аксиомаға (бұлтарпас қағидаға) дәлелдер өте көп. Олардың кейбіреулерін ғана келтіріп кетейік:

ü Аллаһ былай деді: “(Сол уақытта) Аллаһ: «Әй, Мәриям ұлы `Иса! Адамдарға: «Мені әрі анамды Аллаһпен бірге екі құдай етіп алыңдар», - деп айттың ба?», - дейді. (`Иса): «Уа, Аллаһ! Сен Пәксің. Мен құқықты болмаған нәрсені қалай айтамын. Егер мен осындайды айтқанымда, Сен оны анық білер едің. Сондай-ақ Сен менің ішімдегіні білесің, ал мен Сенікін білмеймін. Сен - шынайы түрде көместерді толык Білушісің», - дейді”(«әл-Мәидә» сүресі, 5:116).

Осы жерде христиандар, немесе олардың басым бөлігі `Исаның анасы Мәриямды – құдай деп санамайтынын білу маңызды болады.

Олар құдайлық болмысқа (олар Оны Құдай немесе Әке (Отец) деп атайтын) Аллаһ Тағала, сондай-ақ (олар оны Ұл (Сын) деп айтатын) ‘Иса (Иисус), сондай-ақ (олар қасиетті Рух (Святой Дух) деп атайтын) Жәбірейіл (Гавриил) ие деп санайды. Олардың сенімдеріндегі Құдай – бұл осы үшеуінің Отец – Сын - Святой Дух көрінісінің қосындысы Троица.

Бірақ Мәриямға қатысты айтар болсақ, олар оны Қасиетті Қыз (Пресвятая Дева) немесе Қасиетті Мәриям (Святая Мария), немесе Құдайдың анасы (Богоматерь) деп атайды, бірақ ол құдайлық болмысқа ие деп санамайды.

Бірақ, осыған қарамастан, Аллаһ Тағала оны «құдай» (табынатын объект) деп атады, өйткені христиандар оны өздері мен Құдайдың арасындағы дәнекер және Құдайдың алдындағы өздерінің шапағатшысы деп санайды.

Назар бұрыңыздаршы – христиандардың басым бөлігі оны құдай деп атамаса да және ол құдайлық болмысқа ие деп санамаса да, Аллаһ Тағала олар оны өздеріне құдай етіп алған деп айтты. Өйткені кім қандай да бір объектіні өзі мен Құдайдың арасындағы дәнекер немесе шапағатшы деп санаса әрі оған дұғалары мен құлшылықтарын арнаса, ол осынысымен осы объектіні құдайға айналдырады, мұны мойындаса да, мойындамаса да.

Ал шариғат терминологиясына келер болсақ, онда шариғатта «құдай» (иләһ) деп құлшылық жасалатын кез-келген объект (мәғбуд) аталады, оған заңды түрде құлшылық жасалса да, заңсыз түрде құлшылық жасалса да. Қз.: «Мухтар әс-Сихах» 9-бет; «Таж әл-‘Арус» 9/375; «Миат мәсәил» 15-бет;

Сондықтан да Аллаһ Тағала туралы айтқанда біз: «Хақ Құдай», - дейміз де, ал адамдардың Одан басқа табынатын құдайлары туралы айтқанда: «Жалған құдайлар», - (тағуттар) дейміз.

ü Абу Уақид әл-Ләйси былай деп баяндайтын: “Бірде, біз әлі жақында ғана Исламды қабылдағандардың қатарында болған кезімізде, Аллаһ Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге Хунәйнға әскери жорыққа шықтық. Жорық барысында біз көпқұдайшылдардың бір ағашының жанынан өттік. Олар оның қасында уақыттарын өткізетін және соған қаруларын іліп қоятын. Олар оны Зәт-Әнуат (Салпыншақтар иесі) деп атайтын. Оның жанынан өтіп бара жатып, біз: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бізге де тура солардың Зәт-Әнуатындай (бір Зәт-Әнуат) жасап беріңізші!», - дедік. Бұған Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Аллаһ Аса Ұлы! Ақиқатында, бұл бұрынғы өткен халықтардың салты. Жаным Қолында болғанмен ант етемін, сендер Бану Исраил Муса пайғамбарға:«Уа, Муса! Бізге де олардың құдайы сияқты бір құдай жасап бер!» («әл-Әғраф» сүресі, 7:138), - деп айтқан нәрсесін айттыңдар. Сендер міндетті түрде өздеріңнен бұрынғылардың салттарына ілесесіңдер»(хадис сенімді (сахих);Тирмизи 2180; Ахмад 5/218; Абу Я’лә 1441; Ибн Аби Шәйба 15/101; Нәсаи «әл-Кубрада» 11185, т.б.).

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалардың айтқан сөздерімен Бану Исраилдің айтқан сөздерін қалайша теңегеніне назар бұрыңыз! Сахабаларға келер болсақ, олар: «Бізге де тура солардың Зәт-Әнуатындай (бір Зәт-Әнуат) жасап беріңізші!», - деді, ал Бану Исраилге келер болсақ, олар: «Бізге де олардың құдайы сияқты бір құдай жасап бер!», -деді.  

Бұл жерде сахабалар ағашты құдай деп айтпай, Зәт-Әнуат деп атағанын, мұның үстіне олар бұл ағаштың құдай екеніне көңіл бөлмегеніне назар аударыңыздар, өйткені егер олар осыған көңіл бөлгенде, олар мұны Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сұрамас еді, бірақ, осыған қарамастан, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендер Бану Исраил Муса пайғамбарға: «Уа, Муса! Бізге де олардың құдайы сияқты бір құдай жасап бер!» («әл-Әғраф» сүресі,7:138), - деп айтқан нәрсесін айттыңдар», - деді. Өйткені сахабалар да, Бану Исраил де Аллаһтан өзге табынатын нәрсені сұрады. Әрі олардың сөздері әртүрлі болғанымен, олардың мағынасы бір еді. Сондықтан да «атауды өзгерту мән-мағынаны өзгертпейді».

Осыдан шыға келе, көпқұдайшыл өзінің көпқұдайшылығын қалай атаса да, тіпті ол өлген адамдарға дұға етуін, оларға арнап құрбан шалуын, нәзір беруін т.с.с. нәрселерді оларды «құрметтеу» «сыйлау» деп айтса да, ол бәрібір көпқұдайшыл болып қала береді.

Ханафи имамы әл-Бәркауи (981 һ/ж) былай деген: «Кім бірқұдайшылықтан теріс бұрылса, сол мұны қаласа да, қаламаса да, көпқұдайшыл болады. Ал кім Сүннеттен теріс бұрылса, сол осыны қаласа да, қаламаса да, адасқан бидғатшы болады». Қз.: «Зиярат ул-Қубур» 45-бет.

ü “Ол күні Аллаһ оларды тұтас жинайды. Сосын періштелерге: «Осылар сендерге табынушы ма еді?», - деп сұрайды. (Періштелер): «Сен Пәксің! Біздің иеміз олар емес, Сенсің. Олар жындарға табынатын еді. Олардың көбі соларға сенетін», - дейді”(«әс-Саба» сүресі, 34:40-41).

Бұл аятта осы адамдар періштелерге табынып жатырмыз деп ойласа да, бірақ іс жүзінде жындарға табынғандарына дәлел бар. Бұл адамдардың санаған және тұжырымдаған нәрселері емес, іс жүзінде орын алып жатқан нәрсенің ғана маңызы бар екендігін айтып тұр.

3. Сондай-ақ осы жерде көптеген діни білімсіз адамдар өз ойларында Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заманындағы көпқұдайшылдар және жалпы пұтқа табынушылар іс жүзінде жоқ нәрселерге табынған деп елестейтінін атап кету қажет. Әрі осы жерде ақырында құрайштықтар кәдімгі ізгі кісілерге (әулиелерге) құлшылық ететінін және кәдімгі ағаштарды өздеріне дәнекер жасайтынын түсіну қажет. Өткен бөлімдердің бірінде құрайштықтардың әл-Ләт пен әл-‘Узза сияқты құдайлары – бұл құрма мен майдан жасалған кәдімгі тамақты жасайтын кәдімгі адам мен құрайштықтар оған қайыс пен жүн мата жыртыстарын іліп қоятын кәдімгі ағаштан өзге еш нәрсе емес екенін айтып кеткен болатынбыз. Тура осы нәрселер бүгінгі күні Туркістанда, Бекет –Атада тағы басқа жерлерде жасалып жатыр. 

Барлық проблема осы күнгі мұсылмандардың Құранды оқи тұра, оны біздің заманымызға қатысы жоқ, бұрынғы өткен халықтарға қатысты әңгімелер мен оқиғалар деп есептейтінінде. 

Имам Ибн әл-Қайим былай деген: «Құранды оқитын адамдардың көбі оқылып жатқан аяттардың қазіргі заманның болмысына қатысы бар екенін сезбейді. Олар бұл аяттарды өз заманында өмір сүріп кеткен және соңынан ұрпақ қалдырмаған әлдебір халықтарға қатысты деп ойлайды. Дәл осы нәрсе адамның жүрегі мен Құранды түсінудің арасындағы бөгетке айналады. Әрі осы халықтар өмір сүріп кеткен болса да, олардың сенімдерін олардан кейін келгендер өздеріне мирас етіп алғанын әрі бұл ұрпақтар алғашқылары сияқты, немесе олардан да жаман, немесе сәл жақсы екенін, ал Құранның хикаялары оларды да, бұларды да қамтитынын түсіну нендей маңызды десеңізші». Қз.: «Мәдариж Саликин» 1/343.

4. Не себепті көпқұдайшыл құрайштықтар «құдай» («иләһ») және «құлшылық» («`ибада») сөздерін қолданғандығы, ал қабірлерге табынушы сопылар бұл терминдерді қолданбайтынына келер болсақ, бұның себебі айқын және кәдімгідей.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заманындағы көпқұдайшылдар өздерінің дәнекерлеріне жасап жатқан істері оларға жасалатын шынайы құлшылық екенін және оларды құдайларға айналдыру екенін түсінген. Олар Ислам куәлігінің мағынасын әрі оны айту оларды дәнекерлеріне жасайтын дұғаларын, құрбандары мен нәзірлерін тастауға мәжбүрлейтінін түсінетін. Ал сопыларға келер болсақ, олар «Лә иләһа иллә-Лллаһ» куәлігінің мағынасын, сондай-ақ «құдай» және «құлшылық» ұғымдарының мағынасын да дұрыс түсінікпен түсінбейді. Олар Ислам куәлігін жүздеген, тіпті мыңдаған рет қайталайды, бірақ бұл куәлікті айту оларды әулиелеріне қатысты жасап жатқан амалдарынан бас тартуға міндеттейтінін түсінбейді.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрайштық мүшриктерге таухидке деген шақырумен келді, олар өздерін Ибраһимнің дінінде деп санайтын. Олар өздерінің істеп жатқан нәрселерінің көпқұдайшылық екенін түсінетін, бірақ осыда бір жамандық бар деп ойламайтын, өйткені көктен түскен, Аллаһ разы болатын және Аллаһ Тағала Ибраһим пайғамбар арқылы түсірген нағыз дін, міне, осы деп санайтын. Ал біздің сопыларымызға келер болсақ, олардың сенімдері мен амалдары құрайштық көпқұдайшылдардың сенімдері мен амалдарына пара-пар келеді, бірақ мәселенің өзегі сопылар өзін мұсылмандармен теңестіретін және Мухаммад пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дініне жатқызатын қоғамда туып өскендігінде болып тұр. Сондықтан олар да құрайштықтар сияқты өздерінің сенімдері мен іс-әрекеттерінде ешқандай жамандық көрмейді, өйткені өздерін Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алып келген көктен түскен дінді ұстанып жатырмыз деп санайды. Айырмашылық тек құрайштықтарда олардан көпқұдайшылықтың тыйым салынғандығы туралы оқи алатын Кітап және Ибраһим пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен хадистер жоқ еді, сондықтан да олар «көпқұдайшылық» («ширк»), «құлшылық» («`ибада») және «құдай» («иләһ») терминдерін қолдануда ешқандай проблема көрмейтін, мұның үстіне араб тілі оларды осынысында қолдайтын. Ал сопыларға келер болсақ, оларда көпқұдайшылықтың (ширктің), Аллаһтан өзге құдайларға (иләһтарға) құлшылық (ғибада) жасаудың тыйым салынғандығы туралы айтатын Құран мен хадистер бар. Сондықтан да олар мұның барлығын басқа терминдермен атап, «тәууассул», «құрметеу», «сыйлау», «әулие», «машайық» деп айтады.

Әрі Аллаһпен ант етеміз, оларға осы ұғымдардың мән-мағынасын және Ислам куәлігі олардан «әулиелеріне», «машайықтарына» т.б. әруақтарға қатысты істеп жүрген амалдарынан бас тартуды талап ететінін түсіндірсеңіз, олар осы куәлікті қабылдамау мен теріске шығаруда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз шақыруын жолдаған көпқұдайшыл құрайыштықтардан кем түспейтін қасарысу танытады.

Ендеше, кітабымызды аяқтай отырып, құрайштық мүшриктер таухидке шақырып келген Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) не деп жауап бергеніне қарайық.

Аллаһ былай деді: “Олар өздерінен бір ескертуші келгеніне таңырқады да, кәпірлер: «Бұл бір сиқыршы, барып тұрған суайт. Құдайларды бір-ақ Құдай қыла ма? Әрине, бұл тым таңғажайып нәрсе», - деді. Олардың бастықтары келіп: «Жүріңдер, өз тәңірлеріңде сабыр ете тұрыңдар. Сөз жоқ, бұл бір мақсатты нәрсе. Тіпті бұны біз өзге дінде естіген емеспіз. Бұл мүлде бір жасанды жол. Арамыздан осыған ғана Ескерту түсірілді ме?», - десті. Олай емес, олар Менің Ескертуімнен (Құраннан) күдіктенуде. Әрине, олар азабымды әлі татқан жоқ”(«Сад» сүресі, 38:4-8).

Тура осыны бүгінгі күні Қазақстанның, Кавказ елдерінің және бүкіл посткеңестік республикалардың сопылары да айтуда. Оларға «өздерінен бір ескертуші келгенінде», олар: «Бұл – бір суайт уаһһаби. Олар біздің Аллаһқа дәнекерлеріміз арқылы жалбарынуымызды Оған тікелей жалбарынумен ауыстырды ма? Ақиқатында, бұл бір таңқаларлық нәрсе!», - деп айтады. Олардың қатарынан болған «ақсақалдар» мен «рухани жетекшілер»: «Барырыңдар да, өздеріңнің әділетсіз ренжітілген әулиелерің үшін сабыр ете тұрыңдар. Ақиқатында, араб елдерінен келген бұл студент алып келген нәрселер – бұл Сауд Арабиясы ойластырған бір жоспар. Біз бұл туралы біздің ата-бабаларымыздан естімегенбіз, өйткені біз олардың салт-дәстүрлерінде оларға қатаң түрде ілесеміз. Ал бұл фундаменталист айтып жатқан нәрселер – ойдан шығарылған нәрседен басқа еш нәрсе емес. Ол сонда біздің бүкіл ата-баларымызды адасқандар, ал өзін тура жолдамын деп айтқысы келегені ме?», - деп жауап береді. 

Қадірменді бауырымыз, бұл бір-ақ мысал, ал егер сіз Құранды ашып, Аллаһ елшілері мен олардың елдерінің өкілдері арасында орын алған диалогтарды оқып көрсеңіз, сол кезде орын алған нәрселер мен осы кезде орын алып жатқан нәрселер арасында таңқаларлық ұқсастықты таба аласыз.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.