Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сопылардың «көпқұдайшылық» («ширк») терминіне берген анықтамасы



2. Сопылардың «көпқұдайшылық» («ширк») терминіне берген анықтамасы

Сопылардың түсінуіндегі «көпқұдайшылық»термині бұл: «Аллаһтан өзге кім болсын Аллаһқа мұқтаж болмаған күйде болмыстың қандай да бір бөлігін дербес түрде басқарады және әлдебір құбылыстарға өздігінше ықпал етеді деген сенім». Ал мынау сопылардың «көпқұдайшылыққа» беретін толыққанды анықтамасы:

«Көпқұдайшылықтың мәні адамның кімді болсын Аллаһқа Раббылықта серік деп санауында. Ол әлдебіреуді Аллаһпен қатар жаратады, тірілтеді және өлтіреді деп санайды. Көпқұдайшылық – бұл Аллаһтан басқа біреу Аллаһқа мұқтаж болмаған күйде өздігінше пайда немесе зиян келтіруге қабілетті деген сенім. Бұл адамның Аллаһтан басқа біреу өзінің қалауларын бұған Аллаһ рұқсат бермесе де, іске асыра алады деп сенуі». Қз.: әл-‘Амили «Кәшф ул-Иртияб» 105-106-бет; ән-Нәкауи «Кәшф ун-Никаб» 44-50-бет; Ибн Дауд «әл-Хақаиқ әл-Исләмия» 44-бет т.б.

Осы анықтамадан шыға келе, біз сопыларда тек Аллаһқа барлық жағынан тең, немесе Аллаһқа Оның Раббылық сипаттарының қайсыбірінде болса да тең біреу бар деп санайтын адам ғана көпқұдайшыл болып табылатынын көріп тұрмыз. Міне, осы сопылардың «Аллаһқа серік қосу» терминінен не түсінетіні.

Ал Сүннетті ұстанушылар мұның, әрине, көпқұдайшылық болып табылатынын әрі бұда күмән жоқ екенін, алайда, көпқұдайшылық тек осымен ғана шектелмейтінін айтады. 

Сонымен, оқырман Сүннеттің жақтаушыларының пікірі бойынша сопылар бірқұдайшылықтың қатарын шектен тыс кеңейтіп, ал көпқұдайшылықтың қатарын шектен тыс тарылтып жібергенін байқап тұр. Ал мұның салдары сопы Құранды оқып отырып, осы терминдерді өздігінше, яғни Аллаһ бұл терминдерге салған мағынадан мүлде басқаша түсінетінінде көрініс табады. 

Ал Сүннетті жақтаушылар «көпқұдайшылық» терминінің астында нені түсінетіні туралы, Аллаһтың рұқсатымен, осы кітаптың алдағы бөлімдерінде айтылатын болады. Ал бұл жерде оқырманнан талап етілетіні – қабірлерге (әруақтарға) сиынушы сопылардың түсінуін ұғып алу және есте сақтап қалу.  



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.