Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ал барлық мақтау Аллаһқа ғана тән.



Ал барлық мақтау Аллаһқа ғана тән.

6-күмән.Өздерінің ұстанымын бекіту үшін қабірлерге табынушы сопылар Абу Суфиянның көпқұдайшыл кезіндегі Ухуд шайқасы күнінде айтқан: «Хибль ұлықтасын», - деген сөзін дәйекке келтіреді.

Олардың қорытындысы:құрайштықтар Аллаһты құрметтемеді, олар тек өздерінің құдайларының ұлықталуын қалады. Егер олардың жүректерінде Аллаһты дәріптеу болғанда, олар мұндай нәрселерді айтпас еді. Өйткені мұндай сөздерден олардың құдайларының Аллаһ үстінен ұлық болуын қалау көрініп тұр. 

Жауап:

Бұл күмәнға деген жауап, біз осыдан бұрынғы күмәнға жауап беріп, алдын айтып кеткен негізге құрылатын болады. Абу Суфиян осы сөздерін Хибльдің Аллаһ үстінен ұлық болуын қалап немесе оның дінінің Аллаһ дінінің үстінен жеңіске жетуін қалап айтпады. Бірақ Хибльдің ұлықталуымен ол дәл сол Аллаһтың дінінің ұлықталуын қалаған болатын, өйткені ол Хибльді Аллаһқа жақын болған әулиелердің бірі деп сенетін, әрі өзі де Аллаһтың діні үшін соғысып жатырмын деп ойлайтын және ол осы дәнекерлердің жеңісін Аллаһтың дінінің жеңісі деп есептейтін.

Дәл сондықтан да Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Аллаһ жоғары және дәріптеулі», - деп жауап бергенде, Абу Суфиян үнсіз қалды да, еш нәрсемен жауап бере алмады, өйткені ол да Аллаһ жоғары және дәріптеулі деп санайтын.

7-күмән.Сопылар мен құрайштықтардың сенімдері мен амалдары тең емес екенін дәлелдеу үшін, сопылар былай деп айтады: «Сендер қалайша бізді құрайштықтармен теңейсіндер? Біз Аллаһтың Елшісіне, Құранға, Қиямет күніне, жалпы елшілерге иман келтіргенбіз ғой. Біз құрайштықтардан айрықша, Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақсы көреміз, онымен соғыспаймыз да, оны қуып та жібермейміз ғой, Құранды теріске шығармаймыз, керісінше, оған сенеміз, Қиямет күнін мысқылдамаймыз, керісінше, оған иман келтіреміз! Ендеше, бізді құрайштықтармен теңеуге қалайша батылдарың жетеді?»

Жауап:

Құрметті оқырман бауырымыз, бұл олардың қарапайым халық алдында ақталатын әрі Сүннеттің жақтаушыларын жаман кейіпте көресететін ең күшті күмәндарының бірі екенін біліңіз. Алайда, Аллаһтың рұқсатымен, олардың осы бір күмәнына да жауап өте қарапайым болмақ.

Істің мәні мынада: біз: «Қабірлерге табынушы сопылар мен құрайштықтықтар барлық жағынан толық ұқсас», - деп айтпаймыз. Иә, шындығында да, олар Құранға, Ақыретке, Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) т.б. иман келтіруімен көпқұдайшыл құрайштықтардан ерекшеленеді, ал көпқұдайшыл құрайштықтар туралы мұны айтуға болмайды. Бірақ біз сопылар мен құрайштықтар арасында көпқұдайшылық мәселесінде ұқсастық бар екендігі туралы айтамыз. Өйткені құрайштықтар оларға Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келуден бұрын да, оларға Құран түсірілгеннен бұрын да көпқұдайшылдар еді ғой. Бұл дегеніміз, құрайштықтар Құранды, Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) теріске шығарғандығымен және Ақыретке иман келтірмегендігімен көпқұдайшылдарға айналмады. Осынысымен олар өздерінің күпірлігін ашып көрсетті, бірақ олар осыған дейін де көпқұдайшылдар болатын. 

Сондықтан да біз: «Сопылар құрайштықтардан Құранға, Ақыретке т.с.с. нәрселерде ерекшеленсе де, мұның барлығы бірқұдайшылық пен көпқұдайшылық мәселелері емес, иман мен күпірлік мәселері болып табылады, ал олардың көпқұдайшылық пен бірқұдайшылық мәселелеріндегі сенімдері құрайштықтардың сенімдеріне толық ұқсас», - дейміз.

Қарапайым сөзбен айтқанда, мұны мынандай мысалмен түсіндіруге болады: егер біздің алдымызда екі адам тұрса, әрі оның біреуі иман келтіруге тиісті болған нәрселердің барлығына иман келтіріп, барлық ғибадаттарды орындайтын, алайда, сонымен бірге, Аллаһтың Салих есімді бір-ақ елшісіне иман келтірмейтін болса, ал екеншісі еш нәрсеге иман келтірмеген атеист-материалист бола тұра, үнемі дінді сөгетін болса, әрі оның иман келтірмейтін нәрселерінің жалпы тізімінде Салих пайғамбар да болса, біз осы екі адам өз күпірліктерінде бірдей деп айтпаймыз ғой. Бірақ біз бұл екі адам да өздерінің Салих пайғамбарға иман келтірмейтінінде тең дейміз. Ал ендеше, Аллаһ Тағаланың осы екі адамға қатысты үкімі қандай? Олардың екеуін де «кәпір» деген термин біріктіреді, әрі екеуінің ортақ барар жері – Тозақ.

Мына жерде де тура осы. Қабірге табынушы сопылар барлық жағынан көпқұдайшыл құрайштықтарға тең болмаса да, бірақ олардың барлығын бір ортақ сипат біріктіреді. Олар өздерінің сенімдері мен амалдарында көпқұдайшылық пен құдай деп тануда және құлшылық етуде Аллаһқа серік қосу мәселелерінде бірдей.

8-күмән:Сопылар сондай-ақ былай деп те айтады: «Құрайштықтар тастарға, талдарға, мүсіндерге табынатын, ал біз Аллаһқа жақын әулиелерді құрметтеп дәріптейміз. Ендеше, қалайша сендер бізді көпқұдайшыл құрайштықтарға теңей аласыңдар?»

Жауап:

Бұл күмәнға жауапты бірнеше тармаққа бөліп беруге болады:

1. Құрайштықтар тастар мен мүсіндерге табынбайтын. Мұны түсіну үшін Құранның кейбір аяттарын келтіру жеткілікті болады:

«Сондай Аллаһтан басқа жалбарғандары еш нәрсені жарата алмайды. Олар жаратылғандар. Олар өлі, тірі емес. Сондай-ақ қашан тірілетіндерін білмейді»(«ән-Нәхл» сүресі, 16:20-21).

“Қиямет күні оларды түгел жинаймыз. Сонсоң мүшріктерге: «Сендер де, Аллаһқа қосқан серіктерің де орындарыңда тұрыңдар!», - дейміз. Сонда олардың араларын айырамыз. Олардың қосқан серіктері: «Сендер бізге табынбаған едіңдер. Енді сендер мен біздің арамызға куәлікке Аллаһ жеткілікті. Тіпті біз сендердің бізге табынғандарың туралы білмедік те», - дейді”(«Юныс» сүресі, 10:28-29).

«Расында, Аллаһпен бірге табынғандарың, өздерің сияқты құлдар. Егер шын айтсаңдар, қане, оларды шақырыңдар, сендерге жауап берсін»(«әл-Әғраф» сүресі, 7:194).

«Кәпірлер, Мені қойып, құлдарымды өздеріне ие және қамқоршы етуді ойлай ма? Расында, Тозақты кәпірлерге тұрғылықты мекен етіп әзірледік»(«әл-Кәһф» сүресі, 18:102).

«Олардың табынғандары Раббыларына қайсылары жақын боламыз деп, құлшылық арқылы ізденеді. Рахметінен үміт етіп, азабынан қорқады. Негізінде, Раббыңның азабы сескенуге тиісті»(«әл-Исра» сүресі, 17:57).

«Аллаһтан өзге Қияметке дейін өздеріне жауап бере алмайтындарға дұға етіп жалбарынғандардан кім залымырақ? Әрине, табынғандары олардың жалбарынуларынан хабарсыз. Адамдар жиналған кезде, оларға табынғандары дұшпан болып, олардың өздеріне құлшылық қылғандарынан бас тартады»(«әл-Әхқаф» сүресі, 46:5-6).

Көріп тұрғанымыздай, жалпы көпқұдайшылдардың және нақты құрайштықтардың табынатын объектілері туралы айтқан кезінде, Құранда жанды заттарға қатысты қолданылатын сөз өрімдері келеді. Оның үстіне тастар мен ағаштар Қиямет күні қайта тірілтілмейді, сондай-ақ олар «өмір» және «өлім» деген терминдермен сипатталмайды;

2. Ханафи мәзһабының ғалымдары өздерінің кітаптарында құрайштықтар тас мүсіндер мен әулиелерінің бейнелерін өздерінің кімге құлшылық етіп жатқан нәрселерін жақсырақ елестету үшін жасағанын айтқан. Бүгінгі күні христиандардың тура осылай істейтініндей. Олар ағаштан жасалған иконалардың өздеріне табынбайды, алайда олар осы иконаларды «аспандағы дәнекерлеріне» дұға жасау кезінде бет бұратын бағыт қызметін атқару үшін жасап шығарады;

3. Тіпті егер біз құрайштықтар тастарға құлшылық жасайтынына, ал сопылар «әулиелерді құрметтейтініне» келіссек те, Аллаһ Тағала құлшылық ету объектілері ретінде олардың арасында айырмашылық жасамады ғой әрі осының барлығын «Аллаһқа құлшылық етуде серік қосу» деген терминге біріктірді емес пе?!

9-күмән:Ибн ‘Умар Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізген: “Маған адамдар «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ әрі Мухаммад - Аллаһтың Елшісі» деп куәлік бермейінше және намазды орындап, зекет төлемейінше олармен соғысу бұйырылды. Ал егер олар осыны істесе, онда менен өздерінің жандары мен малдарын қорғап қалады, тек Исламның құқығы болған жағдайдан бөлек, ал олардың есебі Аллаһ Тағалада” (хадис сенімді (сахих);Бухари 1399; Муслим 20).

Усама ибн Зәйд былай деп баяндаған: “Бірде, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізді әскери жорыққа аттандырды. Шайқас кезінде мен мүшриктердің біреуін қуып жетіп алдым, әрі сол кезде ол: «Лә иләһа иллә-Лллаһ», - деді. Бірақ, соған қарамастан, мен оны өлтірдім. Осы істегенім мені мазалай бастады да, мен осы уақиға туралы Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтып бердім. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сен оны ол: «Лә иләһа иллә-Ллаһ?!», - деп айтса да, өлтірдің бе?», - деді. Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Ол мұны тек өлімнен қорыққандығы себепті айтты!», - дедім. Бұған Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сонда сен ол «лә иләһа иллә-Ллаһ» сөзін шынымен де жүрегімен айтқан-айтпағанын білу үшін оның жүрегін ашып көрдің бе?»,- деп жауап берді. Әрі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұны көп қайталай бергені соншалықты – мен Исламды бүгін қабылдағандардан болмағаныма өкініп қалдым” (хадис сенімді (сахих);Бухари 4269; Муслим 96).

Олардың қорытындысы:Бұл хадистер иман мен күпірлік өзгелерге беймәлім болған жүректің ісі екендігіне нұсқайды. Сондықтан да «Лә иләһа иллә-Ллаһ» деген адамды Исламнан шығаруға және көпқұдайшыл деп айтуға болмайды. Ал сендерге келер болсақ, сендер бізді Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезіндегі көпқұдайшылдармен теңеп, сол арқылы бізді Исламнан шығарған боласыңдар. Әрі бұл біз: «Лә иләһа иллә-Лллаһ», - деп айтсақ та. 

Жауап:

1. «Лә иләһа иллә-Ллаһ» деп айтып, осы куәліктің мағынасын дұрыс түсінген, оны жүрегімен ықыласты және шынайы түрде растаған және Ислам куәлігінің басқа да белгілі шарттарын орындаған адамның мұсылман болатынына күмән жоқ. 

Алайда бұдан «Исламның куәлігін бір кезде айтқан адам ешбір жағдайда Исламнан шығып кете алмайды және кәпір болмайды» деген қорытынды шықпайды. Мысалы, адам Аллаһты және Оның Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөксе (балағаттаса, лағынеттесе), Құранды лас жерге лақтырса, немесе тек Аллаһ қана көмектесе алатын нәрселерде Аллаһтан өзгелерге дұға етіп жалбарынса, сол күпірлікте айыптаудың барлық шарттары орындалса және күпірлікте айыптауға кедергі болатын жағдайлар болмаса, Исламнан шығып кетеді де, кәпірге айналады.

Әрі күпірлікте айыптау тек хауариждердің ғана ерекше сипаты емес екенін де білген жөн. Бірақ хауариждер мұсылмандарды үлкен күнәлар жасағандығы үшін Исламнан шығарады, ал Сүннеттің жақтаушылары бұлай істемейді. 

Ал ханафи мәзһабының ғалымдарына келер болсақ, олар мұсылмандардың ешқайсысын күпірлікте айыптауға болмайды, тек егер біреу діндегі бұлтартпас белгілі болған қандай да бір нәрсені жоққа шығармаса ғана деген. Ал кім Исламнан шығаратын амалдар мен сенімдердің қайсысын болса да жасаса, сол ханафи ғалымдарында кәпір болып саналады. Мұның үстіне көптеген ханафи ғалымдары білместікті (надақтықты) діннен шығу туралы үкім шығаруда ақталу ретінде қабылдамайды, тіпті егер адам өмір бойы бір Аллаһқа ғана құлшылық етіп келген болса да. Мұның барлығы ханафилердің кітаптарында айқын және бірмағыналы түрде айтылған. Мысал ретінде «әл-Макасид» пен Тафтазанидің оған жасаған шархын 2/268; Фарияхаридің «ән-Нибрас» 572-бет; Хуфажидің «Шәрх уш-Шифа» 4/509; «әл-Фәтауа әл-‘Азизия» 1/156; Шәмидің «Радд ул-Мухтар» 1/377; Қаридің «Минах ул-Азхар» 241-242-беттер; Лукнауидің «Мәжму’ әл-Фәтауа» 2/45 еңбектерін т.б. қараңыз.

Бұдан қалса, ежелгінің де, қазіргі заманның да ханафи ғалымдары күпірлікте айыптау мәселелерінде ең қатаң ұстанымда болғаны бұлтартпас шындық. Ханафи ғалымдары басқа мәзһабтың ғалымдары күпірлікте айыптауға батылмайтын амалдар үшін күпірлікте айыптайды. Бұған ханафилердің көптеген кітаптарында діннен шығу туралы үкім шығарылатын істер мен амалдар қаралатын көптеген тараулар бөлек көрсетілгендігі айғақ болады. Сондай-ақ адам соларды айтса, Исламнан шығып кететін күпірлік сөздері жинақталған жеке тараулар да бар. Мысал ретінде Хайтамидің «әз-Зауажир» 1/29; әл-Муқбилидің «әл-‘Илм әш-Шәмих» 221-222; «Жәлә ул-‘айнайн» 450-451-бет; «Ғаят ул-Әмани» 1/253-254, 297 кітаптарын қараңыз.

Кім ханафилердің осы мәселелер қаралатын кітаптарын оқып шықса, сол өте көп таң қаларлық нәрселер таба алады. Мысал ретінде Тахир ибн Ахмад әл-Бухаридің «Хуләса әл-Фәтауа» 4/379-390; Хасан ибн Мәнсур әл-Ферганидің «әл-Фәтауа әл-Хания» 3/571-580; Ибн Бәззаз әл-Курдидің «Жәми’ әл-Уәжиз» 6/315-350; «әл-Бахр әр-Раиқ» 5/119-125 кітаптары.

Сондай-ақ кітаптың түгел барысында біз ханафи ғалымдарының кітаптарынан олар дұғасын Аллаһтан өзгеге арнайтын, немесе Одан басқаға құрбан шалатын, немесе өзімен Аллаһ арасында дәнекер таңдап алатын адамды ашық түрде күпірлікте айыптайтын көптеген үзінділерді келтіріп кеткен болатынбыз.

Алайда мұның барлығы қандай да бір нақты адамдарды оларға дәлелді жеткізбей және оларды ақтайтын себептердің жоқ екендігіне көз жеткізбей күпірлікте айыптауға болады дегенді білдірмейді!!!Мұның үстіне, нақты адамдарды күпірлікте айыптау ғалымдардың ісі болып табылады, ал біз олардың қатарына жатпаймыз, сондықтан да мұндаймен айналыспаймыз.

Біз осы кітапта келтірген дәлелдердеріміздің барлығын көпқұдайшылықтың қауіптілігін және оның түрлері мен көріністерінің көптігін түсіндіру үшін ғана келтірдік. Осыдағы мақсатымыз - нақты біреулерді күпірлікте айыптау емес, мұсылмандардан ешкім ешбір жағдайда осы шектерді бұзбауы үшін. 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.