Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сопылардың «құлшылық» («ғибадат») терминіне берген анықтамасы



3. Сопылардың «құлшылық» («ғибадат») терминіне берген анықтамасы

Сопылардың түсінуіндегі «ғибадат»– бұл: «Адам кімді Раббылықта өздігінше дербес деп және пайда мен зиян тигізуде, сондай-ақ өзінің қалауларын іске асыруда мұны оған ешкім тыйым сала алмайтындай, ешкімге мұқтаж емес күйде өздігінше дербес деп санайтын болса, соның алдында бар жан-тәнімен ең жоғары мойынсұнушылық танытуы».

Осы анықтамадан шыға келе, сопылар: «Ғибадат рәсімдерін орындап, оларды әлдебіреуге арнау осы объектіге ғибадат ету болып табылмайды, тек егер осы ғибадат арналатын объект өздігінше дербес Раббы болып табылады деген сенім болмаса ғана». Қз.: әс-Субуки «әш-Шифа ус-Сикам» 175-бет; ән-Нәкауи «Кашф ун-Никаб» 44-51-бет; Мәлики «Мәфахим» 103-105 т.б.

Бұл жалпылама анықтамалар сопылардың кітаптарында нақты мысалдар арқылы ашып көрсетіледі:

«Егер адам әлдебіреуге сәжде жасаса, онда ол сәжде жасап жатқанын Раббы деп санаса ғана кәпір болады». Қз: әл-Куза’и «әл-Барахин» 377-бет және Ибн Мәрзук «Тәуассул би-ннәбий» 21-бет т.б.

Олар дұға ету, құрбан шалу, нәзір беру т.б. туралы да тура осыны айтады.

Жоғарыда айтылғандардың барлығына сүйеніп, сопылар өздерінің қайтыс болған «әулиелеріне» жасайтын ғибадаттарын ғибадат деп санамайды. Олар осы «әулиелер» табиғат құбылыстарын басқарады, оларға жалбарынып жатқандарды көреді және естиді, пайда келтіреді және зиянды жояды, құпия білімге ие, өлтіре және тірілте алады т.с.с. деп санайды. Бірақ, сонымен бірге, олар осының барлығын көпқұдайшылық деп атамайды. Өйткені олар: «Әулиелер осы сипаттарға өздігінше ие емес, бірақ Аллаһ Тағала оларға осы сипаттарды дарытты», - деп айтады. Яғни, олардың сенімі бойынша, «әулиелер» өздерінің Раббылық етуінде дербес емес, бірақ осы орайда Аллаһқа мұқтаж болып табылады, сондықтан да оларға құлшылық ету Аллаһқа құлшылық ету болып табылады. Қз.: «әл-Барахин» 392-бет.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.