Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Алтыншы көрініс



Алтыншы көрініс

Жарық жанғанда Тасжан Вайраның бөлмесінде отырға- нын көреміз. Шағын дастарқан жасалған. Вайра өте əдемі киінген. Көңілді.

 

В а й р а . Сіз кеше кешке көрінбей кеттіңіз?.. Т а с ж а н . Ертектің соңынан еріп кеттім...

В а й р а . Шындықты жасырудың жалғыз əдісі – əзілге бұру.

Т а с ж а н (шампан алып, екі бокалға құяды). Сонымен сіз аттанатын болдыңыз.

В а й р а (күліп). Иə, аттанатын болдық. Тасжанға бутерброд ұсынады.

Т а с ж а н . Рақмет. Осыншалық мол тамақты қайдан тап- тыңыз. Аэропортқа дейін шығарып салайын.

В а й р а . Қам жемеңіз, өзім-ақ кете беремін ғой. Такси шақыртып қойғанмын.

Т а с ж а н . Ал, жолыңыз болсын, Вайра. Самолетіңіз же- ңіл ұшып, жайлы қонсын.

В а й р а . Рақмет. Түбі, бір қайтатын шығарсыз, өзіңізге де ақ сапар тілеймін. (Аса бір толқумен). Үш-төрт-ақ күнде Сізге осыншалық үйреніп кеткеніме қайранмын. Қимасым- мен қимай қоштасқалы отырғандаймын. Сіз маған өте ұнай- сыз.

Т а с ж а н (қыздың қолын ұстап). Сіз де... үш ғасырлық əсер қалдырдыңыз... Бірақ осының өзі стереотипті сезімдер мен электромузыкалық еліктеулер емес пе екен.

В а й р а (қолын босатып алып, шегіне отырады). Тым болмағанда, ендігі еншімізге қалған екі-үш сағаттың шыр- қын бұзбайықшы. Сіз «махаббат» деген ұлы ұғымды баяғы- да жерлеген екенсіз, оны сезіп үлгердім. Жоқ дегенде, дос- тықтың жібек жібін үзбесеңізші... өтінемін...

Т а с ж а н . Махаббат дегеніміз – айрылысу деп еді бая- ғыда бір қыз. Ал, қазақ одан да жақсы айтқан: «Шын ғашық


бұл дүниеде қосылмайды», – деген. Қандай терең сөз. Сезім дегеніміз – адамзатқа ғана тəн қасиет, амал не, айнығыш. Бү- гінде біз сыйластықты, үйренісуді, үлгілі семья құруды ма- хаббат атты киелі сезіммен шатастырып жүрміз. Тəңірім-ау, не ауыз əдебиеті, не əлем əдебиеті бірде-бір ғашықты бір-бі- ріне қоспаған ғой. Неге? Өйткені олар «аһ» ұрып қосылған- дардың арпылдасып айырылысып кетерін білген.

В а й р а (көзінде жас бар). Мен сізден қорқа бастадым...

Т а с ж а н (есін жинағандай). Кешіріңіз. Технократиялық сана не айтқызбайды. Енді сізді ғана тыңдаймын.

В а й р а . Олай болса, құлақ салыңыз... Сіз маған өте ұнайсыз, сондықтан да ұнамайсыз. Сондықтан да команди- ровкамның күні бітпесе де, ертерек ұшқалы отырмын. Жақ- сы көрген адамның жанында ұзақ болу – қауіпті, тамаша əсеріңді бүлдіріп аласың. Жалпы, сізді қанша сүйгеніммен, болашақ өмірді бірге өткізу мүмкін емес, өйткені сіздің жа- ныңыз қалап алған жарыңыз бар. Ол – жалғыздық.

Т а с ж а н . Міне-міне, менің философиямды мойындай бастадыңыз.

В а й р а (сəл ашумен). Сөзді бөлмеңізші... Бұдан былай үйленбейсіз-ау, деп ойлаймын. У вас есть какая-та магичес- кая сила. (Ернін тістелеп). Мен сізді құрметтеген сайын аяймын. (Жігіт темекісін құмарлана сорып, үндемей оты- рады). Келіңіз, сіздің Даралығыңыз үшін алып қоялық. Мəң- гілікті, Махаббатты артынан көре жатармыз.

Т а с ж а н . Рақмет, сіздің де... бірақ мен махаббатты тірі күйінде көрдім...

В а й р а (күліп). Қашан? Қайдан? Т а с ж а н . Теңіз жағасынан.

В а й р а (əуестене). Қай теңіздің?

Т а с ж а н . Атыраудың... Əрине, Балтық теңізі де ұнайды маған... Əсіресе, електен өткізгендей құмы мен янтары...

В а й р а . Тұрақсызсыз-ау, Тасик. Теңіз жағалауға қоқыс- ты ғана емес, асылын да лақтырып тастайды. Ол да бір өмір толқыны секілді. Біздің мақсат – салындылармен бірге жаға- лауға шығып қалмау.


Т а с ж а н . Абай деген атамыз: «Дүниеге шалқар көл, за- мана соққан жел, алдыңғы толқын – ағалар, соңғы толқын – інілер, кезекпенен өлілер, баяғыдай көрінер», – деп баяғыда айтып тастаған.

В а й р а . Керемет екен. Бұдан артық ой айтам деу бекер- шілдік шығар.

Т а с ж а н . Өмірде ешкім жаңалық аша алмайды, бар болғаны айтылған шындықты қайталайды. Америкалық жа- зушы Тэртон Уайлдер: «Я не новатор, а раскапыватель забы- тых ценностей», – деп мойындаған екен. Гəп сол бұрыннан бар нəрсені қайтып, қалай пайдалануда болып тұр-ау. Дара- лық пен Мəңгілік ұғымы да осыдан өрбиді.

В а й р а . Сіз тағы да өзіңіздің ауруыңызды айта баста- дыңыз. Біле білсеңіз, адамзаттың өзі де мəңгілік емес, біздің космонавтармен бірге летающая тарелка қатар ұша бастаған мезгілде ұсақ-түйекке несіне басымызды қатырамыз. Келі- ңіз, одан да мықтап тұрып билейік. (Магнитофонды іске қо- сады. Осы замандық би басталады). Сізбен танысқанымнан гөрі айырылсқаным қымбат мен үшін. Түбінде бір қайта жо- лығармыз.

Т а с ж а н (қызды аймалап). Мен де сондай сенімдемін. Қос сызық бір-бірімен қиылыспаған, əрқашанда қатар, жаға- ласа созылады кеңістікке.

В а й р а (балқып). Мен сізге ризамын. Сүйемін сізді...

Т а с ж а н (аймалай төсекке ыңғайлап). Егер сіз секіл- ді əдемі қыздар болмаса, əлемнің əйнегі баяғыда быт-шыты шығар еді.

 

Жарық бірте-бірте сөне береді. Екеуі сыбырласып жатыр. Жұлдызды аспаннан Аспан-Қыздың үңіле қарап тұрғанын байқаймыз.

 

В а й р а (орнынан атып тұрып). Тəңірім-ау, анау не?!

Кім төбемізден төніп тұрған?

Т а с ж а н (шалқасынан жатқан қалпы). Ол – адамзат- тың ұяты біздерге қарап тұрған. Жер көктегілер үшін құ- мырсқаның илеуі. Əлі-ақ табанымен таптай салады.


В а й р а (үсті-басын түзеп). Сіз... сіз... шынында да, тастан жаратылған жан екенсіз.

Т а с ж а н . Мен... тағы да оңбай қателестім. Бірақ бұл менің ғана қателігім емес, уақыттың бұйрығы... Мен орын- даушы ғана... мен мұрнын тескен тайлақпын. (Айғайлап). Жетеле уақыт, жетеле, ессіз ердім соңыңнан.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.