Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Екінші көрініс Шегініс



Екінші көрініс Шегініс

Жарық сөніп, жанғанда Тасжанның ауылында жүргенін байқаймыз. Сахна фонындағы қала көрінісінің орнын Ал- тайдың сұлу табиғаты ауыстырған. Тасжан мен оның мек- тепте бірге оқыған досы – Алтай балық аулауға жиналып тұр. Шалғы шыңндап Алтайдың əкесі – Шал отырады.

 

Ш а л . Үйші бала, былай өзі, халің қалай?

Т а с ж а н . Хал – қалқайып жүрген, ақсақал. Өзіңіз ба- һуаттысыз ба?

Ш а л . Біздікі өгіз аяң тірлік. Қатты жүрмейміз, қарап тұрмаймыз. Енді бір аптадан соң шөп шабу деген – ұлы нау-


қан басталады. Ал, бұл ел үшін оның қандай науқан екенін өзің де білесің... шет жағасын көрдің ғой. Əкең тіріліп ке- ліпті десе: «Əй, кемпір, шалға шай бер», – деп, қайрылмай кетеміз-ау.

Т а с ж а н . Биыл шүкір, пішеннің шығымы жақсы екен.

Ш а л . Бəрібір қырылысамыз. Алтайдың алты ай қысына алты мая шөбің бұйым емес... Бір даланы бір өзің салды деп еді, сенің атыңа қойылған шығар?..

Т а с ж а н (күліп). Тіліңіздің тотияйыны қайтпаған екен, ата... Ақтау даласының жобасын бес адам жасағанбыз...

Ш а л . Көптің бірі, қолдың кірімін деші... Алт а й . Ата... қойыңызшы...

Ш а л . Атақсыз көп үй салғаннан, артыңда қалып, ел айта жүрер бір үй салғаның озық дегенім ғой...

Алт а й . Шал шатақ шығармай тұрғанда, қашалық. Ш а л . Қашсаң ерте туасың... (Өзі мəз болып күледі).

Жарық сөніп, қайта жанғанда Тасжан мен Алтайдың ба- лық аулап отырғанын көреміз. Алтай қармақ салып тұрады да, Тасжан ұстаған балықтарды тазалап отырады. От жақ- қан.

 

Т а с ж а н . Əкеңнің қиқарлығы қартайған сайын салмақ- тана түскен екен.

Алт а й . Оның рас. Өзімізді де борбайымызға жібертіп, піскілеп-піскілеп алады. Баяғыда біз, колхоздар бірікпей тұр- ғанда, Қабырға деген ауылда тұрдық қой, əлі күнге дейін

«Қиқар ауыл» атанады. Содан қалған соңғы ұрпақ біздің шал. Т а с ж а н . Дегенмен, сөзіңнің түбі – тереңде... Оспақтап отырса да, ойындағы күпті сұрағын айтып отыр. Əлгі біз айта беретін «личность», «индивидуальность» деген ұғым-

дармен тамырлас десе де болады.

Алт а й . Ей, əлі мыжғылап отырсың ғой... (Құрығын тастап Тасжанға көмектесе бастайды. Отқа қақтап пісір- ген балықты жейді. Алтай дорбасынан торсық алып шы- ғады да, шайқап-шайқап екі тостағанға қымыз құяды). Ал, Тасжан, сенің екі жылдан соң елге келгенде ішкен қымызың...


Т а с ж а н . Саған ризамын, Алтай, алғашқы күйіңді сақ- таған екенсің.

Алт а й . Өзің ше, өзгеріп кеттің бе?

Т а с ж а н . Мен баяғы – бала кездегі – Тасжан емеспін. Мүлдем бөтен біреумін. «Жаны» жоғалып, тек «Тасы» ғана қалған... (Отты көсеп, сəл ойланады). Үй-жайың, қора-қоп- сың тықадай. Сен жасаған архитектурадан зəредей де жа- сандылық, кемшілік таба алмаймыз, атақ қуып айғайламай- сың. Еңбегің абстракті емес, күнделікті қарапайым тірлігің- мен-ақ мəңгіліксің. «Болашақ» деген үлкен ұғымда үзілмес үлесің бар. Міне, осылайша, бүтін бір халықтың ұлттық дəстүрін ұрпаққа ұластырасыңдар... Əттең, өнер адамда- рында сен секілді еңбек илерінің сарқылмас табиғи қуаты жетіспейді.

Алт а й (күліп). Өй дөйт дегенің... «Жүз грамм ішіп жүз беттік əңгіме айту – қала адамдарының қасиетіне айнал- ған», – деп еді, қымызға қызып қалғаннан саумысың?

Т а с ж а н (торсықты нұсқап). Құй қымыздан, мен енді ғана бастадым. Бала досым-ау, екеуміздің орнымыз ауысып кеткенін сезесің бе... Құдайдың берері жоқ, тек біреуден-бі- реуге алып береді деген осы...

Алт а й (күрсініп). Сенің арманың жоқ, Алтай. Бармаған жер, баспаған тауың қалмады. Дүниені шыр айналып шық- тың. Тым болмағанда, жердің доп секілді домалақ екенін өз көзіңмен көрдің. Мен болсам, тек географиядан білемін.

Т а с ж а н . Біздің жүріс – бос сандалбай. Отан дегені- міз – от басы. Бақытты ғұмыр кешу дегеніміз – сол жаққан отыңды сөндірмеу.

Алт а й . Сенің пəлсəпеңді түсінетін зəрде менде жоқ. Адам болып жаратылғаннан соң екі аяқтың қызығын, дүние- нің кеңдігін көргенге не жетсін. Өзіңмен бірге ойнап, бірге өскен қаншама бала сол, сен мақтаған от басы, ошақ қасын- да омалып қалды. Қане, солардың шыққан биігі, көрген қы- зығы. (Қызына). Қане, солардың жеткен жері, созған қолы.

«Бақыттымысыңдар?» – деп сұрашы, барлығы басын шай- қасын. Арқандаулы аттай бір жерді шиырлап, оқыранады. Босатшы, берші бостандығын қалай-қалай шырқайды екен...


Т а с ж а н . Кім солардың қолын байлап жүрген? Ал, ба- қытқа келетін болсақ... жарқыным, «мен бақыттымын», – деп əлемде бірде-бір адам айта алмайды. Ал егер, алда-жал- да айта қалса, дəл сол адам бұл дүниедегі бақытсыз.

Алт а й . Ой, қойшы... Туған жер, өскен ел дегенді желеу етіп, мақсатымызды малға айналдырып жібердік. Айталық, аспанға ұшпасақ та, жерде жүріп қырылып қалмас едік, бі- рақ ұшып жатырмыз, ұшырып та жатырмыз... Неге? Өйт- кені адамның қиялын он бес сөткеге қамай алмайсың. Ба- ғана əкем немересіне шалғы ұстауды үйретіп жатыр, бірақ бұл оған өмір бақи шалғышы болып өт дегені емес қой. Ал, мен өз ұлымның өзімнен озық туғанын армандаймын. Сенің жолыңды қуып, өрісін кеңейтсе, алысқа ұзап жайылса деп армандаймын. Халықаралық конкурста бəйге алыпсың, сол алты алаштың арасында қазақтың ауылда өскен қара бала- сының аты аталғаны біз үшін – мəртебе. Өз үйім – өлең тө- сегімнің заманы қазақтар үшін баяғыда қош-қошын айтқан.

 

Пауза. Екеуі де томсара алысқа қарайды.

 

Т асжан (мұңмен). Алтай, сен үйлі-барандысың, ата-ба- бамыздың жүздеген жыл қалыптастырған жолын қудың. Мен болсам... кризистемін... сол жолдан тайқып шығып, адасып қалғандаймын. Інінен ұзап жайылған суыр ажалын аңшыдан таппаушы ма еді... (Күрсініспен). Иə, «Тотықұс түрін көріп сыланады, аяғын көріп қорланады» деген осы, бауырым.

Алт а й . Сенің де арманың бар екен-ау.

Т а с ж а н . Арман дегеніміз – өмір. Яғни, мечта есть –

сама жизнь.

Алт а й . Бопсалап отырғаның, менің сегіз балам да... Жарқыным, бала дегенің сен айтқан суырда да, қасқыр мен жыланда да бар.

Т а с ж а н . Барлық гəп сонда ғой, ұрпақтың ұшқан құс, жүгірген аңның қай-қайсысында да бар екендігінде болып тұр ғой. Өмірдегі ең сəулетті архитектура – осы, досым, осы... Туған жер, өскен ел туралы ұғым да ұрпақ туралы ұғымның ішіне дəнін салады.


Алт а й (арқасынан қағып). Əй, менің ши борбай, шикі өкпе ұлдарымның жартысын бөліп алшы. Бір аптада миың ашып, өзіме айдап əкеліп тастарсың. О несі-ей, екі жастың біріне келмей жатып «бала-бала» деп бақылдай қалғаның. Найман шал тоқсанында да бала таптырған.

Т а с ж а н . Міне-міне, маған сенің осы мінезің ұнайды. Қисайған жағыңнан он бала жабылып түзете алмаушы едік.

Алт а й . Ə, солай ма, баяғыңды есіңе түсірейін бе? Екеуі алыса кетеді.

Т а с ж а н . Əй, байқа, баяғы Тасжан емеспін, мен – ка- ратиспін.

Алт а й . Қазақтың қара күші тұрғанда, ұрдым сенің ка- ратəңді.

 

Алып ұрып, астына басып алады.

 

Т а с ж а н . Алтай, ау, Алтай, мұрныма сенің бала кезің- дегі иісің келді.

Алт а й (оны босатып). Сенен қала қыздарының пома- дасы мүңкиді... Ал, енді біраз оттадың, қайтайық. Мал өріс- тен құлаған шығар. Шал шатақ шығарар.

 

Жинала бастайды.

 

Т а с ж а н (өз-өзіне). Алтайдың табаны жерде нық тұр. Өзін-өзі жоғалтпаған. Мен ше? Мен кіммін осы? Қателікті қалай, қашан жібердім? Əр таудың басын көксеген арқар аш- тан өледінің кебін киіп жүрмейін...

 

Жарық сөніп, қайта жанғанда қалада, темір төсектің үс- тінде шалқасынан жатқан Тасжанды көреміз. Оның əдемі тыныштығын: «Шеше, ау, шеше, қайдасың? Қырылып қал- ғансыңдар ма, түге?» – деп айқайлаған Ақ қалпақты еркектің үні бұзады.


Т а с ж а н (орнынан атып тұрады). Екі тонна көмір 22

сом. Пəтер ақыға 25 сом...

 

Ақ қалпақты еркек шошына шегіншектейді.

 

Ақ қ а лпақты е р к е к . Мынаны жын ұрған шығар. Ақа па . Ұлым келіп қалған екен-ау...

К ө р ш і ə й е л (қылмыңдай қырындап). Сəлеметсіз бе?

Сізді де көретін күн болады екен-ау.

Ақ қ а лпақты е р к е к (сыбырлап). Бақытыңа орай, жалғыз келдім. Айалым үйде қалды...

К ө р ш і ə й е л (сықылықтап). Бəсе-бəсе, түні бойы де- нем тартып еді...

Ақ қ а лпақты е р к е к . Ал, шеше, дастарқаныңды жаса, шайыңды қой, арақ-шарапты өзім ала келдім. Бір топ достар көптен бері особнягіңді көрсетпеймісің, деп айтып жүр еді, соның реті бүгін келді.

Ақа па . Жарайды, құлыным. Қазір-ақ жайнатып жібе- реміз.

Ақ қ а лпақты е р к е к . Əй, келіншек, сен де, (Тас- жанға) əй, атың кім еді.. квартирант, сен де көмектесіп жі- беріңдер.

 

Стол əкеліп, дастарқан жасалынады. Ақ қалпақты еркек- тің достары бірінен соң бірі келе бастайды. Əрқайсысы кел- ген сайын машинаның гүрілін, есігінің тарс-тарс жабылға- нын естиміз.

 

Қонақт ар дың к елг ен б еттегі т аңданысы :

– Бəрекелді, үй деп осыны айт.

– Мынау Алматының жұмағы ғой.

– Өмір сүрсең, Ақаңдай сүр. Бір басында пəленбай үй.

– Жеміс ағаштары мол екен.

– Маған гаражы ұнап тұр.

– Ерінбейтін епті жігіт қой, менің Ақсайдағы дачамды құрт басып кеткелі қа-а-ашан...


Ақ қ а лпақты е р к е к . Отыз мыңға сатпадым. Қа- зіргі қарқынға қарағанда, енді бір үш жылдан соң бұл жа- рықтықтың бағасы – мыңға шырқап кетері сөзсіз.

Био лог е р к е к (Тасжан тұратын жапырайған үйді нұсқап). Мына бір тамды баяғыда қопарып тастау керек еді. Қараңызшы, көзге шыққан сүйелдей болып, сəулетті сара- йыңның ансамблін бұзып тұр.

А с т р о н о м е р к е к . Расында да, үй ішінен үйшік тік- кенің не?

Ақ қ а лпақты е р к е к (күле сөйлеп). Əй, аңқау дос- тарым-ай. Біріншіден, бұл қотыр там – шешем екеуіміздің тарихи шыққан мекеніміз. Мен осы үйде өстім. Екіншіден, бұл тоқал там жарты ставкада жұмыс істеп, экономикалық үлес қосуда, демек, ай сайын алпыс сом табыс табады... (Саусағын шошайтып). Ал, алпыс сом дегеніміз... бүгінгі қымбатшылық заманда...

Ақа па . Балалар, дастарқанға жақындаңдар.

 

Барлығы ұзыннан-ұзын жасалған столды қоршай отыра бастайды.

 

Т а с ж а н . Əй, келіншек, сендер де отырыңдар. Арақ-шарап құйылып, тамақ желінеді. Сəл үнсіздік.

Ақ қ а лпақты е р к е к . Ал, достарым, мына тосты қазақ интеллигенциясының зиялы қауымы – мына отырған сендер үшін алып қоялық.

«Рақмет», «Алып қоялық», – деп дабырласқан дауыстар. Ақ қ а лпақты е р к е к (Тасжанға). Əй, сен неге ал-

майсың? Бұл арақ квартплатаның ішіне кірмейді, қорықпай-

ақ қой.

Т а с ж а н (түнере). Рақмет. Мен мүлде ішпеуші едім. М е д и к е р к е к . Бұл жігіт кім?


Ақ қ а лпақты е р к е к . Бұл менің екпесем де қысы- жазы дəн беретін астықты алқабым ғой.

 

Бəрі мəз болып күледі.

 

Т а с ж а н (сəл ашу шақыра). «Не ексең, соны орасың, екпесең нені орасың?» Егін екпей аспаннан жаңбыр тілеген əпенде егіншідей, тындырған түгі жоқ, алақанын жайып ақша сұрағаннан басқа қолынан түк келмейтін əңгүдік қой менің мына диханым.

 

Көрші келіншек сықылықтай күліп жібереді.

 

Ақ қ а лпақты е р к е к (намыстана). Сенің дихан- дығың дүрілдеп тұрса, қатының қаңғытып жібере ме?

Био лог е р к е к . Квартиросъемщик пен хозяинның арасындағы диалогті екі жақты түсінбеушілік жағдайда қыр- ғи-қабақ аяқталды деп есептеп, басқа масштабтағы мəселеге көшелік. Айталық, өмір! Өмір дегеніміз не?

М е д и к е р к е к . Өмір дегеніміз – жүректің соғып тұ- руы. Ал, оны тынымсыз жұмыс істеуі, мына орталарыңда отырған жалғыз кардиолог маған байланысты.

Т а с ж а н (өз-өзіне). Өмір туралы жалғыз-ақ дұрыс ха- баршы бар, ол – өлім...

Био лог е р к е к (менсінбей). Мыналардың білетіні – тамақ жеу, ауа жұту... безектеп жұмысқа бару... Биологиялық ерекшелігімізді қайдан білсін, досым. (Медиктің арқасы- нан қағып). Əттең, біздерде зерделілік жетіспейді. Əркім өз қарекетінің құлы, жан-жаққа мойын бұра қарау, мынау мон- данақтай жер бетінде не болып жатыр, жалпы, біз осы қай- дан, қалай пайда болдық?

А с т р о н о м (аспанға шалқалай қарап). Д-а-а... айтар- сыңдар. Ал, со-о-о-но-оу аспан əлемінде не болып жатқа- нын, Күн мен Айдың, самсаған сансыз жұлдыздардың өмірі, ғылыми анықтамасы, ертеңгі болашағы жайлы айтып көрің- дерші, білгіш болсаңдар. Қане, ғылыми тілмен кім түсінді- ріп бере алады.


Ақ қ а лпақты е р к е к . Əркім өз мамандығының білгіші. Егер осылай, бір-бірімізді өз білгенімізбен ұрғылай- тын болсақ, онда айтыңдаршы, достарым, Алматыны арам ауадан қалай тазартамыз, осылайша, түтін жұтып, көмір тү- кіріп жүре береміз бе? Міне, бүгінгі күннің өзекті пробле- масы. Басымды тауға да, тасқа да ұрып, түн ұйқымды төрт бөліп жүдетіп жүрген осы ғой, осы...

К ө р ш і ə й е л (еркелей). Өңіңіз жақсы ғой, ағасы.

М е д и к . Егер Алматының ауасын тазартып тастасаң- дар, мен жұмыссыз қаламын. Сандаған аурухананы жабу ке- рек болады... Айтпақшы, (Ақ қалпақты еркекке) сен ауаны тазарту жайында бір нəрсе ойлап таптым деп жүр едің ғой... Ақ қ а лпақты е р к е к  (бұлдана). Ол фирменный

секрет... Бірақ бір-бірімізге жанымызды қиып беретін адал достарға айтуға болар... Ол былай: сигареттерің бар ма? (Тасжан темекі ұсынады). Түтінді толтырып тұрып ішіме жұтамын... содан соң түтінді сақиналап үрлеп ұшырамын. (Өзі көрсетеді). Əне, байқайсыңдар ма, сақинаға айналған түтін дөңгеленіп, жан-жаққа шашырамай жоғары көтеріліп кетті ал, бірден үрлей салсаң, түтін аузыңның айналасында

қалады...

К ө р ш і ə й е л . Түк түсінсем бұйырмасын Ну что?

Ақ қ а лпақты е р к е к . Сен жалғыз-ақ нəрсені тү- сінесің, онда да түнде (Бəрі мəз болып күледі). Ну, чтобы

сол котельныйдан, завод пен фабриканың кеңірдегі сорайған мұржаларынан шығатын түтінді дəл осы сақиналы əдіспен ұшырсақ – түтін тым жоғарыға өздігінен көтеріледі де, мəңгі қозғалысты ауаға тап болып, жел айдап əкетеді.

А с т р о н о м . Мынауың керемет екен!

 

Таң-тамаша болып, əрқайсысы сигарет түтінін сақиналап ұшырам деп əуре болады.

 

Ақ қ а лпақты е р к е к . Мен ауылға барғанда трак- торшы жігіттің темекі тартысы жəне трактор мұржасынан быт-быттап ұшқан дөңгелек түтін осы жаңалықты ашуыма мұрындық болды.


М е д и к . Сонда деймін-ау, осы көкейкесті мəселені жү- зеге асыруға не кедергі?

Ақ қ а лпақты е р к е к (ойлана күрсініп). Əй, за- мандастарым-ай, «не кедергі?» деген сұрақ бола ма? Сен- бейді. Бұл жаңалықты іске асыру үшін көп қаржы керек, бір үлкен жылу орталығын байқау орнына айналдырып, мүлдем қайта салу керек.

Био ло г . Міне, міне, осы кертартпалық қой бізді құрта- тын. Мен де бір жаңа клетка аштым, дəлелдей алмай жүрмін. Москвада осы мəселеге күмəнданатын академик қарт бар:

«Мені соавтор қылсаң ғана бекітемін», – дейді...

А с т р о н о м . Қазіргі жастар ше? Өмір ағымына іле- сіп келе жатыр ма? Əлеуметтік активтілігі, сенімі, сергектігі қандай? Ағалары тапсырған эстафетаны арман қарай алып кете ала ма? Осы біздердегі зерделілік солардың бойынан табыла ма? Жоқ болмаса, əзір асқа – тік қасық болып, дис- котеканың төңірегінде арақ ішіп, наша тартқандарына мəз бе? Ақаңның дачасының ерекшелігі сол – ғылыми айтыс ұйымдастырып, көкейіміздегі көп ойларымызды ортаға са- лар – зерделілер дискотекасы-сынды. Бір-бірімізді толықты- рамыз, бір-бірімізден үйренеміз. Осы мінез, осы дəстүр қа- зіргі жастарда бар ма? Ау, жігіт (Тасжанға), басың салбырап кетіпті ғой, сен не ойлайсың? Жасың нешеде осы?

Т а с ж а н (басын көтеріп, отырғандарға аңтарыла қа- райды). Жермен жастымын... Қырықтамын.

М е д и к . Бұл да қартайып қалыпты. Бізден тұп-тура он- ақ жас кіші. Не істейсің өзің?

Т а с ж а н . Сəулетшімін.

А с т р о н о м . Сəулетші деген мамандық бар ма еді? Т а с ж а н . Архитектор деген сөз.

Био ло г . Қазақтың да ойлап таппайтыны жоқ. Биоло- гиялық бірде-бір атауды қазақшаламай-ақ кандидаттық атақ алдық қой.

Т а с ж а н . ...Мəн-мағынасыз қысыр сөз...

М е д и к (оның сөзін естіп қалады). Мəн-мағынасыз нəрсе болмайды, жігітім, тіпті өтіріктің де өз шындығы бар.


К ө р ш і ə й е л . Байқаймын, осы жігіт үндемей отырып- ақ ауыздарыңды бақадай аштырар-ау.

Ақ қ а лпақты е р к е к (шашынан иіскеп). Сен оны қайдан білесің?

К ө р ш і ə й е л . Əйелдің сезімталдығы – шекарашы- лардың итінен де иісшіл.

А с т р о н о м . Ал, жігітім, сайра ендеше. Осы отырған əртүрлі мамандықтың маэстролары азды-көпті əңгіме қозға- дық. Бірақ сен бір де бір сөз қоспай, міз бақпадың. Неге? Əлде үндемегеннің бəрі ақылды ма?

Био лог (қолын сермеп). Қайтесіңдер əурелеп. Білсе, білек сыбанып кіріспей ме... Сықпыты жаман екен. Бейнебір анау аруақтардың арасынан тіріліп келгендей.

 

Тасжан темекі тұтатып, құштарлана сорады.

 

Т а с ж а н (алысқа қарап, ойлана). Дүниедегі өлі ақымақ жаман. Ол тірі ақымақтан əлдеқайда қауіпті. Өйткені ол өзі секілді көп адамды артына қалдырып кетеді...

К ө р ш і ə й е л (шегіне шошып). Ал, бəлеге қалдыңдар... Барлығының назары жігітке ауған.

Т а с ж а н . Сонымен, менен он жас үлкен ағалар, сіздер ғой, əлем жайында əңгіме айттыңыздар. Маған сіздердің маздап жанбағанмен... мазасыздықтарыңыз ұнады. Менің құрдастарым Ұлы Отан соғысының от жалынында дүниеге келіп жатты, ол шақта сіздер он-ақ жастағы, əкесін соғыстан тосқан, аш-жалаңаш масақ терген қара қожалақ балалар еді- ңіздер... қандай ауыр жыл, азалы күндер... Бір сəт көздеріңіз- ді жұмып еске алыңыздаршы...

 

Үнсіздік. Барлығы мұңға батқан.

 

А с т р о н о м . Мына бала қай-қайдағымызды қозғап кетті-ау...


Т а с ж а н . Содан бері қырық жыл уақыт өтті... Жаңа сіз Биолог аға, «біз қайдан шықтық?» – деп, сауал тастадыңыз. Мен айтар едім: біздер – солдаттың қаны мен жанынан шық- тық. Тағдыр тауқыметін ең көп тартқан ұрпақ – Ұлы Отан соғысының ұрпақтары. Əңгімені əлемнің əлеулайынан емес, осыдан бастау керек еді...

Ақ қ а лпақты е р к е к . Абызымыз ортамызда екен ғой... Подумаешь... біз білмейтіндей... соғыс-соғыс... Ұмыта- йық сұм сөзді, қазақ: «Жамандықты айта берсең – жамандық шақырады», – дейді... Ал, қане, келіңдер, отызыншы жылы туғандар, осы тосты бейбіт те берекелі өмір үшін, шайдай ашық аспанымыз үшін көтеріп қоялық. Ура! Тарихтың төл ұрпағы жасасын!

 

Барлығы орындарынан тұрып, «уралап» тост көтерді.

 

Ақ қ а лпақты е р к е к (шайнаңдап). Тарих демек- ші, қазір тарихи шығармалар өте көбейіп кетті. Жазушылар- дың фантазиясында шек бар ма, қиыннан қиыстырады-ау...

Т а с ж а н . Бүгінгі заман туралы өтірік айтсақ та, тарих туралы жалған айтуға да, жазуға да болмайды. Өйткені бү- гінгі заманның түзетушісі жанында, ал тарихтікі жоқ.

М е д и к . Өтірікті қойшы, бейбіт заманның берекесін ал- маса болды да...

Т а с ж а н (өз-өзіне). Бейбіт заман екен деп бей-берекет өмір сүріп жүрген жоқпыз ба. Мен осыдан қорқамын... жал- ғандық...

Ақ қ а лпақты е р к е к (естіп қалып). Не, не жал- ғандық. Сен, бала, бейбітшілікке қарсысың ба? Саяси көзқа- расыңда жымсыма сенімсіздік бар-ау...

Т а с ж а н (мырс етіп күліп). Жазушы жолдасым айтып еді: «Аспанды қорғасындай ауыр бұлт торлап тұр», – деген сөйлемімді: «Советтің аспаны əрқашанда ашық болуы ке- рек», – деп бір кеще редакторым сызып тастады деп...

Ақ қ а лпақты е р к е к (көзілдірігін сүртіп, галсту- гін түзеп). Ей, бала, байқасай... (Жан-жағына жалтақтай қарап). Хорошо, что бұл жерде бөтен адам жоқ...


Т а с ж а н (мысқылмен). Бəріміз бейбітшілік сүйгіш жандармыз деңізші... (Паузадан соң). Жоқ, ағалар, бейбітші- лікті сақтау үшін қызыл сөз, қызба тостың қажеті жоқ, бей- бітшілік үшін – күреседі... Иə... кішкентай ақыл əрқашанда үлкен қайғыға душар етеді деген осы...

А с т р о н о м . Қалайша? Қолымызға қару алып па? (Кү-

леді). Əкел автомат, Никарагуаға аттанайын.

Т а с ж а н . Несі бар, бейбітшілік десанты боласыз. Қазір əр адамның жұмыс кабинетінде дүниежүзілік классиктері- нің кітаптары ғана емес, дүние жүзінің саяси картасы ілулі тұруы керек. Ендеше, «Горячая точка» емес жер жоқ жер бе- тінде.

Дəріг е р . Мен ойлаймын, ең «горячая точка» осы бақ- тың іші. Ал енді, бір-бірімізбен соғысып қалмай тұрғанда əңгіменің ауанын өзгертейік, ағайын...

Био лог (суырыла орнынан тұрып). Біз кімбіз осы?! Ал, кімбіз? Биологиялық анықтама бере алатын адам бар ма менен басқа?

Ақ қ а лпақты е р к е к . Құрдас-ау, енді ол сен иле- ген терінің пұшпағы ғой.

Т а с ж а н . Біз бəріміз де миллиардтаған клеткадан тұра- мыз. Біз дегеніміз – миллиард. Осыдан миллиард жыл бұ- рын жынысқа бөліндік. Қандай азапты да ауыр жолдан өттік десеңізші. Ендеше, өмір дегеніміз – органикалық клеткалар- дан тұратын белоктік дене. Ал, енді осы айналайын өмірге сіздің биологтік көзбен ғана қарауыңыз қарнымызды ашы- рады да. Адамдық дəрежеге жеткен соң – ой, сана, жан, рух, ми дегендерді де шаршатпау керек те...

Био ло г . Əй, мынау сау сиырдың боғы емес...

Дəріг е р . Олай болса, айта қойшы, білгішім. Ақапа- ның əңгімесінен аңғарғаным, сіз ұйықтай алмайды екенсіз, себеп?

Т а с ж а н . Мүлде ұйықтамайтын адам болмайды. Дəрі- гер аға, өйткені, біз балық емеспіз. Ұйқының бұзылуы – нерв жүйесінің тозғанынан. Ал, оны тоздыратын осындай орта... Біздің ми қабатымызда – миллиард жүйке клеткалары бар, оны – нейрондар дейді. Ұйқысыздық – осы клеткалардың за-


қымдануы. Демек, сіз маған, сөз жоқ, физиологиялық ем қа- жет деп кеңес бересіз. Жо-жоқ, ағасы, маған басқа... мүлдем басқа ем керек. Айталық, қоғам да үлкен ми, ал ол қоғам да бұзылған... (Бəріне тесірейе қарап шығады). Бұзылған ней- трондар бар. Соның əсерінен бүкіл əлем тыныш ұйықтай ал- майтын сырқатқа ұшырап отыр... Оған ешқандай барокамера көмектесе алмайды.

 

Көпшілік үнсіз тыңдап қалған.

 

Дəріг е р . Əй, мынау, расында да, сау сиырдың боғы емес... ғасырдың информациялық ағысына ағып өлмесе жа- рар еді...

Ақ қ а лпақты е р к е к . Былжырақ. Таңдайы тақыл- дағандарға таңданудан қалғанбыз.

К ө р ш і ə й е л . Өздеріңе де сол керек!

А с т р о н о м (темекісін өшіріп, шертіп жібереді). Да-а... Көп біледі – сондықтан да жолы болмақ емес. Да-а... Мүмкін, астрономиядан да хабарың бар шығар... Мəселен, Жұлдыз, Күн, Ай қайдан пайда болды? Мəңгілік пе осылар? Т а с ж а н (əдетінше мырс етіп күледі). Енді он милли- ард жылдан соң Күннің қуаты сөнеді, деп уайымдап отырсыз ба, астроном аға. Күннің жасы бес-ақ миллиард жыл ғой... Аспан əлемінде сөнбейтін жұлдыз жоқ. «Звезды рождаются из межзвездного газа – разреженной смеси водорода, гелия и небольшого количества других элементов. Жизнь звезд на- чинается с конденсации газа и пыли, рассеянных в простран-

стве», – дегеніміз осы, ағасы.

А с т роно м (қызарақтап). Тағы да бір жұлдызда жерде- гі секілді өмір бар ма, бар болса, қандай деп ойлайсыз, інішек? Т а с ж а н (мырс етіп). Сіз бұл сұрақты маған емес, аме- рикан планета зерттеушісі Карл Саганға қойғаныңыз абзал болар еді. Егер басқа планетада өмір бар болса, олар біздің радио жəне телехабарымыз арқылы жер бетіндегі дау-дамай, ұрыс-керіс, мемлекетаралық итіс-тартысты тыңдап: «Əй, жердегілер-ай, сендерге не жетпейді екен?» – деп күлер еді- ау. Иə, бізді сақтаушы күш бар. Ол күш – төбемізден төніп


кірпік ілмей қарап тұр. (Осы кезде аспан əлемінен көзі та- надай жарқыраған Аспан-Қыздың бейнесі көрінеді. Сасқа- лақтап). Айттым ғой, қарап тұр деп. Əне, қараңыздаршы, ағайын, қараңыздар.

 

Барлығы аңтарыла көкке қарайды. Олардың ештеңе көре алмағанын сеземіз.

 

А с т р о н о м (басын шайқап). Рас, бұл жігіттің есі ауы- са бастаған екен.

Ақ қ а лпақты е р к е к . Айттым ғой, жынды деп. Əттең, ақшасын асап қойғам, əйтпесе баяғыда айдап шығар едім үйден.

Дəріг е р . Да... да... оңбайтын ауруға шалдыққан екен. Т а с ж а н (айқайлап). Иə, мен ауырамын. Диагнозым – ғасыр! Бұл сырқаттың сипаты – мына сіздер! Өмір атты алып

мидың бұзылған нейтрондары!

 

Осы кезде күн күркіреп, найзағай ойнайды. Үлкен үйден:

«Астапыралла, астапыралла-ай», – деп Ақапа шығады.

 

К ө р ш і ə й е л . Алматының ауа райын ұғып болмайды: қылтың-сылтыңы көп...

Ақ қа лпақты ерк ек . Өзіңе тартқан ғой. Тоқамдай бұлт ілінсе, нөсерлете жөнеледі. Отырысымызды бұзды-ау.

 

Тағы да күн күркірейді. Жаңбыр жауа бастайды.

 

Био ло г . Ананы қараңдар! Ленин проспектісінің арғы жағы ап-ашық, күн шығып тұр.

Дəріг е р . Тек біз отырған жерге жауғаны несі... Т а с ж а н . Күнəсынан тазарсын дегені шығар.

Ақа па . Алланың нұры ғой, ғайбаттамаңдар, жаусын жарықтық.

Ақ қ а лпақты е р к е к (нəумез). Əрине, үйде ұр- шық иіріп отырған саған бəрібір. Дастарқанның бетін жаба- тын бірдеңе əкелсеңші.


Кемпір мен Көрші əйел дастарқан бетін жабады. Еркек- тер жағы верандаға қашып тығылады. Тасжан темір төсекте- гі көрпе-жастығын өз тамына тасиды.

 

К ө р ш і ə й е л . Шынында да, аспанда біреу бар-ау дей- мін. Тасжанның сөзін естігендей-ақ жауғаны несі...

 

Күн қатты күркіреп. Көктөбенің бір жеріне жасын түске- нін байқаймыз. Кемпір: «Бісміллə-бісміллə», – дейді. Көрші келіншек шыңғыра, екі құлағын басып отыра кетеді.

 

Т а с ж а н (көкке қарап, алақанын жайып). Рас екен. Бар екен! Айналайын, Аспан-Қыз, рақмет саған. Ақапа, күрек қайда?

 

Жүгіріп іздей бастайды.

 

Ақа па . Оны қайтесің, балам... Көмір жатқан қорада...

 

Тасжан күректі тауып алып, Көктөбенің бауырына қарай зыр жүгіре жөнеледі.

 

Ақ қ а лпақты е р к е к . Айттым ғой, жынданған деп.

Дəріг е р . Жедел жəрдем шақыртып, жындыханаға салу керек. Телефон қайда...

Био ло г . Да-да... обал-ақ...

Ақа па (зілмен). Доғарыңдар! Бекерден-бекер күнəға батпаңдар түге! Өз атын өзі шақырған көкек болып жүрмеңдер!

К ө р ш і к е л і н ш е к . Ой, ол жынды-мынды. Егер есі дұрыс болса, бір жылда бір рет оятар еді ғой мені... Əйелдің бетіне қарағанын көргенім жоқ.

 

Жарық сөніп, қайта жанғанда ақ тер, қара тер болып жер қазып жатқан Тасжанды көреміз. Үсті-басы, бет-аузы топы- рақ. Шаршаған. Маңдайдан тер сорғалаған.


Т а с ж а н (терін білегімен сүртіп). Жасын... найза- ғайдың оты... сөз жоқ, осы жерге түсті... сөз жоқ. (Аспанға қарап). Айтшы маған... түсімде аян бергенің рас па? Егер жасынды тауып алып, Қантəңірінің басына шығып, кірпік қақпастан қолыма ұстап тұрсам, əлемде бірде-бір мылтық атылмай қалатыны рас па? Əлде...

 

Осы кезде көктен Аспан-Қыздың елесі көрінеді.

 

А с п а н - Қ ы з . Рас! Рас! Рас! (Біртіндеп жоғалады).

Ақ қалпақты еркек келеді.

 

Ақ қ а лпақты е р к е к . Ей, жынды, жай түскен жер- ді қазғанша, маған погреб қазып берсеңші. Тым болмағанда, табыс табасың ғой... Əлде өзіңе қабір дайындап жатырсың ба? Бəрібір рұқсат етпейді. Көктөбеде сен секілділерге орын жоқ, мықтылар ғана көміледі бұл жерге...

Т а с ж а н (күректі ала ұмтылып). Кетіңіз! Көрінбеңіз көзіме! Сіз, баяғыда өлгенсіз. Ең əуелі сырттан келер жауға емес, мына сіз секілді жаны жат, пиғылы арам – тоғышар- ларға қарсы майдан ашу керек!

Ақ қ а лпақты е р к е к (қашқалақтай шегініп). Мынау қайтеді-ей... Давай, қара чемоданыңды ал да, қайқай менің үйімнен. Жұрт секілді моп-момақан өмір сүре алмай- ды екенсің, қараңды батыр!

Т а с ж а н . Сіздің үйден кетуден бақытты нəрсе жоқ. Кетеді. Биолог келеді.

Био ло г . Бəрі бекершілдік. Соғыс болмауы мүмкін емес. Тіпті, соғыссыз бейбітшіліктің орнағанын көрдің бе? Одан да қарсы шабар жаудың қаруынан əлдедайда мықты қару ойлап табу керек. Бүгінде бүлдіретіндерді қорқытып ұстаудан басқа амал жоқ.

Дəріг е р (əрі-бері жүріп, үлкен ой үстінде). Да-а-а, өте жұмбақты жігітсіз. Ақылдан азап шеккенсіз. Сіздің миы-


ңыз артық, сондықтан да бізбен бірге жайбарақат өмір сүре алмайсыз-ау деймін. Жүйке тамырларыңыз зақымданған, психбольницада танысым бар... ешкімге білдірмей емделіп шықсаңыз қайтеді...

Т а с ж а н . Қарсы емеспін... тамыр-танысыңыз болса, емделіп шығыңыз... Сонда ғана аурулар саны азаяды. Сіз білесіз бе, аға, дəрігерлер азайған сайын – аурулар да азая- тынын... Мені емдегендей көрейін, операция жасағанда сыр- қаттың ішіне қандауыр-қайшы ұмытып кетпеңізші.

Дəріг е р . Псих! (Кетеді).

А с т р о н о м (аспанға қарап). Странно... бұл Алматы- ға түскен алғашқы жасын шығар. Тауып алып, зерттеу керек екен. Жай тартқышты тыңдамай, оның еркінен тыс күшпен келіп түсті, ə. (Басын шайқап). ІІІынында да, ғылымның аша алмай жүрген тылсым жұмбақтары көп-ау... Бірақ, сенің бұл əрекетің – бос əурешілдік. Бүкіл дүние жүзі жалғыз адамның қамын ойламайтыны рас болса, жалғыз адамның бүкіл əлем тағдырын ойлап бас қатыруы – шатасқандық.

 

Кетеді.

 

К ө р ш і ə й е л . Қайным-ау, түрің не болып кеткен... Қайдағы бір қаңғыған оқты қазып қайтесің?.. Мылтық бəрі- бір атылады... Оған ешкім тосқауыл бола алмайды... Одан да өзімізді көздемегенін тілейік Құдайдан.

 

Кетеді. Тасжан жалғыз қалады.

 

Т а с ж а н . Түсінбедіңдер мені... Егер жайдың оғын та- уып алсам, мың-миллиард мылтықтың үні өшеді. Əйел же- сір, бала жетім қалмайды. Үлкен ауыл кішкене ауылды, үл- кен адам кішкене адамды, үлкен ел кішкене елді жəбірлей алмайды. Соғыс үшін жасалған, соғыстан қорғану үшін жа- салған қару-жарақ жойылады... Адамдар арманда өлмейді...

«Мен екінші дүниеге аттандым», – деп күлімсіреп көзін жұ- мады...


Біз Тасжанның əбден қалжырап, ұйқы құшағына ене бас- тағанына куə боламыз. Сахнадағы өмір түс əлеміне айналып, қолына шырақ ұстап бір-бірін іздеген қыздар елес бере бас- тайды. Олардың бірі бүк түсіп жатқан Тасжанға жақындай- ды. Оны біз Бота бейнесінде көреміз.

 

Бо т а (жігіттің бетіндегі топырақты сүртіп). Мен қазір дұға оқимын, сіз дауыстап қайталайсыз: «Ей, Тəңірім, есімізді ала гөр, есімізді ал да, ел қатарына қоса гөр...»

Т а с ж а н . Жо-жоқ! Мен бұл дұғаны айтпаймын. Ақыл- есімнен айрылғым келмейді.

Бо т а . Жазған-ау, сенің есің бар, сондықтан да жынды атанып жүрсің... ақылыңнан алжасшы – сонда ғана ақылды атанып, барша адамдар секілді мəре-сəре, мəз-мəйрам өмір сүресің...

Т а с ж а н . Е, Тəңірім, ес-ақылымды ала гөр, ес-ақылым- ды ал да, ел қатарына қоса гөр...

 

Түс əлемі біртіндеп тарқап, кəдімгі өзіміздің өмір баста- л<



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.