Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Екінші көрініс



Екінші көрініс

Сахнаның бір түкпірінен құстай ұшып Күлпəш келе жа- тады. Қолтығына қысқан ыдыс бар. Есіктен кірген бойда:

«Алла, алла, белім», – деп, ирелеңдей зарланады. Жайбара- қат шай ішіп отырған Күлия да, «Алла-алла, басым», – деп өп-өтірік ауыра қалады.

 

К ү л п ə ш . Саумысың, Күлия? (Ыңылдап, жарамсақта- на). Сен де ауырып қалғансың ба?..

К ү л и я (мазасыз кейіпте). Менің ауырмай отырған кү- німді көріп пе едің, Күлпəш... Бір үйдегі бір кісі болған соң сүйретіліп тұрасың, əйтеуір. Оһ, аллам-ай...

К ү л п ə ш . Мен де сол, əйтеуір, өлмеген соң балаларға бас-көз болып жүрген. Екі күн болды белден шойырылға- лы...

К ү л и я . Үш күннен бері менің де басымның сақинасы ұстап, жарықтық енем басымнан қан алып беруші еді ғой. Сол кісі қайтқаннан бері, қаным таси береді. Құдай біледі, енем тіріліп келіп лоңқа төңкерсе, бір шелек қан шығар еді.

К ү л п ə ш . Иə, ол кісінің қандауыры тиіп, лоңқасы төң- керілмеген адам қалмап еді-ау... Уһ! (Тізесін уқалап). Мен де


жетісіп жүргенім жоқ. Қайтейін, Күлия қайтейін, бес күннен бері екі тізем қақсайды.

К ү л и я . Он күннен бері менің оң иығым шағатын бо- лып жүр. Құдай-ау, піскілеп, сұққылағанда, қырық жылғың- ды қозғайды.

К ү л п ə ш (сөзін бөліп). Бір ай болды екі аяғымды кемі- ріп жатыр-ау, жеп жатыр... түнде тіпті қытырлағанын ести- мін...

К ү л и я . Сен оны айтасың, былтырдан бері, құданың құ- діреті, екі көзім бұлдырап көрмейтінді шығарды. Өстіп жү- ріп су қараңғы соқыр болып... (Күлпəшқа ежірейе қарап). Ой, алла-ай... мына отырған сен екеу болып кеттің...

К ү л п ə ш . Қойшы-ей, қайдағыны айтып, онсыз да жа- рылғалы тұрған жүрегімді шошытпай. Кей күні менің де екі құлағым тарс бітіп қалады.

К ү л и я . Əй, қатын, тұла бойың тұнған ауру, қалай тірі жүрсің?

К ү л п ə ш . Өзім де аң-таңмын... Сенің тірі отырғаныңа... К ү л и я . Қой, Күлпəш, сау басымызға сақина тілемейік.

Баяғыдай қалған балгерлігің бар еді, тамырымды ұсташы.

 

Сол қолын Күлпəшқа ұсынады.

 

К ү л п ə ш (оның тамырын ұстап). Көктемнен қалған жел-құз бар, қолыңнан садақа, нияз беріп, тілеу тілейсің-ау деймін.

К ү л и я (қолын оқыс жұлып алып). Əдірем қал! Іріген ауыздан шіріген сөз шығады деп, көктемде көтеріліп ауы- рып, жын қағып па? Бармайтын жер, баспайтын тауың жоқ, мына сенің ішің толған жын-шайтан, білдің бе? О несі-ей...

К ү л п ə ш . Ой, албасты! Аптыққаның не осынша. «Ба- бамызда бақсылық бар еді, сол маған қонайын деп жүр ме», – деп тісің тісіңе тимей сақылдап ауырғаныңда мен ұшықтамап па едім. Енді келіп...

Е р к е к тің д а у с ы . Қойыңдар! Əйтпесе, екеуіңді бірдей осы үйден қуып шығамын.


Əйелдер жым болады. Пауза.

 

К ү л п ə ш . Е-е, құрбым-ай (күрсініп) шалың бар сен осындай қырық құрақсың... Отыз жылдан бері жесір біздің не жанымыз шыдап жүр десеңші. Қыбырлап жүрген ғой əй- теуір, өлейін десе, қол тимей... Е-е...

 

Күлəш сықсыңдап жылайды.

 

К ү л и я . Қой, Күлпəш, айдың-күннің аманында жаман ырым бастама. Бойында шыбын жаны бар демесең, біздің үйдің иесі ауырады ғой, қатты ауырады. Трудовой өтіп кетсе керек. (Мен жаққа бұрылып). Əй, ұлым, төргі үйдің есігін жаба салшы, əкеңнің көзі ілініп кетті-ау деймін. Байғұс «ас- қазаным» деп, түні бойы көз ілген жоқ.

 

Мен есікті жауып, орныма қайта жантайдым.

 

К ү л п ə ш (өз-өзіне). Соқ өтірікті, жүзіқара. Шалың түн ортасында менің есігімді қағып еді... (Естірте). Е, есікті жапқаның дұрыс болды. Ұйқысы шала шығар дем алсын. (Күлияға). Əй, албасты басып отыр ма, ұлыңа шай құйсаңшы.

К ү л и я . Күзден бері осы жаңғалақтық пайда болды. Қа- зір қойғанымды, қазір ұмытамын.

К ү л п ə ш . Мен де ұмытшақпын-ей... Əнеу күні Шəкең- дердікі ет асқан екен, барайын деп тұрып, қара басып ұйық- тап қалыппын.

К ү л и я . Кеше соғым сойған күнге дейін тісіміздің суын сорып отырамыз ба деп, қара ешкіні бақыртып, алып соқтық. Ей, аллау десеңші, іш майын далаға ұмытып кетіп, сенің ала мойнағың жеп кетіпті.

К ү л п ə ш (шоршып тұрып). Не дейді! Айттым ғой, кейінгі кезде ақыл-естен айрылып жүрмін деп. Айта сал- ғанды да білмейсің. Тіпті түтіндерің қоңырсымап еді, сен де сараңданып, қуланып барасың-ау. Қызғанғаның қызыл


итке жем болды деген сол. Омыраулы қатынмын, емшегім іседі-ау...

Ме н . Қызыл итке емес, ала мойнаққа жем болды.

К ү л и я (маған). Тыныш жат. (Күлпəшқа). Емшегің ісе- тіндей буың бұрқырап жас босанып отыр ма ең? Төсің тан- дыр, етің шандыр болып қалғалы қашан?

К ү л п ə ш . Тағы да жатқан жыланның құйрығын бас- тың-ау, ойбай. Шандырлығымды шалыңнан сұра...

Е р к е к тің д а у с ы . Қойыңдар! Əйтпесе, екеуіңді бірдей...

К ү л и я . Алла, басым! К ү л п ə ш . Алла, белім!

Ме н . Хи-хи-хи. (Күлемін).

К ү л п ə ш . Ойбу, көп отырып қалыппын-ау. (Маған). Са- ғат қанша болды, балам?

Ме н . Он бірден кетті. Сіз тоғызда келгенсіз...

К ү л п ə ш . Біздің қара сиыр қарасан болды. Арты біте- ліп он алты ай болды желіндегелі. Түйе секілді найқалып жүр, қасқыр жегір. Қара суға қамалтпай бір шайлық сүт бер, құрбым.

К ү л и я . Біздің қоңыр сиыр ерте туып суалып барады. Өзі үш емшек, өзің білесің, бір емшегі көз тиіп баяғыда со- лып қалған. Қайта сенің сиырың жылдым тумаса да қысы- жазы сауыла береді. Міне, сүттің бары осы...

 

Шайға қатып отырған сүтті көрсетеді.

 

К ү л п ə ш (үңіле қарап). Ой, мынау көп сүт.

К ү л и я . Көп сүт болса, аузымнан жырып саған-ақ бер- дім. Дүзіқара, осы жақсылығымды от жанғанша ұмытып ке- тесің-ау бəрібір.

К ү л п ə ш . Рақмет, Күлия! Ұлыңның қызығын көр. (Шыға бере). Алла, белім, аяғымды бастырмайды, сүйретіліп үйге жеткенше ақшам жамырар.

 

Үйден шыға қақшаңдай жөнеледі.


К ү л и я (маған). Əй, балам, шоланда бір тегене сүт тұр еді алып келші, Күлпəш көрмей тұрғанда пісіріп қоялық.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.