Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бесінші көрініс



Бесінші көрініс

Теңіздің жағасы. Құлаққа толқынның шуылы келеді. Жартылай шешінген Тасжан ойға батып маужырап жатыр.

 

Т а с ж а н н ы ң о й ы . Меніңше, нағыз ғажап сəулет өнері бұдан былай қазақ жерінен басталуы керек. Нағыз ұлт- тық бояуға енді біраз жылда қайта айналып соғамыз. Біз – ояну дəуіріндеміз.

 

Міне, осы шақта көк көйлекті мұңды қыз көлденеңдеп өте береді. Орнынан атып тұрған Тасжан оның соңынан ереді.

 

Т а с ж а н . Сəлеметсіз бе?!

Бо т а (жалт бұрылып). Мен сізді қайдан көрдім?.. Т а с ж а н . Қонақ үйден болар.


Бо т а (ойлана). Жоқ, одан көре алмаймын, өте биік... Бəлкім, түсімде шығар... бəлкім, бұдан жүз жыл бұрын бо- лар...

Т а с ж а н . Ал, мен сізді қонақ үйдің терезесінен ылғи көремін. Күн шығып келе жатқанда бота жетелеп теңіз жа- ғасымен өтесіз.

Бо т а . Оныңыз рас. Мен жəне менің жетім ботам – Аты- рау теңізін сіздерден... сіз секілділерден күзетіп жүреміз.

Т а с ж а н . Тым-тым жұмбақтап сөйледіңіз-ау... Менің жазығым не?

Бо т а . Жазығыңыз сол – бізді панасыз жетім қалдыр- дыңыз. Маған ермедіңіз. (Биік үйді нұсқап). Əне, балконнан ағайым қарап тұр.

Т а с ж а н . Айналайын теңіз қызы, атыңды айтшы! Қай- дан ғана іздеп табамын сені?!

Бо т а . Осы бағытпен теңіз жағалап жүре беріңіз, жа- лықпасаңыз, жалтақтамасаңыз табасыз... табасыз да жоғал- тасыз...

 

Қыз мұңлы музыканың жетегімен ұзап кетеді. Тасжан ор- нына қайта келіп жатады.

 

Т а с ж а н н ы ң о й ы . Əлгі көк көйлекті қыз менің сірнеленген сезімімді түрткілегендей болды-ау. Бірақ таң- ғалдыра алды ма? Қазіргі адамдарды таңғалдыру аса қиын, өйткені біздер таңғалу сезімінен жылдар жылжыған сайын жұрдай болып барамыз.

 

Вайра келеді. Оны Тасжан байқамайды. Қыз қолына бір тал шөп алып, жігіттің желкесін қытықтайды.

 

Т а с ж а н (желкесін сипалай жалт қарап). А-а, шыбын екен десем.

В а й р а (күлімсіреп). Түу, ұйқыңыз қандай қатты еді.

Түні бойы қыдырғансыз ғой.

Т а с ж а н . Түс көріп жатыр едім, бекер ояттыңыз.


В а й р а . Кешіріңіз, ондай болса мен... басқа жаққа ба- рып қыздырынайын.

Т а с ж а н (білегінен тартып). Мен сізді жібермеймін (Бас-аяғына қарап). Дүние жүзіндегі ең сұлу архитектура сіздің денеңіз бе деп қалдым.

В а й р а . Мен емес, адамзат... (Екеуі қатарласа біраз үнсіз жатады). Сіз көп сөйлемейді екенсіз.

Т а с ж а н . Мен ылғи да өзіммен-өзім сөйлесемін. Ал, бір бастасам, қоя алмаймын.

В а й р а . Қызық екен... Дегенмен, жаныңыздағы адамға деген ілтифат болу керек қой.

Т а с ж а н (аунап түсіп). Не туралы айтайын. В а й р а . Архитектура жайлы.

Т а с ж а н . Жазушының əдебиет, мүсіншінің мүсін, дəрі- гердің ауру тақырыбын қаузайтындарын жек көремін.

В а й р а . Əйтсе де, сіз жобалаған Ақтау қаласы маған өте ұнады. Архитектуралық ой көркемдік шешімін дəл əрі тама- ша тапқан.

Т а с ж а н . Ақтауды салуда да көптеген кемшіліктер жі- берілді. Оған мен кінəлі емеспін. Профессионал сəулетші болсам да, өз ісімнің айқындығын сезіне алмай келемін. Сондықтан да өнер семьясының ішіндегі ең бір түсініксізі, ең абыройсызы жəне халыққа есімің мəшһүр емесі – осы ар- хитектура атты бала. Айталық, жер бетіндегі мыңдаған қала- да миллиондаған адам мекендейді, бірақ олар өзі тұрған қа- ланы кім жобалады, кім салды – біле ме? Жазушының аты – кітабының мұқабасында үлкен əріппен терілген... (Паузадан соң). Қазіргі қала дегеніміз, кеңістіктің комплексті ортасы, жекеліктен гөрі, жалпылық сипаты басым. Біздің санамызда, суреткерлік қиялымызда рухани мəдениеттің практикалық пайдасы бірінші тұрады. Сондықтан да, салған құрылысы- мызда өзіміз өмір сүрген дəуіріміздің санасы сəулеленбей қалады. Гоголь əлемнің шежіресі деп атаған сəулет өнерін кəсіптік сипатқа бұрдық. Біз қалаған үйлерде адамның өмір- ге деген көзқарасы, уақыттың көңіл күйі жоқ, ішкі кеңістік пен тектоникасы айшықталмаған.


В а й р а (сықылықтай күліп). О-о, сізді, шынында да, сөйлетпеу керек екен...

Т а с ж а н (қызына). Күліңіз, бəрібір ой ағысына тоған салмаймын.

В а й р а . Мейліңіз. Бұлай сөйлей берсек, Атыраудың ап- табынан жанып кетіп жүрмейік.

Т а с ж а н . Асықпаңыз, əңгімемді аяқтайын, содан соң сізді арқама салып Иранға дейін жүзіп баруға əзірмін... Со- нымен, қазіргі ең керемет деген құрылыстарда жалаңаштық, жеңілдік басым. Бірөңкей шыны, темір-бетон, каркастар мен синтетикалық, пластикалық материалдарды орынсыз пайда- лану, панельдер мен лайықсыз блоктарға арқа сүйеу басым. Міне, мұның барлығы конструктивті шешімі жағынан ұтым- ды болғанымен, сəулет өнерінің дəрежесіне көтеріле алмай қалады. (Қиялдай). Баяғыда жер таңдайтын, қала жобалан- бас бұрын кеңістікті: өзен-көлді, орман-тоғайды ескере оты- рып, құрылыс пен табиғат эстетикалық жарасымын тапса ғана үлкен істі бастайтын. Қазір қай жерден жер асты қазы- насы табылса, сол жерге асығып-үсігіп үй саламыз. Осындай амалдың жоқтығы сəулет өнеріндегі брутализмге соқтыра- ды. Фантазиямыз бен суреткерлік концепциямыз шектеулі. Өнер – өндірістің талабын орындайды.

В а й р а . Жер бетінде жеті ғажайып бар. Сегізіншісін сіз-

ден күтеміз.

Т а с ж а н . Мазақтайсың-ау... Адамзаттың ендігі қалған аз ғұмырына осы жетеуі де жетеді дегеніңіз-ау... Иə, əлем- нің бетіне есіміңді əдіптеп жазу – бір ғасырдың жемісі. Ал, жиырмасыншы ғасырға бір ғана адам жетеді. Ол кім? Əзір- ше ешкім емес. Мен бір нəрсені жете түсінсем болды. Ол – сəулет өнеріндегі ұлттық сананы түбегейлі түсіну...

В а й р а (сөзін бөліп). Əрі жүзеге асыру.

Т а с ж а н . Сол ұлттық сана мынау қалада бар ма? (Екеуі де үнсіз қалады). Мен Ригада орган тыңдағаным бар еді. Бейне бір жұмақтан шалқыған пейіштің самалындай, жан сарайыңды кеулеп, мəңгі сарқылмас рақат дүниесіне бата- сың. (Орган əуені жеңіл естіліп тұрады). Əне, ұлттық əуен, ұлттық сананың самалы деген сол, сол... музыканың құдіреті


сонда... ешқандай аударманы, ешбір шек-шекараны білмей- ді. Демек, жер бетіндегі адамдарды тек музыка ғана біріктіре алады. «Архитектура – остывшая музыка», – деп жар салға- нымызбен, онда үнсіздік, яғни тілсіздік бар. Арнайы барып көрмесең – сенбейсің... Жылжымалы үй салсақ қана бүкіл əлемнің игілігіне айналар еді-ау.

В а й р а . Сонымен, сіздің арманыңыз астында моторы бар көшпелі мəдениет үйін салу ғой. Бəлкім, бірігіп ұшатын үй салармыз.

Т а с ж а н . Несі бар, ұшатын корабльдің өзі – ұшатын үй ғой. Айталық, Москваның Үлкен театры не жылжып, не ұшып Алматыға келсе, қанша ақша үнемдер едік...

В а й р а . Қиялыңыз баланікі секілді... (Жігіттің тамы- рын ұстап). Сіз ауру емессіз бе?

Т а с ж а н . Аурудан айыққан түрім осы. Егер осыдан бір ай бұрын көрсеңіз – «мамалап» шыңғыра қашатын едіңіз. Диагнозымды өзім қойдым.

В а й р а (əуестене). Ол қандай?

Т а с ж а н . Жиырмасыншы ғасыр!

В а й р а . Рас, бір түрлі адамсыз... Шығыс жігіттерінің əйел көргендегі шиыршық атар шыдамсыздығын түпсіз қиялға жеңдіргенсіз-ау... Сонда немене, елден ерекше бол- маққа ұмтылғаныңыз ба?

 

Жігіт үнсіз жатады. Орган шалқи естіледі.

 

Т а с ж а н (дауыстап). Сіз білесіз бе... менің не ойлаға- нымды?

В а й р а (өкпелеп). «Интерконтиненталь» мініп ұшпақ болған шығарсыз.

Т а с ж а н . Таппадыңыз-ау. Даралық пен Мəңгілік деген сөздердің анықтамасы туралы ойладым...

В а й р а . Ежелден белгілі шындық қой...

Т а с ж а н . Белгілі екені рас, бірақ осы ұғымдардың ма- ғыналық, яғни өмірлік, мəні жоғалып бара жатқандай.

В а й р а . Неге? Неге өзіңіз жоғала бастадыңыз – барлық ақиқат пен ұғым атаулыны қоса жетелей кетесіз. Неге?


Т а с ж а н (күрсініп). Неге екенін өзім де білмеймін.

В а й р а . Мына өзіңіз жобалаған қала мəңгілік деп есеп- темейсіз бе?

Т а с ж а н . Жоқ. Өйткені, мұның даралық сипаты айқын емес. Жер бетіндегі қаптаған коробка үйлердің жиынтығы ғана. Адамды асқаралы биікке көтеретін оның ойы мен ісі- нің озықтығы ғана емес, ешкімге ұқсамайтын, мысалға ала- йық, пикассолық, черлонюстік оқушылығы; қазір... коллек- тивтік жаңалықтар ашу, коллективтік сыйлықтар алу қаптап кетті. Жалпылама табыс – адамның индивидуалдық мүмкін- дігін, талантын дара дамытуға кедергі жасайды. Мұны өнер- дегі мануфактура дейді. Мен өз қабілетімнің тек коллектив- тік еңбекте ғана өмір сүре алар бейшаралығын кеш түсіндім. Сондықтан да рухани тоқырауға душар болдым. Не жаса- саң да, көкейінде оның бағасы, салмағы тұрады. Ұлылыққа күннен бұрын дайындаламыз. Есі ауыса, өз-өзін ұмыта ең- бек етер кім бар?! Даралық пен Мəңгілікті сабақтай баста- сам Писарев айтқандай... «душевная апатияға» тап келемін. Жанталаса шегінемін, амал не, мен шегінер жер қалмапты. Өткеннен келер жол бар, сол өзің келген жолмен қайтып ке- туге жол жоқ тіршілікте. Рас, жалғыз-ақ соқпақ бар, оның өзі жер астына жетелейді... (қызды қапсыра құшақтап) айтшы, айналайын латыш қызы, осы апаттан құтқаратын не? Тəңі- рім-ау, мені ғана ма, бəрімізді...

В а й р а . Мен сізден қорқа бастадым. (Жылағаны білі- неді). Өнерді де, өмірді де соншалықты терең түсіне тұрып, қасақана қолдан қиындатып, жалған қиналасыз-ау деймін... Орыс классикалық əдебиетіндегі кейіпкерлердей өзіңізді- өзіңіз тірі өлікке айналдыруға болмайды ғой. Тас... Егер осы бүкіл толғаныстарыңызды саф өнерге бағыштасаңыз ше? Артық айтсам, айып етпеңіз, сіздің ең үлкен қателігіңіз – Да- ралық үшін күреспей, сол Даралықтың көлеңкесінен қара- дай үркуіңіз... Сіздің тұла бойыңызды үрей жайлаған. Ол – өзіңіз ойлап тапқан үрей.

Т а с ж а н . Үрей дедіңіз-ау... үрей... Бəлкім, біздерге же- тіспейтіні осы сезім шығар... Қазір бес жасар баланы үркіту-


ге, тіпті жасқандыруға əрекет жасаңызшы, өзіңізді қорқыт- сын...

В а й р а (əзілге шаптыра). Бес жігітті бір-бір ұрып құ- латқан жігіттің осыншалық қорқақ екенін сезсемші...

Т а с ж а н . Мен бұл жалғанда жалғыз-ақ нəрседен қорқа- мын... Ол – өзім!

В а й р а . Сіздің рухани күйзелісіңізбен мен де ауыра бас- тадым. (Орнынан тұрып). Жүріңіз, одан да суға шомылып, күйігімізді басалық.

Т а с ж а н (ол да тұрады). Шомылсақ – шомылайық. Бі- рақ іштегі жалынды теңіз де баса алмайды ғой.

 

Қыз бен жігіт сыртқы киімдерін шешіп тастап, теңізге қа- рай жарыса жөнеледі.

 

* * *

 

Теңіздің жағасы. Түн. Жағалауды сабалаған толқынның шуылы естіледі. Аспандағы ай, шүпірлеген жұлдыздар өз- геше əдемі көрінеді. Біз теңіз жағасында үстіне ұлттық киім киіп, суға телміре қарап тұрған Ботаны байқаймыз. «Желсіз түнде жарық ай» əнінің үні баяу əрі мұңлы естіледі. Қыздың əр қимылын аңдып сүйсіне қараған Тасжанды көреміз.

 

Т а с ж а н (өз-өзіне). Тəңірім-ау, не деген сұлулық, не де- ген ғажап бейне. Өңім бе, əлде түсім бе? Осы мен он тоғы- зыншы ғасырдың ортасында жүрген жоқпын ба?

Бо т а (теріс қараған қалпы). Мен сізді тосқанмын. (Оқыс үннен шошынған Тасжан отыра кетеді). Мен сізді қорқытып алған секілдімін. Соншалықты құбыжықпын ба?

Т а с ж а н . Жо-жоқ, мен сізді сескендіріп алған секілді- мін. Адамның қуанғаны мен қорыққаны бірдей емес пе...

Бо т а . Оныңыз рас. Бірақ біз бір-бірімізді жүз жылдан бері білеміз ғой. Сіз кеше де келгенсіз.

Т а с ж а н (таңғала). Оны қалай біліп қойдыңыз?

Бо т а . Домбыраны ұстап көріпсіз, ұйықтап жатқан же- тім бота үркіп орнынан тұрып кеткен... содан соң үйден бө-


тен адамның, əсіресе темекі тартатын адамның, иісі шығып тұрды...

Т а с ж а н . Ғажап екен!..

Бо т а . Жападан-жалғыз тұрған соң бəріне үйренеміз.

Т а с ж а н (жасқана жақындап). Маған осының барлы- ғы ертек-сынды. Қатты ұйықтап, содан ояна алмай түс əле- мінде жүрген секілдімін. (Ойлана). Иə... түс əлемінде саяхат шекпегелі де талай уақыт өтіпті-ау...

 

Қыз жалт қарағанда, оның от болып жанған көзіне қарай алмаған жігіт бетін қолымен көлегейлей отыра кетеді.

 

Бо т а . Ондай мең-зең сəт менде де болады. Айталық, мына сізді тым ертеден білетіндеймін, тіпті елегізіп тосып та жүрдім. Адамдардан қанша қашқанмен, əйтеуір бір күні сіздің іздеп келетініңізді сезуші едім. Сіз үш күн бойы бал- коннан мені аңдыдыңыз.

Т а с ж а н . Демек... мені көрген екенсіз ғой...

Бо т а . Бірақ қарауға болмайтын еді. Биік үйлерден ба- сым айналады.

Т а с ж а н . Ендеше, сол биік үйлердің авторы мен.

Бо т а . Бұл қала – менің құрдасым, мен туған жылы пай- далана бастады. Кемеші келген соң қайықшы судан шығып, сонау қала сыртындағы қотыр тамды мекендеп қалдық. Ол қаладан енді бұдан былай маған да, мына үстімдегі киімде- ріме де, анау қорада жатқан ботаға да орын жоқ... Өйткені... Т а с ж а н (сөзін бөліп). Неге, қалқам, олай ойламаңыз...

Бо т а . Бір минут үндемей тұруға шыдамыңыз жете ме?.. Байқаймын, сіз де жалған сөйлеуді үйреніпсіз. Адамдармен араласпағаныма жүз жыл өтсе де, əңгімелесе бастасам бол- ды, жалығып кетемін. Өзгені ренжітпес үшін өтірік айтып тұратын секілді... (Жүрелеп отырған жігіттің шашынан сипап). Неге үндемейсіз...

Т а с ж а н . Сіз маған жұмбақ адамсыз.

Бо т а . Білемін. Жасыңызға қарамай, жасқаншақ екен- сіз... Сезесіз бе, мынау теңізден балықтың иісі шығады ғой... (Паузадан соң). Атыраудың бетіне дауыл тұрған сайын осын-


да келемін. Жел маған ата-анамның иісін, сəлемін жеткізеді. Олар... толқынға мініп аман-есен үйге оралатындай. Олар... осы түбекте түйе баққан. Қала салып, түйелерді басқа жақ- қа айдап, көшіретін болған соң, қара мекендерін қимай қа- лып қойған, ендігі қалған аз ғұмырына талшық етер кəсіпті теңізден іздеген. Үш жыл бұрын, мен он жетіге толғанда қара қайыққа мініп балық аулауға аттанып еді, қайтып оралмады. Толқын тек бос қайықты ғана жағалауға шығарып тастады, əне тамның түбінде қақсып жатыр, ал олар... əлі жоқ... Күн- де кешке сарыла тосамын, сарғая күтемін, суға сүңгіп іздей- мін. Жоқ! Өлдіге қимаймын. Əйтеуір бір күні аппақ кемеге мініп, əн салып аман-есен елге оралатындай. Менің сағы- нышым əке-шешемді жеті қат жер асты мен жеті қат көк- тен де шығарып алады. Тірі екенін теңіздің өзі айтып жатыр емес пе, тыңдаңызшы. Анау арыстандай айбатты толқын- дар – əкемнің ашуы ғой күндіз соншалықты момақан жат- ты, ол – айналайын анамның мейірімі! Тегінде Атырау осы екеуінен – əкемнің мінезі мен анамның махаббатынан жа- ралған... Кеше судың астында көп жүздім. Ата-анамнан бір хабар айтар ма деп, балықтардан сұрадым. Үндемейді... Сіз секілді... Сіз мені зерттеуге келдіңіз бе, неге сөйлемейсіз...

Т а с ж а н . Үндеме дедіңіз ғой...

Бо т а . Əйтсе де, өзіңіз жайлы жалпылап айтып шықпай- сыз ба?

Т а с ж а н . Мен дүниеден жалыққан адаммын, қателесе- қателесе қайта жаратылған адаммын.

Бо т а . Рас, тағдырыңыз сан-сапалақ екенін сезгенмін. Көп күресіп, бірде жығып, бірде жығылып əбден қалжыра- ғансыз. Бірақ кіммен күресіп жүргеніңізді өзіңіз де білмей- сіз. Сіз, бұл заманда белдесіп күрескендер емес, сол күресіп жүргендердің қызығына қарағандар жеңіске жетерін санаға салып көрдіңіз бе? Ал, мен болсам, өмірімді бастамай жа- тып, аяқтайын деп отырмын.

Т а с ж а н (шошына). Қалайша?!

Бо т а (жүрелей отырып, мұңмен). Жанымда көгендеу- лі жатқан жазылмас сырқат бар. Қан түйіршіктерінің қызы- лы мен ағы шайқаса, шайқаса аяғы жеңе бастаған. Міне, үш


жыл болды өзгенің қанын қабылдап жер басып жүрмін. Ан- да-санда ағайым келіп, халімді біліп кетеді. Ағайым əкеме тартпаған, өте қатал адам. Осы үйде інген бар еді, ботасы аяқтанып, шөп жеуге шамасы жеткен соң сатып, үйлеріне мебель алды. Осылайша, қос жетім бота бір үйде тұрып жа- тырмыз. Қашанғы шыдар дейсіз... Мен баяғыда өліп қалар едім, көк теңізге балық аулауға кеткен əке-шешемді тосып жүрмін... Əйтеуір бір күні «Ақ бота» деп, судан шығарына сенемін... (Жігітті құшақтап). Оралуы мүмкін ғой, аға, ай- тыңызшы, жарымжан қыз, жетім ботаны тастап мүлдем жо- ғалып кетуі мүмкін емес қой!

Т а с ж а н . Мүмкін емес, айналайын!

Бо т а (Тасжанның тамырын ұстап). Сіз де ауырасыз, аға. Бірақ көп жасайсыз. О дүниеге аттанар адам тым-тым арманшыл келеді. Айталық, мен... Теңіздің бетімен ботамды жетелеп, жаяу жүрсем деп қиялдаймын. Айтыңызшы, аға, мүмкін ғой!

Т а с ж а н . Мүмкін, айналайын, мүмкін емес нəрсе жоқ.

Бо т а . Менің ауруымды дəрігерлер емдеп жаза алмасын білемін.

Т а с ж а н . Неге? Сауыққан адамдар бар.

Бо т а . Мені жұбату үшін əншейін айтып отырсыз. Сіз білесіз бе, басқа кісілердің қанын құя берсе, адамның мінез- құлқы өзгере бастайды, сөйтіп өз болмысыңызды жоғалта- сыз да, анау сіз ойлап тапқан қаланың түрін көріп, сандаған халқына айналасыз. Ал, менің оларға ұқсап, солардың бірі болып өмір сүргім келмейді, сондықтан да бұдан былай қан сорғанды қоямын. (Жылайды). Жо-жоқ, мен оларға ұқсағым келмейді... (Жігіттің бауырына тығылып). Аға! Атыңыз- ды да білмеймін... Аға, сіз ойлап тапқан қала мені Маңғыс- таудың маң даласынан қуып келе жатып, теңізден сескеніп, серейіп-серейіп қатып қалған... кірпіш пен тастан жаралған алып адамдар секілді. Қорқынышты... Қорқынышты... Мен сізден қорқамын, аға!

Т а с ж а н (қыздың қос өрім шашынан сипап). Сізге рен- жуге болмайды ғой, Бота.


Бо т а (көзінің жасын сүртіп). Кешіріңіз, өзімді сəл де болса түсінетін адам болған соң... босағаным шығар...

Осы кезде бұларға қарап тұрған Дүрбілі еркекті көреміз. Дүрбілі е р к е к . Мұныңыз ұят, азамат. Гостиница-

дағы қыз-қырқынды тауысып, енді ауру қызға ауыстыңыз

ба? Əкесіндей емессіз бе?

Бо т а (орнынан атып тұрып). «Ауырады» деген сөзіңіз- ді қойыңызшы, көке! Мен баяғыда жазылып кеткенмін!

Дүрбілі е р к е к . Ендеше, жұмысқа тұр. Еңбек ет, өзіңді-өзің асыра. Жұрт қатарлы өмір сүр.

Бо т а . Айтпағыңыз менің арам тамақтығым екен ғой. Енді екі күннен соң, сіз айтқан ақылдың бəрін орындай- мын... (Кекете). Жұрт қатарлы өмір сүремін... Тек бүгін маза беріңізші.

 

Өңі бұзылып, еріндері дірілдеп кетеді.

 

Дүрбілі е р к е к (жігітке). Жүріңіз, құрдас, қала- мызға қайталық. Бұл жерге екеуміз сыя алмаймыз. Комфор- ты жоқ... Сен алға оз... Мен соңыңнан еремін, əйтпесе, кері бұрылып кетуің мүмкін.

 

Тасжан қызға қимай жалтақтай қараған күйі Дүрбілі ер- кектің алдына түседі.

 

Т а с ж а н (өз-өзіне). Жүрегін май басқан, қатты жүр- мейтін, қарап тұрмайтын дүрбісі бар, осындай санасы сар- тап адам мені өмір бойы өкшелей қуып келеді емес пе. Ер екеніңді білейін, тоғышарлықтан қашып құтылып көр... На- ғыз каратэ қолданатын тип екен... Бізде жалғыз-ақ қателік бар – кімді ұратынымызды білмейміз. Сондықтан да жазық- сыз жандар жапа шегеді...




  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.