Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жетінші көрініс



Жетінші көрініс

Ботаның үйі. Жұпыны жиналған. Домбыра шертіп Бота отырады. Үстінде қазақ қыздарының ұлттық киімі. Тасжан кіреді.

 

Бо т а . Төрлетіңіз, аға. Танымай қалдыңыз ба? Шешем тіккен киімдерді киіп, бой жасап тұрғаным ғой, қалай жара- са ма?

Т а с ж а н . Тотыдайсыз... тіл жетпейді.

Бо т а . Баяғы өткен заманда бəріміз де осындай едік қой. Əкемдер бүгін де келмеді. Ертең өзім іздеп шығамын... Жаяу. Т а с ж а н (өз-өзіне). Қалайша, судың бетімен қалай ғана жаяу жүре алады... тағы да ақылымнан алжаса бастаған шы-

ғармын...

Бо т а . Мен бүгінгі түнімді сізге арнаймын, аға. Мен сіз- ге қазір өмірде бола бермейтін, тіпті ешкім сенбейтін ұсы- ныс айтайын деп тұрмын. (Қыз стол үстіндегі су толты- рылған тостағанды қолына алады). Мен сізге тұрмысқа шығамын, таңданбаңыз да шошынбаңыз... Неке суы дайын. Таңға жуық кетесіз бұл жерден мен жалғыз қаламын. Мəң- гілікке аттанамын. Жалынып та, жалбарынып та өтіне- рім – бұл неке суын шын жүрегіңізбен, адал ниетіңізбен се- ніп ішіңіз, əрі бұдан соң мені ойламаңыз, мүлдем ұмытыңыз, ешкімге, ешқашан да тіс жарып айтпайсыз. Егер жүрегіңіз- де титімдей таза жер қалса, менің бейнемді сонда сақтар- сыз... Ес-ақылыңызды жинап, маған жақындаңыз. (Тасжан тірсегі дірілдеп жақындайды. Қыз неке суынан бір ұрттап жігітке ұсынады. Ол да ұрттайды). О дүниеде сіздікпін,


сіздің он екіде бір гүлі ашылмаған адал жарыңызбын, аға... Екі көзімнен, содан соң маңдайымнан өбіңіз.

 

Қыз жанарын жұмып, бетін тосады. Тасжан ақырын сү- йеді.

 

Т а с ж а н (өз-өзіне). Беті қандай суық еді...

Бо т а (домбыраны алып). Енді мен сізге өзім шығарған күйді ойнап берейін. «Жетім бота» деп аталады (Күй шерте- ді. Аяқтала берген кезде домбыраның ішегі үзіліп кетеді). Менің алғашқы да ақырғы жарым болдыңыз. Бірақ мен сізге тəнімді көрсете алмаймын... сыртқа шығуға жол таба алмай жанталасқан қан терімді теңбілдеп жіберген... Сондықтан да рухани жарым болып қаласыз... Сіз бен біздің екі ортамыз- да алынбас қамал – бетон қорған бар. Одан екеуміз де аттай алмаймыз... (Тасжанның көзін сипап). Тасжан аға, көзіңізде жас бар ғой... (Жігіт қыздың бауырына тығылып өксіп-өксіп жылайды). Таң шапақтанды, қайтыңыз, аға. Бұдан былай күрескенді де, күрсінгенді де қойып, өмірдің бетіне тура қа- раңыз. Мен сіздің тілеуді екі дүниеде де тілермін. Соңғы рет сүйіңіз. Қоштасалық.

 

Ботаның толқыған теңізді бетке алып, мұңлы музыканың əуенімен кетіп бара жатқан бейнесін байқаймыз. Ботаның алдынан қолдарына бір-бір шырақ ұстаған көк көйлекті мұң- лық қыздар қарсы алады.

 

Т а с ж а н (жан айқайымен). Батады-ау, қазір суға батып тұншығып өледі-ау!

 

Көктен Аспан-Қыз пайда болады.

 

А с п а н - Қ ы з . Телегей-теңіз өз қызын ешқашанда суға батырмайды. Суға бататындар – күнəға батқандар. Теңіз де- геніміз – арманда аттанған қыздардың көз жасы... Жат солай жер бауырлап.


Жоғалады.

 

Т а с ж а н (жанталаса). Мен жер бауырлаған тасбақа- мын – зиянсызбын əрі ешкімге пайдасызбын, сондықтан өлім атты өнерді жасау қолымнан келмейді. Мен – өмірге де, өлімге де дайын емеспін. Жолдастар-ау, біздер тасбақамыз. Түкке керегі жоқ бармақтай басымызды аман сақтау үшін тас немесе темір сауыт киіп, жер бауырлаймыз. Қандай сорлы- мыз! Осының бəріне кім кінəлі? Неге? Мен емес, сен емес, ол да емес – ешкім де емес... Ұшығы мен түйіншегі жоқ дөп- дөңгелек дүние: қай жерден кіруге болады, қай жерден үзуге болады, қай жерінен шығуға болады, мықты екеніңді біле- йін тауып көрші... Мен тым ерте туылдым: ал Бота өте кеш жаратылған, оның нəп-нəзік жаны иін-тіресе итермелескен, телефонмен атысқан өсек-өмірге көндіге алмаған. Рухани пəктігін біз, организмін техносфера улаған. Ол – бетонға еккен гүл секілді. Теңіз-ананың төсінде еркін жүзе бер, ай- налайын Ақбота... Мен аналарға – өзім секілді... тас-с-жан- ды-лар-ға қосылайын. (Көрермендерге қарсы жүріп келіп тоқтайды). Табиғат пен цивилизацияның арасындағы мəң- гілік шайқастың сақшы қызынан айрылдық, ағайын. Енді не болар екен, енді не болар екен?!

 

Осы кезде Аспан-Қыз көрінеді.

 

А с п а н - Қ ы з . Монданақтай жер шарын мəңгілік ма- хаббат, оның өзінде Сіздерге əзірше беймəлім Аспан-Қыз- дың дара махаббаты ғана сақтай алады. Ал, ол ғарыштың, əйтеуір, бір түкпірінде самғап ұшып жүр.

 

Аспан-Қызын көздей атылған ракетаның от шаша, жер- көкті дүр сілкіндірген үнін естиміз.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.