|
|||
Төртінші көрінісТөртінші көрініс Жарық сөніп, қайта жанғанда осы замандық əдемі кафені, онда отырған бүгінгі жастарды бар қызық-қылығымен көре- міз. Тасжан кіреді. Бос орын іздеп аңтарыла қарап тұрады да, екі кісілік столға барады.
Даяшы (күле қарап). Отырыңыз. (Столды реттеп). Не ішесіз? Т а с ж а н . «Не жейсіз?» – деп неге сұрамайсыз... Даяшы . Жейтін нəрсе буфет, асханада да бар... Т а с ж а н . Алдымен меню əкеліп беріңіз.
Даяшы едəуір жоғалып барып, қайта оралады.
Даяшы (қағаз-қаламын дайындап). Сонымен не іше- тін... кешіріңіз, не жейтін болдыңыз? Т а с ж а н (ашулана). Меню əкеліп бермейсіз бе?! Даяшы (ол да ашулы). Көрші столдан ала салсаңыз не- ңіз кетер еді.
Менюды алдына тастай салады.
Т а с ж а н . Салат, бифштекс, бір шөлмек су. Осы кезде кафеге сұңғақ бойлы, сарғылт шашты қыз кіреді. Ол да жан-жағына жалтақтай қарап тұрады. Тасжан отырған столға келеді.
В а й р а . Сіздің жаныңыз бос па? Т а с ж а н . Бос, отыра беріңіз. Вайра . Рақмет. (Отырады). Сізден заказ алып кетті ме? Т а с ж а н . Алды. Сəл кешігіп қалдыңыз. Енді қайтып оралғанша отқа ет қақтап жеуге болатын шығар. В а й р а (сəл күлімсіреп). Менюді бере тұрыңызшы... (Жандарынан даяшы өте береді). Менен де заказ алы- ңызшы. Даяшы . Тұра тұрыңыз, бикеш. Əлі ертерек. В а й р а . Асығыспын. Ригадан звонок күтіп отырмын. Даяшы . Мұнда асықпайтындар ғана келеді. Буфетке барып тамақтаныңыз. Т а с ж а н . Асықпаңдар деді ғой, тек отырғанша таныса отыралық, менің есімім Тасжан. В а й р а . Ал менің атым – Вайра, Латвияның Елгава де- ген қаласынанмын. Сіз қазақстандықсыз ғой. Т а с ж а н . Иə, Алматыданмын. В а й р а . Əдемі қала деп естимін, бірақ көрген емеспін. Т а с ж а н . Ригада бір-екі рет болғаным бар. Жалпы, Прибалтика қалалары маған өте ұнайды. Рига, Вильнюс, Таллин бəр-бəрі де өздерінің көне готикалық архитектурасы мен жаңа стильді үйлері толық ансамбль тапқан ерекше сүй- кімді шаһарлар. Əсіресе тазалығын, тарихи жерлерді құр- меттейтінін айтсаңшы... В а й р а . Сіз архитектор емессіз бе? Т а с ж а н . Дəл таптыңыз. Сіздің мамандығыңыз да осы- ған жақын-ау. В а й р а (күліп). Əріптес болдық. Т а с ж а н . Ендеше, мен сіздің не мақсатпен келгеніңізді де сеземін. Ракушечник деп аталар Атыраудың ұлу тасына қолқа сала келдіңіз. В а й р а (алдына сусып түсе беретін шашын сілкіп). Кө- ріп келіңіз бар-ау деймін. Т а с ж а н (даяшыны шақырып). Құдай үшін, сəл назар аударыңызшы бізге. Қып-қызыл ашпыз. Шампанский керек. Даяшы (күлімдеп). Қазір-қазір.
Даяшы, қайқаң қағып, мол ғып тамақ, шарап əкеледі. Тас- жан шампанды ашып, екі бокалға құяды.
Т а с ж а н . Ал, Вайра əріптес, таныстық үшін алып қоя- лық. В а й р а . Рақмет. Амал не, мен сіздің жаныңызға көп отыра алмаймын. Телефон соғушы еді. Т а с ж а н . Күйеуіңіздің кезекті тексерісі ме? В а й р а . Жоқ. Мамамның тексерісі. Мен үшін жалғыз- ақ халықаралық проблема бар. Ол – есі дұрыс еркек табу. (Екеуі қосыла күледі. Музыка басталады. Жастар биге шы- ғады. Көрші столда бағанадан бұларға қарағыштап отыр- ған жігіттердің бірі Вайраны биге шақырады). Кешіріңіз, мен билемеуші едім... Ж і г і т . Меселімді қайтармаңыз, достарымнан ұят. В а й р а (Тасжанға). Сіз рұқсат етесіз бе? Т а с ж а н . Мейліңіз. (Би аяқталғанда Жігіт бұрылып кетіп, Вайра жалғыз қайтады. Тасжан орнынан тұрып қызды отырғызады). Жерлес жігіттердің мəдениетсіздігі үшін кешірім сұраймын. Бұл далаға мекендемеген адам жоқ жер бетінде. (Бокалын көтеріп). Сонымен не үшін ішеміз? В а й р а . Архитекторлар үшін көтерелік. (Музыка ойнап, жылтырауық көйлек киген қыз əн айтады. Екеуі биге шы- ғады). Сіз осы замандық бидің асқан шебері екенсіз. Соған қарағанда, мұндай жерде көп боласыз-ау деймін. Т а с ж а н . Енді... қартайсақ та, уақыттан қалмау керек қой. Чехтың əншісі Карл Том: «Жасым ұлғайған сайын жас- тардың арасында көп болғым келеді», – дегені бар еді. В а й р а . Кешіріңіз, ыңғайсыз болса да сұрайын, жасы- ңыз нешеде? Т а с ж а н . Қырық деген қырқадан қырық күн астық. В а й р а . Өңіңіз өте жас. Дегенмен қырық – ер жігіттің ақыл тоқтатқан нағыз іскер шағы. (Би аяқталып орындары- на жайғасады). Əнші қыздың даусы ұнады маған. Эстрада- ны да жақсы меңгерген екенсіздер. Одақтық, халықаралық конкурста жүлдегер болып жүрген жастарыңыз да көп. Т а с ж а н . Ол рас. Тегінде, мына алдыңызда отырған па- қырыңыз эстраданың шығу тегі мен даму тарихынан да құр алақан емес. Айталық.
Тағы да би басталады. Бағанағы жігіт Вайраны биге қай- та шақырады. Қыз орнынан қозғалмаған соң, Жігіт состиып тұрып қалады. Ж і г і т (қыздың білегінен тартып). Вы меня оскорбля- ете, сеньорина... Т а с ж а н (орнынан сəл көтеріліп). Маза беріңізші, жігі- тім. Адам құсап дем алайық. Ж і г і т (шірене). Немене, қызғанамысың... Үйіңе тіссіз оралатын шығарсың...
Ол кете береді. Жолдастары оны мазақтап қарқылдап кү- леді. Осы кезде мас əйел кіреді. Ресторанды бір сүзіп шы- ғып, əлгі жігіттердің столына отырады.
В а й р а (Тасжанға). Өңіңіз бұзылып кетті ғой, ол əйелді танисыз ба? Т а с ж а н (қызарақтап). Жо-жоқ, көрмеген адамым. Жаңағы жігіттің күш көрсете сөйлегенін көрдіңіз бе. Тағы да шатақ шығып кете ме деп... В а й р а (еркелей күліп). Тағы да... дегеніңізге қарағанда, жүрген жеріңіздің бəрі шатақ-ау. Т а с ж а н . Қателеспепсіз. Əлемдегі жанжал атаулы ме- нен шырғалап шықпайды. В а й р а (сағатына қарап). Уақыт біраз болды. Мен қай- тайын. Т а с ж а н . Сізді жалықтырып алдым ба? В а й р а . Жоқ, олай демеңіз. Ригадан телефон соғу керек еді... Т а с ж а н . Олай болса, амал не, даяшыны шақырайық, есебін алсын. (Қыз қол дорбасына қол сала бергенде, Тас- жан қарсы болады). О не дегеніңіз, мен-ақ төлеймін, азамат атым бар емес пе.
Олар орнынан тұра бергенде, дудар бас Кавказ жігіті ке- леді.
Ж і г і т (Тасжанға). Менімен де есеп айырысуың керек, сеньор. Т а с ж а н (өз-өзіне). Апыр-ай, тағы да пəлеге қалдым-ау. (Жігітке). Иə, бауырым, айта бер. Қанша қарызбын? Ж і г і т . Бұл жер таршылық жасайды. В а й р а . Қойыңыздар! Ж і г і т . Сіз араласпаңыз, бикеш. Т а с ж а н . Олай болса, далаға шығып сөйлесейік. (Кө- рерменге). Кешіріңіздер, менде жазық жоқ. Маңдайыма таяқ жеуді жазған шығар. В а й р а (араға түсіп). Қойыңыз, Тас, байланыспаңыз. Осы қаланың балапан əтештері ғой. Ж і г і т . Тіліңді тарта сөйле, сайқал! Т а с ж а н (жігітті итере). Амал не, інішек, жүр кеттік. (Вайраға). Сіз бөлмеңізге бара беріңіз, тірі қалсам, өзім ха- барласармын. Ж і г і т (мысқылмен). Оған шамаң келсе...
Қолтықтаса далаға шығады. Жарық сөніп, қайта жанған- да олар далада тұрады.
Т а с ж а н (таза ауаны кеуде кере дем алып). Ауа қандай таза. Аспан шайдай ашық. Тек бір жағымсыз иіс келеді. В а й р а . Ол жалбыздың иісі. Т а с ж а н . Жо-жоқ, жалбыздың иісі емес. Мына секіл- ді одан қашқан, бұдан қашқан малтабарлардың қоқысынан шыққан иіс. Ж і г і т . Сөзден гөрі іске көшкеніміз дұрыс болар. Т а с ж а н . Олай болса, теңіз жағасына баралық. Қыдыр- ған соң дұрыстап дем алалық та. Ж і г і т . Бұл тілегің мені қанағаттандырады. Балықтарға жем тауып берейін. В а й р а . Бітімге келсеңіздер қайтеді. Т а с ж а н . Вайра, айналайын, сіз бөлмеңізге барыңыз. Ригамен сөйлесем деп едіңіз ғой. В а й р а . Қиналмаңыз. Мен сізді тастап ешқайда кет- пеймін. Ж і г і т . Міне, нағыз қыз деп осыны айт. Асылы, маған мынадан гөрі сен керексің. Т а с ж а н . Амал жоқ онда. Вайра, костюмімді ұстай тұршы. Костюмін шешіп, қызға береді. Осы кезде ресторан тере- зесінен түскен жарық еңгезердей төрт жігіттің сүлдесін көр- сетеді.
В а й р а . Тас, бұл жалғыз емес, шайкасы ере келіпті. Ми- лицияға хабарлаймын.
Ол ұмтыла бергенде, жігіттер алдын кесіп жібермейді.
Т а с ж а н . Тегінде, қызды-қыздымен мертіктіріп алсам, үстімнен арыз бере көрмеңдер. Ал, басталық!
Жігіттер қарқылдай күліп қоршауға алады. Ең əуелі ду- дар бас жігіт бірнеше рет жұдырық сілтейді, бірақ дарыта алмайды. Вайра: «Оһ!» – деп, көзін басып отыра кетеді. Мы- сықтың мияуындай үн шығады да, Тасжан өзін қоршаған бес жігітті көзді ашып-жұмғанша жайратып тастайды.
В а й р а (балаша мəз болып). Ура! (Костюмді кигізеді). Т а с ж а н . Рақмет!
Сұлап, ыңырсып жатқандарды аяғымен түртіп, өлі-тірісін тексереді. Су əкеліп, беттеріне тамызады.
В а й р а . Тез кетелік бұл жерден. Т а с ж а н . Енді ғана Ригамен сөйлесуге болады. В а й р а . Бұлай виртуозно төбелесуді қайдан үйрендіңіз? Т а с ж а н . Заманнан. Қазіргі қазақ жігіттеріне мол бі- ліммен қатар, зор төбелесқорлық та қажет. В а й р а . Осының барлығы неге керек? Жас емессіз... Т а с ж а н . Сіз мені қорлайтын сөз айттыңыз, қымбат- тым. «Жас емессіз» дегенді қалай түсінуге болар? Тезірек кешірім сұраңыз. В а й р а (еркелей). Кешірім сұрамасам, каратэні маған қолданасыз ба? Т а с ж а н . Жоқ, əрине. Қазіргі заманның азаматы өмір десанты болғанда ғана жалтақтамай, жасқанбай өмір сүре алады. Рухани күшің бағаланбаған тұста қолданатын жалғыз тəсіл – осы. (Күліп). Жұмыста үстімнен нақақтан-нақақ арыз берген жгіттің аузынан бір періп, тісі түсіп қалғаны бар. Сон- дағы қызметтесімнің пасықтығын айтсаңызшы... Ол таяқ жедім деп намыстанған жоқ. Түскен тісін алақанына салып тұрып: «Егер үш тісіме 500 сом ақша берсең, ешкімге айт- паймын, шағым жасамаймын», – деп саудалай бастады. Мен көнбедім. Амал не, қызмет орнын ауыстыруға тура келді. Ал, ол мүскінің тісі шірік екен, мен ұрмасам да, өзінен-өзі түсіп қалады. (Ойлана күрсініп). Иə, біздің арамызда шірік тістер көп-ау... Емдеткеннен гөрі, ұрып түсіру тазарту процесін тез- детер еді... В а й р а . Сіз... қызық адамсыз. Бірақ қанша қызықты болсаңыз да, бүгінше қоштасуға тура келеді. Əзірше сау бо- лыңыз. Т асжан . Ертең теңізге шақырсам, қарсы болмайсыз ба? В а й р а . О дүниеге бастасаңыз да əзірмін.
Олар қоштасады. Бағанадан бергі уақиғаны Дүрбілі ер- кектің бақылап тұрғанын байқаймыз.
|
|||
|