Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





шінші көрініс



Үшінші көрініс

Есік алдында тұр едім, Күлпəш келеді.

 

К ү л п ə ш . Үйбай-ау, құлыным-ау, тағы да келіп қалған- сың ба? Дені-қарның сау ма? Күлия Алматыдағы ұлы келіп, көзайым болып той жасап жатыр екен ғой. Албасты əбден қуланып алған, мен тіпті көрші отырып сезбей қалғаным. (Маған шұқшия қарайды). Түу, жүдеусің ғой, жағыңа пышақ жанығандай. Ала қағазды айналдырамын деп, мүлдем азып- тозып кетіпсің. (Мақтанышпен) Біздің ұл шұжықтай... Иə, оқуыңды қашан аяқтайсың? Оныншыны бітірген соң онын- шы класқа мұғалім болып жүргендер көп қой, ащы шектей таусылмайтын неме болса, ауылға қайтып келсеңші... біздің ұл тракторға көмекші керек деп жүрген.

Ме н . Оқуды бұдан он жыл бұрын тауысқанмын, шешей. К ү л п ə ш . Енді неғып қайтпайсың?

Ме н . Қалада қызмет істеймін, кітап жазамын.

К ү л п ə ш . Құдай-ау, кітап жазған да жұмыс па... Əке- шешеңнің үйі ақпанның аязында азынап тұрса, отқа сен жазған кітапты жаға ма. Қой қарғам, қаңғымай ауылға қайт. Оқығаның – оқу емес, кітабың – отын емес. Жаман əкең отын-шөбін жеткізе алмай біздің ұлға жалынып жүр... Біздің ұл мықты болып өсті ғой, трактордың құлағында ойнайды.

(Мен иығымды қиқаң еткізіп үйге кіріп кетемін. Қосар- лана ол да кіреді).

К ү л п ə ш (Күлияға). Ей, қара қатын, неге қуанбайсың? К ү л и я . Неге?

К ү л п ə ш . Жаман жүрегің неге жарылмайды, ойбай. К ү л и я . Неге?

К ү л п ə ш . Неге, неге? Тіліңді тасқа еге! Май ішкен мы- сықтай екі көзіңді тарс жұмып, түк білмегенсіп, жылмиып отырған түрін, шіркіннің.


К ү л и я (таңдана). Күлпəш-ау, замандасым-ау, айтып өлтірші, не болды? Түкке түсінсем бұйырмасын.

К ү л п ə ш (екі мықынын таянып тұрып). Ұлыңның келгенін неге айтпайсың? Сенің ұлың ғана емес, күні кеше мұрнынан сығып алған мына менің де балам емес пе еді... (Пырс-пырс жылаған болады).

К ү л и я . Ой, құдай-ай... Қысыр сиырың бұзаулаған екен деп...

К ү л п ə ш (сөзін бөліп). Жылқының майындай жылбыс- қыланып, ұлың əкелген сəлем-сауқатты жалғыз өзің жамба- сыңа басып жатырсың. Қысқы қышқылымыз бен жазғы ағы- мызды қылдай ғылып бөліп жеуші едік...

К ү л и я (теріс қарап, ернін шығарып). Пішту, бөліп бергенсің...

К ү л п ə ш . Баяғыда біреу: «Ауыл үй қонсақ – қонайық, бірақ аяқ-табақ араластырмайық», – деген екен. Көргенді адам көршісін ренжітпейді... (Жан-жағына қарап). Ұлың қайда?

К ү л и я . Жатыр ғой, əне... диванда.

 

Күлпəш мені жаңа ғана көргендей құшақтап, сүйе бас- тайды.

 

К ү л п ə ш . Келші, құлыным, сағындым ғой, шөлімді қандырып шөпілдетейін-ай. Реңің жақсы, күздегіден гөрі толып, азамат болыпсың. Ай сайын ақша жіберіп əке-ше- шеңді асырап жатырсың, оны көрмей, сезбей отырғанымыз жоқ. Əлгі біздің жаман ұл май-май болып темір итаяқтың астынан бір шықпайды, үстіне мінгенін көргенім жоқ. Көк тиын таппайды... Айдың аяғында: «Апа, бересі болып қа- лыппын», – деп ашқарақ сиырдай менің пенсияма қарап мө- ңіреп тұрғаны. «Аласысы» қашан болады, ит біле ме. Жазу- шы ұлының келгенін айтпай, кергіген зəндемі...

К ү л и я (жекіріп). Əй, Күлпəш, сен өйтіп басынба да бастырмалатпа! Жуас түйе жүндеуге жақсы деп үндемегенге үдеп барасың ғой. Қара су қайнатсам қалдырып көргенім жоқ,


көзіңнен шықсын, білдің бе? Баламның алдында жер-жебір, жекен суыма жетіп, есімді шығарып жібердің ғой. Көшке берген тайыңды ал, бірдемесін өткізіп қойғандай, о несі-ей... Бозталдағы шөбімді жеткізіп бер, деп он рет барғанда, он күн аяғына бас ұрғанда төгіп-шашып əрең əкелмеп пе еді, ала көз ұлың. Онда да ақысын ақшадай алып, шөлмек-шөл- мек арағымды былай ішкен. Ол аздай мас болып, трактормен сүзіп қорамды құлатып кеткен. Оны да қойшы, дүние-мүлік табылар, бəрінен де жаныма батқаны: «Əй, тəте, сенің ұлың жазған кітап қолдың майын жақсы алады», – деп көкігені ғой көкшешектің.

К ү л п ə ш . Қарғама баламды! Сенің де сырың белгілі...

Анда-санда ішкен бір самауыр шайыңды бұлдасаң...

К ү л и я . Бір басыңда бес ұршық бар, бірін бере көр деп құдайдың зарын қылдым, міз бақтың ба, бетпақ!

К ү л п ə ш . Сен өзің бетпақ. Шалым бар деп шалқақ- тама!

К ү л и я . Күйеуіңді пəшес өлтіргеннен бері... етегіңе на- маз оқығандай...

Е р к е к тің д а у с ы . Жетті енді! Екеуіңді бірдей...

 

Екі əйел жым болады. Ауыздарын басып тұншыға күледі.

 

К ү л п ə ш (паузадан соң, сыбырлап). Сен, қатын да, қай- дағыны білесің... Кішкентай кезіңде осы сенің ұлың мен ме- нің ұлымды ел-жұрт ажырата алмай қалушы еді ғой. Тіпті қатты ұқсайтын... Е-е-е, жаман шалың аман болсын... (Мұңая күрсінеді).

К ү л и я . Рас, Күлпəш, сенен еш нəрсемді аяған жоқпын, қызықты күндеріңді қызғанған да емеспін, ондай күндер сенде көп болған да жоқ қой. Ұлдарымыз бір-біріне ұқсап жатса – несі айып, несі шам, əкесі бір қазақ болғаны да...

К ү л п ə ш (көзіне жас алып). Күлия-ай, сенің жақсы- лығыңды екі дүниеде де ұмытармын ба... Бес биенің са- басындай кеңдігің, абзал аналығың, адасқанға ақыл берер абыздығың ғой мені осы үйге қысқа күнде қырық келтіре-


тін... (Күрт өзгеріп). Осы Күлия сен əлгі жоғалған шелегің- ді таптың ба?

К ү л и я . Жоқ. Судай сіңіп, тастай батты ғой. Сен ашқан құмалақ та шатасқан екен. Күдерімді үзіп қойғам.

К ү л п ə ш . Құлағыңды бері жақындатшы. (Сыбырлап). Менің айтқанымды тірі адамға сездірме. Сенің жоғалған ше- легіңді мен бір үйден көрдім.

К ү л и я (таңырқай). Қойшы əрі, рас па?

К ү л п ə ш . Өтірік айтсам – жаным шықсын. Шелегіңнің бүйірінде кішкене майысқаны бар еді ғой, ұмытпасам.

Күлия (көзі жайнап). Дəл өзі, сол... Қайран шелегім-ай... К ү л п ə ш . Ендеше, сол... (Ойланып) біздің үйде тұр... К ү л и я (айғайлап). Кет, албасты!

Е р к е к тің д а у с ы . Қойыңдар! Əйтпесе екеуіңді бір- дей...

К ү л п ə ш (сыбырлап). Сөзге қонақ бер, Күлия. Сол, се- нің шелегің Мағыштың шоланында керосин құюлы тұр екен, бір табан болса да үйіңе жақындай берсін деп, одан мен ұр- лап алдым.

К ү л и я (жайраңдап). Түу, құдай-ай, сен менен ұрлап алған екен деп, бойымда жан қалмады ғой. Мағыш жүзқараға сол керек, керосинімен жымқырсаң еді...

К ү л п ə ш . Енді қалай төгіп тастасаң иісі білініп қала- ды. Тегінде осы ауылдың бары мен жоғын менен сұра.

К ү л и я . Ей, осы сен шын құмалақшы болып жүрме...

К ү л п ə ш . Қадірімді өлгенде білмесең, тіріде қайдам... Күлия-ай, сенен немді аяйын... (Ұршық алып ұсынады). Сү- йектен жасаған ұршығым бар еді... соны саған бердім... Сен шалыңды қиғанда...

 

Ұяла төмен қарайды.

 

К ү л и я (тоқтап). Рақмет, құрбым... екеуіміздің бөлін- беген не еншіміз бар ед... Үй-жайымыз, шығар түтініміз өзге болғанымен абысын-ажыннан, бəйбіше-тоқалдан артық, шəй деспей өмір сүрдік. Енді төрімізден көріміз жуық ғұмыр қал-


ғанда... (Жаулығының ұшымен көзін сүртіп). Мə, бір асым етті ал, ұлың жұмыстан келгенде көже-қатық жасап берер- сің...

К ү л п ə ш . Жалғыз ұлыңның игілігін көр, Күлия!

 

Екі əйел құшақтасады. Жарық сөніп, қайта жанғанда сах- наға шығамын да Күлияға.

 

Ме н . Күлпəш шешей ұршығымды қайтарсын деп ұрсып жатқан көрінеді...

К ү л и я . Бəсе, үш күн төбе көрсетпей тұлан тұтып жүр еді. Мен берген еттің тоқтығы басылған соң алдаған екен ғой албасты. (Көрермендерге қарап). Қой, қайнымнан бір шым- шым «мəшəбинə» сұратып алайын. Көрші-қолаңмен ренжіс- пей отырамыз ба... (Маған). Ұлым, сен де Алматыңа ала кет, онда да қазақтар бар шығар...

Е р к е к тің д а у с ы . Қойыңдар!

 

Шымылдық




  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.