|
|||
ЕКІНШІ БӨЛІМ. шінші көрінісЕКІНШІ БӨЛІМ Үшінші көрініс Шымылдық ашылғанда сахнаның арғы – төр жағынан көкжойқын теңізді, сол теңізге мінбелей салынған «Интер- континенталь» деп аталар биік қонақ үйді көреміз. Осы за- мандық архитектурамен үлгіленген əдемі қаланың көрінісін де байқауымыз керек. Жаңа ғана келіп қонған самолеттің гү- рілі естіліп, трап-басқыштың шеті қылтияды. Диктор: «Ал- маты – Атырау маршрутындағы самолет келіп қонды», – деп хабарлайды. Жолаушылар түсе бастайды. Жұрттың соңын ала сұңғақ бойлы, ұзын шашты, қара көзілдірікті сағыз шай- наған, осы замандық модамен əдемі киінген жігіт түседі. Қо- лында дипломаткасы бар. Сағатына қарайды. Бұл жігіттің Тасжан екенін танимыз.
Т а с ж а н (көзілдірігін шешіп, көрермендерге). Мұнда ми қайнаған ыстық екен-ау... Танысып қоялық, менің есі- мім – Тасжан. Енді бұдан былай «Жанын» алып тастап, «Тас» деп атай берулеріңізге болады... Мамандығым – архитектор екенін, үйленгенімді, бірақ отаса алмағанымды, ептеп есім ауысып барып, ел қатарына қайта қосылғанымды білесіздер. Айтпақшы, сіздермен бұрыннан-ақ таныспыз ғой... Естері- ңізде ме, Көктөбенің баурайында сіздермен бірігіп алтын қазып едік-ау... Иə, ол да бір заман... қазір демалыстамын... (Теңізді көрсетіп). Анау Атырау теңізіне шомылу үшін əдейі осы Ақтау даласына келген бетім. Чао!.. Ей, такси! (Тұра жү- гіріп, кете береді. Жарық сөніп, қайта жанғанда қонақ үй- дің бір бөлмесінде темекі тартып, терезеден қарап тұрған Тасты көреміз. Түн. Құлаққа теңіздің шуылы естіледі. Ас- пандағы жымыңдаған сансыз жұлдыздарға қарайды). Ай- налайын, Аспан-Қызы, неге көрінбей кеттің, əлде маған өк- пеледің бе... Қайтейін, жай оғын табу қолымнан келмеді.
Оның ойын əлдекімдерден көмек сұрай жалбарына ай- қайлаған əйелдің даусы бөледі. Тасжан жүгіріп төменге тү- седі. Оны күзетші Шал жібермейді.
Ш а л . Оны қайтушы едің, балам, рестораннан шыққан мас біреу шығар... Т а с ж а н . Көмек сұрап жатыр ғой, обал емес пе, жібе- ріңіз, ақсақал. Ш а л . Қаланың қатындарына обал жоқ... Ашпаймын есікті. Сағатқа қарашы, қанша болған екен...
Əйелдің даусы үдей түседі.
Əйелдің д а у с ы . Көмектесіңдер... не деген тас ба- уыр, не деген тас керең қатал едіңдер, адамдар... өлдім-ау.
Тасжан Шалды итеріңкіреп тастап, есіктен шыға жөне- леді. Бүк түсіп жылап жатқан Əйелдің қолтығынан көтереді.
Т а с ж а н . Не болды, сізге?
P. S. Бірінші бөлімдегі Көрші əйел мен Маскүнем əйелді, ауылдағы Шал мен швейцар Шалды бір-ақ адам ойнауға бо- лады. Жігіттің жағасынан ала түсіп. Əйел . Елім-ау, жұртым-ау, қайдасыңдар, қорлады ғой. Көмектесіңдер! Ойбай-ай... қол салды... Помогите, ей люди!..
Қарсыдағы үйлердің, қонақхананың шамдары жағылып, терезе, балкондардан əркімдер қарап, дабырлаған дауыстар естіледі. Əйелдің жағасына жабысқан қолынан құтыла алма- ған жігіт əбден сасқалақтайды.
Т а с ж а н (итеріп). Жіберіңізші. Бар жазығым көмекте- сейін дегенім бе. Масқара-ай, пəле болды-ау. Əйел (долданып). Не болтай! Сен мені қорлағың кел- ді. (Құлағына сыбырлап). Бөлмеңе ертіп барсаң, жіберемін... Əйтпесе, тірідей құтылмайсың менен. Т а с ж а н . Қойыңызшы. Қайдағыны айтады екенсіз. Бо- сатыңыз.
Осы кезде қонақ үйден кезекші Милиционер шығады. Оны көрген Əйел одан сайын бақырады.
Əйел . Мына сүмелек мені зорлап, ақшамды тартып алды. Тұп-тура жүз сом... Т а с ж а н (ширығып). Жалған айтады. Бар кінəм... Əйел (сөзін бөліп). Қарашы бұлталаққа салуын. Енді менен ешқайда қашып құтыла алмайсың. Милиционер . Екеуің де милиция бөлмесіне жү- ріңдер. Ш а л . Жігіттің кінəсі жоқ. Мен бəрін көріп тұрдым. Жалғыз куəң – мен ғана. Пайғамбар жасына келгенде сақал- ды басыммен жалған сөйлеп жалтара алмаймын. Əйел . Ей, қақбас, сақал текеде де бар. Жоқтан өзгеге саудаламай-ақ қой. Ш а л . Албасты-ау, табалдырықта қыңсылап жатқаныңда қол ұшын берейін деп барған аңқау жігітті нақақ неге күйді- ресің? Сені кім білмейді бұл Ақтауда. Қысыр жыландай су- маңдап, ресторанның босағасын босатпайсың. Əйел . Жазыңыз, жолдас милиционер. Личносымды ос- корбить еткен сөз айтты. Бұл да мені зорламақ болғанда əрең құтылғанмын. Ш а л (жағасын ұстап). Астапыралла! Лағынет! Лағы- нет! Таздан тарақ қалғалы қашан... (Келіншектің бетінен шапалақпен салып жібереді). Құры, сайтанның сапалағы. Сен үшін сотталып-ақ кетейін, найсан! Милиционер . Қойыңыз, ақсақал! Жұмыс бабында қол жұмсамаңыз. Əйел (тепсініп). Мұны қоса қама. Штрапта. Сақалы сепсиіп түрмеде отырсын... Милиционер (Тасжанға). Азамат, аты-жөніңіз кім? Т а с ж а н (қырсығып). «Танимын» деп еді ғой, анау əйелден сұраңыз. Əйел . Айтсаң да, алдап өтірік айттың. Қарашы, жаңа ғана менің үйімнен шығып еді. Дəм атқыр! Т а с ж а н . Есімім – Тасжан, фамилиям – Тасболатов. Əйел . Жалған! Маған басқаша айтқан. Ш а л (күйіп-пісіп). Енді, жүзқара-ау, əкесінің азан шақы- рып қойған атын өзгерте ме? Милиционер . Ақсақал, сіз жұмысқа кедергі келтір- мей бара тұрыңыз. (Шал күңкілдей сөйлеп кете береді. Жі- гітке). Паспортыңыз қайда? Т а с ж а н . Бөлмеде. Милиционер . Мамандығыңыз? Т а с ж а н . Архитектор. Милиционер . Қашан, қайдан келдіңіз? Т а с ж а н . Осыдан бір тəулік бұрын, Алматыдан. Милиционер . Нендей мақсатпен. Т а с ж а н . Осы Ақтау қаласын жобалаған мен едім. Ту- ған перзентімдей болған соң тағы да бір рет көріп, қандай адамдар тұратынын білгім келіп еді... Енді өкініп отырмын. Милиционер . Неге? Т а с ж а н . Біріншіден, мынандай ар-ұяттан безінген ке- ліншек үшін қала салғаныма, екіншіден, осында бекер кел- геніме. Əйел (күліп). Бəрі өтірік. Ақтауды сен салсаң, біз неге білмейміз? Атыңды ойып қабырғаға неге жазбайды, суретің- ді газеттер неге баспайды, а? Т а с ж а н . Архитектордың есімі – қала немесе құрылыс салынғанда əріппен жазылмайды, белгісіз батырлар секілді, кірпіштен өріледі, сызық болып тартылады. Милиционер . Азамат Тасболатов, философияны қоя тұрыңыз. Əзірше бөлмеңізге бара беріңіз, ертең анық- қанығына жетерміз. (Əйелге). Ал сенімен бөлмеде сөйлесе- мін... Əйел . Оңбағанды босатасың, жазықсызды жазалай- сың, а? Үстіңнен управлениеге арыз беремін. Сенің басты- ғың менің анауым...
Милиционер Əйелді алып кетеді.
Ш а л (жақындап). Балам, есіңде болсын, жалғанда қа- ланың қатынына жолама, қаласы жұғады... Əсіресе, ішіп алып мас болғандарынан машаяқ қаш... Апыр-ау, түбі не бо- лар екенбіз. Т а с ж а н . Бұл, ата, мен үшін үлкен сабақ болды. Бұдан былай буынып жатса да, жалғыз сүйем жақындамаспын... Бекер-ақ келдім. Одан да жайлауға тартып кетуім керек еді... (Тасжан бөлмесіне барады. Қарсы үйдің балконынан кө- зінде дүрбісі бар еркек мұны нысанаға алып, əр қимылын ба- қылағанын байқаймыз. Темекісін тұтатып). Бұл келіншек те менің əйелімнің туысы секілді. Əлемде бір-бірін қайталай беретін ұқсас оқиғалар мен ұқсас адамдар қандай көп еді... Меніңше жер бетіндегі адамдарды ұлтына, түріне, сенімі- не қарап емес, мінез-құлқына, яғни психологиясына қарап, екі-үш-ақ түрге бөлуге болатын шығар... Мəселен анау еркекті – маңайдағының барлығын мүлт жібермей дүрбімен қарап тұрған еркекті – қай ұлтқа жатқызуға болар... (Ойлана жүріп). Иə... аңдысып өтер ғұмыр-ай, десеңші... (Ол жəне Біз «Интерконтиненталь» қонақ үйінің түбі- нен өтіп бара жатқан көк көйлекті қызды көреміз. Иығына қондырған көгершіні бар. Дүрбілі еркек те, Тасжан да үңіле қарайды). Апыр-ау, бұл кім болды екен? Бұл қалада да осын- дай сұлу қыздар өмір сүреді екен-ау...
|
|||
|