Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бірінші көрініс



Бірінші көрініс

Сахна шымылдығы ашылғанда тұс-тұстан:

– Тасжан жынданыпты.

– Тасжан жынданып кетіпті, – деген сыбыр-сыбыр да- уыстарды естиміз. Сахна фонында Алматының əсем үйлері мен Көктөбе көріністері. Басында телемұнарасы бар Көктө- бенің етегіндегі жеке меншік үйдің шеті ғана шығып тұр. Сол үйдің бау-бақшасы, қора-жайы анық байқалады. Жаз- дың жайма-шуақ шағы. Көктөбенің иығынан (телемұнараны шарпып) күн көтеріледі.

Алма ағашының түбіндегі ескі темір төсекте жатқан жігіт айқайлап атып тұрады.

 

Т а с ж а н (айқайлап). Екі тонна көмір 22 сом тұрады... Екі тонна көмір 22 сом тұрады... тамыздық – он сом... сол екі тонна көмірді шелектеп тасысақ, тұп-тура – 150 шелек...


Үйден кемпір жүгіріп шығады.

 

Ақа па (сасқалақтай ұмтылып). Не болды, балам?! Тү- сіңнен шошыдың ба? Түу өңің қашып кетіпті ғой.

 

Дір-дір етіп екі қолымен басын сығымдап тұрған Тасжан- ды құшақтап, төсекке отырғызады.

Т а с ж а н . Ақапа, мен осы пəтер ақыларыңызды төледім бе?

Ақа па . Төлегенсің... алдағы айдыкін де төлеп қойған- сың, шырағым.

Т а с ж а н . Қызық... түсім екен ғой... балаңыз мені үйден қуып, бүкіл киім-кешегімді далаға лақтырып тастаған екен деймін... Өңім болмағаны қандай жақсы... (Күрсінеді).

Ақа па . Беті-қолыңды суық сумен жуып жібер. Мен шай қоя берейін. (Үйге беттейді. Тасжан жуына бастай- ды. Ақапа бақ ішіндегі сəкіге шай жасап жүр). Біреудің алтын асықтай баласы екі жастың біріне келмей жатып қор болады-ау... аштан өліп көштен қалмас, көзіне қамшы тиген жетім ботадай жасқаншақ тартады ғой... Талабы таудай... қа- білеті қандай... мінезін айтсаңшы – мінезін, түбіттей жұм- сақ, маңғаз да майда... Уһ! – жалған-ай... Жақсыны жасыққа жығып берген жазған-ай...

Т а с ж а н (бетін сүртіп тұрып). Апа, маған бірдеңе де- діңіз бе?

Ақа па . Жоқ, шырағым, өзім ғой құдайға риза болмай бет-аузын тырналап жүрген... Кел, таңғы оразамызды аша- йық. Бүгін жұмысқа бармаушы ма едің?

Т а с ж а н . Демалыс қой, апа...

Ақа па . Айдың аты, күннің сəтінен жаңылып қара бас- қан деген осы... айтпақшы, бүгін əлгі... біздің жалғыз ұл ке- леді екен ғой...

 

Екеуі жайғасып отырып, шай ішеді.

 

Т а с ж а н . Неге екенін білмеймін, түні бойы дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Көрер таңды көзіммен атқыздым десем де


болады... Жанарымды жапсам болды, жанарым жанып жат- қандай қызылды-жасылды сызықтар қаптап, піскілейді. Жа- нымды рақатқа бөлер бір тəуір түс көре алмай-ақ қойдым...

Ақа па . Қой, олай деме, түстің жаманы болмайды. Қан- дай қияпат түс көрсең де, жақсылыққа жоры. Бұрынғылар- дың ол туралы айтатын аңызын білемісің?

Т а с ж а н (ықылас қоя). Жоқ, апа, білмеймін.

Ақа па . Өңің сынық. Бетіңнің қаны қашқан, аппақ қу- дай... (Тамырын ұстап). Тамырың болар-болмас қана соғады ғой, шырағым. Шаршағансың, қатты шаршағансың...

Т а с ж а н . Жұмыс істеп шаршаған жоқпын, апа, неге екенін білмеймін, қайдағы-жайдағы ойлар ызыңдап мазам- ды алды.

Ақа па . Ойдың түбіне кім жеткен...

Т а с ж а н . Тіпті, қанша ойлауымды тоқтатайын десем де, миымнан қуып шығара алмаймын, тəттіге үйренген шы- бын секілді, ызың етіп ұшады да, жапырлап қайта қонады.

Ақа па . Томаға-тұйық көп сөйлемейтінің содан-ау, шы- рағым. Артық ой, ол да бір артық ішкен арақ секілді, құсып тастамасаң, запыранға айналады, жүрегіңнің түбіне шөгіп жатып алса, құсадан өлесің. Қыдыр, сайранда, атысқанмен атыс, айтысқанмен айтыс, тартысқанмен тартыс – əйтеуір сарайыңды тазала, сасытпай.

 

Сəл пауза.

 

Т а с ж а н (өз-өзінен ойланып). Глубокая мысль всегда объединяет людей.

Ақа па . Не дедің, қарағым?

Т а с ж а н (күле, мойнынан құшақтап). Сізді көрген са- йын өз анам есіме түседі. Өлердей сағынып жүрмін.

Ақа па . Барып қайтпайсың ба... Осы қаладағы қазақ- тарға қайран қаламын. Радионы бұрап қал, тезебизірді жүр- гізіп қал – кəрісі де, жасы да – ауылды сағындым, ақ сүтін берген анамды сағындым деп, зар еңіреп, зар жұтып жатқа- ны. Баяғыда арбаға мініп Меккеге барғанда, темір құсқа мі- ніп неге барып келмейді, қақсай бермей...


Т а с ж а н (күліп). Оныңыз рас, апа. Мен былтыр жазда бір ай болып қайтқанмын. Биыл демалысымды ала алмай жүрмін. Бастығым екеуміздің арамыз ит пен мысықтай...

Ақа па . Е-е-е, шырағым-ай, сені шаршатып жүрген сол екен ғой. Бастықты жеңудің жолы – өзің бастық болу ғой, қарағым.

Т а с ж а н . Ол емес... (Күрсініп). Ол емес, айналайын апашым. Басқа.

Ақа па . Əлде... əлгі тік бақай келін бе?

Т а с ж а н . Ол да емес... киім-кешегімнен басқа бір сабақ жіп алмай шығып кете бергенмін. Үш бөлмелі үйде жалғыз өзі қалды.

Ақа па . Осы күнгі əйел жалғыз қалмайды жалғанда... Баяғыда біздің үйдің иесін халық жауы деп алып кеткенде, ана жалғыз ұлды арқалап бармаған жер, баспаған тауым қал- мап еді. Шындық іздеп Алматыға жаяу келгенмін. Сол мен жүріп өткен жолды қазір самолет екі жарым сағат ұшады екен... Міне, содан бері жалғызбын. Бүкіл жастығым, жас кезде көрер қызығым – баланы жеткізуге арналды. Ал қазір- гі келіншектер ше?..

Т а с ж а н (күрсіне). Ол мен үшін өлген. Бөтен адам...

Ақа па . Талақ тастау ата салтында бар дəстүр. Бірақ баяғыда ондай қатынды от басына қалдырмайтын, отау үй- ден қамшының астына алып қуып шығатын. Иə, заманына қарап амалы деген сол. Қатынның ғана қамын ойлайтын уақыт болды ғой. Күйеуін милисаға ұстатып жіберіп, «мен жалғызбын» деп телефонмен əлдекімге ызбаңдап отырға- ны... Тəңірім, көрекешіңді көрмей, көрге кірмейсің деген осы...

 

Күрсіне орнынан тұрады. Кемпір ыдыс-аяқты жинастыра бастайды. Көрші əйел келеді.

 

К ө р ш і ə й е л . Ақапа, ау, Ақапа, үйдесің бе? (Тасжан-

ға). Саумысың, өңің сынық қой?

Ақа па . Осы үйде саңырау ешкім жоқ, айқұлақтанбай ақырын сөйлесеңші, жүзқара. Е, не болды?


К ө р ш і ə й е л . Медеуден сел ағатын болыпты. (Сы-

қылдап күледі).

Ақа па . Кет албасты, қайдағыны айтпай. Іріген ауыздан шіріген сөз шығады деп...

К ө р ш і ə й е л (сөзін бөле). Дегенмен, апа, қауіпті жер- де отырмыз, тұп-тура көшкіннің жолы...

Ақа па . Баланың басын ауыртпай, жүрші үйге кіріп əң- гімелесейікші, түні бойы ұйықтаған жоқ.

К ө р ш і ə й е л . Балаңыздың басындағы жарығы ашы- лып кете ме. Ұйықтамаса – ұйлығып жүрген шығар...

 

Сақ-сақ күле кемпірдің соңын ала үйге кіреді. Тасжан ба- сын шайқап, темір төсекке барып жантаяды.

 

Т а с ж а н . Ғажап. Айнымай қалған... Менің əйелім құд- ды осы əйелдің аузынан түсе қалғандай... (Сəл үнсіздік- тен соң). Былтыр осы уақытта Алтайда жүр едім. Жаздың жайма-шуақ күні еді ғой... үш жылғы құрғақшылықтан соң ел мен жердің қайта жасарып, тотыдайын таранған таңғажа- йып тамашаға кенелген керемет шағы еді ғой... Əттең, осын- дайда ақын болып тумағаныңа өкінесің...

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.