Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Фараби атындағы творчество үйі, 1985 жыл, февраль.



Фараби атындағы творчество үйі, 1985 жыл, февраль.

Шымылдық


ЕКІ ƏЙЕЛДІҢ ƏҢГІМЕСІ

(Бір актілі пьеса)

Қ а тынас у ш ы л а р

 

К ү л и я К ү л п ə ш Ме н

Е р к е к тің д а у с ы

 

 

Бірінші көрініс

Қазақша жиналған үй. Төрге төселген сырмалы сырмақ- тың үстінде əңгімелесіп Күлия мен Күлпəш отырады. Əр- қайсысының қолында насыбай сауыт-шақша. Диванда газет оқып Мен жатырмын.

 

К ү л и я Уызынан жарып тумаған соң, несін айтасың,

Күлпəш. Бұл заманда кімді-кім тыңдағандай, кімге-кім опа бергендей... бəрінікі – өзім білем, мен атайын – сен тұр...

К ү л п ə ш . Рас айтасың Еңбегіміз сол итке бір кісідей-

ақ сіңіп еді, енді, міне, сəлемге де сараңдық жасап отыр. Ана жылы үлкен ұлы қатын алғанда, ту қойымыз бен жүз сом ақшаны...

К ү л и я (сөзін бөліп). бөлек шыққанда сырмалап тік-

кен сырмағыңды қолтығыңа қысып барғаныңды білем. Қай- ра-а-ан көз майың...

К ү л п ə ш . Е-е, соны айтсаңшы. Былтыр арғы беттен...

К ү л и я (сөзін боліп). Құдалары келгенде, бір малың-

ды сойып, бас-басына жағалы киім-кит кигіздің.


К ү л п ə ш . Е-е, соны айтсаңшы. Осыдан он күн бұрын соғым басына шақырдым...

 

Күлия оның сөзін бөліп, киіп əкетеді.

 

К ү л и я . ...Асыңды ішіп, табағыңды теуіп...

К ү л п ə ш (сасқалақтай). Сөзге қонақ бер, Күлия!

К ү л и я Шақырғаның бар болсын, іші кепкенше ішіп,

ұлыңмен төбелесіпті ғой.

К ү л п ə ш . Е-е, сонысы ұят болды, сорың құрғырлар- дың. Содан алдыңғы күні келіп, «апалап», монтанысып...

К ү л и я (сөзін бөліп). ...Мүлəйімсіп, алдап-сулап бір жарты арағыңды ішіп кетіпті ғой.

К ү л п ə ш . Біздің үйде не болғанын ары қарай сен айта бересің-ау деймін.

К ү л и я . Ал, қойдым ендеше (Пауза. Екеуі де біраз үн-

сіз отырып қалады. Содан соң екеуінің үні бірдей шығады).

Ей, Күлпəш.

К ү л п ə ш . Ей, Күлия.

К ү л и я . Ей, тұра тұршы. К ү л п ə ш . Ей, қоя тұршы.

Е р к е к тің д а у с ы . Жағаласпай кезектесіп сөйлесең- дерші.

 

Екі əйел төргі бөлмеге аңтарыла қарап, жым болады.

 

К ү л и я (сыбырлай). Күлпəш-ау, сен не білдің, қара ше- лектен айрылып қара басып отырмын ғой. Тапа-тал түсте үйге ұры түсті деген не сұмдық.

К ү л п ə ш (құлағын тақап). Қойшы-ей, рас па? Күле- кем-ау, сенің шелегің... Əлгі он летрлік монғолдан мал ай-

дағандар түсіріп алып, сен тауып алған... түбінің тесігі де жоқ еді-ау. Əне біреудікі біреуге бұйырған деген сол.

К ү л и я (шытынай). Есің ауысып отыр ма, немене...

Монғолиядан маған шелек беріп жіберіп пе  Күйдірмесең


отыра алмайтын əдет қыз кезіңде бар еді... Алдыңғы жылы шалым сатып əкеп берген... əдірем қал...

К ү л п ə ш . Шабыңа от түскендей ашуландың ғой... қой кермалдаса бермейік, баладан ұятты... (Маған). Балам... не- мене аспанға тағы да адамдар ұшып па?

Ме н . Ұшыпты, апа, үшеуі бірдей ұшыпты.

К ү л п ə ш . Ұшсын. Қайтып қона алса, ұша білгенге не жетсін... Жер бауырлап біз-ақ жүрейік.

К ү л и я . «Қанатыңмен ұшқанда құйрығыңды ұмытпа» деуші еді бұрынғылар.

К ү л п ə ш (қиялдай). Шіркін-ай, біреулер айға барып қайтты деп еді, темекісі қандай екен?..

Күлия . Айда темекі өсуші ме еді, сен кемпір де қай- дағыны айтасың. Одан да шақшаңды бері таста (мұрнына насыбай иіскеп) насыбайың тəуір екен, Өскеменнің темекісі ме?

К ү л п ə ш . Жоқ-а-а, Құдай! Ол жақтан əкеліп берер кі- мім бар, əдейі күйдірейін деп айтасың-ау, Күлия. Сенің бала- ларың секілді оқып жетіп кеткен жоқ, саңырау құр секілді үй маңайынан ұзай алмай жүр. Маңдайға басқан бір бала, одан көп табуға байың соғыста өлген, елден ұят... Өз шақшаңды бері тасташы... Күлі аршанікі ме?

К ү л и я . Күлпəш-ай, біздің шал таудан арша əкеліп бе- руші ме еді, талдың күлі...

 

Екеуі де өз шақшаларын қалталарына тез сала қояды.

 

К ү л п ə ш . Құмалағыңды əкелші... шелегің табылар. (Күлия құмалақ тауып əкеледі. Күлпəш үшке бөліп аша бас- тайды). Қолды болған шелегің тым алысқа ұзамаған...

К ү л и я . Ұзамағаны қалай, өзім ұрлап алыппын ба?

К ү л п ə ш . Сабыр... сабыр сақта. Осы көшенің бойын- да... бос тұрған жоқ, ішінде бір нəрсе бар... қысылады, үйге қайтқысы келеді... бірақ біразға дейін дəм тартпайды. Міне, байқайсың ба, алды тұйық, арты ор, бұл үйдің босағасында емес...


К ү л и я . Бұл үйдің босағасында емес екенін өзім де бі- лемін, маған сен қай үйдің босағасында екенін айт.

К ү л п ə ш (құмалақты жинастырып). Қызықсың-ей, құмалақ жарықтық милисия дейсің бе, ұрыңды ұстап бере- тін... тұспалдап қана сөйлейді. (Сəлден соң). Ойбу Күлəш, мен осы үйге неге келіп едім осы?

К ү л и я . Неге келгеніңді сұраған күнім бар ма еді.

К ү л п ə ш . Е-е, есіме жаңа түсті. Бұл ауылда бір «Мə- шəбинə» деген пəле шығыпты. Жемге қосып қойға беретін дəрі екен. Оны жеген қойдың ішіндегі құрты өліп, тез семі- реді екен. Аз-аздан шым-шымдап бермесе қой түгіл ірі қара, тіпті адамның өзі көзі алақтап сеспей қатады екен. Тоқа шал Балтабаймен ұрсысып қалған екен... қаздың барлық балапа- ны серейіп-серейіп қырылып жатыр дейді. Қаскүнем Тоқа, қайдан алғанын кім білсін, жемге қосып балапанға мəшəби- нə себе қойыпты.

К ү л и я . Обал-ай, обал-ай!

К ү л п ə ш . Түк те обал-сұбабы жоқ, Балтабайдың өзі де оңбаған, қышынып тыныш жүрмейді. Осыдан бір жыл бұрын Тоқаға ескі шанасын берген екен, биыл қайтадан алып қойып- ты. Оңбай алданған Тоқа... амал жоқ, қаскүнемдікке барған.

К ү л и я . Балапандардың жазығы не?

К ү л п ə ш . Ашуланған адам не істемейді. Балапанға сеппегенде, Балтабайдың балаларына бере ме? (Диванда га- зет оқып жатқан маған жалтақтай қарайды). Құлағыңды жақындатшы, Күлия... Сенің қайның ветвраш қой. «Мəшə- бинəнің» бəрі соның қолында көрінеді. Көрші-қолаң, ауыл- аймақпен ұрыспай, ырылдаспай отыра аламыз ба... «Сақтық- та – қорлық жоқ» деген... Қайныңнан кішкене «мəшəбинə» сұрап ал, ешкімге көрсетпей бөліп алайық, шəй деспей оты- ра аламыз ба, қазақпыз ғой...

К ү л и я . Əй, ол жынды қайным тас кескір сараң еді, бе- рер дейсің бе.

К ү л п ə ш . Үйбай-ау, бір жарты арақ берсең – бір жəші- гін əкеліп тастар.

К ү л и я . Күні ертең насыбай аттырмай қойсам, өзіме...


К ү л п ə ш (шошына). Қойшы əрі, қайдағыны айтпай, са- ған қас қылғанша, өзім езіп іше салмаймын ба...

К ү л и я . Дегенмен, қорқамын сол пəлеңнен.

К ү л п ə ш (иіскеленіп). Үйіңнен жас еттің иісі шығады ғой...

К ү л и я (қызарақтап). Қайдағы?.. Кеше кешке құдала- рымыз бір тоқтысын сойып қонаққа шақырған. Соның иісі шығар бүгін шығып жатқан.

К ү л п ə ш . Қулығыңа құрық бойламайды, Күлия!

К ү л и я . Сенің де айлаңды қырық есек көтере алмас!

Е р к е к тің д а у с ы . Қойыңдар. Əйтпесе, екеуіңді ат- тың бауырына алып шықпыртармын...

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.