Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Екі бөлімді қиялнама)



(Екі бөлімді қиялнама)

Қ а тынас у ш ы л а р

 


Т а с ж а н

 

Бо т а

В а й р а Алт а й

 

Ақа па

Ақ қ а лпақты е р к е к А с п а н - Қ ы з


– архитектор жігіт, 40 жаста

– қазақ қызы, 20 жаста

– латыш қызы, 25 жаста

– Тасжанның ауылдағы досы

– кемпір

– Ақапаның баласы

– елес


 

Сол секілді бұл пъесаға: Дүрбілі еркек, Көрші əйел, Дая- шы əйел, Биолог, Астроном, Дəрігер, Күзетші шал, Ауылда- ғы шал, ресторандағы жігіттер мен қыздар қатынасады.

 

 

БІРІНШІ БӨЛІМ

Тасжанның түсі

P. S. Бірінші бөлімде Тасжанды соншалықты мүсəпір ке- йіпте көреміз.

Сахна бірте-бірте қараңғыланып, Тасжанның түс əлемі- нен көріністер елес бере бастайды. Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздардың арасынан Аспан-Қыздың дидары шығады. Оның от болып жарқыраған көзі сəуле шашып, алма ағаш- тың түбіндегі темір төсекте жатқан Тасжанның бетіне түседі.


А с п а н - Қ ы з . Ей, жер бетінің бейбағы, түс əлеміне тағы да келдің бе?.. (Біз оның үнін ғана естиміз. Тасжан ор- нынан ақырын ғана тұрып Аспан-Қызға жақындайды. Осы кезде біз қолдарына бір-бір шырақ ұстаған қыздардың əл- дебіреуді іздеп, қарманып жүргенін көреміз). Неге жалғыз- сың? Шырағданың қайда? Əлде, бұл əлемде іздейтінің де, іздеушің де жоқ жатбауыр жалқы ма едің?..

Т а с ж а н (мұңмен, баяу басып Аспан-Қызға жақындай- ды). Мен де бір боздап жүрген ботаңмын ғой. Көмектес ма- ған. Сенің қолыңнан бəрі келеді...

А с п а н - Қ ы з . Иə, бəрі келеді. Бірақ саған не керегін біле алмадым.

Т а с ж а н (үні дірілдеп). Маған дүниенің кілтін бер. А с п а н - Қ ы з . Егер берсем, не істер едің?

Т а с ж а н . Жер бетіндегі өлім атаулыны аластап, тек қана мəңгілік ғұмыр сыйлар едім адамдарға.

А с п а н - Қ ы з . Олай болса, жер бетіне адам сыяр ма еді? Өлу үшін туатындарыңды неге ғана ұқпай, қырқысады екенсіңдер, адамзат...

Т а с ж а н . Өлмеу үшін қырқысады. Сондықтан да ғұмы- рымыз қысқа.

А с п а н - Қ ы з . Жоқ-жоқ... бақилық ғұмыр құмырсқа- дай дыбырлаған пендені қойып, жұлдыздарда да жоқ. Бірі жаратылып, бірі тозаңға айналып жатады. Дүниенің кілтін жер бетіндегі бірде-бір адамға сеніп тапсыруға болмайды.

Т а с ж а н . Қателеспейтін пенде жоқ дегенің шығар. Ен- деше, жер жүзіндегі бірде-бір мылтық атылмай қалатын си- қырлы күш берші, айналайын Аспан-Қыз!

А с п а н - Қ ы з . Одан басқа тілегің жоқ па?

Т а с ж а н . Өмірі алдамайтын, көзіме шөп салмайтын, қанша рет жүкті болса – сонша рет дүниеге сəби əкелетін мейірбанды адал жар сыйла.

А с п а н - Қ ы з . Ондай жарға кейін жолығарсың. Бірақ сарғая сағынуың керек, жалықпай іздеуің керек... Күнəға батпай тосуың керек... Қазір көзіңе көрінбегенмен ол сенің жаныңда, қиялыңда жүр. Күндердің күні болғанда алдың- нан шығар жарқырап. Егер, зəуде ренжітіп алсаң, мен айт-


қан шарттарды орындамасаң, Аспан əлеміне алып кетермін... Анау бір-бірін қолына шырақ алып іздегендердің ортасына ке- ліп қосылады. Бұлар – сендерге өкпелеген қыздар, бұл əлем- нің сақтаушылары... Ал, бірінші тілегіңе айтарым: күндердің күні болғанда күн күркіреп, Көктөбеге найзағай түседі...

Т а с ж а н (сөзін бөліп). Жай тартқыш бар ғой...

А с п а н - Қ ы з . Мен жіберген жасынды тартып əкетер күш жоқ. Сол жайдың оғын ерінбей қазып, тауып ал да, Қан- тəңірінің басына шығып қолыңа ұстап тұр, сонда дүние жү- зіндегі қандай да бір керемет қару атылмай қалады.

Т а с ж а н (күрсініп). Оған менің ғұмырым жетер ме?

А с п а н - Қ ы з . Өзіңе тілектес, жаныңа жақсылық ұяла- ған достар іздейсің... тілегі де, жүрегі де бір достар іздей- сің... іздейсің...

 

Аспан-Қыз бен қолына шырақ ұстаған қыздар біртіндеп жоғалады.

«Ей, жынды сүрей, пəтер ақыны төле!» – деп айқайлаған əлдекімнің даусы естіледі де, сахна шымылдығы жабылады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.