Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





шінші көрініс



Үшінші көрініс

Көше. Шал мен қыз қатарласа аяңдап келеді.

 

Ш а л . Иə, қалқам, атаңның басынан осындай оқиға өт- кен. Тағдырдың таяғы бұдан соң да аз тиген жоқ. Əйтеуір, заманмен бірге тудық, заманмен бірге жасадық – ыстығы мен суығын, жаманы мен жақсысын бірге көрдік. Өкпеміз жоқ.

Əнші қ ы з . Азапты жолда аман қалудың өзі де ерлік- ау... Сіздер орнатқан бейбіт дəуірге еркелеп, оңды-солды ша- шып, біз жүрміз.

Ш а л . Жастарға өкпе бар ма. «Осы күнгі балалар бұзыл- ған», – деп сары уайымға салынып, ерлігі мен еңбегін бұл- дап, зарлап отырар қарттардың қатарынан емеспін. Өз ба- сым сендерге ризамын. Əрине, адам болған соң, ептеп, оның ішінде де есерсоқтары болмай тұрмайды. Шалғынның ара- сындағы ондай селкеу-селкеу тікенектер дəуірдің алып ады- мына тұсау бола алмас...

Əнші қ ы з . Қазіргі жағдайыңыз қалай, ата? Семья бар шығар...

Ш а л . Шүкіршілік, шырағым. Немере сүйгелі қашан... Көп жыл шахтада жұмыс істедім, қазір пенсиядамын. Ауқа- тым да, денсаулығым да жаман емес. Тек... мені қорғаймын деп, өз ағасының қолынан қаза тапқан сол бір орыстың Анна есімді бүлдіршіндей қызы түнде түсімнен, күндіз есімнен шықпайды. Соны іздеген, сағынған жүрек еңсеңді көтерт- пей, жылдар жылжыған сайын жарасы асқына түседі екен. Əсте ұмыта алмаспын-ау... Əсіресе, соңғы бір бес жылда көп ойлайтын болдым... Көзі боталап, көз алдымда тұрғаны... Алтайдың қойнауында жатқан мүрдесіне əр жыл сайын ба- рып, рухына тəуіп етіп қайтамын. Басына еккен жасыл шыр- ша бүгінде мəуелеп өсіп, зəулімге айналған... Ол оқиғаны кемпірім, бала-шағам бəрі біледі. Уақыт – ол да бір аққан су, ал, естелік – өзен табанындағы тас секілді, жылжымай мəң- гілікке орнында қалады.


Əнші қ ы з (күрсініп). Да-да, бəлкім, махаббат дегені- міз осы шығар... Мен адамдар арасында дəл осындай берік сенім, өлмес сезім, өшпес сүйіспеншілік боларына сене бер- меуші едім. Сіз менің түсінігіме өзгеріс жасадыңыз, ата.

Ш а л . Махаббат ол да бір бақыт құсы ғой. Қадірін біл- месең – не ұшырып аласың, не өлтіріп аласың. Жақсы кісі- лердің ғұмыры олар бұл жалғаннан көшкен соң басталады. Айталық, мен жер басып жүргенде Аннаны өлді деуге қия- мыз ба?..

Əнші қ ы з . Ондай бақытқа менің қолым жетпейтін шығар... (Ақырындап музыка ойнап тұрады).

– Қазір, ата, біздерде бəрі бар, бірақ бір нəрсе жетпейтін секілді, мүмкін, ол ең керекті нəрсе шығар... Ол не? Өзіміз де білмейміз. Жас кезінде адам кереметтей қуаныш, шаттыққа толы мұңсыз, қамсыздықтан гөрі қайдағы бір қиындықты, қалай айтсам екен... (ойланып) приключениені аңсап, соған талпынбай ма... Бəлкім, бүгінгі бейбіт те берекелі заман мен жастықтың бір-бірімен сыйыса бермеуі – осындай төтенше ерлікті аңсаудан шығар...

Ш а л (жүрісін сəл аялдатып). Қызық екен, мен жастар- дың бұл бұлқынысын бұрын байқамаған екенмін. Дегенмен, ерлікті еңбекте де жасауға болмай ма?

Əнші қ ы з . Болады, бірақ ол басқа ерлік. Бəрібір со- ғыстағыдай емес, бəрібір өз кеудесімен дзотты жауып, са- лақтап қалған ішек-қарнын жинап алып, уралап алға ұмтыл- ғандай əсері жоқ. Міне, осындайлық – тарих, мына, сіздер бастан кешкен ұлы ерліктерді кинодан, радиодан, қала бер- ді, өз ауыздарыңыздан көріп, естіп отырған балалар сондай қаһармандықты іздейді, қайталағысы келеді. Сабақты жақ- сы оқып немесе жоспарды артығымен орындаумен шекте- ліп қалғысы келмейді. Сіздің сүйген қызыңыз жасаған ер- лік мені қызықтырмайды дейсіз бе?.. Білдей бір азаматтың жүрегіне мəңгілікке ескерткіш болып орнау – ол да ерлік. Шырылдауық шегірткедей əн салып жүрген мен емес тірі жүрген, сол оққа ұшқан сіздің айналайын Аннаңыз, ата. (Кү- ліп). Көп сөйлеп алдым-ау, кешіріңіз, сізді көрген соң өзімді ауыртқан сырымды айтып келемін де...


Ш а л (арқасынан қағып). Жақсы айттың, қызым. Ақы- лың бар екен.

Əнші қ ы з (мұңая). Ақылды адамның азап шегуі де көп пе деп ойлаймын, ата. Неге екенін білмеймін, мектеп бі- тіргеніме үш-төрт жыл болса да, жолым болмай-ақ қойды. Жаман оқымаған секілді едім... сүріне беремін.

Ш а л . Жассың ғой, тілеуің де, бар ғұмырың да алда.

Əнші қ ы з . Енді бізге жастық қайда?.. Жиырма бірге келдік.

Ш а л (күледі). Ой-о-бо-о-ой... қызым-ай, қартайып-ақ қалған екенсің. Қарттыққа асықпау керек, ол иттің өзі-ақ ке- леді тісін ақситып.

 

Əнші қыз жүрісін іркеді. Олар тоқтайды.

 

Əнші қ ы з . Ал, ата, біз келіп жеттік, сізге көп-көп рақ- мет. Бүгінгі əсем түн, əсерлі əңгімеңіз үшін рақмет! Сергіп қалдым.

Ш а л . Өзіңе де рақмет! Əдемі əнің үшін... Бақытың ашылсын, қалқам. Амандық болса, талай рет келіп даусыңды естірмін.

Əнші қ ы з . Енді мені көре алмайсыз, ата. Ресторан- ға қайтып бармаймын. Өз бақытымды басқа қаладан іздегім келеді.

Ш а л . Иə, əніңді бұдан былай тыңдай алмайды екенмін- ау. Мен не дейін, қалқам, əйтеуір, өз-өзіңді жоғалтып алма- саң болды да. (Əнші қыздың шашын сипайды). Кел, қалқам, маңдайыңнан сүйейін. Əкең ретінде сүйейін!

 

Осы кезде Бұйра бас жігіт шыға келеді.

 

Бұйра б а с ж і г і т . Ей, шал, тарт қолыңды! Алжы- ған қақбас, немереңмен жасты қызды бүлдіріп, қызылсы- рап тұрсың ба?.. Көзің қарайған екен, кəрі итім! Ол – менің еншім.

Ш а л . Тағы да сен бе едің жол торып жүрген.


Бұйра б а с ж і г і т . Онда сенің шаруаң болмасын. Табаныңды жалтырат! Давай-давай! Шалдың кеудесінен итереді.

Əнші қ ы з . Муратик, қой! Үлкен кісіде нең бар?! Как тебе не стыдно!

 

Шал мен жігіттің арасына килігеді.

 

Бұйра б а с ж і г і т . Ему не стыдно, да?.. Қайтадан ұмтылады.

Ш а л (саңқ етіп). Тарт тіліңді, күшік! (Ол да ұмтыла- ды. Жігіт қалтасынан пышағын жұлып алып, өзіне атыл- ған шалға жұмсай бергенде, екі ортада тұрған қыз шапшаң қимылдап араға түседі. Пышақ қызға тигенін байқаймыз.

«Аh», деп шыңғырып жібереді. Шал қызды құшақтап). Не істедің, атаңа нəлет! Не істедің! Анна! (Жігітті көтеріп алып лақтырады. Бұдан соң қыздың басын сүйейді). Құлыным- ай, не жазығың бар еді?!. Көрмегенім көп екен-ау... Елім-ау, жұртым-ау, қайдасыңдар?! Мелшиіп отырғандарың не?

 

Осы кезде милиционердің ысқырығы, «Скорыйдың» ыш- қынғаны естіледі.

 

Əнші қ ы з (талықсып). А... т... а, мен бəрібір Аннадай бола алмадым.

Ш а л (қыздың кеудесіндегі қанды сүртіп, алақанын жая). Тəңірім-ау, революция аяқталып, ақтар... құрымап па еді?..

 

Аннаның шырқата салған əні естіліп тұрады.

 

Шымылдық


МЕН СІЗДЕН ҚОРҚАМЫН



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.