Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Екінші көрініс



Екінші көрініс

Тау. Жақпар тас. Орман. Құстың сайрағаны естіледі. Көл- денең сұлаған ағашқа мініп қазақ жігіті отырады. Жылқы- ның кісінегені естіледі. Ақтар қашып, қызылдар қуып бара жатқан аласапыран кез.

 

Ба тыр (елеңдеп). Анна кешікті ғой... Əке-шешесі біліп қалды ма екен... Ат əкелетін Нұртайдан да хабар жоқ... Егер, Аннаның əке-шешесі біліп қалса, мұқым жоспарымыздың күлі көкке ұшқаны. Туыстары тірідей айрылмас одан...

 

Осы кезде аттың дүбірі естіледі. Ағаш арасынан маралшы жігіт Нұртай шығады.

 

Нұр т а й . Түу, жер жұтып кетті ме десем... əрең таптым ғой. Үңілмеген үңгірім жоқ.

 

Батыр орнынан атып тұрып, қуана ұмтылады.

 

Ба тыр . Қайран қайсарым-ай, келмей қала ма деп зəрем зəр түбіне кетті ғой. Аманбысың?!

Нұр т а й (мəз болып). Екі көзің төрт болып тосқаның мен емес, Фадиханың қызы шығар-ау. Келмей қалсам, қай- тер едің? Аяқ артарың жоқ, сүйгеніңді алып қаша алмай, екі тізеңді құшақтап омалып отырар едің... Батыр-екем...

Ба тыр . Басқа түссе – баспақшыл, Алтайдың аюына мінсем де, бір амалын табармын-ау. Анна үшін...

Нұр т а й (сөзін бөліп). Иə, иə, сенен ондай ерлік шыға- ды. Аннадай сұлу үшін аюды үйретіп мінуге болар... Көлік


дайын. Фадиха бəйбішенің небір лақпа қашаған бұғыны қуып жетер қос қара керін алып келдім.

Ба тыр (шын қуанып). Рақмет, достым! Ер мойнында қыл арқан шірімес, тірі жүрсем, бұл жақсылығыңды ұмыт- паспын. Ендігі тілек – мынау зауал уақыттың тез өтуі ғана.

Нұр т а й . Бізден басқа елде Совет өкіметі əлдеқашан орнап қойған көрінеді.

Ба тыр . Ол рас. Бұл жер үшін де ескінің ақыры бүгін! Ертең қызылдар келеді. Сонау Сібірден, бір жағы Моңғолия- дан, Таулы Алтай өлкесінен босқан қашқындардың соңғы легі өтіп жатыр. Сарқыншақтары Берелде дамылдап, ат шал- дырып тығылып отыр.

Нұр т а й . Иə, біздің ауыл ақтардың арғы бет – Қытайға өтер қанды қақпасына айналды-ау. Қанша боздағымыз қыр- шынынан қиылды, қанша малымызды айдап, сұлуымызды байлап-матап əкетті... Əсіресе, менің... одан айырылам деген ой үш ұйықтасам, түсіме кіріп пе...

 

Көңілі босап, теріс айналады. Оны Батыр жұбатады.

 

Ба тыр . Мұңайма, Нұртай, амандық болса, сол арғы бе- тіңнен қайыра алып қашып келерміз. Қос қара кер аман бол- сын де.

 

Жылқының кісінегені естіледі.

 

Нұр т а й (жанарын сүртіп). Көзімді бақырайтып қо- йып, істерін істеп алған соң... шыбын жанын тастап кетпей... лақтай бөктеріп ала жөнелгені жанға батады да... Мұндай қорлықты көріп, тірі жүргеннен өлген артық еді...

Ба тыр . Сенде дəрмен жоқ еді ғой. Қарағайға қыл ар- қанмен тас қылып байлап тастады емес пе...

Нұр т а й (тісін қайрап кіжініп). Əттең, əкеңнің аузын ұрайын, сол ыздиған əпесер бұл жалғанда қолыма бір түс- пейді-ау, қалқайған құлағынан қуырдақ, қанынан қан соқта жасап, бір аяғын екі етікке тығар едім!


Ба тыр (күледі). Сенікі қызық екен, жұрт екі аяғын бір етікке тығамын деуші еді...

Нұр т а й . Етік үлкен əрі қазақтың саптамасы болса, екі аяқ бір сыңарға сыя береді. Ал, мықты болсаң, бір аяғын айырып, екі етікке тығып көрші... Құлындаған даусы құдай- ға жетсін.

 

Ағаш сыбдырлап, басында ақ түбіт шəлісі бар қыз шыға- ды. Қолында түйіншек, иығында мылтық бар. Батыр қуана алдынан шығады.

 

Ба тыр . Анна! Анна . Батыр!

Нұр т а й . Енді мен артық шығармын... Қыз Нұртайды жаңа байқап амандасады.

Анна . Есенбісің, маралшы?!

Нұр т а й (ыржалаңдап). Здрəсти. Как жибом? Анна (күліп). Спасибо, хорошо. Как ты?..

Нұр т а й . Ничауа. Па моленка.

Ба тыр . Əй, Нұртай-ай, Фадиханың маралын он жыл баққанда үйренген он сөзің бар еді, оны да рəсуалап алдың- ау.

Нұр т а й . Сенің де орысшаға итше желіп тұрғаның ша- малы. Бақытыңа орай, Анна қазақшаға судай.

Анна . Жігіттер, əзіл айтуға уақыт жоқ қазір. Берелде жатқан ақтар ауылды жəне бұғының саты-қоршауын өртеп, осы түнде арғы бетке аттанғалы қамданып жатыр.

Нұр т а й (қаперсіз). Аттансын атаңа нəлеттер, өздері де шалбарларын бұлғап зытатын шығар.

Анна . Сен түсінбей тұрсың, Нұртай. Ауыл өртенсе, қаншама қазақ-орыс баспанасыз қалады, қаншама марал қоршаудан шығып, тағыға айналады. Немене жаңа үкіметке адам да, марал да керек жоқ па?..

Ба тыр . Рас-ау, ақылыңнан айналайын, Аннушкам ме- нің! (Бетінен сүйеді).


Нұр т а й . Əй-əй, мезгілсіз уақта сүйіспеңдер... Біздің қолымыздан не келеді. Қара шегірткедей қаптаған қалың қолға осы үшеуіміз қарсы аттанамыз ба?..

Анна . Ол жағын білмеймін. Хабарды жеткіздім, ендігі- сін өздерің шешіңдер. Азамат емессіңдер ме?!. Ойланыңдар. Нұр т а й (желкесін қасып). Азамат екеніміз рас-ау... бі-

рақ...

Ба тыр . Ұрыста – тұрыс жоқ. Тəуекел. Сен, Нұртай, Қа- тонқарағайда жатқан қызыл əскерге шапқыла, осы түнде ке- ліп жетсін, əйтпесе кеш қаламыз. Ақтардың жымысқы ойын ақтарып сал, олар да түсінер.

Нұр т а й . Тура жол кесілген, босқындардың күзеті бар. Ал, тау айналып итырықтап мен жеткенше, ақтарың арғы бетте шай ішіп...

Ба тыр (оның сөзін бөліп). Құс болып ұшсаң да – жет, жарқыным! Тау айналып қайтесің, күзетшілердің тура иек астынан өт! Ондай ептілік сенің қолыңнан келеді! Алтайдың ағашы аман болса, жау көзінен тасалар. Анна екеуіміз осы жерден күтеміз. Əттең, пулеметіміз болса ғой... Ал, аттан, Нұртай!

Нұр т а й . Аттандым! Егер осы ісіміз оңға басса, арғы жақтан қалыңдығымды алып келуге еріп барамын деп ант бер!

Ба тыр (қолын ұсынып). Бердім!

Нұр т а й . Тас куə! Аспан куə! Анна куə! Анна (күліп). Куəмын!

Нұр т а й . Ал, шапқыладым! Қаратай бабам, қолдай гөр! Ағаш арасына кіріп кетеді. Аттың дүбірі естіледі.

Анна . Қандай қызық жігіт...

Ба тыр . Иə, ол сондай жігіт. Қызыл əскерлерге аман- есен жетеріне құдайдай сенемін.

Анна . Бірақ... (Күмілжіп). Бірақ... сүйген қызын ақтар атып кеткенін білмеуші ме еді?..

Ба тыр (шошына). Сен қайдан білесің?! Атқа байлап аман алып кеткен.


Анна . Жоқ, мүлдем олай емес, асудың үстіне шыққан соң атып тастапты. Кеше шешеме Матвей шал айтып отыр екен, сонда құлағым шалған.

Ба тыр (күрсініп). Обал-ақ болған... Қайран қазақтың асыл қызы-ай, ит пен құсқа қор болғаның осы да...

Анна . Мен сендер біледі-ау деп, жаңағы Нұртайдың жеңілтек мінезіне таңырқап отыр едім. Əуелі көңіл айта жаз- дадым.

Ба тыр . Ендеше, айтпаймыз да. Жүрегін жаралап қай- теміз... Үзілмес үміт – ол да бір сарқылмас бақыт секілді, өлімге қимай арманда жүрсін ол бейбақ...

 

Екеуі ағаштың үстіне қатарласа отырады.

 

Анна . Жаңа сен: «Пулемет болса», – деп көксеп едің, егер табылды делік, не істер едің?

Ба тыр . Ой, онда анау Берелде жайрап жатқан ақтар- дың бірде-біреуін арғы бетке өткізбес едім. Асудың тура ау- зындағы қара тастың желкесіне құрып алып, баудай түсірер едім... əттең...

Анна (таңғалып). Қалайша, жалғыз өзің бе? Ба тыр . Жоқ, екеуміз.

 

Аннаны құшақтап, бетінен сүйеді. Құстың сайрағаны ес- тіледі.

 

Анна (толқып). Батыр, бүгін табиғат қандай тамылжып тұр. Айналаңа қарашы, керемет емес пе! Мен Алтай-арудың алақанында дүниеге келгеніме қуанамын. Ата-бабамның мыңдаған километр қашықтықтан – Россия түкпірінен кө- шіп келгені қандай жақсы болған... Оларды Столыпин деген біреу қумаса ғой, Батыр, мен сенің бұл жалғанда бар-жоғын- ды білмес едім, сені өз жанымнан артық көріп сүймес едім... (Еркелеп, жігіттің мойнынан құшақтайды). Қазақ қызда- рындай өз сезімімді өзім кеудеме қамап, сызылып отырмай, бар сырымды алдыңа жайып салғанымды айыпқа бұйырма, Батыр. Жарық дүниеде саған айырбастар еш нəрсем жоқ. Бір


сен деп соққан жүрегім қара жер қойнында да толастамас.

«Анаңнан сені тапқан айналайын», – деп айтқан қазақтан ай- налайын да...

Ба тыр (аса құмарлықпен шашынан сипап). Мұншалық- ты шешен сөйлейтініңді білсемші, жаным. Менің де өзіңнен өзге кімім бар. Əке-шешеден жастай айрылып, алды-артын жалмаған жалмауыз атандым. Өмірдің бар үзірінен жеріп, тау-тасты қаңғып, аң аулап жүргенімде сені жолықтырдым. Тағдырыма ризамын. Ендігі арман – сол бейуақта тапқан асылымды жоғалтып алмау.

Анна (еркелеп). Мен жаныңдамын – күндіз де, түнде де... Некемізді Алтайдың мынау адам секілді ағаштары, анау самырсын басында бізге таңырқай қарап, балқарағай шағып отырған тиіні қисын.

Ба тыр . Неге екенін білмеймін, əлденеден шошынып, елегізе беремін. Сен тым-тым алыста секілдісің...

Анна . Көп іздеп, ұзақ тосқанда, сарғая сағынғанда кісі осындай мең-зең халді бастан кешеді. Ағаштың ұшар басына ай ілініп, ағаш үйдің терезесінен нұры саулап тұрған сəтте мен де жағымды таянып, орманға көз талдыра тесілетінмін. Сонда жүрегім қысып, əн айтқым немесе орманға ирелең- дей сіңіп кеткен соқпаққа түсіп, шашымды жайып жіберіп, есі ауысқан кісідей, құйын-перен жүгіргім келетін... қызық... Сонда əр самырсын: «Кел-кел», – деп ымдап шақырған сен болып кетер едің... Мамам талай рет: «Ты что, с ума сошла?» – деп ұрсып үйге кіргізді... (Қыз ағыл-тегіл жылап отыр).

Ба тыр . Апыр-ау, жылаған қандай жарасушы еді өзіңе... бұрынғыдан əлдеқайда əдеміленіп кеттің. Сол жападан-жал- ғыз отырып айтар əніңнің бірін маған айтшы...

Анна (көзін сүртіп). Айтайын... (Қыз əн бастайды).

Когда б имел я златые горы И реки, полные вина.

Все отдал бы за ласки, взоры, Лишь ты б владела мной одна...

 

– Ал, ендігі кезек сізге келді, Батыр-аға...


Ба тыр . Тек, ағасы несі...

Анна . Менің ағайыммен жасты екеніңіз өтірік пе?

Ба тыр . Рас, сенен бақандай бес жас үлкенмін. Барқы- раған даусымнан құлағың тұнар, алақаныңмен басып отыр. Бастадым. (Тамағын кенеп, қамшысын домбыра ғып шертіп, ауылдың əніне бастады).

Елімнің бір жайлауы Құрымбай саз, Жайлаған алты ай жаздай сары ала қаз. Шолпандай таң алдында туып-батқан, Қайтейін, уа, дариға-ай, ғұмырың аз...

 

Осы сəтте шаңқ еткен мылтық даусы естіліп, қыз бен жі- гіт орындарынан атып тұрады. Бұларға бесатарын кезеп, Ан- наның ағасы Самойл тұрғанын көреміз.

 

С а м о й л . Иди домой, Анна, тебя мать ищет. (Батырға). Ал, сен қазақпен əңгіме басқа. Мылтығымның түзу-қыңыр- лығын тексеретін мешен боласың. (Батыр ағашқа сүйеулі тұрған қосауызға ұмтыла бергенде, Самойл оның басынан асыра тағы атып қалады). Қозғалма! Анна, кет дедім ғой мен саған!

Анна . Кетпеймін! Батырды атқанша мені ат! Мен оны сүйемін, естимісің, сүйемін!

Ба тыр . Əй, Самойл, ақылға келейік. Саған істеген қы- састығым жоқ еді ғой. Осыдан үш жыл бұрын аюға құрған баспаға түсіп өлейін деп жатқаныңда мен едім құтқарып ал- ған. Аннаның жазығы жоқ. Біле білсең, біз некелесіп те қой- ғанбыз.

С а м о й л . Қазақта «Ақсақ иттің көңілі ар жақта» де- ген мəтел бар. Аннадан гөрі аспандағы бұлт жуық шығар... Діні басқа, қаны басқа қаңғыған қайыршыға қарындасым- ды қиып тірі жүргенімнен өлген озық. Осыдан он бес жыл бұрын сенің əкең менің əкемді өлтірген. Кек қайтарар кезек келді. Иманыңды үйіре бер. (Аннаға). Сен салдақы, əкеңнің қанына ортақ болған ата жауыңның ұлына қалай ғана жүре- гің дауалап, тұрмысқа шықпақшысың, а?!


Анна . Олар бір-бірін өлтірген. Оған біздің қатысымыз қанша?

Ба тыр . Əкесі үшін баласы күймеуші еді ғой...

С а м о й л . Тілің мен жағыңа сүйене берме. Заманым туды, деп мақтанып тұрсың-ау, ол заманды басқа-басқа, дəл сен көре алмассың, мен көрсетпеспін!

Ба тыр . Сенің де арғы бетке жетпей желкең қиылар. Бар сенгенің ақтардың əскері болса, олардың өзі-ақ асуда қойдай бауыздап кетер.

Анна . Батыр деймін, ерегістірмеші, мінезі жаман, атып жіберер...

Ба тыр . Қорыққанмен жан қалмайды. Жауыммен бетпе- бет келіп шейт болсам, арманым жоқ. Ей, Самойл, ат, неғып тұрсың, ат! (Тұра ұмтылады. Анна қапсыра құшақтай ала- ды. Мылтықтың шаңқ еткен даусы естіледі. Оқ Батырға емес, Аннаға тигенін білеміз. Жігітті құшақтаған күйі су- сып түсіп бара жатады. Батыр зар еңіреп). Анна! Анна!

С а м о й л . Не істедім мен! (Өз басын өзі тоқпақтайды).

Батыр ағашқа сүйеулі тұрған мылтығын жұлып алып, сі- лейіп тұрған Самойлды атып жібереді. Ол құлап түседі.

 

Анна (көзін ашып). Бекер аттың, жаман да болса, ағам еді ғой...

Ба тыр (жылап, кеудесіндегі қанды сүртіп). Жаман аға- дан – жақсы ит артық. Ондай адамның тірі жүруге хақысы жоқ!

Анна (талықсып). Батыр мен сені... адал сүйдім... жа- ным... арғы дүниеде де тосамын... ұзақ тосамын... əзірше қош...

Ба тыр (ботадай боздап). Жоқ! Сен өлмейсің! Мен жі- бермеймін! Ей, ажал! (Дірілдеп). Аннамнан аулақ жүр, аулақ жүр!




  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.