Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЖҰМБАҚ ШАЛ. Бірінші көрініс



ЖҰМБАҚ ШАЛ

Қ а тынас у ш ы л а р

 

Ш а л

Ба тыр   – шалдың жас кезі

Анна   – оның сүйген қызы

Нұр т а й    – маралшы жігіт

С а м о й л   – Аннаның ағасы

Анна   – əнші қыз

 

(Екі Аннаны бір-ақ адам орындауға болады).

Музыканттар, Даяшы қыз, Бұйра бас жігіт, ресторандағы адамдар.

 

 

Бірінші көрініс

Шағын ресторан. Шағын ресторанның шағын музыкант- тары. Шарап ішіп, шалқақтап, көңілді отырған тоқкүлкі жас- тар. Шал кіреді.

 

Барабаншы . Жұмбақ шал бүгін тағы да келді, мыр- залар.

К е р н е й ш і . Ура! Құдай берді десеңші. Бағана алақа- ным қышып еді, осыған көрінген екен ғой.

С ы р н а й ш ы . Əттең... келген шалдың барлығы анау секілді он сомнан ақша беріп кететін мəрт болса-ау, шекеміз- ге тар соқпас еді...

Г и т а р ш ы . Əй, мұндарлар, сендердің шайлықтарың- ды айырып жүрген алжыған шал емес, мына көкең екенін мойындасаңдар деп едім.

Барабаншы . Оттапсыңдар, оның шандыр көңілін иі- тіп жүрген, тіпті де, біз емес, анау Анна бикеш мырзалар...

К е р н е й ш і . Ал сөзді доғардық, саққұлақ шал естіп қа- лып, он сомнан қағылармыз. Бастадық! Твист!


Музыка аядай ресторанды даңғазаға айналдырады. Ері- гіңкіреп, есінеп отырған жастар жер тепкілеп билей бастай- ды. Бұрыштағы екі орындық столда отырған Шалға Даяшы қыз келеді.

 

Даяшы қ ы з . Сізге екі жүз грамм коньяк, бір шөлмек су жəне кебір ірімшік керек қой, ата. (Қағазға жаза бастай- ды). Шал басын изейді. Ышқынған музыка. Даяшы тағам- дарды алып қайтып оралады. Темекісін тұтатып, рюмкаға коньяк құйып, үнсіз ойланып отырған Шал енді барабаншы- ны шақырып, бес сом ақша береді. Би тоқтатылып, орыстың халық əні басталады. Жастардың наразы үні жан-жақтан шықты.

Барабаншы (қарғып тұрып). Тссс... шуылдамаңдар, мырзалар! Ақсақал ойланып отыр.

 

Барлығы шалға қарайды.

 

Бұйра б а с ж і г і т . Ойланса қайтейік... Немене, ол бір Чапаев па екен... Ал, біздің ойнамауымыз керек, ə. Давай музыка!

Барабаншы . Айғайлама! Өңеш бəрімізде де бар. За- каздың аты – заказ. Ақысын берші анау шал ғұсап, боқысын шығарайық.

 

Осы кезде Əнші қыз шығады. Əн басталады. Шал бар ынтасымен беріліп тыңдаған. Осы ескі əуенге еліткен қар- таңдау екі адам ғана құшақтасып билеп жүр. Əн аяқталғанда Шал қызды ымдап шақырады.

 

Ш а л . Кел, отыр, айналайын.

Əнші қ ы з . Мен қызметтемін ғой, ата.

Ш а л . Ештеңе етпес, жұмыс қайда қашар дейсің, аздап демал. (Шолақ етегін тізесіне тартқылап, сызылып қарсы- дағы орындыққа жайғасады). Не алдырайын, қызым?

Əнші қ ы з . Рақмет, ата. Су ғана ішейін, тамағым құр- ғап қалды.


Ш а л . Əнді жақсы айтады екенсің, орыстың ескі əнін қайдан үйрендің? Алғаш естігенімде өз құлағыма өзім сен- бедім.

Əнші қ ы з . Мамамнан.

 

Əр тұстан сыбырлаған сөз, шиқылдаған күлкі естіледі.

 

Барабаншы (достарына). Мəс...с...саған безгелдек, ортамыздағы жалғыз қыздан айрылдық. Бір-бірімізден қыз- ғанғанымыз қызыл итке жем болды деген осы, мырзалар!

К е р н е й ш і . Мынауың қатқан Шал, талайдың дəмін татқан Шал болды.

С ы р н а й ш ы . Əлі де бір шабары бар ма?

К е р н е й ш і . Бір шабарың не, құдай-ау, жүз шабары бар...

Г и т а р ш ы . Ой, осы кездегі шалдардың қуаты мың ат- тың күшіне тең. «Айналайын», – деп отырып-ақ айналды- рып алады.

Барабаншы (қызғаныш білдіре). Қыздарда да ес жоқ, кімнің тарысы – соның тауығы.

 

Олар үзіліс жариялап, түкпір бөлмеге кіріп кетеді.

 

Ш а л . Айналайын қызым, мен еріккеннен, жоқ болмаса, ішу үшін келмеймін бұл жерге, сенің əсем даусыңды есту үшін келемін. Мұндай ескілікті əн бұл күнде аз айтылады ғой. Айтылғанымен жал-құйрықтан айрылған бауыздаған əтештей қырылдап, қиқылдай мүлдем бұзылып айтылады. Ал, сен... баяғыша... кісінің есіне қай-қайдағы түседі екен...

Əнші қ ы з . Ал мені: «Бүгінгі талапқа сай айтпай- сың», – деп кінəлайды.

Ш а л . Оттайды олар. Қызғанады да. Əннің қадірі əде- мілігінде емес, əуезділігінде, əсіре қызылында емес, нақыш, бояуында. Егер мынау ағаштан қиып жасалған үйді бұзып, орнына бетоннан салса, баяғыдай жанға жайлы, көзге ыс- тық, көңілге тоқ болар ма еді, қалқам... Сені достарың іздеп қалды-ау. Шалдың шатпағы таусыла ма, айыпқа бұйырма.


Əнші қ ы з . Нет, нет, что вы... іздей берсін. Өзім де осы жерден кетейін деп жүрмін. Қашанғы сарай əншісі боламын. Жалықтым... Сырттан болса да, оқуға түсу ойымда бар.

Ш а л (мұңайып). Онда маған қиын десеңші... Осы тосты сенің жақсы əнің, көгілдір көзің үшін ішемін.

Əнші қ ы з . Рақмет, ата!

Ш а л . Айтпақшы, атыңды да сұрамаппын-ау... Əнші қ ы з . Есімім – Анна.

Ш а л (селк етіп). Анна... міне, ғажап...

 

Бұдан соң қолына жазылған жазуға қарайды. Ол жазуды қыз да байқап қалады.

 

Əнші қ ы з . Сіздің қолыңызда да «Анна» деген жазу бар екен-ау. Мен де қайран қалып отырмын.

 

Осы шақта музыканттар қайта шығып, Аннаны шақы- рады.

 

Ш а л . Қызым, шаршамасаң, əлгі əнді тағы бір қайтала, достарың қарсы болмас, ақы-пұлын төлермін.

 

Барабаншыны шақырып, он сом ақша береді. Əн бастал- ғанда кейбір жастар қолдарын сілтеп тарай бастайды. Бұйра бас жігіт келіп, Шалдың жағасына жармасады.

 

Бұйра б а с ж і г і т . Əй, қақбас, ақшаңның көптігі- не мақтанып, билеткенді қойдың ғой. Жұртта қалған, иттің ұлығанындай өлеңді қайталата бергенді қашан қоясың? Қа- зақтың əні болса-ау... Мықтасаң, орыстан қатын алған шы- ғарсың... Ағаш кеңірдегіңді жұлып қолыңа берейін! Ендігі əрі мына қызға жолаушы болма! Ол менің...

 

Шал орнынан саспай тұрады, темекісін сөндіреді, су іше- ді, аузын сүртеді. Содан соң жігітті көз ілеспейтін шапшаң- дықпен тік көтеріп алады да, далаға шығара жөнеледі. Отыр- ғандар шу ете қалады. Шал қайтып келіп орнына жайғасады.


Беті бал-бұл жанған Анна əн салып тұр. Əн аяқталған соң қыз Шалдың жанына келеді.

 

Əнші қ ы з (сүйсіне қарап). Сіз, ата, нешедесіз? Ш а л (мырс етіп). Оны неге сұрадың, қалқам?

Əнші қ ы з . Тым қарулысыз, шашыңыз аппақ болға- нымен іс-əрекетіңіз өте жас, киім киісіңіз, сөйлеген сөзіңіз де бір түрлі...

Ш а л . Бірер жылда жетпіске келеміз.

Əнші қ ы з (басын шайқап). Қазіргі жігіттер кейін сіз- дің жасыңызға жеткенде қандай шал болады екен?..

Ш а л . Оны да көрерсің.

Əнші қ ы з (мұңайып). Əй, қайдам?.. Ол күнге не олар жетпес, не мен жетпеспін... Ендігінің адамдары ерте қартая- тын секілді.

Ша л . Кісіні қартайтатын уақыт емес, уақиға ғой, қалқам. Əнші қ ы з . Оныңыз да рас. (Күрсінеді, сəл үнсіздіктен соң). Сіз əлгіндегі жігітпен бекер байланыстыңыз, мінезі жа-

ман. Өзі секілді əпербақан достары да көп...

Ш а л . Ол сенің кімің еді?

Əнші қ ы з . Менен үміткер бала қораздардың бірі де... Күнде осында келіп мазамды алады. Кеше үйге дейін ере ба- рып, түні бойы тереземді қағып, торуылдап кетпей қойды. Қадалған жерінен қан алатын пəле екен өзі. Жүрекке əмір жүре ме.

Ш а л (кеңкілдеп күліп). Қазақшаға судайсың ғой, қайдан үйрендің?

Əнші қ ы з . Біз тұрған ауылдың орыс балалары сиыр- ды «өк» деп, ал, қазақ балалары «соля» деп қайыратын. Со- дан соң мектепті де қазақша бітіргенмін, ата.

Аз-мұз саябырлаған музыканттар аспаптарын əзірлей бастайды. Барабаншы жігіт дауыстайды.

 

Барабаншы . Оу, Анна Самойловна, келмейсіз бе?.. Əнші қ ы з . Өздерің ойнай беріңдер. Мен шаршадым. Барабаншы . Неден шаршадың жаным-ау, бар айтқа-

ның жалғыз əн...


Шал ойланып қалады, сөнген темекісін қайта тұтатады.

 

Ш а л (өзіне-өзі). Қызық екен... (Басын шайқап). Құдай- ау, қандай ұқсастық... Бейнебір түсімдегідей, бейнебір бая- ғыдай...

Əнші қ ы з . Не қиялдап отырсыз, ата?

Ш а л (селк етіп). Шалдар ешқашан да қиялдамайды, қалқам, шалдар тек өткенін ғана еске алады. Əншейін... ескі жылдар есіме түсіп...

Əнші қ ы з (жымия). Ондай болса, сол жылдардың қызығына ортақтасайық та. Мен үлкен кісілердің əңгіме айтқанын бала кезден жасқы көруші едім. Марқұм əжем көп айтушы еді.

 

Осы шақта бағанағы бұйра бас жігіт кіріп, Шал жаққа тү- йіле қарайды, кердеңдей басып ресторан ішін аралап шыға- ды. Темекі сұрап тартып, ізінше шығып кетеді.

 

Əнші қ ы з (жігіттің соңынан қарап). Енді бүгін ма- ған маза жоқ.

Ш а л . Қорқасың ба, қалқам? Замандасың ғой, наздана- ды да... Қазіргі жастардың жақсы көргені тауық секілді, тұра қуады.

 

Қыз сықылықтап күледі. Байсалды музыка ойналады.

Ересек тартқан еркек пен əйел биге шығады.

 

Əнші қ ы з . Сіз бір түрлі қызық кісісіз. Мұндағылар

«Жұмбақ шал» деп бекер айтпайды екен. Анау қолыңыздағы жазудың сырын шертіп бермейсіз бе?

Ш а л . Ол бір ұзағырақ хикая, қалқам. Жұмысымнан қа- лам демесең – айтайын, тыңда. Бүгінде сөзіңді ұғар, əңгіме сұрар ақылды құлақ қалды ма, айналайын. Бірақ, мынандай айғай-шу естіртпес. Жүр мен сені үйіңе дейін шығарып са- лайын, жол бойы айтармын. (Орнынан тұрып Даяшыға ақ- шасын береді). Анау жігіттер іздеп қалмай ма, жаман-жақсы болсын қызметің...


Əнші қ ы з (ол да орнынан тұрып). Ештеңе етпес, мен жоқта да күндерін көрген. Əннің жалғыз тыңдаушысы сіз кетіп қалған соң, ендігі əннің берекесі болмас.

 

Жарық біртіндеп сөніп, музыка ақырындап ойнайды...

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.