Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Екінші көрініс



Екінші көрініс

Беседка. Орындықта Жанар жалғыз өзі отыр. Қасына Жан келеді. Қатарына еппен жайғасады.

Жа н . Сəлеметсіз бе?

Ж а н а р (тура қараған күйі). Сіз екенсіз ғой, есенсіз бе? Жа н (өзіне-өзі). Құдай-ау, қалай танып қойды... Бағана- ғы оспадарлығыма кешірім сұрайын деп келдім. Атың кім,

айналайын?

Ж а н а р . Жанар.

Жа н . Əдемі есім екен...

Ж а н а р . Несі əдемі дейсіз, өзімде жоқ болған соң атаған да солай... (Біразға дейін сөйлемей отырады. Жігіт қызға қадала қарайды. Жанар сезіктеніп қалады). Аға, сіз маған соншалықты қадалып неге қарадыңыз?

Жа н (өзіне-өзі). Тəңірім-ау, мына қыз бəрін көріп, сезіп отыр.


Ж а н а р (сəл күлімсіреп). Мен бəрін сеземін, аға... Бəрін, əйтпесе, қалай өмір сүрер едім. Ұстағанның қолында, тісте- геннің аузында кетпеймін бе...

Жа н (өзіне-өзі). Көзін неге жұмады екен, бəрібір көріп отырған жоқ қой.

Ж а н а р . Көзімді жұматын себебім, аға, ұйқым келді, бі- рақ ұйықтай алмаймын. (Жігіт одан əрі шошына түскен). Менің көз алдымда түн мəңгілікке ұйып тұрады, бірақ ол мəңгі ұйқы – өмір емес қой. Кейде сол қоп-қою қараңғылық- ты қақ айырып, бір нəзік сəуле жанарымды шұқылап ойнай- ды. Сіз түсінесіз оның қандай сəуле екенін, егер сіз оны тү- сінбесеңіз мен сізбен тіпті де сөйлеспеген болар едім.

Қыз көзін жұмып, аспанға шалқая қарап сөйлеп отырады. Жа н . Егер түсінбесем ше?

Ж а н а р (басын селк еткізе көтеріп). Жоқ, менің түйсі-

гім, менің сезімім, бақытыма ма, сорыма ма... ешқашан алда- ған емес. Сіз түсінесіз.

Жа н (өзіне-өзі күбірлеп). Қандай сұлу əрі аянышты бей- не. Ертеңгі күнің не болар екен, қалқам, не болар екен. (Күр- сінеді).

Ж а н а р . Сіз мені аямаңызшы, аға, біреудің аянышты көзі мен сөзінен қорқамын. Қанша мүсіркегенмен менің жа- нарымды жазып берер адам жоқ жер бетінде. Мен мүсəпір де, сормаңдай сорлы да, тіпті керек десеңіз, соқыр да емес- пін! Мен адаммын!

Жа н (абдырап). Кешір, айналайын. Кешір. Одан да əн тыңдайық.

 

Магнитофонын қосады. Əдемі музыка ойнайды.

 

Ж а н а р (орнынан қарғып тұрып, көңілді үнмен). Аға, келіңіз билейік.

 

Аң-таң болған ол еріксіз орнынан тұрады да, белінен ұс- тайды. Бұлар шыр көбелек айналып билей жөнеледі. Осы


шақта бір топ кісілер жиналып қалады. Сыбырлап, бір-бірін түрткілеп сөйлей бастаған. Кейбірі жырқылдап күледі.

 

С е м і з ə й е л . Ананы қарашы, көзі бар бізден жақсы билейді.

Арық əйел . Тіпті, сүрінбейді-ау, нəстəйəши бəлəринаң. Ж а н а р (қалт тұрып). Кетейік, аға, бұл жерден кетейік.

 

Бетін басып тұра жүгіреді.

Сахнаға Жан мен оның Анасы шығады. Əйелдің қолында ұлына əкелген ол-пұлы бар.

 

Жа н . Келіңіз, мама, мына орындыққа отырайық.

Əйел (шаршаңқы). Уһ, өрге қарай жүремін деп, өкпем өшіп кете жаздады-ау. Заңғар таудың басына салмай-ақ, етекке салса қайтер еді санаторийін.

Жа н . Бұл жердің ауасы таза, мама.

Əйел . Таза болғанмен, құрысын, салқын екен.

(Ұлының түймесін салып). Жылы киініп жүр. Көп безек- тей бермей денсаулығыңды күт.

Жа н . Сіз бекер келдіңіз. Өзім-ақ барып қайтар едім ғой.

Кеше ғана телефон соқтым.

Əйел . Балам-ау, оған жүрек шіркін шыдар ма?!. (Беті- нен сүйіп). Əкең де мазасызданып жүр. Құдай жалғыз ұл бер- ді. Жарты жанын ала берді деп уайымдайды. Осыдан шық- қан соң Қырымға курортқа жібереміз.

Жа н (мұңая). Менің жарам жеңіл ғой... Жанарды айт- саңшы, Жанарды...

Əйел (елеңдеп). Оның кім тағы?..

Жа н . Тағы дейсің-ау, мен бұрын да біреулерді...

Əйел (сөзін бөліп). Анар келген жоқ па? Звондап, адре- сіңді сұрап алып еді...

Жа н . Жоқ, келген жоқ. Сол ерке-тотай қызды қойсам ба деп жүрмін.

Əйел . Қойғаны несі? Екі семья да біледі. Əке-шешесі- нен ұят емес пе? Бұл сөзді əкең естімесін де... Естісе, ин- фаркт...


Жа н . Сонда мен əкем үшін үйленуім керек пе... Қызық рассуждать етесіздер.

Əйел . О баста сендерді табыстырған біз емес, өздерің- сіңдер. Оның бер жағында Анардың əкесі папаңның бастығы. Жа н (мырс етіп). Қызымды алмады деп, папамды қыз-

меттен қуады дейсің бе?

Əйел . Дегенмен, ойлан, ұлым, ойлан.

Жа н (шешесініц иығынан құшақтап). Мама, сізге мен бір нəрсе айтайын деп едім...

Əйел . Айта ғой, құлыным.

Жа н . Маған осында бір қыз ұнап қалды. Əйел . Не дейді. Ол да ауру ма?

Жа н . Дүниедегі ең сұлу да ақылды қыз. Бірақ... бірақ көзі көрмейді.

Əйел (орнынан шошына қарғып тұрып). Құдай-ай, көрсетпегенің көп екен-ау. Соқыры несі?.. Қолынан жетек- теп жүрейін деп пе едің? Бəсе-бəсе, жүрегім бір нəрсені сезіп еді...

Жа н . Неменеге ойбайлайсыз, мама? Тап қазір үйленейін деп отырған жоқпын ғой. Ұнайды, қайтейін енді, мен оны шын жақсы көріп қалсам.

Əйел (көзінің жасын сүртіп). Ұмыт, атама атын. Əкең естімесін. Көрсетпе, көзімізге. Ел-жұрттан ұят.

Жа н (басын шайқап). Қызық екен... Ел-жұрттың ұяты бардай-ақ сөйлейсіз. Біле білсеңіз, бұл əлемде ұяты бар жал- ғыз адам – сол.

Əйел . Оның ұятын езіп ішеміз бе, көзі көрмесе. Жа н (ашуланып). Білмей тұрып, тіл тигізбеңіз.

Əйел . Соқыр қызбен қалай ғана бақытты бола аласың, жалғызым-ау.

Жа н . Бақыттылық дегеніміздің өзі – басқаны бақытты ету емес пе.

Əйел (безектеп). Құрысын. Сен адам болмайды екен- сің. Осы қазір алып қайтамын, жинал. (Орнынан тұрады).

Жа н . Күнімді бітірмей қайтпаймын.

Əйел . Ендеше, əлгі соқыр қызға жоламаймын деп уəде бер. Егер осыдан сол жарымжан қызбен əуей болдың бар ғой, онда үйге келмей-ақ қой.


Жа н . Ойланайын, мама, ойланайын.

Əйел . Басыңды қатырма. Сен үшін ойланатын адамдар бар.

Ұлының бетінен сүйіп кетеді.

Жа н (жалғыз өзі). Сен ертеңіне тамаққа келмедің, Жа- нар, оның ертеңінде де келмедің. Іздеп барып едім басыңды көтермедің. Үшінші күні далаға шыққанымда мен сені қы- дырып қайтуға шақырдым. (Сахнада Жанар көрінеді). Жүр, Жанар, сонау дачаларға дейін серуендеп қайтайық. Күн ашық екен. Көп ұзамай көктем де келеді. Жылымық туып, қар ери бастапты.

Ж а н а р (мұңайып). Оны білемін ғой, аға... Сіз бекер жа- қындайсыз маған. Осындағы қыз-келіншектер өсектеп жүр. Көріп тұрған да, көздері бар ғой. Бірақ мен қорықпаймын, арашашым – арымның тазалығы. Маған тағдырдың бұйырт- қаны осы еді, оны да тартып алғысы келеді. Сонда маған не қалады, айтыңызшы аға! (Дірілдеп). Не қалады?! Өлу ме?

Жа н . Олай демеші, Жанар. Ел не демейді.

Ж а н а р . Рас, ел не демейді, аға. (Көңілденіп). Жүріңіз, ағаш қосқа барып қайтайық.

Ағаш қостың дəл жанына жеткенде, Жанар қалт тұрады. Ж а н а р . Міне, менің дачама келіп жеттік. Қараңызшы,

аға, қардан қалап атымды жазып кетіп едім, бар ма екен?..

(Жан не айтарын білмей, үнсіз тұрып қалады. Жанар саусағымен өзі сипайды) Шашып тастаған екен, жүрегім се- зіп еді. Мұны да қызғанды-ау, кім екен?

Жа н . Кім дерің бар ма, бəрі. (Паузадан соң). Иə, барлы- ғы жабылып өшірген шығар. (Көрермендерге). Аппақ қар- дың үстіндегі қара қостың алдында отырғанда сен алғаш рет ашылып сөйлеп, күні бүгін есімнен кетпейтін əңгіме айттың. Сен сонда алғаш рет басыңды иығыма сүйеп, маужырап жас балаша ұйықтағансың, ұйықтап отырып күлімсірегенсің, сонан соң қалам қасыңды түйіп күрсінгенсің. Сонда сен ба- сыңды иығымнан алмаған қалпың, жас балаша еркелеп...


Ж а н а р . Сіз адамдар неге бір-біріне өш екенін білесіз бе?

Жа н . Адамдар өзіне-өзі өш. Оң қолы мен сол қолы, оң көзі мен сол көзі мəңгі қас дейді.

Ж а н а р . Ол өтірік. Кісілер ешқашанда өзіне жауыққан емес.

Жа н . Ендеше, неге өзін-өзі өлтіреді?

Ж а н а р . Ол ілуде кездесетін аурулар ғана. Егер, шы- нымды айтсам, өмір сүруге менің де хақым жоқ. Қазақтың

«мұндай тірлікті итке бермесін» дегені маған айтылған емес пе... Ал, өле салсам, пышақ та, жіп те (паузадан соң) ... қыс- қасы, өлудің, өлтірудің неше түрлі əдіс-айласы, құралдары жетілген уақыт... неге сонда?..

Жа н . Баяғыда дейтін менің əкем: мұрны пұшық, аяғы ақсақ, құлағы қақас еститін, беті шұбар, бір жақ көзі... тілі сақау, белі бүкір Өлмесек атты шалдың бұғанасы сынып ауырып жатқанда: «А, Құдай, бейнетіңнен сақта», – деп ті- лейді екен. Сонда інісі: «Саған Құдайдың бермеген бейнеті бар ма еді», – деп ұрсады екен.

Ж а н а р (сықылықтай күліп). Оптимист адам екен. Бая- ғыда соқырлар мектебінде оқып жүргенде мұғаліміміз айту- шы еді, оның көзі де шала көретін: «Айналайындар, өмірді көзі барлардан əлдеқайда артық сүйе білуіміз керек. Өйткені біздің – көрмейтіндердің жер бетін түрткілеп жүруі – оларды тəубеге келтіреді. Біз солар үшін өмір сүруіміз керек. Өйт- кені олардың санасынан минут сайын «соқыр болып қалма- йық» деген қауіп кетпеуі керек.

Бір күні ол маған: «Жанар, менің де жанарым су қараң- ғы болып қалған кезім болған. Бұдан он жыл бұрын екі кө- зімді бірдей шел басып, мүлдем көрмей қалдым. Сонда мен өзімді емес, сүйіп қосылған жарымды аяған едім», – деп еді. Ол күн-түн демей зар еңіреп жылай беретін. Ал, кіш- кентайдан бірге өскен жан досым жаны қалмай жетелеп жүрген еді... Одессаға барып операция жасаған соң, иненің жасуындай саңылау жасап берді. Бірақ оны ешкімге айтқан жоқпын. Мені Одессадан досым мен əйелім алып қайтты. Самолетте үш орындыққа қатар отырдық. Сонда не көрді


дейсің ғой... не көрдім? Жалт қарап едім, (пауза) жалт қарап едім, жан жарым мен жан досым құшақтасып, сүйісіп отыр екен... Мені мүлдем көрмейді деп ойлаған олар, емін-еркін аймаласты-ай... Самолеттен түскен соң үйге бармай сендер- ге, соқырларға тартып едім... деп еді мұғаліміміз... Мен мұ- ғалімнің əңгімесін сізге неге айтқанымды білесіз бе?

Жа н (өзіне-өзі). Құдай-ау, мына қыз мені алдап жүр.

Ж а н а р . Оны айтқан себебім, егер артық айтсам кеші- ріңіз, сізден басқа, маған жақындаған еркек атаулының көзі бойымды тінте, кеудеме... балтырыма қадала қарағанын ылғи сеземін. Ал, сіз өзгешесіз... Шынымды айтсам, сізге жақындаған сайын алыстап бара жатқандаймын. Мен сізге тым үйреніп кеттім, аға, кей түндері (пауза) ... тіпті кірпігім айқаспай шығады. Мен сізді оқыстан таптым, енді оқыстан жоғалтып алатын сияқтымын.

Жа н (өзіне-өзі). Жанар, сен толқып, егіле сөйлейсің. Өз ойыңның барлығын қысылмай, өтірік тəлімсімей еркін ай- тып едің. Сен боз ала таңда сайраған бозторғай едің, жаным, қайтейін...

Ж а н а р (мұңды қалыпта). Бұл лайым ғашықтық та, зар еңіреп қияли болып кетер сүйіспеншілік те, демек, қыз бен жігіттің арасында болар құмарлық та емес, ғұмыр жалғанды қимайтын асыл заттың, тіпті, əлгі əдемі сезімдердің бəрінен биік ақ, əділ періштелік шығар-ау. Бұл тіл безегенім емес, осы жүрісіміздің, қарым-қатынастың басын ашып алуым.

(Қыз орнынан тұрады да, ақырын жүре бастайды. Кенет аса көңілді үнмен). Мен кеше түсімде сізді көрдім, аға. Мен күндізгіден гөрі түнді жақсы көретінім – түс болса да, көре алу бақыты. Орта бойлыдан жоғары, ақ свитер мен джинси. Маңдайыңызға түскен шашты қайта-қайта қайыра бересіз.

 

Жігіт шошына қарайды.

 

Жа н (өзіне-өзі). Тəңірім-ау, көреді ғой деймін, қайдан біледі.

Ж а н а р (паузадан соң). Сіз менің қолымнан жетелеп, асау өзеннің үстіне салынған қыл көпірден өткізіп келеді


екенсіз деймін. Маған айттыңыз: «– Артыңа бұрылып қара- ма. Егер артыңа бұрылсаң, екеуіміз бірдей от өзенге құлап өлеміз». Арғы жағалауға аман-есен өтіп шыққанда, міне, ға- жап, мен көремін: қап-қара түн, қап-қара аспан, қап-қара гүл мен қап-қара адамдар ал қызыл түске боялды. Əлгінде біз өткен өзен қып-қызыл, тіпті, аққан қан секілді еді. Мен қуан- ғанымнан еңіреп жылап жібердім. Жанарымнан жас емес, екі қарашығым ағып түсе берген кезде сіз қақшып алдыңыз да, əлгі қан өзенге лақтырдыңыз. Содан соң маған: «Жыла- мауың керек еді, бұл арада тек қарқылдап, жарқылдап жүре- тіндер өмір сүреді. Бұл жақ – күлкісі тоқ, ессіз, жалтақтамай тек уралап алға шабатындар мекені», – дедіңіз де, мені кө- пірден кері өткізіп, өзімнің мəңгілік мекенім – соқырлар ара- лына апарып тастадыңыз. Сөйтіп, сізбен мүлдем қоштастым да, бір-бірін жетелеген туыстарыма оралдым.

 

Қыз өксіп жылап, жүгіре басып шығып кетеді. Жігіт жал- ғыз қалады. Мұңлы музыка ойнайды.

 

Жа н (өзіне-өзі). Иə, сенің соңыңнан тұра қууға дəрмен жоқ еді менде. Бойымды, бір жағынан, қорқыныш, бір жағы- нан, өкініш биледі. Сен қайтардан бір күн бұрын тау басын- дағы қара қосқа тағы да келіп едік. Қандай ауыр кеш еді... Таудың үстінде қатар тұрып, сонау етекте самаладай жарқы- рап жатқан Алматының түніне қарағанбыз...

 

Қыз бен жігіт қатар тұрады.

 

Ж а н а р . Түнгі дала қандай əдемі екен, шіркін, əттең, сіздің көзіңізді қарызға сұрап алып, Алматыны жалғыз-ақ рет көріп жан тапсырар ма едім.

Жа н . Менің көзім көз болмайды ғой, айнам. Өйткені ме- нің жанарым сенің жан дүниеңе сəйкес келмейді.

Ж а н а р (күрсініп). Мүмкін... Арман ғана... арман... Бі- лесіз бе, аға, бес жасымда болар, жұлдызқұрт ұстап алып, брошка жасаймын деп шашыма таққанмын. Сонда əлгі жұл- дызқұрт түнде жұлдызша жарқырайтын, ол кезде мен көре-


тін едім ғой... Қазір ойлап тұрмын: анау етекте жатқан шам- ды қала сол жұлдызқұртқа ұқсас шығар.

Жа н . Рас, айтасың, Жанар. Кейде алып қазанда шоқ қайнап жатқанға ұқсайды.

Ж а н а р (көңілдене). Ал, мен айтар едім, жұлдызды ас- панның бір шеті ойылып, Алматының үстіне құлап кеткен деп... (Пауза). Сезесіз бе, желмен бірге адамның да иісі келіп тұр.

Жа н (аспанға қарап). Жұлдыз ақты.

Ж а н а р . Көріп тұрмын. Егер жұлдыз көп ақса, күн ашық əрі ыстық болады. (Пауза). Аспаннан ағып түсер сол жұлдыз, бəлкім, түсімде ағып түскен менің жанарым болар, адасып жүр-ау...

Жа н (алаңдап). Мен... бүгін сені танымай тұрмын, Жа- нар. Мұншалық күйреуік сезімге тізгін бермеуші едің.

Ж а н а р . Бүгін мен өзімді-өзім түсінбей тұрмын. Бей- небір көк жойқын теңіз бетінде малти-малти əбден шаршап, жағалауға қолым енді іліне берген кезде өліп кетер халде- мін. Иланыңызшы, аға, менің көзім тек бүгін көрмей қалған секілді, бəлкім, бұл – ертең сізбен мəңгілікке қоштасар ми- нуттың тым жақын қалғандығынан ба екен... Адамдар тек айырылысу үшін ғана жолығарын енді ғана білдім, аға.

 

Қыз маңдайын жігіттің иығына сүйейді. Жан оның жана- рын алақанымен сипайды.

 

Жа н . Боздаған ботам-ау, жанарыңда жас бар ғой.

Ж а н а р (өксіп). Шын жылағаным шығар, соқыр көзден жас сонда ғана шықпаушы ма еді.

Жа н . Сені жұбату менің қолымнан келмеді. Қайтайық.

Ж а н а р (жасын сүртіп). Жоқ... Бүгін мен қадір түнін күзетемін. Мен сіздің жетім ботаңызбын, жиырма күн жете- ледіңіз, бір күнге шыдарсыз. Мұның мен үшін, ертеңгі сізсіз өмірімнің өксіксіз өтуі үшін қаншалықты мəні барын сезесіз бе, аға. Түн жамылып тұрып ағымнан жарылсам, адамға ең керегі шырадай жанған көз емес, қолына шырақ секілді ұс- тап жүрер айнымас адал дос екен. Мүмкін... (Қыз дірілдеп,


саусақтарымен жігіттің бетін сипайды). Мүмкін. (Пауза).

...Мендей ғаріпке сізден артық жанардың керегі жоқ шығар, бірақ сіздің өз жанарыңыз бар...

Жа н . Жанар. Ж а н а р . Ау.

Жа н . Бүгін неде болса, осы қосқа қонып шығайық.

Ж а н а р . Маған бəрібір енді, боздаған боздағыңызбын, бастаңыз, аға.

 

Екеуі көңілді жүріп, қостың ішінен төсек жасайды. Қа- тарласа жатады.

 

Жа н . Бүгін түн аса жылы екен. Алматының көктемі ерте шықты.

Ж а н а р . Ал, енді ұйықтайық, аға. Маған жақындаңыз- шы, жылы болады. Ертек айтыңызшы.

Жа н . Бала кезде көп білуші едік. Бірде-бірі есте қалмап- ты құрғыр.

Ж а н а р . Бірақ осылай жатқанымыздың өзі ертек сы- қылды емес пе? Амал не, аяғының қалай аяқталатынын біл- мейміз.

Жа н . Ертек ылғи жақсылықпен аяқталмай ма?

Ж а н а р . Рас-ау, дегенмен, олай аяқталу үшін басы қор- қынышты басталуы керек еді. Біз кешіп жүрген ертекте дү- ние тым тəтті басталған...

Жа н (шалдың даусына салып). Баяғыда, шырағым, ер- те-ерте ертеде, ешкі жүні келтеде, қырғауыл жүні қызылда, қарғаның тұмсығы ұзында жігіт пен қыз болыпты...

Ж а н а р (сөзін бөліп). Екеуі де ғашықтықтан өліпті дей- сіз ғой. Жо-жоқ, мені мұндай ертек қызықтырмайды. Одан да өлген кісі секілді тым-тырыс үндемей жатайық. Бір-екі- үш, ал мен көзімді жұмдым. (Ұзақ үнсіздік. Жеңіл музыка ой- нап тұрады. Жанар басын көтеріп, соншалықты сабырмен, ақырын ғана). Аға.

Жа н . Ау.

Ж а н а р . Бетіңізден сүйейін бе?


Жан басын изейді. Қыз оның бетіне ернін тигізеді. Жігіт омырауына құлаған шолақ шашынан сипайды. Бұдан соң Жанар қайтадан шалқасынан жатады.

 

Жа н (басын көтеріп). Жанар. Ж а н а р . Ау.

Жа н . Көзіңнен, əлемдегі ең сұлу жанарыңнан өбейін бе?

 

Қыз басын изейді. Жігіт екі көзінен кезек сүйеді. Осы шақта Жанар оны қапсыра құшақтайды.

 

Ж а н а р . Аяулы, ағайым менің. Арманым менің... Жер бетінде сіздей асыл адамдар барда маған жанардың керегі не. Біздерде бəрі бар, барлығы жетеді, біздерге жетпейтіні – айнымас дос, жақсы адамдар ғана.

 

Осы сəтте жарық Жанның шешесін көрсетеді.

 

Əйел . Балам-ау, мұның не? Пəле болады ғой, ертең со- ңыңнан қалмайды ғой.

 

Жан қыздың құшағынан сытылып шығып кетеді. Енді жарық жігітке түседі.

 

Ж а н а р . Аға, қорықпаңызшы менен! Қорықпаңызшы! Жа н (көрермендерге қарап). Күні бүгінге дейін  ойлай-

мын. Көзіңе қамшы тиген жас ботадай боздап жүрген ша- ғыңда, қуанышың демеймін, жұбанышың бола алдым ба? Мен осы жасымда көзі бар соқырды да, көр соқырды да көр- дім. Солардан талай таяқ жеген ағаң осалдықтың арқанына буынып өлуге даяр еді. Кейде томсарған жүзіңе қарап тұрып:

«Құдайым-ау, екі құлағын ал, тілін ал, бірақ көзінде не құ- ның қалып еді», – деп егілуші едім. Бақсам – оным сені аяу- дан туған мантырақ ойлар екен. Егер сенің көзің сау болса – табиғат басыңа осыншама сұлулық пен ақылдылықты үйіп- төгіп бере алмас еді-ау. Бұл жалғанда мұңы жоқ пенде бар ма, қайсысының дерті сыртында, қайсысының дерті ішінде.


Кейде сенің жаныңда отырып, тағдыр бұйрығына ырық бер- меген қайратты ажарыңнан өлім елесін аңғарып қалып, кө- ңілім мұздап сала беретін. Бірақ осы ойымның күл-парша- сын шығарған сенің магнитофонға жазып қалдырып кеткен хатың болды. Сені поезға шығарып салып, сол екеуміздің қара қосымыздың алдында отырып, хатыңды тыңдадым.

 

Жарық Жанарға түседі.

 

Ж а н а р Сонымен, аға, сізбен де қоштасып  барамын.

Бір ғасырға бергісіз күндер жылжып өте шықты. Тағдырдың жазуы шығар. Сіз ойлағандай, бұған дейін жүдеген көңі- лім түлеген жоқ, дертіме дерт жамап қайттым. Бұдан мың жыл бұрын қирап қалған ескі қораныың арасында қалған- дай мəңгірген күйде аттандым. Сіз, аға, өзіңізді тым тəртіпті, ережедегідей ұстадыңыз. Бұл сіз үшін үлкен сынақ сықыл- данды. Артық сөз айтпай, оғаш қимылдамай өзіңізді-өзіңіз тура жиырма күн тұтқындадыңыз. Мен сізді соңғы бір ап- тада жек көре бастадым. Маған сіз, аға, өзгенің жоғын өлең айтып жүріп іздейтіндей көнтерілеу көріндіңіз. Он екі мү- шесі сау адам мүгедектің шын сырын, шын қайғысын түсін- бейді екен. Ал, біздерге өзгенің жанашырлығы керек емес. Аялауыңыздың артында аяуыңыз тұрғандықтан, қанша сұлу болсам да, мені бəрібір мүгедек деп қабылдадыңыз. Сезімі- ңізді сақтық жеңе берді. Естияр адам болсаңыз да айтайын: соншалықты сақтанғанда мені сақтап қалам дедіңіз бе? Екі көзім шырақтай жанып тұрса  (пауза) онда құлым болып,

етегіме жармасып өтер едіңіз. Жұрт не десе де, мен де жү-

регі бар жұмыр басты пендемін, көлденең көк аттыға емес, сізге, тек қана сізге, барымды да, өзімдегі жалғыз сыйым – арымды да жолыңызға садақалағым келген еді. Егер менің қолымнан өзіңіз болмаса да, сізден туған бала жетелеп жүр- сем, мен үшін одан артық бақыт болар ма еді! Мен осыған тəуекел жасағанмын, ал, сіз құтылғанша асықтыңыз, аға...

Мені сіздің қолға су құя алмайтын жат біреуге қор қылды- ңыз, аға, сондықтан да суық сезіммен аттандым. Тиіссем, маған тием деп əурелейді деп шошыдыңыз. Ал, маған сіздің


түкке қажетіңіз жоқ, сізден туған бала – көзімнің жанары ке- рек еді. Сонда менің есіме қазақтың:

 

Жолаушы, атың семіз желе-тұғын,

Көз бар ма мен байғұста көре-тұғын, –

 

деп басталар өлең жолдары оралған. Бəлкім, бұл хатым сізге ауыр тиер, маған жеңіл дейсіз бе. Сонымен, аға, сіз мені мəң- гі түн – соқырлар аралына тастап кеттіңіз. Мен сізді аяймын, аға. Сау соқырлығыңыз үшін аяймын. Сіздің маған жаны ашыған сезіміңізден мың есе артық аяушылық сəлемімді жолдаймын. Көзіңізге қараңыз, аға! Аяймын, аяймын... аяй- мын...

Сəлеммен Жанар.

 

Қыздың бейнесі бірте-бірте жоғалады.

 

Жа н . Мен осы суретті көрген сайын сені есіме аламын, сені есіме алған сайын осы суретті көруге асығамын. Қазір қайда, қандай күйде жүр екенсің, Жанар. Сен қу мекиен да- лада өскен жалғыз ақ қайың едің, желіккен жел жапырағың- ды жұлмалап, мұңлы əн салып жүрсің-ау.

Ав т о р . Міне, қымбатты достар, айнымас махаббаттың қалай аяқталғанын көрдіңіздер. Соған қарағанда, шын ға- шық жандардың тағдырлары əрқашан тайғақ бола ма дей- мін. Атамыз қазақ: «Азапсыз махаббат – арзан махаббат», – деп бекер айтпаған ғой. Ал, енді келесі бір хикаяның куəгері болыңыздар. Оның атын шартты түрде «Жанар» деп атадық.

 

Шымылдық




  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.