Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЖАНАР. Бірінші көрініс



ЖАНАР

Қ а тынас у ш ы л а р

 

Ж а н а р      – соқыр қыз

Əйел   – Жанның анасы

Жа н            – журналист жігіт Ав т о р

Даяшы

 

Санаторийде демалушылар

 

Ав т о р - ж у р н а лист (қабырғада ілулі тұрған «Але- нушка» суретінің жанына барып, ойлана сөйлейді. Мұңлы əуен ойнайды). Мен осы суретті көрген сайын сені есіме ала- мын немесе сені есіме алған сайын осы суретті көретінмін. Қазір қайда, қандай күйде екеніңді білмеймін... аузым бар- майды ондай жамандыққа... қайда жүрсең де, сен əрқашан- да менің жүрегімдесің, атыңды алтын əріппен ойып жазған- мын. Менің өкінішім – мынау өзің туралы пьеса, көре алмай- тының. Сен қу мекиен далада өскен ақ қайың едің, желіккен жел жапырағыңды жұлмалап, қалтырап тұрсың-ау, жазған, қалтырап тұрып, сыңсып əн саласың-ау, айнам сол мұңлы үн менің құлағыма еміс-еміс естілгендей сол сай-сүйегіңді сырқыратар жетім əуен тым жалғыздығыңның – тым жарым- жандығыңның – бебеу қаққан жаршысы, адамдар, тіпті бүкіл əлем алдындағы наурыздың ақша қарындай аппақ, ар-ожда- ныңның арашасы сықылданатын.

Мен осы суретті көрген сайын тіршіліктің мəнін бұрын-

ғыдан əлдеқайда түсініп, өзім де біле бермейтін мəңгі тұман- ды, мəңгі шексіз сапарға аттанып кетуді көксер едім.

Мен бұл суретке қараған сайын жүрек соғысым бəсең- деп, аз сəтте кейін барлығымен – сені мен суреттен басқаның барлығымен қоштасып, ажал арбасына мініп кеткім келеді, Жанар. Талай рет ағыл-тегіл жыладым да. Есіңде болар, мен саған осы суретте, су жағасында тізесіне басын қойып жал- ғыз қыз... саған өте ұқсайтын қыз отырғанын, тəптіштеп тү-


сіндірер едім. Ал, сен қабырғада қағулы тұрған суретті жұп- жұмсақ алақаныңмен сипалап, ауыр күрсінер едің...

 

Бірінші көрініс

Санаторийдің асханасы. Демалушылар тамақтанып отыр. Осы кезде қолында талон-қағазы бар журналист жігіт Жан кіреді. Өз орнын таба алмай, селтиіп тұрып қалады.

Даяшы қыз келеді.

Даяшы . Кешіріңіз, сіз жаңадан келдіңіз бе?

Жа н . Иə, кіргенім осы. Байқаймын, бос орын қалмаған-

ау.

Даяшы . Неге, кəне, номеріңізді көрсетіңізші. (Жігіт-

тің қолынан қағазын алып оқиды). Ə-ə, сіздің орын он үшін- ші екен, анау қыздың қарсысына барып отырыңыз.

Жан ырғала басып, қара көзілдірікті қыздың жанына жай- ғасады.

Жа н . Естисіз бе, қарындас? Здорово повезло. (Қыз үн- демейді. Қабырғадағы ілінген суретке көзі түскен жігіт). Двойне повезло. Əдемі сурет, періштедей қыз. Тамағы да жақсы болар, қарындас... қалай қарындарыңыз ашпай ма? Таңертең – жұмыртқа, түсте – капуста көже, кешке – котлет беріп қатыратындары бар.

Қыз үндемейді. Алаңсыз тамақтанып отыр.

 

Жа н . Сіздің, немене, тіліңіз жоқ па? Əйтеуір, бір стол- да қатар отыратын болған соң түбі бір танысармыз. Ал, бас- тайық. Менің атым – Жан. (Қолын ұсынады. Қыз қимылда- майды). Немене, соқырсыз ба, қолымды беріп тұрмын ғой... (Қыз қасығын түсіріп алады). Ал, ендеше, үндемес ойна- йық. Ерегістірсеңіз мен де үндемейін, тымпи ойнайық та отырайық осылай. (Даяшы жігітке тамақ əкеледі). Айтқа- ным айнымай келді, капуста, көже... Таң атқанша ұйықтат- пайтын болды-ау, ішіме жақпаушы еді.


Екеуі үнсіз тамақ ішеді. Жұрт тарай бастаған.

Жа н (аузын сүртіп). Қарындас, қараңызшы, мынау су- реттегі қызға сіз өте ұқсайсыз.

Ж а н а р (паузадан соң). Мен ештеңе көріп отырғаным жоқ.

Жа н (жеңілтектеніп). Түу, əйтеуір, өлдім дегенде бір сөз шықты-ау аузыңыздан. Қалайша өтірік айтасыз. «Көр- мес – түйені де көрмес» деген осы-ау. Əншейін, менімен сөйлескіңіз келмей отыр, ə. Əйтпесе, сіздей қара көз қарын- дастың көркемөнердің мынадай ғажап туындысын түсінбеуі, көрмеуі мүмкін емес.

Ж а н а р (көзілдірігін алып). Рас айтамын, ағай, мен көр- меймін, соқырмын, ағай...

Жан сілейіп отырып қалады, қыз шығып кетеді.

Жа н (аң-таң). Алдаған шығар. Мұндай сұлудың соқыр болуы мүмкін емес...

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.