Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Екінші сурет



Екінші сурет

Сараның бөлмесі тап-тұйнақтай жиналған. Терезенің пер- десі мен төсектің жапқышы көгілдір. Оң жақ іргеде пианино тұр. Қызға керек ол-пұл трюмо айнаның алдына қойылған. Ал, сол жақ қабырғада кітап сөресі. Сөре үстінде ешкімге назар аудармай өзімен-өзі отырған жас жігіттің суреті қо- йылған. Бөлмеге Сара мен Жан кіреді.

С а р а (көңілді). Міне, мен осы бөлмеде жападан жалғыз тұрамын. (Жанның қолынан тартып). Кір, кір, сізді жеп қоя- тын қасқыр жоқ мұнда. (Күледі).

Жан жан-жағына əуестікпен қарайды. Сара ас бөлмесіне кіріп кетеді.

 

Жа н (суретті нұсқап). Бауырыңыз ба?

С а р а (ас бөлмесі жақтан дауыстайды). Мен сізге шай қайнатып берейін деп пысықсып жүрмін. (Шəйнекке сарыл- датып су құйғаны естіледі).

Пауза

 

С а р а (ас бөлмесінен айқайлайды). Неге үндемей қал- дыңыз? (Табаның шыжғырылғаны естіледі). Енді қайтейік,


үндемес ойнаймыз да... Сіз кімді де болса жағыңызды ашпай жеңесіз-ау деймін. Бірақ бір сұраққа жауап беруге болады ғой.

Жан əлі де болса жігіттің суретінен көз алмай қарап тұр. Жа н . Аш кісі ұрысқақ...

С а р а (ас бөлмесінен). Ə, онда түсінікті. Енді бір бес ми-

нут шыдаңыз.

Жа н (диванға келіп отырады да, өзімен-өзі). Құдай бе- рем десе, аяқ астынан екен-ау. Мықты бол, Жəке, мықты бол. (Көзілдірігін мығымси түзейді). Жалғызсырап жүр екен бей- шара.

Сара дастарқан жасай бастайды. Екеуі асқа отырады. С а р а . Ұялмаңыз, барымен базар болайық.

Жа н (көзілдірігін сүртіп ас жеуге кіріскен). Тамаққа

келгенде менен ұятсыз ешкім жоқ. Баяғыда бригадада жұ- мыс істеп жүргенде, макарон көжені кім бұрын ішеді деп жарыс ұйымдастыратынбыз. Сонда алдыма жан салмаушы едім.

С а р а . Бұл мақтан емес жəне өзіңіздің шыққан тегіңізді əйгілеп алдыңыз.

Жа н . Қарақостан шыққан қара таяқ екенімді құдайдан да, адамнан да жасыра алмаймын.

С а р а . Қалжыңдаймын. Көңіліңіз тым-тым секемшіл екен. Тіпті, жоқтан өзгеге балаша бұртия қаласыз.

 

Пауза. Екеуі шайды үнсіз ішіп отыр.

 

С а р а . Сіз кандидат досыңыз туралы не білесіз? (Бұл сөзді əлдене есіне түскендей ойлана айтады).

Жа н (көзілдірігін тағатсыз түзеп). Не білуші едім... Ең əуелі білетінім – ол əжептəуір атақ алған ғалым.

С а р а (оның сөзін бөліп). Иə, сіз оны ғалым ретінде ғана білер деп ойлаушы едім...


Жа н . Əлбетте, біздің таныстығымыз онша əріден бас- талмайды. Бар-жоғы бір-ақ жыл, онда да айына бір-ақ рет жолығамыз. Ол біздің журналға ғылыми мақалалар жазып тұратын. О баста да редакцияға келгенде танысқанбыз. Ме- ніңше, (көзілдірігін сүртіп) аздап өзімшілдігін ескермесек, жаман жігіт емес.

Сара (таңғалып). Өзімшілдігін неге ескермейсіз? Ең үл- кен қателігіміз де сол – адамдардың ең үлкен мінін ескермеу. Меніңше, (қабағын түйе) меніңше, ол нашар, пасық жігіт.

Жа н (тағы да көзілдірігіне жармасып). Қызық екен, қызық екен... сіз оны жақсы көреді деп еститінмін.

С а р а . Иə, естігенсіз, бірақ білмейсіз: жақсы көргенім өтірік, аздап əуестенгенім рас.

 

Енді екеуі де үнсіз отырып қалады. Ымырт барған сайын үйіріліп келеді.

 

Жа н . Осы тақырыптағы əңгімені доғарсақ қайтеді, енді ғана жыли бастаған арамызды суытып алармыз.

 

С а р а . Қайта жақындаса түспек. Анығын айтып, ағынан жарылғанның несі сөкет. Қазір жасырғанмен шындық түп- тің түбі бəрібір шықпай ма? Пенде болған соң ылғи сыйла- сып, сырласып өтуі мүмкін емес. Өзім де сол «сері жігітпен» арадағы тарихты айтайын деп ертіп келдім. (Орнынан оқыс тұрады). Аздап шарап ішсек қайтеді?

Жа н (қипақтап). Қарсылық жоқ. Сіз қаласаңыз, у ішу ерлігін де жасай аламын. Тек достарыма айта көрмеңіз...

С а р а . Ə, сіз ұрланып ішеді екенсіз ғой. Əй, қайдам, у ішетіндей батырлыққа бара алмассыз – мына түріңізбен. (Сықылықтап еркін күледі).

Қ о р қ ы н ы ш т ы д а у ы с . Бəрі де майдандағыдай. Пауза. Тыныштық. Іңір қараңғылығы түсе бастаған.

С а р а (кенеттен). Сіз мен туралы қандай ойдасыз? Жа н . Жаман емес.


С а р а . Бұл құтырғаннан құтылудың амалы ғана. Мұн- дай жауап мені қанағаттандырмайды. Егер мұғаліміңіз бол- сам, сөз жоқ, екі қояр едім... Ал сонда сіз де жаман емессіз, кандидат досыңыз да, мен де: сонда кім жаман? (Орнынан булығып атып тұрады). Айтыңызшы, кім?! Ана тұрған бей- күнə бала ма? Жо-жоқ, аттас зарядтар, тек сол ғана нағыз адам!

Жа н (сасып қалады). Менің жазығым не?! Əншейін... кешіріңіз...

Қ о р қ ы н ы ш т ы д а у ы с . Бəрі де майдан!

 

Пауза. Олар алдарындағы «Варнаны» сыздықтата ішіп отыр. Бөлме іші ала-көлеңкелене бастаған. Терезеге батып кеткен күннен қалған ал қызыл нұр түсіп тұр. Радио қобдидан əлдебір симфонияның жеңіл де жүрекке жылы сазы естіледі.

 

Жа н (əуестікпен). Анау суреттегі кім, Сара?

С а р а . Əуреленбеңіз, айтпаймын. Əркімнің бір жұмбақ- ты сыры болуға керек.

Жа н . Өзіңіз біліңіз.

С а р а . Сіздің осы қарыспай, неге болсын оп-оңай келісе салатыныңыз қинайды. Мүмкін, бұл мінезіңізбен түбі мені де жеңерсіз... (Кенеттен дауыстап). Кімнің симфониясы бі- лесіз бе?

Жа н (оқыс сұрақтан абдырап қалады). Вагнер, жоқ Шуберт... Бетховен, Штраус...

С а р а (күліп). Əй, журналистер-ай, барабан секілді сырттарыңыз қампайып, даңғырлағандарыңыз болмаса, іш- теріңіз қуыс-ау. Гайдн дегенді естігендеріңіз бар ма? Əне, физик болсам да, мен білемін. Мен музыканы өте жақсы кө- ремін. Музыка дегеніміз – жүректің қуанышы мен мұңы ғой. Айтпақшы, мына аз сөйлеп, сақ отырған сыпайы сіз, мұң де- генді қалай түсінесіз?

Жа н (ойланып). Мұң ба? Мұң... Қуаныштың қарсы ұғы- мы-ау деймін.

С а р а (толқып, беріле). Ал, меніңше, мұң – қуаныштың серігі, қуаныштың сүйген қызы десе де болады. Мұң бізді ес-


сіз күлкіден арылтады, тəубемізді есімізге түсіреді. Ағат іс, ақымақ жүрістен сақтандырады. Мен бұрын мұңның осын- шалық құдіреті бар-ау деп ойлаған емеспін. Сіз білесіз бе, мен ерте есейдім ғой, университетті де ерте бітірдім. Уақы- тымның көбін күлумен өткізгенмін, тек бертін ғана ес кірді ғой... иə, бертін ғана... Адам көп білген сайын таңғалу сезімі азайып, не нəрсеге болсын күмəнмен қарайды екен. Бəрі кеш болды ғой, кеш...

(Сара орнынан үнсіз көтеріледі де, ас бөлмеге кіріп кете- ді. Не болғанын біле алмай Жан жалғыз отыр. Бөлме барған сайын қараңғылана түседі. Симфония аяқталған. Салқын тыныштық, Сара қайтып оралады. Көзіңің жасын сүртіп). Кешіріңіз, аздап жылап алуға тура келді.

Жа н (күрсіне). Ондай жүрек қысылатын минуттар мен- де де болады. Шынында да, өз-өзіңнен бұдан бұрын ешқашан естімеген, еш жерден көрмеген əлденені сағынасың, сарыла күтесің бəр-бəрі жетеді, бірақ бір нəрсе жетіспейтіндей, ол не? Өмір бақи білмейсіз көзіңнің алды тұманданғандай буалдыр сағымға шомасыз да, мəңгі тыныш күйді аңсайсыз бейне бір анаң алдына алып əлдилеп отырғандай, соншалық тəтті сезім- мен бейуақ халді кешесіз: ешкімнің мазаламауын тілеп алыс- тан... тым-тым шыңыраудан талып жетер нəзік үнге жүрегі- ңізді тосасыз, ымырттанған қуанышты мұң қабыздап, іңір ме- зеттің жұмсақ шапағатына шомылдырып еркелетеді: дəл осы сəтте іштей жарылқанып, егілесіз, көзіңізден жас шығады.

С а р а (терезеге түскен жалқынды сəулеге қарап ойлан- ған қалпы). Айта беріңізші, неге тоқтап қалдыңыз?

Жа н . Мен де сіз құсап өтірік айттым. Өз ролімді басқа- ша ойнағым келді. (Екеуі де күледі).

Пауза. Əлгіндегі терезеге түскен жалқын сəуле семген.

Бөлме тіпті қараңғылана түсті.

 

С а р а . Мен сізге хат оқытайын. (Орнынан тұрды да, шам жағып, альбомның арасын ақтарып жүріп үш-төрт хат тауып алады). Міне, сол бір хаттар. Амал не, дүниедегі ең қимасымды кандидаттан гөрі осы хаттардың иесіне сый-


лауым керек еді, тағдыр деген қызғаншақ екен, бұйыртпады. Қандай ақымақпын. Осы хаттарды кандидат үйге келген сайын оқытып, екеуміз қосылып мазақтап талай күлдік-ау. Қателікті мойындататын əсте адам емес, уақыт екен. (Терең күрсінеді).

Пауза. Сара үнсіз мұңға батып отыр. Жан тракторшының хатын оқуға кіріседі. Радиодан қоңыр əрі өте жас дауыс есті- леді. Дəл осы сəтте сахнаның түбінен тракторшының бейнесі көрінеді. Ол май шамның жарығымен хат жазып отыр.

 

Т р а к т о р ш ы н ы ң р у х ы . «Амандық хат! Сара, аман-сау жүріп жатырсыз ба? Алматыда қандай өзгеріс-жа- ңалықтар бар? Ол жақта күн жылы шығар? Бізде ақ боран. Əрине, сіз білмейсіз, өйткені сіз жаздыгүні келдіңіз ғой.

Сара! Сіз мені ұмытқан жоқсыз ба? Есіңізде ме, мен ат суғаруға барғанда ағайыңыздың кішкентай баласымен өзен- ге тас лақтырып ойнап жүрдіңіз ғой. Содан кейін бірнеше рет киноға бардыңыз. Мен сізді ылғи да сыртыңыздан көріп, тілдесуге батылым жетпейтін. Сонсоң жеңгеңізден адресі- ңізді сұрап алдым да, хат жазуға бел байладым. Əрине, бұл қылығымның ағат екенін де білемін. Бірақ үмітсіз шайтан деген.

Біздің жақта аяз буып тұр. Сіз шомылған өзен əлдеқашан қатып қалған. Ауыл көңілсіз. Анда-санда кино, мереке күн- дері концерт, артынан би болады. Мен көп бара бермеймін, барсам да ылғи қабырғаға сүйеніп қарап тұрамын. Сізден жасырып керегі не, би білмеймін ғой. Сіз енді бір рет біздің ауылға келгенше үйреніп қояр едім. Өзім қазір совхоз қайда жұмсаса сонда барып, əртүрлі жұмыстың басын шалып жүр- мін. Алты айлық механизаторлар даярлайтын курсқа жібере- міз деп еді, əлі хабар жоқ. Кейде жалғызсырайсың, жалыға- сың, сонсоң, əйтеуір, біреуге сыр айтқың, хат жазғың келеді. Солдат досым болмаса, ешкіммен хат жазысып көргем жоқ. Ал, осы уақытқа дейін ешбір қызға сөз айтып, жүрмедім де- сем, сенесіз бе? Ауылдың қыздары көңілден шықпай ма, бір түрлі тартпайды.


Сара, хат жазысып тұрайықшы. Сіз Алматының, мен ауылдың жаңалығын айтып. Əзірше хош, сау болыңыз.

Хат жазып, хабар күтуші – танымайтын танысыңыз –

Есен».

 

Тракторшының бейнесі жоғалады.

 

С а р а . Мен сізге осы хатты алған күнгі күнделігімді оқып берейін. (Қоңыр дəптердің елу шақты бетін ашып, өте майда жазған сөздерді өзгеше толқумен оқиды). «Бүгін мен өте көңілдімін, ауылдағы «ғашығымнан» хат алдым. Кан екеуміз ресторанда отырып оқып, рақаттанып тұрып күлдік- ау. Басы істемейтін даланың бозбаласы болу керек. Кан айта- ды: «Мен де сүйемін, қалай айтарымды білмей жүр едім, өзің хат жазыпсың», – деп жауап бер дейді. Сонсоң екеуміз бірігіп хат жолдадық. Кеудемді əйтеуір бір белгісіз қуаныш кернеп, қарадан-қарап күле бергім, анау самала шамды көшелерді кезе бергім келеді. Өйткені мен бүгін емтиханды ойдағыдай толық тапсырып, аспирантураға қабылдандым. Кан айтады:

«Көктемге қарай қосыламыз. Папаң бізге орталықтан екі бөлмелі үй алып береді. Ол, əне, ұйықтап жатыр, көп ішіп еді, шаршаған шығар. Менің ұйқым келер емес. Хат  жазған

«ғашықтың» бет-бейнесі есімде жоқ, көз алдыма елестете алмадым». (Толқып). Үш-төрт жұмадан кейін екінші хаты келді. (Күрсінеді). Оны Кан екеуміз қосылып оқып шықтық. Екі қолымыз алдымызға сыймай зерігіп жүргенде үлкен ер- мек табылды. Міне, мынау келесі хаты.

Қ о р қ ы н ы ш т ы д а у ы с . Бəрі де майдандағыдай.

 

Тағы да қараңғы түседі. Май шамның жарығымен хат жа- зып отырған тракторшының жұмсақ даусы қайта естіледі.

 

Т р а к т о р ш ы н ы ң р у х ы . «Амандық хабар! Асқар- дың асуындай, өзеннің тасуындай, садақтың оғындай, сек- сеуілдің шоғындай ыстық сəлем жолдаушы – Есенің деп бі- лерсің. Сара, хатыңды алған күні таң атқанша көз ілмедім. Қуаныштан, бақыттан жүрегім жарылып кетердей, өзімді


қоярға жер таппаймын. Неге екенін білмеймін, көңіліме қа- нат біткендей, əлдеқайда алысқа ұша бергім, басым ауған жаққа қаңғылестеп жүре бергім келеді. Отырсам да, тұрсам да сенің елесің жанымнан бір елі қалған емес: көзімді аш- сам да, жұмсам да Күркіременің жағасында жаныңда кіш- кентай қыз бар, арпалысқан толқынға қарап, үнсіз ойланып тұрғаныңды көремін. Сонда көкірегім əлдебір күйдің көбігі- не толып, қара жерге сенің атыңды ойып жаза бергім келеді. Бұрынғыдай емес киноға, ойын-сауыққа барғанды да қой- дым. Қолыма қандай кітап түссе де оқи беремін не болма- са ақ қағазға «Сара, Сара» деп сенің есіміңді тізілтіп жаза беремін. Сарам менің, өзіңде қандай өзгеріс-жаңалық бар? Бос уақытыңды қалай өткізесің? Бізде айта қоярлық пəлен- дей еш нəрсе жоқ. Баяғы қалпы, аудандық Мəдениет үйінің артистері концерт қойды. Оған да барған жоқпын. Жұмыс- тан шаршап келемін де, терезеден қарлы адырларға қарап отыра беремін. Сол аппақ дүниенің тозаңын аспанға шыға- рып, боз жорға жегілген ақ шанамен сені Алматыдан алып қашсам деп армандаймын.

Сара! Қуана бер, тракторшылар дайындайтын курсқа

оқуға жіберетін болды! Ендігі хатты сол жақтан күтерсің. Сағына жауап күтуші – Есенің».

 

Тракторшының бейнесі жоғалады. Жарық қайта жанады.

 

С а р а . Өмір бұрынғысынша ескі сарынмен ресторан, театрлардың табалдырығын тоздырумен өтіп жатты. Осы- дан кейін ол жігітке хат жазған жоқпын, тіпті ондай адам- ның өмірде бар-жоғын ұмытып та кеткен секілдімін. Канның диссертация қорғайтын кезі жақындап қалған. Дегенмен, менің осыншалық тынышты да тəтті өміріме үлкен өзгеріс енгізген əкемнің жұмыстан босауы болды. Өзің білесің, па- пам ірі қызметте еді ғой. Ал, етегіңді сүйіп, есегің болайын деп жүрген Канмен бірте-бірте ауыл алыстанып, түбегейлі ат құйрығын кесіп тындық. Ол Жағырапия деген бағанағы доктордың өзінен екі-үш жас үлкен қызына үйленді. Кешік- пей, өзің білесің, соның арқасында кандидаттық диссерта-


цияны қорғап алды. Ал, мен болсам, қалықтап ұшып бара жатқан құсқа оқ тиіп құлап түскендей, дел-сал қансыраған халді басымнан жалғыз кештім. Ақылдасар, сырласар ешбір ет бауыр жақын досым жоқ екенін сонда ғана білген едім. Осы кезде Есеннің тағы бір хатын алдым. Ойынның өртке айналғанын білдік пе?

 

Сара булығып жылап отыр. Жан болса, үнсіз ойға батқан. Бөлме қараңғыланып, май шамның жарығымен хат жазып отырған тракторшының бейнесі қайта көрінеді.

 

Т р а к т о р ш ы н ы ң р у х ы . «Сара! Екі көзім төрт бо- лып, сенің хабарыңды күткелі айдан асты. Почтаға күн са- йын барамын. Шыныңды айтып жаз, мүмкін, ауырып қал- ған шығарсың. Қалада қайшыласқан машиналар көп деуші еді, қағып-соғып кеткен жоқ па? Бірақ сен маған мүлдем хат жазбай қойсаң да, жақсы көруімді тоқтатпас едім. Өзім қазір тракторшылар курсында оқып жүрмін, сабағым жаман емес. Кейде жатып алып ойлаймын: аман-есен осы курсты тəмамдап, қолыма правомды алған соң, совхоз ескі болса да трактор берсе, күндіз-түні тыным таппай жұмыс істеп, ақша жияр едім. Сосын Алматыға сені іздеп барар едім. Айтпақ- шы, Сара, сен не істейсің? Оқисың ба, əлде жұмыстасың ба? Мейлі, кім болсаң да... Егер бір нəрсе сатып алуға ақшаң жетпесе, ұялмай жазып жібер, жерден шұқысам да, тауып салайын. Бұл жақта көктем жаңа шығып келеді. Алматыда ағаш бүрлеп тұрған шығар. Түнде түсіме кірдің: Күркіре- менің суы тасып, үлкен-үлкен мұз сеңдер ағып бара жатыр екен деймін. Бір сеңнің үстінде сен, бір сеңнің үстінде мен қалқып келеміз. Мен саған қанша жетейін, жақындайын деп тырмыссам да, бəрі бекер болады. Біз осылай əр мұздың үс- тінде жеке-дара ағып бара жаттық... Сара, мен сені сағын- дым, жаным! Құдай-ау, бір көзімді басып тұрып, бір көзім- мен ғана көрер күн туар ма екен? Өзімді-өзім тұтқындап, жападан жалғыз сенделіп жүрген шақтарда ойыма оралған мынау жолдарды жолдап отырмын.


Мен өзім бұл өмірге жылап келгем, Айқайлап несібемді сұрап келгем. Арманның асау аты мөңкіп жықса, Кінəлап өз басымды жылап кетем. Сағынам кейбір кезде мұң шіркінді, Ыстық деп кім ойлаған бұл шіркінді. Бастауы бақытымның болармысың, Апыр-ау көзге неге жас іркілді.

Жас керек бойдың сергіп өсеріне, Жас керек қайғы деген есеріңе.

Жас тілейді қуаныш-сынды құрбым-дағы, Дес бермей ойсыз күлкі есегіне.

Қалқашым-ау,

Бейбіт күнде шайнасаң, тас та жақсы, Бейбіт күнде жыласаң, жас та жақсы.

 

Сен есіме түскен сайын, неге екенін білмеймін, бала кез- дегідей бажылдап емес, іштей егіліп ағыл-тегіл жылағым ке- летін. Мүмкін, бұл жоғы табылған жанның қуанышты көз жасы шығар. Неге екенін білмеймін, мен сені қайтадан мəң- гіге жоғалтып алатын секілдімін. Айтшы, Сара, неге үнде- мейсің, əлде шатпақ хаттарымда ағат сөздер кетіп ренжітіп алдым ба? Жалықпай жауап күтуші – Есен».

 

Жарық қайта жанады. Тракторшының бейнесі жоғалады.

 

С а р а . Ол осы жолғы хатында «Есенің» деп өзімсініп жазбаған екен. Бұрынғыдай емес, оның хатына мəн бере бастадым. Байқасам, еріккеннің ермегінен гөрі ақ көңілдің адал махаббатына ұқсайды. Бəрін де кеш білдім ғой, амал не? Мен бəрібір жауап жаза алмадым. Канның опасыздығы, папамның құлдырауы – бəрі-бəрі қосылып шақшадай басым- ды шарадай етті. Ылғи үлде мен бүлдеге оранып өскен адам кішкентай қиындықтың өзіне-ақ күрт жүдейді білем. Көк- теммен қоштасып, жадырап жаз келді, жайқалып гүл шық- ты. Жазғы демалысқа шықтық. Диссертацияның материал- дарын жинап, жұмысым басымнан асып жүрген. Москва,


Ленинград, Новосибирскіге барып қайттым. Алыс жолдан оралғанда, алдымнан шыққан тағы да хат болды. Бірақ бұл жолы Есен емес, оның жолдасы жазыпты. Міне, сол хат.

 

Жан хатты алып оқи бастайды.

 

Хат: «Сəлеметсіз бе, Құрметті Сара! Сіз, əрине, мені біл- мейсіз. Мен Есеннің жолдасымын. Сізге ауыр болса да, қай- ғылы оқиғаны хабарлауға тура келді. Есеннен айрылдың... Аяқ астынан болды. Трактор курсын бітірген соң «ДТ-54» деген ескі трактор алған. Күндіз-түні көмекшісіз жалғыз өзі жүрді. Ол айтатын: «Маған көп ақша керек, демалысымды пайдаланып, Сараға барып қайтамын», – деп. Амал не, арма- нын орындай алмай ерте кетті ғой арамыздан. Сіз білмейтін шығарсыз, біз шұңқыр қазбай жер бетіне сүрлем саламыз. Əбден жаншып трактормен таптап, шыммен жауып тастаса, шірімей қысқа сақталады. Есен осындай тау болып үйілген жас шөпті таптан жүрген. Əбден биіктеген соң жерге түсті. Дəл осы кезде бригадир келді де: «Тағы да таптамаса шіріп қалады, биыл жауын-шашын көп», – деді. Есен барғысы кел- мей біраз тұрды да, қарғып шынжыр табанға шықты. Сон- соң маған көзі жасаурап соншалықты аяулы жүзбен қара- ды. Жүрегім суып, əлденеден сескене айғай салдым: «Есен, шықпа!» – бірақ бұл шақта «ДТ»-ға от беріп жарқабақтан- ған сүрлем үйіндісіне өрлей жөнелген. Орта беліне барған- да трактор ойда жоқта шалқасынан құлады да, Есен шел- пек болып мыжылған кабинаның ішінде қалды. Біз екінші трактормен аударып алғанша пəленбай тонналық «ДТ»-ның астында жатты. Оның қабірі сол жерде. Мыжылмай аман қал- ған – Есеннің сізге соңғы жазған хаты ғана. Оны қоса жолдап отырмын. Əйтеуір, бəрі де бейне бір соғыстағыдай болды...»

Қ о р қ ы н ы ш т ы    д а у ы с . Бəрі де майдан! Бəрі де

майдан!

 

Сахнаның арғы түкпірінде жарық түсіп, аппақ нұрдың арасынан тракторшы шығады. Көңілді. Үстінде ақ костюм, шалбар.


Т р а к т о р ш ы . «Сара! Менің бір арманым орындал- ды. Астымда танкідей трактор. Ағаларша айтсақ, майданға аттандым, əрине, еңбек майданына. Дəм тартса, күзді бетке ала Алматыға жол түсетін түрі бар. Сенің хат жазуға қолың тимей-ақ қойды. Мен үшін сенің алғаш та, ақырғы рет жаз- ған «сүйемін» деген сөзіңнің өзі мың хатқа пара-пар. Адам- дардың арасын жалғайтын хаттан əлдеқайда берік əрі мəңгі- лік нəзік дүние бар, ол сəлем радио толқындары секілді ауа- мен тарайды, ауамен іздеп табады. Физикадан оны бірдеме дейді, ұмытып қалыппын.

Сара! Сен мені күт. Күзде барамын. Сəлеммен, Есен».

С а р а (көзінде жас). Мен осы хаттан кейін бірден ауыл- ға аттандым. Есеннің қырқын беріп жатыр екен. Ағайым ме- нің өтінішімді орындап, тауға, қабірдің басына, алып барды. Қалың қарағайлы беткейде бір үлкен, бір кішкене төмпешік бар.

(Осы кезде сахнадан екі төмпешік көрінеді. Екеуінің басы- на сайғақ орнатылған. Тек бірінің басына «Есен Байбатыр- ұлы 1950–1971 жылдар» деп қара маймен баттитып жа- зып қойған. Жүрек сыздатар музыка ойнайды. Сол қабірдің басында қара жамылған Ана мен Сара тұрады. Радиодан Сараның даусы естіледі). Сонда ғана мен қаза тапқан бала жігіттен төрт жас үлкен екенімді білдім. Есеннің шешесі мені көрген соң көрісіп көп жылады. Ал, мен болсам, өксімей, еңіремей, көз жасымды ағыл-тегіл моншақтата бердім. Мен сонда ғана бет əлпетін анықтап көрмеген, танымайтын Есен- ді сүйетінімді, ендігі қалған аз ба, көп пе ғұмырымды аялап, рухын риза етіп өтерімді білдім. Мен сонда ғана анасынан Есеннің суретін алып, тұңғыш рет жүзін көрдім. (Əлгіндегі қабір басындағы көрініс жоғалады да, Есеннің суретін қо- лына алып қарап отырған Сара көрінеді. Жан үнсіз. Сосын Сара көз жасын сүртіп, əлгі хаттарды мұқият орап альбо- мына салып қояды. Бөлме ішін мұң тыныштығы жайлаған. Екеуі үнсіз сусын ішеді. Сара пианино ойнауға отырады). Иə, мен кейіннен ауылдағы мектептің пионерлер дружина- сына Есеннің аты берілгенін естідім. Бірақ, өлгеннен кейінгі бақыттың керегі не?..


Қ о р қ ы н ы ш т ы д а у ы с . Бəрі де майдан!

 

Сара ойнап отырған пианиноны тастай беріп, қарғып тұ- рады да, Жанның жанына барады. Қолын ұсынады.

 

С а р а (көңілдене). Келіңіз, келіңіз. Есеннің билей алмаған биін билейік. (Музыка жоқ, құлаққа ұрған танадай тыныш- тықта екеуі бейне бір музыка сазына елтігендей билейді). Тыңдаңызшы, тыңдаңызшы. Қандай əдемі саз, құйқылжыған əуен... (Тыныштық. Сара басын Жанның иығына сүйеп, же- ңіл тыныстайды. Сəлден соң, басын оқыс жұлып алып). Ай- тыңызшы, айтыңызшы, сіз біреуді сүйіп көрдіңіз бе?

Жа н (күрсіне). Жоқ. Бірақ... (өзіне-өзі) Жанар ше... мен оны сүйдім бе?..

С а р а . Олай болса, сіз бақытсыз екенсіз. (Біраз үнсіздік- тен кейін). Əркімнің бір табынар, соған арнап мінəжат оқыр құдайы болуға керек. Ол жалыққанда, сол секілді басына іс түскенде жаныңыздан табылар. Сіз ешкімді шын сүйіп көр- месеңіз, демек, ондай табынарыңыздың да болмағаны. Сон- дықтан да тым жалғызсырап кім ертсе соның жетегінде кете бересіз. Ал менің құдайым бар, ол – Есен! Тұрмысқа шы- ғармын шықпаспын, бəрібір оның бейнесі менің жүрегімнен жоғалмақ емес.

 

Олар əлі билеп жүр. Əрқайсысы өз жүрегінің сазды əуені- не билеп жүр. Тыныштық.

 

Қ о р қ ы н ы ш т ы д а у ы с . Бəрі де майдандағыдай!

Жа н (толқи сөйлеп). Адамның сыры алтын сандық екен-ау, ал ол сандықтың кілтін таба алмаймыз. Таба алсақ та, ауыстырып, бірінікін екіншісіне беріп қоя береміз. Осы- дан барып шатасамыз, мəңгі адасамыз. Тағдыр осы қылығы- мыз үшін миығынан күліп, мазақтайды.

С а р а . Егер адам қателескісі келсе, қолына шырақ ұстап жүріп тапа-тал түсте адасады.

Жа н (Сараның бетіне оймен қарап). Өмір дегеніміз не?

Тынбай алға ұмтылу ма?..


С а р а (оның сөзін тез бөліп). Жоқ, өмір дегеніміз өт- кенді еске алу. Кешегі дегеніміз – бүгінгі, бүгінгі дегеніміз – ертеңгі. Біз көп нəрсені көргенде ғана еске аламыз, ал еске алған сайын көруге құштарланбаймыз. Біздің арамызда қан- шама жақсы адамдар жүр.

Жа н . Қайтейік, біз оларды байқай бермейміз, тіпті біле тұра, менсінбей қоямыз. Бір-бірімізді өлген соң ғана жақсы көріп, батыл мақтай аламыз. Бірақ оның керегі не?

С а р а . Айталық, еңбек пен адал махаббаттың Есеннен артық жауынгерін таба аламыз ба? Оны тірі кезінде оған кім айтты? Ешкім де... Ал, өлгеннен соң өлеңге қосқанның керегі не?..

Жа н . Ал, Кан ше? Канды кім дейміз?

С а р а (соншалықты жиіркенішпен). Ол əзірше икс (Х), тек қана икс. (Бөлме ішіне өлі тыныштық ұйыған). Сіз біле- сіз бе, мен кейде жападан-жалғыз отырғанымда, іңір сəтте терезеден Есен қарап тұрғандай, селк ете түсемін.

 

Сара мен Жан шошына терезеге жалт қарайды. Дəл осы шақта мəңгі қапас түнекті түре Есеннің күлімсіреген бейнесі жарқ етіп көрінеді де, мəңгіге жоғалады.

 

Қ о р қ ы н ы ш т ы д а у ы с . Бəрі де майдан! Махаббат дегеніміз де – мəңгі аяқталмас майдан!

 

Шымылдық




  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.