Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Триптих-драма ). Бастау – автордан. ЛІГЕ БАҚЫТ КЕРЕК ПЕ?. Бірінші сурет



(Триптих-драма )

Бастау – автордан

Жарық жанғанда сахнаға жасы отыздан асқан Журналист жігіт шығады.

 

Ж у р н а лист . Ал, халайық. Менің есімім Жан. Ма- мандығым – журналист. Газеттің тапсырмасымен туған республикамызда бармаған жерім, баспаған тауым жоқ. Əр адам – жаңа бір əлем секілді, жолға шыққан сайын сан түр- лі кісілермен кездесіп, алуан тағдырлардың куəсі болып қайтамын. Мен солардың ішіндегі ең бір есімде қалған үш хикаяны баяндап берсем деймін. Үшеуі бірдей – махаббат жайлы...

Иə, тағы да махаббат. Адамзатпен бірге жаратылып, аза- матпен бірге өлетін мəңгі тақырып – Ұлы махаббат туралы миллион рет жазылған шығар. Бірақ ол аз. Жер бетінде төрт миллиардтан астам адам болса, жердің астында қаншасы... Солардың əрқайсысында өзінің дара махаббаты бар екен. Сенбесеңіздер өздеріңіз көріңіздер. Ең əуелі «Өліге бақыт керек пе?» деп аталатын бірінші хикаяны басталық.

 

Журналист көрермендердің ортасына барып отырады. Бі- рінші бөлім басталады.


ӨЛІГЕ БАҚЫТ КЕРЕК ПЕ?

Қ а тынас у ш ы л а р С а р а – аспирант қыз

Жа н – журналист жігіт немесе автордың өзі Ка н    – ғылым кандидаты

Ж а ғ ы р а пия

Тракторшының рухы, қорқынышты дауыс

 

 

Бірінші сурет

Түн. Сахна түкпірінен ресторан терезесі жəне онда жү- ріп жатқан үлкен той байқалады. Сол түнгі үлкен терезеден бірін-бірі сүйген, бокалдарын соғыстырған үлкен-кіші бейне көрінеді де, оқта-текте кандидаттық диссертациясын ойда- ғыдай қорғаған Канның атына айтылған мақтау сөздер есті- ліп тұрады.

 

Да у ы с т а р :

– Мұндай керемет банкетті туғалы көргенім осы. Доктор- лық диссертация қорғағандар да дəл осылай ағыл-тегіл ша- шылмаған шығар.

– Өйткені Канның бұл еңбегі дап-дайын докторлық дис- сертация. Общем талантты жігіт

– Екі аяқты тірі кітап қой біздің інішек.

– Осындай жерлесіңнің барлығына қуанасың.

– Құдайға шүкір, біздің жақтан да кейінгі іні-қарындаста- рына пана болар аяулы жігіт өсіп шықты. Біз қартайдық қой. Енді солар қамқорлық жасасын.

– Жершіл болмасаң, жетім қаласың. Канның мұндай атақ- қа ие болуы бір өзеннен су ішкен ағасы Жағырапияның ар- қасы...

– Ж... ж... ж... Жолдастар... бас басыңызға шуламай сөзге қонақ беріңіздер... Та... ма... далығымнан əлі түскенім жоқ, понимаешь. О несі-ей, жамырағандары. Сонымен келесі тос


филология ғылымдарының докторы, профессор Жағырапия ағайға, яғни құрметті Жағаңа беріледі. Ура!

– Ура... ура... ура! Айналайын абызымыз, сөз сіздікі.

– Е, сен немене шабыңа от түскендей шаптықтың...

– Ей, оттамай тыныш отыршы.

– Сендерден өзге жақта Жағекең жоқ па, сонша көпшік қойғандарыңа жыным келеді. Он жыл болды он ауыз сөз жазбағаныңа. Жағ-е-е-кең...

Қ о р қ ы н ы ш т ы д а у ы с . Бəрі де майдандағыдай.

 

Осы кезде терезеден ірі тұлғалы көзілдірікті Жағыра- пияның денесі көрінеді. Быршып терлеген бетін орамалмен тағатсыз сүртініп, қалтасынан алған қағазды ежіктей оқып береді.

 

Ж а ғ ы р а пия . Жерлестер, сосын достар, содан кейін жолдастар. Осынау салтанатты да торқалы той қазақ фило- логиясын ірке тұрғанда, қазақ ғылымы мен мəдениетінің өзінде соңғы он, жиырма жылда бір-ақ қайталанған ірі құбы- лыс, іргелі қуаныш. Жас диссертанттың алып отырған тақы- рыбының ауқымдылығын, ғылыми дəлелдердің нақтылығы, пікірлерінің сонылығы мен ойының тұжырымдылығы, тіпті тілінің өзі қайыңның қабығын аршығандай керемет, жеңіл- дігі соншалық, ғылыми еңбек емес, поэма оқып отырғандай əсер аласың. Шырағым, (Канды құшағына алып) диссерта- цияңның аты қалай еді, айтып жіберші?

 

Терезеден Кан көрінеді.

 

Ка н . «Қазақ прозасындағы жағымды, жағымсыз образ- дар арасындағы тартыстың өмір бақи бітіспейтін мəңгілік жəне бір-бірін жеңу, жеңе алмауы хақында».

Ж а ғ ы р а пия . Иə, солай екен-ау... Қандай сүбелі тақы- рып. Шынында да, жерлестер, тоист ғапу етіңіздер, жо-ол- дастар, қазақ прозасында жағымсыз образдың жеңілмеген кезі бар ма? Кан інішек, яғни менің күйеубалам, соның се- беп-салдарын терең ашқан.


Да у ы с т а р :

– Жағеке, тоқ етерін айтыңыз?

– Ол пікіріңізді бағана ғылыми кеңесте жетекшілік ретін- де айттыңыз ғой.

– Əй, сүйреңдемей тыныш отыр. Жағекемнің сөзін қаға- тын кім едің сен?

– Ендеше, күйеубаласы ретінде батасын берсін...

– Оттапсың!

– Сен де оттапсың.

 

Терезеден қараң-құраң жағаға жармасуға ұмтылған адам- дар сүлделенеді.

Қ о р қ ы н ы ш т ы д а у ы с . Бəрі де майдандағыдай. Көшеге бір қыз, бір жігіттің атып шыққанын көреміз. Ол

Кан мен Сара. Кан қызу. Қыздың кетем дегеніне қарамай, қо-

лынан ұстап жібермей тұр.

 

С а р а . Тас кенедей жабыспай жіберші, Кан. Ойнасақ та біраз жерге бардық емес пе. Тым болмаса, анау қайнағаң мен келіншегіңнен сескенсеңші. Өзіңнен, менен ұялмайтының- ды білемін.

Ка н (ыржалақтап). Ұят деген немене, бұл заманда ұял- саң, арам қатасың. Ұят – ұлыларға ғана керек.

С а р а . Бір рет ұялмай-ақ өтер ме екенсің бұл дүниеден. Ка н (күліп). Қашаннан бері ибалы бола қалғансың? Біле білсең, ұятсыздықты сенен үйрендім. Ал, мен білмейтін сау-

тамтығың бар ма?

С а р а . Өткенді жаңғыртып, жастық шақтың осалдығын несіне көлденең тарта бересің. Мен, тым болмағанда, сол бір қателігіме өкіне аламын, ал сен осы қасиеттен де жұрдайсың ғой.

Ка н . Өткеніне ақымақтар ғана өкінеді. Қандай да бол- масын ұятты, қылмысыңды «кешіріңіз» деген бір-ақ сөзбен жуып-шайып жүре бер. Қазір кез келген опасыздықты ақтап алар философия ойлап табылған кез. Ендеше, көгершінім,


түстен кейін енген есіңнің, бұдан былай, зияннан басқа пай- дасы жоқ. Сен бұрын мұңсыз, қамсыз сауық-сайран құрып жүргеніңде əлдеқайда бақытты едің. Көр де тұр, əр ақылды ісің үшін талай азап шегесің. Көр де тұр...

 

Сара Кан ұстап тұрған алақанын шығарып алмаққа əре- кеттенеді, бірақ ол жібермейді.

 

С а р а . Естіген пəлсапам əбден құлақ қашты болып жа- лықтырған, шаршаған пəлсапа... Босат қолымды. Не құның қалды менде алынбаған?

Ка н . Я, сенде құн қалмағанын білемін. Бірақ ақырғы рет...

С а р а (түтіге ашуланып). Қанша миғұла болғаныңмен, қорлайтын сөз айтпасаңшы.

Ка н . Кешіріңіз, қарындас. (Мазақтай тағзым етеді).

Ресторанның терезесінен секең-секең билеген бейнелер көрінеді. Құлақ тұндырар музыка естіледі.

Қорқынышты да уыс . Бəрі де майдандағы секілді! Пауза. Рестораннан Жан шығып, əлгі бірін-бірі сүйреле-

ген екеуінің жанына келеді.

 

Жа н . Бұлар қайда зым-зия жоғалды десем, тығылмақ ойнап жүр екенсіңдер ғой. Ойындарыңа мені де қатысты- рыңдаршы.

Ка н . Бұл екі кісілік ойын, үшінші артық.

Жа н . Ендеше, сен артықсың... Айтпақшы, сені əйелің із- деп жатыр.

Ка н . Қайдағы?

Жа н (таңғала күліп). Ой, пəтшағар-ай, үйленгеніңді де ұмытып кеткен екенсің-ау. Тым болмағанда, диссертацияң Мəскеуден бекіп келгенше жалпақтай тұрсаңшы.

Ка н . Ол – менің жұмысым. Қолың жетпейтінге мойның- ды созып қайтесің.


Жа н . Ал, олай десең, мен-ақ артық болайын. (Жүре бе- реді). Сендер мысық пен тышқан ойнай беріңдер.

С а р а . Ендеше, мен де кетемін. (Жанға). Сіз шығарып саласыз ба мені?!

Жа н . Егер шын тілесеңіз, арқалап апаруға бармын.

Ка н (ыржалақтап). Əй, жастық-ай, жастық-ай! Шыны- мен-ақ, мендей жан достарыңды қиып тастап барасыңдар ма? Отыра тұрсаңдар етті, бəріміз бірге қайтайық.

Жа н . Енді байласаң да, қалар шамам жоқ. Езбе сөз бен ессіз музыка əбден жүйкемді жеді. Енді бір сағат отырсам, жынданармын.

Ка н (қалжыңдаған болып). Сен онсыз да жынды емес- пісің... Өздерің біліңдер. Əйтеуір, Сараны қорқытып-үркіт- пей үйіне есен-сау жеткізерсің. Ар жағын өздерің білесің- дер. Саражан өзімен еріп барған еркек кіндікті қондырмай қайтарған емес... ха-ха.

 

Канның соңғы сөзін құлақ тұндырар музыка үні бөліп, ес- тіртпей қояды. Сара журналиспен кетуге бет алады. Ал, Кан бұлардың соңынан ұзақ қарап қалады. Осы кезде ресторан жақтан Канды шақырған əйел даусы естіледі.

 

Əйел д а у с ы . Ка... а... а... н. Где ты, а... у... у Пауза. Екеуі үнсіз асықпай аяңдап келеді.

С а р а . Сіз не ойлап келе жатырсыз?

Жа н . Егер шынымды айтсам, ештеңе де. Бірақ көңіл пердемде сіздің бейнеңіз де көлбеңдеп жүргенін жасыра ал- маймын.

С а р а (еркелей күліп). Иə, мұны өзім де сезген едім. Дə- лірек айтқанда, сіздің көкейіңізді тесіп келе жатқан ой: мына көшенің ақыры бар ма, мені қайда ертіп келеді, жаңа Канмен не туралы əңгімелесті екен, мүмкін, осы қыз жеңіл мінез- ді, бұзылған қыз болып жүрмесін... (Жанның бетіне сұрақ- ты кейіппен қарап). Ойланыңыз... Неғұрлым ойлаған сайын, өмір сүру қорқынышты тарта бермек.


Жа н (көзілдірігін сасқалақтай түзеп). Жо-жоқ, тіпті де олай емес...

С а р а (оның сөзін бөліп). Бұлтармай-ақ қойыңыз, қалай деп ойласаңыз да, қисыны келіп тұр ғой. Өйткені үйге сізді ертіп келе жатқан мына мен.

Жа н (көзілдірігін жөндей). Сіз туралы менің пікірім əзір- ше жаман емес. Ал, тоқ етерін айтсам, сізді бір көргеннен-ақ ептеп... ұнатып қалғанымды қуанышпен хабарлар едім.

С а р а (кекетіп). «Əзірше», «жаман емес», «ептеп»... əділдігіңіз үшін рақмет! (Сəл үнсіздіктен кейін). Немене, Кан досыңыздың эстафетасын одан əрі сіз жалғастырмақ па едіңіз? Олай болса, жүріңіз біздің үйге. Тек өзіңізді нағыз еркекше ұстай біліңіз. Əйел адамның обалы қиын болады. (Сықылықтап соншалықты бір зымиян күлкімен күледі. Жан аң-таң қарап қалған). Ə, ə, солай ма, əлден шошына бастадыңыз-ау.

Жа н (көзілдірігін түзеп). Жо-жоқ.

С а р а (əзілдеген күйі). Мүмкін, сіз де «нағыз махаббат» мектебінің аса тəртіпті, тіл алғыш оқушысы шығарсыз.

Жа н . Біз бəріміз де сол мектептің түлегі емеспіз бе?

С а р а (ойлана). Қандай аңқау да ақылды адамсыз, тіп- ті бала секілдісіз. Мүмкін, өзіңіздің арам ой-пиғылыңызды жасыру үшін əдейі абдырайсыз ба... Егер шын мінезіңіз осы болса, өмір сүруіңіз қандай қиындыққа соғар еді. Асылы, қа- зіргі дəуірде мұндай ақ қанат періштеліктің түкке де қажеті жоқ.

Жа н . Адамға ең керегі тынышты өмір сүру емес, өмір танымы, қабілеті ғой. (Көзілдірігін қайта-қайта түзеп, қыза сөйлей бастайды). Айтысқа өзіңіз шақырып тұрсыз. Ендеше, былай... (Екеуі биік үйдің жанына келіп тұрады. Жан есік алдындағы орындыққа Сараны қолынан күштей тартып отырғызады). Ендеше, былай. Қазір біз жастар- ды білімділікке үйретеміз, ал сезімталдыққа үйретпейміз. Сондықтан да қатыбас, ештеңеге жаны ашымайтын маши- на-адамдар тəрбиелеудеміз. Сондықтан да қазіргі баланың бойында сезіну, қорқу, қиялдау, шын сүйсіну қабілеті жойы- лып, ғылым мен техниканың мың-миллион термині миында


быжынап кеткен. Сондықтан да (орнынан атып тұрып) бұл көпшілік сіздің де, Каныңыздың да ортақ ауруына айналған. Сондықтан да...

Жанның сөзін тура алдарына келіп, шімірікпестен айма- ласа бастаған жігіт пен қыз бөледі. Жігіт қыздың иығынан салып қалып: «Ей, дура, ты меня любишь?» – деп жұлма- лап сүйе бастайды. Сара көзі жыпылықтап абдырап тұрған Жанның қолынан ұстап сықылықтап күлген күйі үйге кіргі- зіп əкетеді.

Қ о р қ ы н ы ш т ы д а у ы с . Бəрі де майдандағыдай.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.