Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Төртінші көрініс



Төртінші көрініс

Дарханның жаман лашығы. Білте шам. Жұпыны үй.

Суық. Гүлия дастарқан жасап жүр.

 

Гүлия . Өлмеген құлға тағы да бір жаз келіп қалды-ау. Уақыттан шапшаң не бар жалғанда. Кеше ғана Құландының жанында жатқан шойын жол Аякөзден асып, Айнабұлаққа жақындап қалыпты. Сол жолмен бірге Дархан бірте-бірте алыстап бара жатыр. Екі ай болды – хабар жоқ. Менің түрім болса мынау... (Оспан келеді. Шошына қарап). Ə, сіз бе еді- ңіз, аға? Екі кештің арасында неғып жүрсіз? Тыныштық па?

Оспан . Тыныштық, Гүлия, тыныштық. Гүлия . Қашан келдіңіз?

Оспан . Осы əзірде... Пауза.

Гүлия . Шай қояйын.

Оспан . Рақмет... (Мұңмен). Мен саған ең ақырғы тіле- гімді айтайын деп, түу қияннан əдейі іздеп келдім, қалқам. Бұл дүниеде адам баласынан жұмбақ не бар. Қаскөй дұш- паның қайсы, нағыз жанашыр досың қайсы ажырата алмай арманда аттанасың... Сенің əкең Омарды Хабар асуында өл- тіріп, бар асыл тасын иемденген Қамбар Дүрияға үйленіп, Семейдегі курсты бітіріп, Ақшиде сельсовет болып отыр. Басына қарын киіп, сенің бетіңді тіліп жіберген Дархан өзің- ді қойнына салды...

Гүлия (шошына). Мүмкін емес...

Оспан . Бұл заманда мүмкін емес нəрсе жоқ, қалқам. Сен, қалқам, əлемдегі ең сұлу қызсың, сондықтан да нұр ди- дарыңа жара түсірмесем мені менсінбейді, деп ойлаған Дар- хан бетіңді тілді...

Гүлия (азар-безер боп). Сенбеймін, сенбеймін!

Оспан (жайбарақат). Сен, сенбе, оны өзің білесің. Дүниеде менен сорлы адам бар ма? Обалым оң көзімді ағы- зып жіберген Омар əкеңе көрінсін. Əсте де, соның кегін қуып


жүргенім жоқ. Сені сүйгенімді айып, кінə деп есептесең, қа- рамды Құландыдан батырайын. Бірақ... екі дүниеде де сені ұмыта алатын емеспін, Гүлия. Не істеу керек, өзің айт.

Гүлия . Мен сізге жауабымды əлдеқашан бергемін, Ос- пан аға. Қайтала десеңіз – қайталайын. Менің де жазығым жоқ. Айыбым басқа адамды ұнатқаным ба? Жалғыз жүрегім- ді екіге бөле алмаймын.

Оспан (еңбектеп, етегіне жармасып). Кетейікші, Гү- лия. Кетейікші мынау қарғыс атқан жерден. Сен өлмей, жоқ болмаса өзім өлмей əз жанымда өмір жоқ.

Гүлия (шошына шегініп). Жо-жоқ. Атамаңыз. Ұмыты- ңыз. Мəңгілікке. Жер бетінде Дархан бар.

Оспан сүйретіле басып шығып кетеді. Гүлия . Осы кісіден қорқатыным-ай...

Пауза. Дархан кіреді. Гүлия тұра ұмтылып, бас салып құ- шақтап жылайды.

Дарх а н (аймалап). Ау, Гүлия, саған не көрінді. Сағы- нып қалған екенсің.

Гүлия (өксіп). Сағындым, аға, сағындым.

Дарх а н . Тек, ағасы несі. Мүйізі қарағайдай күйеуің емеспін бе?

Гүлия . Ылғи кешігесіз де жүресіз... Шай қамдай бастайды.

Дарх а н (көңілденіп). Аманшылық болса, Айнабұлаққа да жетіп қалдық.

Гүлия (кесе ұсынып). Дəке, мен сізге бір нəрсе айтсам деп едім.

Дарх а н . Айта ғой. Айт.

Гүлия . Көктем туа үй салсақ қайтеді.

Дарх а н . Ой, Гүлім-ай, сен де жоқтан басқаны айтады екенсің. Үй салатын уақыт па қазір. Алдымен Түрксібті біті- ріп алайық...


Гүлия . Түрксіб түйіседі деп отырсыз ғой.

Дарх а н . Жол біткенмен жұмыс таусыла ма?

Гүлия . Жұмыс көрге кіргенше таусылмас. Басына бас- пана жасап алмасын деген заң жоқ шығар.

Дарх а н . Ондай заңның жоғы рас. Бірақ өкіметтің қы- руар науқанын тастап, қара басының қамын күйттесін деген заң тағы жоқ.

Гүлия . Сонда қалай? Не өздері салып бермесе, не өзі- міз салып алмасақ, осы суырдың ініндей жер кепеде көзіміз іріңдеп тұра береміз бе? (Дархан үндемейді). Ауырырақ сұ- рақ болса үндемей құтылатыныңыз-ай осы.

Дарх а н . Сұрақ ауыр емес, жұмыс ауыр болып тұр ғой. Гүлия (жанына барып, құшақтап). Дəке, осымен екі рет қолқа арттым – екеуіне де көнбедіңіз. Үшіншісін айтар- мын, айтпаспын, бірақ есіңізде болсын: жылдар өтер, заман озар, ажар тозар, сол кезде өзіңізді өзіңіз кінəлап талай өкі- нерсіз. Табалау маған күнə, бірақ ел-жұрттың алдында күл-

кіге ұшырарсыз.

Дарх а н . Қатты айттың-ау. Мен, тіпті, алғашқы өтіні- шіңді де есімнен шығарып алыппын.

Гүлия . Əлде, тұңғыш сырласқанымыз да есіңізде жоқ шығар.

Дарх а н . Ой, ол өлсем де көз алдымда. Жайлау. Айлы түн. Алтыбақан.

Гүлия . Рақмет. Бұған да шүкіршілік. Ал, алғашқы тіле- гім – оқу болатын.

Дарх а н (күліп). Құдай-ай, соны да өтініш деп...

Гүлия . Əр істің өз биігі, өз мақсаты бар. Құмырсқа те- ріп жесек те, аштан өлмеспіз... Бірақ, өзіңізден əлдеқайда тө- мен, қолыңызға су құюға жарамайтын адам, күні ертең арқа- ңызға ерттеп мініп, қорлай берсе бұдан өткен қорлық бар ма, аға... Оспан бір айлық оқу бітірді – начальник болды, Қамбар досыңыз екі айлық курсты тамамдады – Селсоветтің басты- ғы. Сонда... сонда солардың ішіндегі ең мықтысы, құдірет- тісі сіз – солардың қарамағында салпақтап жүре бересіз бе... Мені айыпқа бұйырмаңыз, мұны айтқан себебім, ішіп-жеп


үйреніп қалған бай қызының еркелігі деп ұқпаңыз. Өзім пір тұтқан азаматты – самғау биіктен көру ниеті еді...

Дарх а н . Мені аспаннан іздеме. Жерден, жер қазып жүргендердің арасынан ізде.

Гүлия . Сіз маған ренжімеңіз, батыр аға. Мені қойшы... Бір басыма – өзіңізден артық бақыттың керегі жоқ... тек... күні ертең, балалы-шағалы болсақ... Сенің əкең кім? – деп сұраса...

Дарх а н (елеңдеп). Не? Қайдағы баланы айтып отыр- сың?..

Гүлия . Бес ай болды, сіз менің тал бойыма тіктеп қа- рап, хал-жағдайымды сұрап тілдескен жоқсыз... Бес ай бол- ды, мен... мен...

Дарх а н (атып тұрып). Тəңірім-ау, не дедің? Қайталап, қаттырақ айтшы!

Гүлия (сыбырлап). Мен, аға, екі қабатпын.

Дарх а н . Ақсарбас! Дархан енді өлмейді. Жаққан оты сөнбейді. Оқуының да, бастықтықтың да əкесінің аузын ұра- йын! Үй салам. Сол үйдің маңында балаларымды шұбыр- тып, маң-маң басып жүремін.

Гүлия (күліп). Сабыр сақтаңыз, Дəке... «Атыңның басы бітіп, жорғасы қалып па?» – депті ғой баяғыда біреу.

 

Сырттан аттың дүбірі естіліп, үйге еңгезердей шал кіреді.

Ол – Таңатар.

 

Т а ң а т а р . Ассалаумағалейкүм, балалар!

Дарх а н . Уағалейкүмассалам. Төрлетіңіз, ақсақал.

Т а ң а т а р . Рақмет, ұлым. (Дархан əкесін шырамыта танып, сасқалақтап қалады). Иə, дені-қарларың сау ма, (ба- лалар) шырақтарым.

Дарх а н (үні дірілдеп). Сіз менің əкем – Таңатар болар- сыз.

Т а ң а т а р . Ұмытпапсың, ұлым, оған да шүкіршілік.

Гүлия (шошына). Астапыралла. (Тізе бүгіп, сəлем етеді). Т а ң а т а р . Қорықпа, келінжан. Əуелі де сені мен де түс- тей алмай қалдым. Бетіңдегі қылышпен шапқандай тыртық


та жоқ еді. Əкең көп жыл дəмдес болған, жақсы кісі еді. Иманды болсын. Дүние астан-кестен болды ғой. Өзгермеген не қалды.

 

Үнсіздік.

 

Дарх а н (өзіне-өзі). «Туған əке! Сен осындай екенсің ғой. Алты жылдан бері жалқы сəт есіне алып, іздемегені қа- лай?»

Т а ң а т а р (өзіне-өзі). «Туған ұлым, сен осындай ма едің... Жасыңа жетпей қартайғаның қалай?»

Гүлия . Шайларыңыз суып қалды...

Т а ң а т а р . Шойын жолдың бітетін түрі бар ма? Əлде, осы беттеріңмен Түркияға дейін соза бересіңдер ме?

Дарх а н . Бітті, əке. Енді бір аптадан соң тойы болады. Т а ң а т а р . Жөн, жөн... ащы ішектей шуатып-ақ таста- ған екенсіңдер. Түбі берекелі болсын. Мойындарыңа жылан

болып оралмаса...

Дарх а н (ашумен). Əке! Арғы беттен бізді кекетіп-мұ- қату үшін келмеген шығарсыз.

Т а ң а т а р . Тегін айтамын да... Өкіріп-бақырып келе жатқан қара айғыр тапалап кетіп жүрмесін, байқаңдар.

Дарх а н . Өйтіп бопсаламаңыз. Бұл елге бүкіл жаңа- лықты да, жақсылықты да сол қара айғыр сүйреп əкеледі.

Гүлия (сыпайы ғана). Қойыңыз, Дəке.

Т а ң а т а р . Ұлым, тік айтатын болыпсың. Керісінше, мұ- қым дəстүрің мен ар-ожданыңды тиеп алып кетіп жүрмесе.

Дарх ан . Біз пролетариатпыз. Сипақтамай турасын айта- мыз. Арғы бетке сіздер нені арқалап алып кете алдыңыздар... Т а ң а т а р . Турасын айтқан жақсы, балам... Бірақ турап айтқан жаман. Заман өзгергенмен əдеп, əдет өзгермес болар. Дарх а н . Мінез өзгереді екен, əке. Əдет-ғұрып, салт- сана да өзгереді екен, əке. Ескісі өледі екен, жаңасы келеді

екен, əке...

Т а ң а т а р . Енді ғана білдім.

Дарх а н . Алты жылдан кейін ат арытып зəуімен келге- ніңізде мал сойып, алдыңызға бас тарту лайық еді, қайтейік


жоқтық жомарттың қолын байлап отыр. Бұл үйде темір- терсектен басқа еш нəрсе жоқ. Ал, сізден енші қалмаған, əке... Арғы бетке айдап кеткенсіз... игілігін қытайлар көріп жатқан шығар.

Т а ң а т а р (мырс етіп). Былжырама! Жалғыз атымнан басқа дəулетім жоғын біле тұра, əдейі күйдіріп айтасың-ау. Сен де жетісіп отырған жоқсың. Тұқымымызға шыр бітіп көрген жоқ еді, балта сабынан оза ма... О несі-ей!

Дарх а н . Айқайламаңыз, əке. Бұл үйде саңырау жоқ.

Келініңіздің аяғы ауыр, шошытып аларсыз.

Гүлия . Қойсаңызшы, ұят қой.

Т а ң а т а р . Біле білсең мұның да əдепсіздік. Менің де көзім соқыр емес, қай қазақ атасына келінінің ішін саусақ- пен шұқып көрсетуші еді. Жұмысшы-жұмысшы дегенге, əкеге жұдырық жұмсауың ғана қалыпты ғой. Таяқ жемей тұрғанда тезірек аттанайын.

Дарх а н . Мен де соны ойлап отырмын. Гүлия . Қойсаңызшы, тайталаспай.

Т а ң а т а р . Келінімнен садаға кет. Мына шошқа міне- зіңмен енді елу жылда да осы қалпыңда қаларсың.

Дарх а н . Балта сабынан озбайды, – деп өзіңіз айтты- ңыз. Сізге тартқаным да...

Т а ң а т а р . Осы күннің баласы аласа туады, əкесімен таласа туады деген...

Дарх а н . Мен сізге өкпелімін, əке.

Т а ң а т а р . Білемін. Рас, мінезім қатты. Бірақ, қасқыр баласын тістеп сүймей ме.

Дарх а н . Білсеңіз де айтайын. Тіліңізді алмадым. Ше- шем өлген соң Семейге жұмыс іздеп кеттім. Мен қайтып оралғанша арғы бетке ауып кетіпсіз. Неге? Кім қуды? Жұм- бақ. Он сегіз мың жылқыны айдаған Көкебай да əне Барлы- ның басында отыр. Қартайған шағыңызда туған жерді тастап қаңғып жүрсіз. Сөйтіп жүріп «Жаққан отымды сөндірме- сін!» – деп көлденең көк аттыдан сəлем айтыпсыз. Жо-жоқ, əке, мен сізді кешіре алмаймын.

Т а ң а т а р . Көкейіндегі көгендеулі отты маңыратпай бұршағын ағытып жібергеніңе ризамын. Бірақ, ол кезде оң-


солды тани алмадық, көп дүниенің əдібін сөгіп түсіне берме- дік. Ол менің ғана қателігім емес еді ғой. Заман қандай, заң қандай еді... Жебе жетпейтін жерге семсер сілтеп не керек... Дарх а н . Заман деген ұлан-байтақ мұхит. Толқынына қарсы төтеп бере алмасақ, өз осалдығымыз. Күндердің күні

салынды секілді жағасына лақтырып тастайды.

Т а ң а т а р (басын шайқап). Осыншалық қызыл сөзді қайдан үйрендің, ұлым.

Дарх а н . Бұл айтқандарым қызыл сөз емес, əке. Алты жылдық жұмысшы өмірімде қалыптасқан көзқарасым.

Т а ң а т а р . «Көзқарас» деген не? Мойның ырғайдай, битің торғайдай болып, бұзауы өлген сиырдай тұлыпқа мө- ңіреп қалсаң білер едің, «көзқарастың» не екенін.

Дарх а н . Көзқарас дегеніміз, əке, ел қамы үшін күресу, өз ісіңнің əділдігін дəлелдеу.

Т а ң а т а р . Немене сонда, əділдік, шындық деген сөздің төркінін түсінбейтін миғұла ма екенмін. Əркімнің өз шын- дығы бар. Арғы бетке сол шыңғырған шындығымды бауыз- датпау үшін кеттім.

Дарх а н . Халықтан бөлініп қалдыңыз. Қара басыңыз- дың сауғасынан аса алмадыңыз.

Т а ң а т а р (ашумен). Уай, Тəңір-ай, халық-халық, деп қақсап болмадың ғой. Сол халқым мені бөліп тастаса қайте- йін. «Арқада қыс жақсы болса, арқар ауып несі бар», – деген екен қазекем. Арғы бетке өткеннің барлығы ақымақ та, бергі бетте қалғанның бəрі данышпан бола қалғанына қайранмын. Жоқ, шырағым, кеткеннің бəрі келімсек емес, бекер ғайбат- тама. Бошалап кетсек, күндердің күні болғанда боталап қай- тармыз. Мына мен секілді «Қызыл тас» қырғынына қатыс- саң, су болып аққан қанды, допша домалаған басты көрсең білер едің, мақсат деген не, көзқарас деген не екенін. Шойын жолды далаға төсей салу оңай, ал жүрекке салып көрші...

Дарх а н . Дегенмен. сіз...

Т а ң а т а р (жекіп). Тəйт əрі, сөзді бөлме. Сені іздеп Се- мейге бара алмадым. Амандығыңды Еркін мырза айтқан. Кəмпіске басталған күзде Ақжайлауға келіп те қайттым. Он- дағы ойым сенен бір хабар алу еді.


Дарх а н (таңдана), Міне, қызық. Ол кезде Ақжайлауда мен де болдым ғой.

Т а ң а т а р . Алдаған екен ғой мұндарлар.

Дарх а н . Ендеше, екеумізді жолықтырмауға əрекет жа- саған.

Т а ң а т а р . Алдағанын қойшы, əке мен баланы адасты- рып жібергені жанға батады да... (Гүлияға). Келінжан, сен неге айтпадың? Оспанға не көрінді, жүр еді ғой жылтыңдап. Гүлия (қысыла төмен қарап). Əниім тістеріңнен шы-

ғармаңдар, өлтірем деген соң... Дарх а н . Əй, Гүлия-ай...

 

Үнсіздік

 

Т а ң а т а р . Жүрші, ұлым, далаға шығып қайтайық. (Еке- уі шығады). Балам, бұл жақтың жағдайы нашар, жоқ-жұтаң, деп естіген соң екі ту қойды сойып, сұрп етіп бөктеріп келіп едім.

 

Дарханның алдына былқ еткізіп, қос қоржын етті тастай береді.

 

Дарх а н (күліп). Пейіліңізге рақмет, əке. Бұл етті мен ала алмаймын. Көмекті тым кеш бердіңіз.

Т а ң а т а р . Неге? Адал малымның еті ғой.

Дарх а н . Бірақ, біз үшін арам. Күні ертең иісін мүңкі- тіп асып жеп отырсақ, бүкіл Құландының елі қайдан алдың, деп ұлардай шулар еді. Сонда, Қытайға қашып кеткен əкем əкеліп берді, деймін бе... Алып кетіңіз, пəле болады...

Т а ң а т а р . Нағыз болшебек екенсің. Түбінде осы қай- сар да қайтпас мінезіңнен талай-талай таяқ жерсің. Мен де жас кезімде болшебек болғанмын. Тек Қызыл кнежкем ғана жоқ еді...

Дарх а н . Түсіне алмадым...

Т а ң а т а р . Болшебек дегенім – қара қылды қақ жарған əділдік дегенім ғой. Ал, саған пəле келмей тұрғанда мен ат- танайын... Мен... үйленгенмін, ұлым. Баламыз бар...


Дарх а н . Онда мықты екенсіз, əке. Əйтеуір, тірі болы- ңызшы.

Т а ң а т а р . Қош, ұлым. Тұлпар түбін табады. Мен өл- сем де, інің іздеп келер. Қош!

 

Дархан əкесін қапсыра құшақтайды.

 

Дарх а н . Қайда жүрсеңіз де аман жүріңізші. Ат тұяғы- ның дүбірі естіледі. Дархан үйіне оралады.

Гүлия . Атамыз аттанып кетті ме? Қоштаспағаны қа- лай? Сіз ренжітіп алдыңыз-ау... Туған əкесімен кісі осылай сөйлесуге бола ма...

Дарх а н (мұңайып). Қаттырақ айтып жібергенім рас.

Оспан . Кеш жарық. Шүңкілдесіп отырсыңдар ғой...

Үйлеріңнен бір салт атты аттанғандай болып еді...

Дарх а н . Елестеген шығар, ешкімді көрген жоқпыз.

Оспан . Мүмкін... Менің түнделетіп жүруімнің себе- бі... бұл үйге кімнің келіп, кеткенін тексеру емес. Маған десе арғы беттен əкең келсе де, шаруам қанша... Мəселе былай, Дархан. Ерекеңнен хабар алдым.

Гүлия (елеңдеп). Қашан?

Оспан . Бүгін. Ол кісінің қызметі өскен көрінеді. Се- мейден Алматыға дейінгі темір жол басқармасының аға инс- пекторы болыпты. Соболевті орнынан алыпты. Ол орыс түбі түрмеге ауысады екен.

Дарх а н . Мүмкін емес.

Оспан . Бəрі мүмкін... Қазір айдың орнына күн шы- ғатын болыпты десе сенемін. Сенің Соболевің Түркістан – Сібір темір жолының Аякөзден Семейге дейінгі тұсын мүл- дем қате салған көрінеді.

Дарх а н (атып тұрып). Сонда қалай? Үш жыл босқа арам тер болғанымыз ба? Бүкіл ел, Совет өкіметі, тіпті дүние жүзі шулап: «ұлы құрылыс, жаңа бетбұрыс», – деп уралап жатқанда сенің үлкен кісің, неге түйеше теріс шаптырады- ей? О, несі-ей, а?

Оспан (сабырмен). Аптықпа, үлкен кісіге тіл тигізетін сен кімсің өзі, ол – қайнағаң емес пе. Əлде анау көк көз, сары


бас орыстың, Соболевті айтамын, құйыршығы шығарсың. Үлкен кісі естімесін бұл сөзіңді. Мына Гүлия екеуміз де ес- тіген жоқпыз. (Жекіп). Отыр! Құланды станциясындағы нə- шəндік мына менмін, бір күн де болса. (Дарханның жуасы- ғанын көріп). Е, отыр солай.

Дарх а н . Сен де белге қамшы тиген жыландай қайқақ- тама. Мына даңғара дүниеде не болып, не қойып жатқанын қайдан білейін. Тас керең отырғаның, астанадан келгеннің аузына қарап.

Оспан . Ей, құрдас, артты қысқан бай болады. Басыңды изей бер, көресің əлі, енді отыз-қырық жылдан соң осылай басыңды шыбындаған аттай изектетіп отырасың сақалың шошаңдап... айтпады деме... Əңгіменің тоқ етері мынау – апрельдің 25-күні Айнабұлақ станциясында «Южтүрксиб- тен» келетін поезды қарсы алып, түйісуге Семейден де по- езд шықпақ. Өлейік, тірілейік, сол поезды дəл осы жерден өткізбеу керек.

Дарх а н (орнынан қарғып тұрып). Неге, ойбай?

Оспан (сабырмен). Отыр! Үлкен кісі айтады: Соболев бастаған ішкі жау қастандық жасап, екі поездың түйіскен тұсында жарылыс ұйымдастырмақ. Дəріленген опасный поезд митинг болатын күні жарылып, бүкіл қарапайым ха- лық, жоғары жақтан келген өкіл түгел күлі көкке ұшады. (Енді орнынан тұрып, қолын артына ұстаған күйі ары- бері жүре бастайды). Көрдің бе, қаскөйліктің тамыры қай- да жатқанын?

 

Дархан мен Гүлия үнсіз.

 

Оспан . Үлкен кісі айтады: бұл операцияны жүзеге асыртпау – тек мына екеуміздің ғана қолымыздан келеді. Бы- лайғы жұртқа əсте де сездірмеу керек. Ел құлағы елу емес, жүз болып тұрған шақта тісімізден шыққан отыз сөз отыз рулы елге тарайтынын білесіңдер.

Дарх а н (тағы да орнынан атып тұрады). Сенбеймін!

Мүмкін емес!

Оспан . Кімге сенбейсің? Қайнағаңа ма...


Дарх а н . Кімге болсын. Соболев бөтен, бізге жат адам дегенге. Осы үкіметті арқа еті арша, борбай еті борша болып жүріп, өз қолымен орнатты емес пе?

Оспан . Оның бəрі жалған көз бояушылық, партияның сеніміне ие болып, ішімізді мүлдем жайлап алу үшін істеген сасық қулық қана. Үлкен кісі айтады. Қытайға өтіп кеткен ақгвардияшылардың құйыршығы, сосын сонау Алтай, Тар- бағатай тауларында əлі де паналап жүрген Балтабай банда- сымен байланысы бар екен.

Дарх а н . Көкешім-ау. (Оспанның жағасынан ала тү- седі). Сенің сол «а» десең аузыңнан шығып тұрған «үлкен кісің» күні кеше ғана қалың Матайды малымен сасытқан са- раң байдың жалғыз ұлы емес пе еді? О, не-сі-ей...

Оспан . Болса ше? Сенің де əйелің сол Омардың, қызы ғой.

Дарх а н (күйіп-жанып). Бəрібір сенбеймін сол «үлкен кісіңе».

Осы кезде есіктен үлкен кісі – Еркін көрінеді. Қолында таяғы, көзінде көзілдірігі бар.

Е р к і н . Неге? Неге сенбейсің маған?

Дархан селк етіп, артына жалт қарайды. Үлкен кісі төр- ге озып, көзілдірігін сүртіп қайта киеді. Оспан жан ұшырып орындық ұсынады. Гүлия: «Ағатайым», – деп бас салады.

Дарх а н . (сасқалақтап). Ассалаумағалайкум, аға!

Оспан . Ереке, қашан келдіңіз, хабарламай, ескертпей, төбеден түскендей болдыңыз-ау, түге.

Е р к і н . Хабарлағанда, шырағым, ақ отау тігіп, астау- астау ет тартып, қарсы алар ма едің. Иə, əңгімелеріңді жал- ғай беріңдер, жалғай беріңдер (мысқылмен) қазақ пролета- риатының қаймақтары...

Оспан . Қаймағы – сіздер, қаспағы біздер ғой, ағасы.

 

Сəл үнсіздік. Еркін ауыр ойда. Əдемі имек таяғына сүйе- ніп отыр.


Е р к і н . Ел малсыз, арғымақ жалсыз қалған деген – осы. (Пауза). Мəселе былай, жігіттер (серпіле сөйлейді). Оспан айтқан шығар, апрельдің 25-інде Айнабұлақ станциясында үлкен жиын болады. Əрине, Түрксіб магистралінің ашылуы- на орай. Оған республика Халық Комиссарлар Советінің председателі Ораз Исаев келмек. Сол секілді Москва, Ленин- град, Сібір, Орал, Украина, Белоруссия жəне Орта Азиядан еңбекшілер өкілдері шақырылады. Жол құрылысына қатыс- қан он адам Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталып отыр.

Оспан . Ереке, оның ішінде сіз де бар шығарсыз.

Е р к і н . Жоқ! (Өз-өзіне). Соболев тірі тұрғанда маған бере ме. Қаһарман қазақ халқы тарих алдында, əлем алдында өзінің ұлылығын тағы бір дəлелдеп берді. Капиталистік елдер

«бос əурешілдік» деп қанша даурықса да 1440 шақырымдық жолды мерзімінен 17 ай бұрын аяқтап отырмыз...

Дарх а н . Ереке, осының бəрін адамдарды жиып, ми- тингі ашып айтпайсыз ба?

Е р к і н . Жиын, ойын-той ешқайда қашпайды, шырағым. Біздің міндет – Семейден шыққан поезды қайткен күнде де тоқтату, мемлекеттік масштабта өтетін Айнабұлақ мерекесі- не қатыстырмау.

Оспан . Қалайша?! Дарх а н . Қайтіп?!

Е р к і н (орнынан тұрып). Оны ертең кешке ақылдаса- мыз. Түнгі сағат он бірде Құланды өзеншесіне салынған кө- пірде жолығатын болайық.

Оспан . Мақұл... мақұл, Ереке. Соболевтің арам ойын жүзеге асырмасақ, үкімет бізді де наградтап жіберер.

Е р к і н (есіктен шыға бере). Нарком атынан бес кило- грамм серке шай, екі пар етік, он сом ақша аласыңдар. Бұл операция жайлы жұмған ауыздарыңды ашпаңдар. Бəріміз де большевикпіз. Сақ болайық, жігіттер, көріскенше.

Гүлия (ұмтылып). Ағатай-ау, көрдім бе, көрмедім бе дегенде, қонбай аттанғаныңыз не.

Е р к і н (Гүлияның бетін сипап). Қарағым-ай, бетіңдегі тыртық дала төсіне салынған темір жолға ұқсайды екен... Қайтейін, қара ала сырмақтың үстінде торғын көрпе төсеп,


сары ала тегенеден қымыз сапырып отыратын күнің қош-қо- шын айтқан... Аман жүр, айналайын...

 

Оспан екеуі шығып кетеді.

 

Дарх а н (өз тізесін өзі ұрғылап). Сенбеймін! Кеше ғана Соболев Айнабұлақтағы тойға сен барасың деп хабар жіберткен. Алғашқы поезд Құландыға тоқтайды, соған мініп келесің деген... Түк түсінсем бұйырмасын. Поезды бəрібір тосамын. Қайнағаның емес, Соболевтің жолымен жүрген дұ- рыс шығар.

 

Жарық сөніп, қайта жанғанда темір жол бойында тұрған Еркін мен Оспанды көреміз.

 

Е р к і н . Осеке, мен сені мына төбенің басына неге ертіп шыққанымды білесің бе?

Оспан . Дəл осы жолы қара басып тұрғаны.

Е р к і н . Адамның ойын оқитын сезімтал едің, қартая- йын деген екенсің.

Оспан . Енді жас болса қырыққа таяп қалды.

Е р к і н . Тоқ етері мынау: əкемнің тыққан аздаған байлы- ғы болушы еді, конфискация кезінде көзіңе түспеді ме?

Оспан . Алла сақтасын, Ереке. Біз малдан басқа еш нəрсе тізімдегеніміз жоқ.

Е р к і н . Оны өзім де білем. Маған асыл тастар керек.

Оспан (безектеп). Көрсем, қалған көзім шықсын. Итке темір не керек.

Е р к і н . Мақал-мəтеліңді жұмысшыларды тəрбиелеген кезде айтарсың. Сонда қайда? Жерден шұнай, көктен құдай алып кетті ме?

Оспан . Ереке-ау, ақырмаңыз. Соқыр болсам да саңырау емеспін. Диірменнің ішінде туған тышқан оның дүрсілінен қорықпайды.

Е р к і н . Жыланның жусағанын білетін қу, сенің білме- уің мүмкін емес.


Оспан . Ереке, қызықсыздар осы... сиырларыңыздың бұзауы теріс келсе де менен көресіздер...

Е р к і н . Бір тəулік уақыт берем, ізде, тап?

Оспан . Мен немене өк деп айдар өгіз, шөк деп байлар түйе дейсіз бе? Жоқ, болмаса, алтын іздеуден басқа шаруам құрып қалып па?

Е р к і н . Өйтіп түлкі құйрыққа салма. Жалғыз-ақ оқ жа- лынады...

 

Тапаншасын жұлып алып, кезенеді. Оспан ішек-сілесі қатып күледі.

 

Оспан . Ойбай, Ереке-ай... Қырық жыл оқысаңыз да іс- теп тұрғаныңыз балалық. Ондай тарсылдақтың үшеу-төртеуі жатыр үйде. Сіздің нағыз кім екеніңізді, қандай мақсатпен жүргеніңізді тек мен білем. Тапаншаңыздың оғы менің қал- тамда. Керек қылсаңыз, мə, алыңыз. (Алақанындағы оқты шаша салады). Əкеңізді өлтіріп, байлығын алған күйеубала- ңыз Қамбар. Ақшиде сельсовет, мықты болсаңыз содан сұ- раңыз.

Е р к і н . Одан сұрадым. Əкеммен бірге көмген екен. Ке- йін көрдім, қопарып біреу алып кетіпті дейді.

Оспан . Оттайды.

Е р к і н . Бұл елде басына қарын киген қызыл көз пəле бар дейді, ол кім? Білмейсің бе?

Оспан . Сол итті өзім де іздеп жүрмін.

Е р к і н . (жуасып). Осеке, мен саған сенбесем, іздеп келмес едім. Артық кетсем айып етпе... Сенен сыр жасыру мүмкін емес екен. Рас, мен арғы бетке аттанып барамын. Бір есептен екеуміздің тірлігіміз ұқсас та. Жаңа өкіметке жаныңның ашып жүрмегені де белгілі. Ендеше, мынау че- моданның ішіндегіні темір жолға көмелік. Енді бір сағаттан соң Айнабұлаққа барар поезд өтпек. Күлі көкке ұшсын. Дар- ханды атып өлтіресің. Бар арманың болған – Гүлияны арғы бетке алып кетеміз.

Оспан . (ширығып). Ереке, бұл шыныңыз ба?.. Е р к і н . Имандай шындығым.


Оспан . Мен келістім. Ондай болса, алтын-күміс те та- былып қалар.

 

Екеуі қопарғыш дəріні асығыс көме бастайды. Осы кезде Дархан мен Гүлия келе жатады.

 

Е р к і н . Гүлия танып қалар, жасырынайық. Дарх а н . Ал, Гүлия, мен қайтқанша шыда...

Гүлия (наздана еркелеп). Əлі екі ай бар... Балаңыздың атын өзіңіз қоясыз.

Ей, болшебек! деген оқыс үннен екеуі де шошына жалт қарайды. Тапаншасын кезеніп, басына қой терісін кептеген Жұмбақ адам тұрады. Гүлия шыңғырып. Сол! Ме- нің бетімді тілген осы!

 

Дарханды қалқалай құшақтағанда, тапаншаның тарс ет- кен үні естіледі. Оқ Дарханға емес, Гүлияға тиеді.

 

Дарх а н . Айтшы атын? Кім?! (Гүлияны құшақтай ол да құлайды. Зар еңіреп). Құдайым-ай, көрсетпегенің көп екен-ау. Көзіңді ашшы, жаным. Ақжайлауға алып барайын. Баяғыдай ай астында алтыбақан тебейік.

 

Жұмбақ адам басындағы маскасын жұлып алғанда, Ос- пан екенін танимыз.

 

Оспан (өзіне-өзі). Не істедім мен. Қара басты-ау. Дү- ниедегі ең аяулы, ең қымбат адамымды өлтіріп алдым-ау. Дархан иттің оқ қағары бар екен. Əттең, əттең... Ендеше, оның да көзін құртайын.

 

Тапаншасын кезене бергенде, поездың келе жатқанын көріп, қаша жөнеледі.

 

Дарх а н . Гүлияшым! Сəбиімізді жарық дүниеге келті- ре алмай арманда кеттің-ау. Ендігі тірліктің мəні не. Қу бас


болып өтермін. Мен тірі өлікпін. Көзіңді ашшы, басыңды кө- терші. Əне, поезд келе жатыр.

 

Гүлияның қызыл жаулығын алып, ту ғып көтеріп, поезды тоқтатады. «Қазақ индустриясының тұңғышы Түрксіб жаса- сын!» деген жазуы бар поезд келіп тоқтайды. Жұмысшылар жинала бастайды.

 

Дарх а н . Байқаңдар. Темір жол дəріленген. Гүлия, жал- ғандағы жалғыз жарым, сенің өліміңді кімнен көрем. Құрса- ғыңдағы құлынның обалы кімге?

Гүлия (ғажайыппен басын көтерді). Оспаннан, Дар- хан аға. Ос-па-а-н-н-н-ан... (Өледі).

Радиодан: «Бүгін Москва уақытымен сағат 7-ден 6 ми- нут өткенде Луговой станциясынан алты жүз қырық кило- метр қашықтықта Оңтүстік пен Солтүстік рельстері түйісті. Түрксіб бойымен қатынас жасауға жол ашылды», – деген сөз оқылады. Жарық сөніп, қайта жанғанда мазар салып жүрген Дархан шалды көреміз.

 

Дарх а н ша л . Міне сол уақыттан бері – жалғызбын. Гүлия, саған берген антымды орындадым. Міне, екеумізге арнап мазар орнатып жүрмін.

 

Төбеге қарай тырмысып, Дүрия көтеріліп келе жатты.

 

Дүрия . Есіңде ме, Қамбар, екеуміз алғаш кездескенде дəл осындай айрандай ұйыған барқыт кеш еді ғой. Мен сенен ізгі көңілмен ұялушы едім. Бетіңе тура қараудан жасқана- тынмын. Сен осы Жыландыдағы ең мықты жігіт, мен ең сұлу қыз едім. Есіңде ме, Қамбаш, осы төбенің басында, осындай сүт иісі аңқыған кеште екеуміз алғаш рет сүйіскенбіз... (Əн айтады).

Ай, Гүлайым, Гүлайым, Ойламашы уайым.


Алыстағы ағайдың Денсаулығын сұрайын...

 

Дархан жұмысын доғарып, бірте-бірте Дүрияға жақын- дайды.

 

Дарх а н ша л (таңғалып). Құдай-ау, Дүрияның есі кіре бастады...

Дүрия (оны байқамайды). Есіңде ме, Қамбаш, сен ме- нің көзімнен сүйгенде... ұят-ай... мен қорқып дірілдеп кет- тім де... от болып жанған бетімді сенің иығыңа басып, ұзақ жыладым. Сен шашымнан сипап уаттың... дəл сондағыдай бақытты кеш қайтып қайталанбайтынын білдім бе... Дəл сол күні туғанымды, дəл сол түні өлгенімді – сездім бе... (Өксіп жылайды).

Дархан өзін-өзі тоқтата алмай, буын-буыны дірілдеп, Дү- рияға жақындай түседі.

 

Дарх а н ша л . Тəңірім-ау, Дүрияның есі кірді, есі кір- ді...

Дүрия (жанындағы белгісіз бейнені құшқандай). Қам- бар, мен бүгін əдейі шарап алып шыққаным жоқ. Сен жақы- нырақ отыр, маған. (Жанындағы белгісіз бейнені өзіне тар- тады). Бүгін саған əлі айтпаған сырымды баяндайын. Мен сенің алдыңда айыптымын, Қамбаш, қара бетпін. Мен сенің көзіңе шөп салдым! Гүлияның аруағын былғадым.

 

Дархан шал селк ете түседі де, бірте-бірте шегіне береді.

 

Дүрия . Менің жазығым не? Жазығым – жар қызығын көрейін дегенім бе? Жазығым – артымда ұрпақ қалсын, өмі- рім үзілмесін дегенім бе? Шын өлік – баласы жоқ өлік деуші еді бұрынғылар. Сенен қара қағаз келген соң күте-күте кү- дерімді үздім де, құрдасыңның етегіне жармастым. Өзің де білесің, Қамбаш, соғыс дегеніміз – кіндікті үзіп, ұрпақсыз қалдыру соғыс кезінде Жыландыдағы бас көтерер жалғыз


еркек – Дархан еді ғой. Ендеше соғыс дегеніміз, Қамбаш – еркектер қадірінің артуы. Иə, ол шақта Дархан жас еді. (Күр- сінеді). Гүлиясынан айрылған соң қайтып үйленбсй салт жүрді. Қылтың-сылтыңы жоқ, салмақты əрі тəкаппар еді.

Дарх а н ша л . Ол рас!

Дүрия . Жыландыдағы қырық ұрғашыға бастық болып, темір жол жұмысына күн демей, түн демей сойып салатын біздерді өзі де ұйықтамайтын, бізді де ұйықтатпайтын.

Дарх а н ша л (жақындап). Ол рас еді!

Дүрия . Сонау Семейден Аякөзге дейінгі жолда біздің разъездің жұмысына ілесер жан табылмады. «Стахановсың- дар» деді, «передовойсыңдар» деді, «сендерден мықты адам жоқ», – деді, мақтады-мақтады, арқамыздан қақты. Мұрны- мыздан қан кеткенше мақтады-ай.

Дарх а н ша л (тағы жақындап). Ол рас-ты.

Дүрия . Естіп отырмысың, Қамбаш. Мен осы жігіттен бала сүйгім келді. Өзің ойлашы – осы айып па? Соғыс кезін- де ешкім де күнəға батқан жоқ. Маған салса бəрін кешірер едім. Жоқ, еркектердің кінəсі жоқ! Сенің бар кезіңде тірі жанның бетіне қарадым ба? (Көпшілікке). Ағымыздан жа- рылайықшы, ей əйелдер, бес жылды қойып, бес ай шыдау қандай азап? Енді міне, бəріміз сүттен ақ, судан таза болып, соғыстан оралған бірлі-жарым шолақ, мертік, соқыр еркек- терді қарғап-сілеп шыға келдік.

Дарх а н ша л . Ол рас!

Дүрия (жанындағы белгісіз бейнені жұлқылап). Ести- місің, Қамбар! Мен Дарханды сүйгенім жоқ, арым да, арма- ным да сен едің, жаным. Ол мені менсінбеу арқылы өзіне құл етті. Қотыр-қотыр тамында күлге аунаған түйедей болып жатқанда, ұят-ай, өзім барып... Түн жамылып... ол сені де, мені де жеңді... Ол соғысты да жеңді! Бірақ, өзін-өзі жеңе ал- мады, жазған! Күйген томардай бейшара болып қалды, əне.

Дарх а н ша л . Қайтіп, қалайша?

Дүрия . Байғұс, əлемдегі жұмыстың бəрін бітіріп кете- тіндей жанталасты. Тіршіліктің мəні – тек жатпай-тұрмай еңбек ету ғана емес, семья құру, бала сүю, көңіл көтеру еке- нін кеш ұқты. Сөйтіп жүріп екі аяқты адамнан гөрі төрт аяқ-


ты хайуанға айналды. Ол шын қайғыра да, шын қуана да біл- меді.

Дарх а н ша л . Жо-жоқ, олай



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.