Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





шінші көрініс



Үшінші көрініс

Темір жол құрылысының қауырт жүріп жатқаны байқала- ды. Азып-тозған, жүдеп-жадаған жұмысшылар. Ноябрьдің


қара суығы. Қол арба, зембіл (носилка) қиыршық тас тасып жүрген Ақай шал мен Дархан.

 

Ақай ша л . Ей, өгіздей болып екі күрек топырақты көтере алмайсың ғой, айда кеттік.

Дарх а н . Кішкене демалайықшы, Ақа. Алақаным ұйып қалды.

Ақай ша л . Ой, алақаныңды сенің... Мына мен құсап зембілдің екі сабына жіп тағып, мойныңа іліп ал. Сонда қо- лыңа күш түспейді, патшағар.

Дарх а н . Қара қатқақ суықта жіпті қайдан табайын. Ақай ша л . Белбеуіңді тағып көр.

Дарх а н . Ышқырымды сіз ұстап жүресіз бе?

Ақай ша л . Шалбарыңды шешіп таста, бəрібір пай- дасыз... Кейін, менің жасыма келгенде, Түрксібті ыштансыз салғанбыз деп балаларыңа мақтанасың...

Дарх а н (күліп). Сіз де қайдағыны айтады екенсіз...

 

Екеуі зембілдің екі басынан ұстап келе жатқанында, Ақай шал етпетінен құлайды.

 

Дарх а н . Ақа деймін, қалжыңдамайтын уақытта қал- жыңдайды екенсіз... Ал, қанша жатар екенсіз... (Шал үнде- мейді). Ау, ақсақал, ойнаған болып дем алып алдыңыз-ау, ə... (Шал сұлық жатыр. Дархан тұрғызайын деп басын көтер- генде, өлі дене сылқ етіп аунап түседі). Ақау, сізге не болды? Ақа, Ақа! (Жұрт жиналады). Ақаңнан айрылдық. Кəрі тара- мыс шыдамапты. Жарықтық-ай, Қожанасыр атам-ай, паро- возды көре алмай арманда кеттің-ау... Алдыңда аға, артыңда іні, бауырыңда бала жоқ, жалғыз басты едің, топырақ бізден бұйырды-ау. Ал, жігіттер, Ақаңды қолымыздан келгенінше арулап көмелік... (Жұмысшылар шалдың денесін төбенің ба- сына көтеріп шығарады). Сүйекті орайтын ақырет те жоқ... Ке к с е ж ұ м ы с ш ы . Жаназасыз көмілетін болды-ау.

Оу, жігіттер, Құлқу-алланы қайыра алатындарың бар ма?

С а қ а лды ж ұ м ы с ш ы . Мен білем. (Жүгіне оты- рып, дұға оқи бастайды).


Ба ла ж ұ м ы с ш ы . Маған бір ой келіп тұр, жолдастар. Ұран жазылған қызыл матамен орайық, ақсақалдың мəйітін.

Дарх а н . Алып кел.

(Бала жұмысшы жүгіріп барып, «Түрксібшілер жаса- сын! Қазақ жұмысшылары жасасын!» деген жазуы бар қызыл матаны шешіп алады. Жұмысшылар қайла, күректе- рін көтеріп Ақай шалды аза тұтады. Дархан сөз сөйлейді). Жолдастар! Түрксібтің алғашқы күнінен бастап кəрілігіне, аурулығына қарамай аянбай еңбек еткен, аяулы ақсақалы- мызды қайтпас сапарға аттандырып тұрмыз. Ақай ақсақал шойын жолдың бір шпалы болып төселді...

 

Осы шақта Оспан келеді.

 

Оспан (зілмен). Бұл не шу, не деген бассыздық. Жұ- мысты тоқтатуға кім рұқсат берді! Кəне, тараңдар!

Ба ла ж ұ м ы с ш ы . Айғайламаңыз, аға. Ақай ақсақал қайтыс болды.

Оспан . Қайтыс болса қайтейін. Ұлы істің жолында лақтай шалды қойып, ұлы адамдар да опат болған. Абылай- ды жерлеп жатқандай аза тұтқандарың не. Жеңді білектей шалды көмуге екі-ақ кісі жетеді. Тоқтатпаңдар жұмысты.

Дарх а н (ашумен). Əй, Оспан, торға қамалған қабан шошқадай осқырынбай кет осы жерден. Қазаның үстінде ат ойнатып, айқайлаған қазақты қайдан көріп ең. Мына тұрған жігіттер, əйтпесе, саған көр қазуға да дайын.

Оспан . Бұл не, бунт па? Көрерміз кімді-кім көмерін. (Шалды ораған қызыл матаға ұмтылып). Ойбай-ау, мына- ларың не? Бұл дегенің саяси қателік қой. Өкіметтің ұраны- мен аруақты орағаны несі. (Шешіп алмақ болады).

Дарх а н (қолын қағып жібереді). Тарт қолыңды!

Оспан (тістеніп). Ж-а-қ-сы... Өте жа-а-а-ақсы... тап- тырмайтын факті... Əйеліңе айт, қомшаңды əзірлей берсін, ит жеккенге айдатам.

Ба ла ж ұ м ы с ш ы . Оспан аға-ау, бұл жолды сол ит жеккенге бару үшін салып жатқан жоқпыз ба?


С а қ а лды ж ұ м ы с ш ы (алға шығып). Оспан қара- ғым, сенікі жөн емес. Мұсылман емессің бе...

Оспан . Мен мұсылман емеспін, большевикпін.

С а қ а лды ж ұ м ы с ш ы . Мен де, ана тұрған Дархан мен Матвей де большевик. Большевик болған адам, қазақ болмауы керек пе? «Алты күн аш отырсаң да, ата жолын ұмытпа» деген бар емес пе. Ақай бəрімізден де адал еңбек етті. Ал, сондай адамды арулап жерлемесін деген нұсқау жоқ шығар. Сен бізге қоразданғанша мынау аш-жалаңаш жұ- мысшыны азық-түлік, құрал-сайманмен қамтамасыз етіп ал. Семейден шыққан азықты бандыларға тонаттың. Бір бөлке қара нанды күніне он-он бес адам бөліп жейміз. Қыс болса қылышын сүйретіп келіп қалды, киіміміздің түрі мынау, жа- тын орнымыз анау адыраған. Қандала мен бүргеге талатып, қуарған ку сүйегімізді қалдырғанда бұл жолды жалғыз өзің саламысың?.. Айт жоғары жағыңа осының бəрін... Өз көлең- кеңнен өзің үркіп, қара басыңның қамын ойлай берме.

Да у ы с т а р . Дұрыс айтасыз. Бəрекелді. Көкейімізде

жүрген сөз еді. Бір ай болды монша бетін көрген жоқпыз. Осының түбі шикі. Соболевті шақырту керек.

Оспан . Бұларың – бунт. Байкот. Біріңді қалдырмай абақтыға жаптырамын.

Дарх а н . Оспан, сен де кедейдің жалаң ерін, жалаң аяқ баласы емес пе едің. Осыншалық кесір мінез, кесапат қу- лықты қайдан үйрендің? Омардың байлығы, егер саған бітсе əлемді қан сасытар едің.

Оспан . Осының барлығын бастап жүрген сенсің. Сен- генің Соболев болса, одан да мықты табылар...

 

Сарт-сұрт шыға жөнеледі.

 

Орыс ж ұ м ы с ш ы с ы . Какой странный человек. По- чему так кричит. (Жұлқынып). Почему над нами издевается. Как американский фермер... Мы же рабочие, а не рабы.




  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.