Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЕКІНШІ БӨЛІМ. Бірінші көрініс. Екінші көрініс



ЕКІНШІ БӨЛІМ

Бірінші көрініс

Күмбез. Сол күмбезге кірпіш қалап жүрген Дархан шал- ды көреміз.

 

Дарх а н . Жер бетіндегі адамдардың ең көбі – бұл əлем- ге айғай-шусыз келіп-кететіндер. Бірақ, біздер жоқ. Жылдар өтер, жер бетіне айқыш-ұйқыш сандаған темір жол салына- ды. Ал, Түрксіб-сынды құрылысқа қазақтар қанша қажыр- қайрат жұмсағанын кім есептеп берер.

 

Төбенің басына дорбасын арқалап, Дүрия көтеріліп келе жатады.

 

Дүрия . Ей, қақбас, əлі тірі ме едің? (Отыра кетеді). Мен де сенемін. Екеумізді алмаған Құдайдың тамағы тоқ екен. (Екі стаканға су құяды). Əй, Қамбар, сен неғып тізеңді бүкпей секиіп тұрсың. (Елес адамның қолынан тартады). Дархан түрегеліп жүріп өледі...

(Дархан тіксініп барып, Дүрияның жанына отырады).

– Кел, Қамбар, сенің қырық жыл болған қырғында өлмей аман оралғаның үшін алып қоялық. (Соғыстырып ішеді). Түу, Қамбар, шашың ағарып кетіпті ғой. (Елес адамды айма- лап, еркелейді). Темір жолда істейтін жұмысшының барлы- ғын бронмен қалдырып жатқанда, сені алып кеткеніне өкіне- мін... Содан баласыз қалдық... Айып етпе, мен сені адал күте алмадым. (Солқылдап жылайды).


Тағы бір поезд өтеді.

 

Дарх а н . Оспандар қай вагонда кетіп барады екен. Бая- ғыда қалай еді, баяғыда...

 

Екінші көрініс

Құланды разъезі. Түрксіб темір жол құрылысының қа- уырт жүріп жатқан шағы. Рельстер, шпалдар... Қол арба, зембіл, қайла ұстаған жұмысшы қазақтардың арпалысып, жұмыс істеп жүргені көрінеді. Алыстан жатақ, вагон-үйлер мен маңдайына «Қабылдау пункті» деп жазылған үгіт үйі көрінеді. Түрксібшілердің топ ортасында Дархан, Қамбар, жаулығы ағараңдап Гүлия мен Дүрия жүреді. Қоңыраулы пə- уескенің сылдыры естіледі.

 

Т ү р к с і б ш і л е р : «Келе жатыр! Өкіл келе жатыр!» –

деп даурығысады.

Қ а м б а р . Тəңірім-ау, анау орыстың оң жағында отыр- ған Оспан ғой.

Дарх а н . Өкіліміз Оспан болса, оңған екенбіз.

Қ а м б а р . Семейдегі бір айлық курсты бітіріп, Аякөзде өкірген бастық деп естіп едім, рас болып шықты.

Дүрия (белін жазып). Ұрын түскелі келе жатқандай ші- ренуін-ай... Əй, Гүлия, ғашығыңды қарсы ал. (Сықылықтап күледі).

Гүлия (ренжіп). Қайдағыны айтады екенсің. Өкілдер келеді. Амандасады.

С о б о лев . Жұртты жинаңыздар, митинг өткіземіз. (Жұмысшылар жиналады. Ортаға Соболев шығады). Жол- дастар!

 

Халық қозғалып, гуілдеп кетеді.

 

Оспан . Тынышталыңыздар! Сөз тыңдасаңыздаршы.


С о б о лев . Жолдастар! РСФСР Еңбек жəне Қорғаныс Советінің Түркістан-Сібір темір жолын салу туралы қабыл- даған шешіміне енді бір айда, 3 декабрьде, бір жыл толады.

Ақай ша л . Мынау орыс емес, қазақша менен ары сайрайды.

 

Жұрт күледі.

 

Оспан . Ақсақал, немене бала болып кеттіңіз бе?

С о б о лев . Бұл жолдың басты мақсаты – Сібір жол- дарын Ташкент, Орынбор магистралімен, ал Қазақстанды Сібір, Орта Азия аймағымен жалғастыру. Кең-байтақ қазақ сахарасына жаңа заманның күре тамырын соқтыру. Елсіз не- месе жартылай елсіз жерлерді басып өтетін темір жолға Со- вет өкіметі 200 миллион сомдай қаржы бөліп отыр.

Ақай ша л . Құдай біледі, мынау орыс емес. Жеңіл күлкі.

С о б о лев . РСФСР Халық Комиссарлар Советінің ше- шімі бойынша Түрксіб құрылысына жəрдемдесу комитеті құрылды. Мұндай комитет губерниялық жəне уездік атқару комитеттерінің жанынан да құрылды. Құланды бүгіннен бас- тап станция болады, оның бастығы болып Оспан Құрымасов жолдас тағайындалады.

Дарх а н . Жолдас өкіл, тоқ етерін айтпайсыз ба.

С о б о лев . Тоқ етерін дейсіз бе? Партияның социалис- тік индустрияландыруға бағыттаған ұлы ісін жүзеге асыру саясатын «тоқ еткізіп» айтып шығу ағаттық болады.

Да у ы с т а р . Айтсын. Айтсын. Тыңдалық.

Оспан . Əй, Дархан, аузың қышып бара жатса артынан сұра.

С о б о лев (қолын көтеріп). Тынышталыңыздар, жол- дастар! Жергілікті халықты, яғни қазақтардан өз жұмысшы, құрылысшыларын, мамандар даярлайтын курстар Алматы мен Семейден ашылды. Соған жазылу керек. Мұнымен қа-


тар «Қабылдау пункттерінің» беделін күшейтіп, ел-елге шы- ғып темір жол жұмысына үгіттеу керек.

Дарх а н . Немене оқымасақ, күрек ұстай алмаймыз ба? Оспан . Сөзді бөлме.

 

Соболев көзілдірігін алып, Дарханға тесіле қарайды.

 

С о б о лев . Мен сізді бір жерден көрген секілдімін. Дарх а н (қарсы жүріп). Жолдас Саша...

Оспан . Александр Александрович деп атаңыз...

Дарх а н . Жолдас Саша, осыдан алты ай бұрын Сіз бен біздің басымыз бір жіпке байланбады ма. Ертіс үстіне са- лынған көпірдің тағдырын мына біздер шешпеп пе едік...

С о б о лев (құшағын жая ұмтылып). Иə, иə... (Қарсы жүріп). Иə, иə... Қалай ғана қара басып танымай қалдым. Дархан Таңатарұлы, қара күштің атасы, орыс-қазақты таң- ғалдырған Қара нар.

 

Дархан мен Соболев құшақтасады.

 

Оспан . Александр Александрович (шынжыр баулы са- ғатына қарап), жұрт күтіп қалды ғой...

С о б о лев (Дарханды арқасынан қағып). Жолдастар, кешіріңіздер, Дархан екеуміз ескі доспыз. Ертіс үстінен са- лынған көпірдің тағандарын су астына сүңгіп орнатқан осы – Қара нар. Қайран қаламын, қалай ғана тірі қалдың! Кірпігің ғана қимылдап жатқанда ауылдағы ағайындарың келіп алып кетпеп пе еді... (тағы да құшақтайды).

Дарх а н . Жолдас Саша, қырық жыл қырғында тек ажалды өледі деген, Түрксібтің дəмі жібермеді.

Оспан (тықыршып). Жолдастар, не тұрыс. Митингіні аяқтап, іске көшелік.

С о б о лев (есін жиып). Иə, иə, жолдастар, кешіріңіз- дер. Қара нарды тірі көрген соң көңілім босап кетті. (Көзіл- дірігін сүртіп, қайта киеді). Сонымен, жолдастар, біздің алдымызда ұлы міндеттер тұр. Түрксіб темір жол құрылы- сына жəрдемдесу Комитетінің Председателі Тұрар Рысқұлов


жолдас Аякөз – Семей жұмысшыларына үлкен сенім артып отыр. Құрылыс Басқармасының бастығы Владимир Сергее- вич Шатов екеуі осы жаққа келіп те қалар. Енді үш жылда осынау қазақ сахарасының күре тамырына айналар шойын жол құрылысын аяқтау міндеті тұр алда. Мұндай игілікті іске маманданған кадрлар керек. Семей, Алматыда ашылған курсқа, кəне, кім барады?

 

Үнсіздік.

 

Оспан . Ырықтарыңыз білсін, ешкімді зорлап жібере алмаймыз, жолдастар.

Ақай ша л (алға шығып). Жолдас өкіл. Қазаққа ендігі жетпегені отарба еді, оны да көретін күн туар. Сонда дей- мін-ау, сол түйеше боздаған отарбаға мініп қайда барамыз. Анау қырдың астындағы айында, жылында қатынар ағайын- ға шолақ торым да шыдас берер. Ал, қалада ас беріп жатса да, шаруам жоқ.

Оспан . Əй, шал, қиқарланбай жөніңе көш. Өрең жет- пейтін əңгімені қайтесің.

Ақай ша л . Қойшы-ей, (қолын сілтеп) сен білгенді, мен де білем. Түсінбегенді сұрап алғанның несі айып, несі шам. Расында да, осы отарбаға мініп, асығып қайда барады бұл жұрт? Өз басым қаңғырмай үйде отырғым келеді.

Оспан . Сіз бармасаңыз, басқалар барады.

Ақай ша л . Олар қайда барады? От басын, туған же- рін тастап қайда барады деймін?..

Оспан . Сендер бармасаңдар, басқалар келеді.

Ақай ша л . Ақсақал, сұрағыңыз дұрыс. Социализмді толық орнатып, коммунизмге барамыз.

Ақай ша л . Ұқтым, ұқтым. Жұрт гуілдеп кетеді.

Оспан . Сабыр сақтаңыздар! Ауылдағы аусар мінез мұнда жүрмес. Шынында да біз, мына Александр Алексан- дровичтің басшылығымен шойын жол құрылысына байла-


нысты митингі өткізгелі келдік. Түркістан – Сібір магистра- лінің қазақ халқы, тіпті, бүкіл жас Совет өкіметі, қала берді, ұйқыдан жаңа оянған Орта Азия үшін қаншалықты маңызы барын еңбектеген баладан, еңкейген кəріге дейін біледі.

Қ а м б а р (қамшысымен етігін салып қалып). Мына мен де білемін. Жол салып жатқан жолдастарға көмек деп жал- ғыз байталымды сойып тастадым. Күнін құрғатпай сусында- рын жеткізіп беремін. Шырпы басын сындырмай, ақ саусақ болып өскен Дүрия мен Гүлияның қолына қараңыздаршы. Мына Дархан деген құрдасым құйрығы жылтырап, қатын- дарға мазақ болып жүрген соң, борбайымдағы жалғыз тері шалбарымды шешіп бергенмін.

Дарх а н (қызарақтап). Оттапсың!..

 

Көңілді қозғалыс. Қыздар жағы ұялған болады.

 

Қ а м б а р . Осы Түрксібтің есігіне ергеншек, қазанына қақпақ болып жүрген жалғыз біздер емес. Анау қойдай өріп, жылқыдай жусаған ауылдағы аңқау жұрт. Ендеше, жұт боп келерін, құт болып келерін қайдан білейік, əйтеуір, астымыз- дағы атымыз, аузымыздағы асымыз, қойнымыздағы қатыны- мыз шойын жолдың садағасы деп тіледік, өл дей ме енді. Та- қымым сартап болып өмір бақи жылқы баққан мен де тас тасып, топырақ үйіп жүрмін.

 

Бағанадан бергі əңгімені жымия тыңдап тұрған Соболев тамағын кенеп, жұрттың дабырын басады.

 

С о б о лев . Жолдастар! Тынышталыңыздар. Қазір қал- жыңдасуға да уақыт жоқ. Темір жол құрылысының Солтүс- тік басқармасы рельс төсеуді осыдан он күн бұрын, яғни 15 июльде бастап кетті. Ал, Иванов басқарған Оңтүстік басқар- ма Луговойдан ноябрьдің аяқ шенінде іске кіріспек. Екі жақ- тың түйісер тұсы Айнабұлақ станциясы болып белгіленіп отыр. Өздеріңізге мəлім – Оңтүстік басқарма бізді жарысқа шақырады. Рельс төсеу қарқынын шапшаңдатып, Айнабұ- лаққа қайткен күнде де бірінші болып жету керек.


Қ а м б а р (килігіп). Бірінші жетсек не береді? Күлкі.

С о б о лев (салмақты қалпымен). ВКП(б) Орталық Ко- митеті мен Халық Комиссарлар Советі тауды тіліп, тасты бұзып, жапан даланы жаңғыртқанымыз үшін алғыс айтады. Ал, ендігі үміт, ендігі сенім – сіздер, іске сəт, жолдастар!

 

Жұмысшылар қол соғады. Жан-жаққа тарай бастайды.

Қамбар Соболевке жақындайды.

 

Қ а м б а р . Жолдас өкіл! Бір кезде көрмегенім темір жол болсын деп ант беріп едім, бірақ, жүрек құрғыр шыдамады.

С о б о лев . Ол жөн. Өзің де білесің, қазақта «шешінген судан тайынбас» деген мəтел бар. Қазақ пролетариатының қатарына сендей мықты жігіттер керек. Тек оның қара күші ғана емес білім, шеберлігі қажет. Бүгінгі қайла мен қол арба күні ертең алып техникаға айналғанда – ат құлағында ойна- ғандай шырқ үйіретін білікті маманға зəру боламыз. Ендеше, сауатсыз адам – соқырмен бірдей. Қарбанғанымен, қайраты аз. Менің саған айтар ақылым – Семейде ашылған теміржол- шы кадрларын даярлайтын курсқа жазыл.

Қ а м б а р . Оны кім жазады?

С о б о лев . Əне, тізімдеп жатыр.

Қ а м б а р (қамшысымен қонышын салып қалып). Əкесін ұрайын... не көрмеген қу бас, жазылдым. Семей Аякөзден алыс дейсің бе, кеттім!

Дүрия (қуанып). Алақай, əниіме барамыз, Семейге ба- рамыз. Гүлия, сендер де жазылыңдар.

 

Жұрт тарай, қайсыбірі тізімге жазыла бастайды.

 

С о б о лев (Дарханның арқасынан қағып). Ал, Қара нар, сен неге жазылмайсың?

 

Гүлия келеді жандарына.


Гүлия . Оқуға бар деген ақылды мен де айтып жүр едім...

Дарх а н . Жолдас Саша, танысып қойыңыз, менің жа- рым, Гүлия осы кісі болады.

С о б о лев . Саламатсыз ба қалқам? (Зер сала қарап). Мен сізді қайдан көрдім? Əсіресе, жаудыраған көзіңіз таныс. Гүлия . Бізді конфискациялауға келгеніңіз есіңізде ме.

Мен – Омардың қызымын. Бас бостандығымызды бергені- ңізге мың да бір рақмет, аға.

Дарх а н (күліп). Сонда жер аударып жіберсеңіздер ғой, мен қалыңдықсыз қалар едім.

С о б о лев . Қалыңдықты болған екенсің, бауырым...

Енді оқып алғаның дұрыс.

Дарх а н . Қайратым – қайламда... Келініңіз Семейдегі қыздар училищесін бітірген. Бір үйге – бір оқымысты жарар. С о б о лев (сүйсініп). Солай ма. Қыр қазақтарын сауат- тандыру кезек күттірмес мəселе. Ертеңнен бастап мұғалім- дікке кірісіңіз. Бұйрық беріледі... (Дарханға). Ал, сен əзірше

бригадир бола тұр.

 

Оспан келеді.

 

Оспан . Александр Александрович, күн кешкіріп қал- ды. Аякөзге дейін біраз жер.

С о б о лев (Оспанға). Қалай, Осеке, Дарханмен істесіп кетерсіздер деп сенемін. Бір ауылдың жігітісіңдер...

Дарх а н . Апырым-ай, асығыс болдыңыздар-ау. Қара шай болса да ішіп кетіңіз.

С о б о лев . Алдымен Айнабұлаққа жетіп алайық. Той- дың көкесін содан соң көрсетеміз.

 

Қоштасып, аттанып кетеді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.