Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Төртінші көрініс



Төртінші көрініс

Күз. Омар бай жалғыз аяңдап келе жатады.

 

Ом а р (күбірлеп). Ертең кəмпеске. Бүкіл ата-баба тірлі- гінің ең соңғы күні. Семейдегі ұлдан да хабар-ошар болмай


кетті. Иə, Омар, «Құлан қай жерде семірсе қан-жыны сонда төгіледі», – деген сөз рас-ау. Бұл қазақтың білмей айтқан сөзі бар ма... (Кеудесін уқалап). Жүрегім шанша берді-ау...

Тас үстіне отырады. Осы кезде жылқышы жігіт келеді. Қ а м б а р . Ассалаумағалейкум!

Ом а р . Е, сен бе едің, Қамбар...

Қ а м б а р . Ақсақал, неғып жаяулап жүрсіз? Нөкерлері- ңіз де жоқ...

Ом а р . Кешегі қамалаған шіркін тауықтар, бүгінде аба- лаған итке айналды...

Қ а м б а р . Жүзіңіз сынық қой, Омеке. (Өзіне). Жо-жоқ, бұл баяғы байекең емес...

Ом а р . (естімегендей). Шырағым, жасың нешеде осы сенің?

Қ а м б а р . Отыздамын, ақсақал. Ом а р . Үйленген жоқсың. Неге?

Қ а м б а р . Неге екенін менен гөрі өзіңіз жақсы білесіз. Ом а р . Ə, солай екен-ау... Бірақ саған жасаған жаманды-

ғым жоқ еді.

Қ а м б а р . Жасаған жақсылығыңыз да жоқ еді... деп кі- нəласпай-ақ қояйын. Сіз бен біздің кімнің есесі кімге кетке- нін түгендейтін жер бұл емес шығар.

Ом а р . Алдыңдағы жылқыдан таңдағаныңды ұстап мін. Қ а м б а р . Бұл не, ақсақал, ойыныңыз ба, шыныңыз ба?..

Ом а р . Шыным. Ертең қыл құйрық қалдырмай бөліске салады.

Қ а м б а р . Өзіңіз қайда бет түзедіңіз...

Ом а р . Құлындыдағы қыстақты болжап қайтайын деп...

Қ а м б а р . Ой, онда бармай-ақ қойыңыз. Түрксібшілер жатаққа айналдырып алыпты.

Ом а р (жүрегін басып, демігіп). А-а, со-о-лай ма...

Қ а м б а р (сасқалақтап). Ақсақал, ақсақал, не болды сізге?..

 

Омардың түймесін ағытады.


Ом а р (ауыр дем алып). Рақмет, шырағым. Осындай жі- гіт екенсің-ау.

Қ а м б а р . Иə, баяғыдан осындаймын, Омеке... Ом а р . Рас, осындай екенсің... байқасамшы...

Қ а м б а р . Сіздер биіктесіздер ғой, кішкентай адамдар- ды көздеріңізге іле бермейсіздер.

Ом а р . Ол рас, шырағым. Биікте жүргенге көріну үшін өздерің де биікке ұмтылуды білмейсіңдер. Мал баққанның барлығы мал болып кетсін дегенді қай пайғамбар айтқан екен. Біржан сал мен Ақан сері де жалғыз атты кедей емес пе еді.

Қ а м б а р . Олардың жөні бір басқа... Жүз жылда жал- ғыз-ақ рет туатын бекзаттар ғой. Сіз жылқыңызды баққан он жыл ішінде алғаш рет аттан түсіп, жақын келіп əңгімелесті- ңіз. Сондықтан да, нағыз кім екенімді біле бермедіңіз.

Ом а р (өзіне-өзі). Апыр-ай, мына жігітті баяғыда баулап, бауырыма алу керек еді. (Естіртіп). Жарығым, мен саған үл- кен іс тапсырайын деп отырмын. Кəмсомолға өтіп, белсенді болып жүргеніңді біле тұра, азаматтығыңа сенім арттым.

Қ а м б а р . Айтыңыз. Қасқалдақтың қаны, адамның жаны емес шығар.

Ом а р . Тым биікке шыққанның сол биіктен құлауы да оңай ғой. «Қанатыңмен ұшқанда, құйрығыңды да ұмытпа», – деген қазекемнің сөзін ескере бермеппіз. Енді, міне... елдің еркесі едік, көзге шыққан сүйел болдық. Байысам ақылым- мен, шаруақойлығыммен байыдым, ешкімнен тартып алған жоқпын. Сол табан ет, маңдай термен келген малдан қотыр тай бұйырайын деп тұр.

Қ а м б а р . Бірсыпырасын арғы бет асырып жібермедіңіз бе...

Ом а р . Ол жаққа тұяғым іліне ме, ілінбей ме? Бəрі де бұйрыққа байланысты. Құландыдағы үйдің астында азын- аулақ асыл тас бар еді. Жертөледе тығулы жатыр. Түрксіб- шілердің қайласы əзірге тие қойған жоқ шығар. Терезе жақ іргеден сана да, бесінші тақтайды қопар...

Қ а м б а р . Мақұл, ақсақал, сөзбұйдаға салып қайтеміз, əкеліп берейін. Онда тұрған не бар.


Ом а р (қуанып). Əй, бəрекелді, тусаң ту. Ер екенсің. Осы кезде оқыс дауыс естіледі.

Оспан . Іздеп шыққан байымыздың өзі жол торып жүр екен. Мəледес.

Ом а р . Ə-ə, сен екенсің ғой, Оспан. Оқу өтіп кеткен бе, сəлем неге бермейсің?

Оспан . Сəлем алып үйреніп қалған құлағың қышып тұр-ау, пəмешигім. Енді сен бересің сəлемді. Қане, «ассалау- мағалейкүм, Осеке», – деп қолыңды қусыр. Бір! Екі!

 

Тапаншасын суырады.

 

С о б о лев . Қойыңыз, ондай əпербақандықты. (Омар- ға). Ақсақал, жүріңіз ауылға. Конфискелеуге шыққан комис- сия мүшелеріміз.

Ом а р . Жөн-жөн. Іздегендерің мен емес, мал болса, əне жатыр ғой, алдарыңа сал да айдап кет.

Оспан . Сен өйтіп түлкі бұлаңға салма. Анау жатқан жылқыларыңның бестен бірі ғана. Қалғаны арғы бетте. Қо- лын байлап, ат құйрығына таңбасақ, қашып кетеді.

С о б о лев (қазақша). Асықпаңыз. (Қамбарға). Сен кім- сің?

Қ а м б а р . Омекеңнің жылқышысымын.

С о б о лев . Жылқыларды ауылға айда. Атың кім? Қ а м б а р . Қамбар.

Оспан . Жаман иттің атын бөрі басар қояды деп... Бұл өзі Омардың қызынан дəмелі жігіт.

Қ а м б а р (ашуланып). Суырдың айғырындай аңқиттама. Оспан . Тарт тіліңді, қаңғыбас!

Қ а м б а р (ұмтылып). Əй, əкеңнің... Соболев араға түседі.

С о б о лев . Доғарыңдар! Бұл не бассыздық. (Оспанға). Жігітім, үлкен істі бүлдіретін түрің бар, Аякөзге қайтасың- ау деймін.


Оспан . Мен ісполкомның решениесі бойынша келе жа- тырмын. Сіз қайтара алмайсыз.

Ом а р (Қамбарға сыбырлап). Құландыдағы шаруаны тəмамдап қайт.

 

Омар байдың үйі. Милиционер жігіттер əр затты тізімдеп тіркеп жүр. Бай мен Соболев сөйлесіп отыр. Рақия бəйбіше быж-тыж, əр затқа бір жабысады.

 

Рақия . Құдайым-ай, көрсетпегенің көп екен-ау.

С о б о лев . Сіздерден басқа байлар əлдеқашан конфис- келеніп, жер аударылып кеткен.

Ом а р . Білемін. Игілік пен өлімнің ерте-кеші бар ма?

С о б о лев . Сізді конфискелеу үшін Семейден рұқсат қағаз керек болды. Балаңыз Еркінмен бір ауыз тілдеспей бас салуға жасқандық. Оның үстіне Еркінмен қызметтес болып едік.

Ом а р . Егер заңды орындамасаңдар түрмеге менен бұ- рын қамалатындарыңды білемін... Шырағым қазақшаға су- дай екенсің, қайдан үйреніп жүрсің? Татар емессің бе?

С о б о лев (күліп). Қазақ арасында өскенмін, ақсақал. Егер түрмеге қамамай жер аударсақ, қай жақты қалар едіңіз? Ом а р . Жердің бетінде жаман жер жоқ. Қай жақты нұс-

қасаң, сол жаққа кетеміз де.

Рақия . Сен қайда кетсең – сонда кет. Мен екі қызымды алып, Семейдегі төркініме барамын. Отыз жыл қас-қабағыңа қарадым. Малмен жусап, малмен бірге өрдім. Айыбымыз қа- тыны болғанымыз ба. Əкесі үшін баласы күймейтін шығар.

С о б о лев . Шешей, байларды жер аударғанда семьясы да қалыс қала алмайды.

Рақия (жылап). Бізге рұқсатыңды бер, шырағым. Мы- наны тірідей қақтап жесең де, өзің біл.

Ом а р . Тағы да көк айылдығыңа бастың ба. Өкіметтің құрығынан емес, сенің көк долылығыңнан қорқушы едім.

С о б о лев . Жарайды. Бердім рұқсатымды.

Рақия . Өркенің өссін, балам. Қазаққа бергісіз бек ма- тор жігіт екенсің.


Милиционер жігіттер ақ киізді ала бергенде, Омар орны- нан атып тұрады.

 

Ом а р (қалшылдап). Тимеңдер оған? Ақырет киіз ғой. Өлсем денемді орайды. Өкіл шырақ, тым болмағанда осыны қи маған.

С о б о лев . Қалдырыңдар.

 

Оспан кіреді. Қолында қара тақтайы бар.

 

Оспан . Кəмпескеленген байдың мойнына қара тақта іліп, ауылды бір айналдырып шығарады, Омеке. Бүкіл ел

«қара бет» деп бетіне түкіреді. (Тақтаны Омардың мойнына іледі). Ақсақал-ау, өзіңізге қандай жарасады. Қарғы баулы ит секілдісің... ха-ха...

Ом а р (түтігіп). Əттең, екі көзіңді бірдей ағызып жі- бермегеніме өкінемін де...

Оспан . Онда қарымтаға екі қызыңды бірдей берер едің... С о б о лев . Алып тастаңыз. Бұл бейбастық. Асыра сіл-

теушілік.

Оспан . Осымен екінші рет байға жақтастыңыз. Айтпа- ды демеңіз, жауапты өзіңіз бересіз. Мен білетін Омардың қу- лығына найза бойламайды. Босағаға байлап тастамадыңыз бар ғой, өкінесіз... Өкінесіз.

 

Шығып кетеді.

 

Ом а р . Жігітім, жақсылығыңды жағым түскенше ұмыт- паспын. Түннің ортасы болды, жолдан шаршап келдің, жа- тып дем ал. Көрпе-жастықты өздерің сыпырып алдыңдар...

С о б о лев . Рақмет, киімшең жатаберем ғой. Үйренгеміз.

 

Соболев жантайып жатады. Омар далаға шығады. Қам- бар көрінеді.

 

Қамбар (сыбырлап). Ақсақал, əлгі заттарды алып келдім. Ом а р (сасқалақтап). Қоя тұр. Өзіңде болсын.


Қ а м б а р . Мұның маған керегі не?

Ом а р . Əзірше жасыра тұр... Қара жорғаны ерттеп, ауыл сыртында ұста. Мен қазір шығамын. Балаларыммен қошта- сайын...

 

Жарық сөнеді. Аттың дүбірі естіледі. Жарық қайта жан- ғанда, төбенің басында тұрған Омар мен Қамбарды көреміз.

 

Ом а р (толқып). Қош, туған жер, өскен ел. Қош, алтын аймақ, адырлы жерім! Əттең, енді бір бес-он жыл қызығың- ды көре алмадым-ау!

Қ а м б а р (өзіне-өзі). Апыр-ай, қабан шошқа өлгелі жат- са да қорс еткенін қоймайды деген, тегі, рас екен-ау...

Ом а р . Əкел, əлгі алтын-күмістеріңді. (Қамбар берген дорбаны қойнына тығады).

Ал, азаматым, заман сенікі. Бар да Түрксібке жұмысқа тұр. Қарағайдай қайлашы боласың...

Қ а м б а р . Менің қолым қайла емес, құрық ұстауға жа- ралған.

Ом а р . Ендеше, менімен бірге арғы бетке аттан.

Қ а м б а р . Жоқ, ақсақал, əр таудың басын көксеген ар- қар аштан өледі деген. Сүйегімнің бергі бетте қалғанын қа- лаймын.

Ом а р . Өзің біл. Мен үшін отқа күйесің бе дегенім ғой. Оспан соқыр қыр соңыңнан қалмас... Ал, қ-о-ш... (Мылтық- тың даусы естіледі. Ол оқтың иесі басына қойдың қарнын қаптаған белгісіз). Алла, Алла, – деп жүрегін басып құлай- ды Омар. Қамбар басын сүйейді.

Қ а м б а р . Ақсақал-ай, еліңіздің дəмі жібермеді-ау!

Ом а р (əлсіреп). Міне, осымен ойхой дүние серуен са- пары аяқталды. Тəңірім-ай, аспан аласарып, дүние шыр кө- белек айналады-ай. Ақырет киізіне орашы мені. Бұйырғаны осы ғой. (Қойнындағы дорбаны суырады). Ал, сен ал, Қам- бар. Жақсылығың мойныма қарыз болмасын. Мұны алсаң өмір бақи қор болмайсың. Мені арулап көм... Топырақ салт атты жігіт сенен бұйырды... Батамды берейін...


Қ а м б а р . Керек емес, ақсақал. Енді маған еш нəрсенің керегі жоқ... Бұған дейін керек болған. Кеш, өте кеш бердіңіз байлықты...

Ом а р (əлсіреп, əрең). Дүриядан көңілің бары рас болса, алуың керек еді. Өкінерсің... Өкінерсің... Өзі-іммен... бірге көм... көм... көм... Кең дүние-ай, осыншама тар ма едің... Соңғы айтарым: анаң да қара жер, атаң да қара жер...

 

Жер-көкті дүрілдеткен жаңғырық естіледі. Жарық сөнеді.

Гүлия мен Оспанның даусы ғана естіледі.

 

Оспан . Гүлияш, сенсіз маған өмір жоқ. Кетейік бұл жерден. Құлың болайын, өмір бойы алақаныма салып аялап өтейін.

Гүлия . Атамаңыз, Оспан аға. Менің Дарханым бар.

Оспан . Сені қимаймын оған. Гүлия, мал керек пе, ал- тын керек пе, менде барлығы бар. Тек сен ғана жетпейсің.

Гүлия . Қинамаңыз, Оспан аға. Мен Дарханды сүйемін. Оспан . Қор боласың-ау, жазған. Қадіріңді білмейді-ау.

 

Жарық жанғанда, Гүлия мен Дүрияның қыр басында тұр- ғанын көреміз.

 

Дүрия (ашуланып). Бүгін келеміз дегендері қайда... Құдай күнімізді құрық ұстаған жылқышы мен қара жұмыс- шыға қаратқан соң не жорық. Кедейдің кербездігінен сақта деген осы да.

Гүлия . Сыртынан ғайбаттама, Дүрия. Етектерінен ұс- таған өзіміз. Ешкім зорлаған жоқ. Қолдары тимей жатқан шығар.

Дүрия . Жоқ-ау, тіпті, ханзададай кергіп, хабар-ошар- сыз жатып алғандары жыныма тиеді. Əниіммен бірге қала- ға барсақ, мынау деген оқыған азаматтардың маңдайынан шертіп жүріп, таңдар едік.

Гүлия . Қайдағыны айтпашы. Жүрегім сезеді, сөз жоқ, бүгін келеді олар...

(Қараң етіп біреу көрінеді).


– Əне келді. Солар. Дархан аға!

 

Ұмтыла береді. Тасадан басына қойдың қарнын киген Белгісіз Гүлияны қапсыра құшақтайды да, пышақпен бетін тіліп жіберіп, жоқ болады. Гүлия: «Аһ», – деп бетін басады. Дүрия шыңғырып жібереді. Рақия шығады.

 

Рақия . Не болды, ойбай! Дархан мен Қамбар келеді.

Гүлия . Ағатай-ай. (Құшағына ұмтылады). Аттың те- рін аяйтындай не жазып едім сізге. Жазығым жақсы көрге- нім бе... Енді, міне... Сізге қарар бет қалмады... (Өксіп жы- лайды).

Дарх а н (аймалап). Маған бетің емес, өзің керексің. Ақ дидарыңды аямай тілген қандай қатыгез екен. Айтыңдаршы!

Дүрия (ол да жылап). Танымай қалдық... басы бітеу... Қ а м б а р . Мен оны бағана ғана бір жерден көргенмін.

Қуып жетіп қуырдақ жасайын!

 

Тұра жүгіреді.

 

Дүрия (жабысып). Барма! Сенің де бетіңді тіліп жібе- реді.

Гүлия . Анау көрінген не, Дархан аға! Бейнебір жұл- дыздар секілді.

Дарх а н . Түрксібшілер жаққан от.

Гүлия . Қандай əдемі! Енді сөнбей ме?

Дарх а н . Сөнбейді, жаным. Сөнбейді. Сол оттың қуа- тымен поездар жүреді.

Гүлия . Алғашқы поезға біз мінеміз. Дарх а н . Иə, біз мінеміз.

Гүлия . Жүріңіз, аға, жылынайық сол отқа. Қатарласа аяңдайды.


Рақия . Бармайсыңдар. Бермеймін қызымды жалаң аяқ кедейге. Бермеймін. Құдайым-ай, оң жақтағы қызымды қайла ұстаған қайыршыға ұзататын болдым-ау... Қайдасың, Омар! Өлімісің, тірімісің, арыстаным!

 

Дүниені дүр сілкіндірген қопарылыс естіледі.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.