Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





шінші көрініс



Үшінші көрініс

Алтыбақанның басы. Қыздар мен жігіттер. Ойын-күлкі. Алтыбақанның бір басында – Гүлия, келесі басында – Дар- хан. Қамбар мен Дүрия тербетіп тұр. Гүлия əн салады:


Бақалы, балдырғанды көл аман бол, Балталы, бағаналы ел аман бол.

Туған жер, енді есен бол-ай...

 

Да у ы с . Байдың қыздарын сонша ардақтағаны несі...

– Теңдік бізге емес, осыларға тиген-ау.

– Немене əкесі бай деп, баласын жазғырамыз ба.

– Олар да біз секілді жас, ойнап-күлгісі келеді.

– Құдай біледі, осы екі қызды Дархан мен Қамбар алып қашқалы жүр.

(Алтыбақан тоқталады).

– Қамбар əн айтсын.

– Иə, əн айт, Қамбар.

 

Қамбар қолынан тастамайтын қамшысын сарт еткізіп, керги басып ортаға шығады.

 

Қ а м б а р . Əперіңдер домбырамды. (Бір тізерлей оты- рып, шырқай жөнеледі). Бісміллə, бастадым. Бұқар жырау бабамның аруағы жебей гөр.

 

Айналасын жер тұтқан, Айды батпас демеңіз. Айнала ішсе таусылмас, Көл суалмас демеңіз.

Құрсағы құшақ байлардан, Дəулет таймас демеңіз.

Жарлыны жарлы демеңіз, Жарлы байға теңеліп, Жайлауға көшпес демеңіз. Жалғызды жалғыз демеңіз, Жалғыз көпке теңеліп,

Бір майданда соғысып, Кегін алмас демеңіз.

Қу таяқты кедейге,

Дəулет бітпес демеңіз, оу-оу, демеңіз.


Тұс-тұстан қошеметтеген дауыстар естіледі. Дархан ор- таға шығады.

 

Дарх а н . Менің Қамбар секілді өнерім жоқ. Қара нар- дай қара күшіме сенген адаммын. Пролетариатпын. Сондық- тан сендерге бір ауыз тілек айтқым келеді. Қазір бүкіл қазақ даласы Түрксіб деп, ұран тастап, жер дүниені жаңғыртып жатыр.

(Осы кезде қатты дүмпу естіледі. Жұрт тына қалған). Сенбесеңдер, əне, қара тасты қақ айырған сол түрксібшілер қойған дəрінің үні. Шойын жол салу құрылысы Шарға же- тіп, Аякөзге жақындап қалды. Бəріңді сол жол құрылысына шақырамын.

Да у ы с т а р . Барамыз. Оны да көреміз. Тек жүргенше жер қазалық.

 

Оспан келеді.

 

Оспан . Бұл не айқай. Жын ойнақты доғарыңдар демеп пе едім. Бастап жүрген сенсің, Қамбар. Жылқы күзетіп жүр ме десем, қыздарды күзетіп жүр екенсің ғой! Мұның барлы- ғы ескіліктің қалдығы.

Қ а м б а р . Ненің қалдығы?..

Оспан . Феодалдың қалдығы. Өзің комсомолсың, ак- тибсің, істеп жүргенің мынау. Құдай ұйықтап жатқанда сай- тан ойына келгенін істейді деп, үндемегенге үдей соғып ба- расыңдар.

 

Жастар үрпиісіп қалады. Қыздар тарай бастайды.

 

Қ а м б а р . Айғырсыма, Оспан. Ұлттық ойынға тыйым салатын сен кім едің?

Оспан (жақындай түсіп). Менің кім екенімді білмей жүр ме едің? Мен – Советпін, өкіметтің оң көзімін...

Қамбар (мысқылдай). Үкіметтің оң көзі бола алмас- сың...

Оспан (шірене). Неге? Неге оң көзі бола алмаймын, а?


Қ а м б а р . Өйткені... Сенің оң көзің жоқ... Сол жақ көзі десең дауым жоқ.

 

Оспан тұра ұмтылады.

 

Оспан . Əй, əкеңді... Кегіңді, кем-кетігімді санап ала- йын деген екенсің.

Қ а м б а р (қарсы ұмтылып). Ендеше, қалған көзіңді мен ағызып жіберейін.

 

Араға Дархан түседі.

 

Дарх ан . Қойыңдар, қоразданбай! Сендерді де бір ауыл- дың білдей азаматтары дейді-ау. Ел-жұрттан ұят емес пе?

Оспан . Ым-жымдарың бір екен, білдік. Ендігі ісім сен- дермен болсын.

Қ а м б а р . Мен де тостым сенен келген кереметті. Оспан кете береді.

Оспан (өзіне-өзі). Бұл екеуі тірі тұрғанда маған күн жоқ екен. Жаным тірі болса, жалғыз жанарыммен-ақ жағала- рыңнан алып өтермін. Мұрын болмаса, бірін-бірі шұқитын екі көздің керегі бар ма адамға? Жалғыздық – əрі сақ, əрі мықтылық.

Дарх а н . Сенікі де жөн емес, Қамбар. Майыптықты Құдайдан тілеп алған жоқ қой, намысына найза бойлатқаның не?

Қ а м б а р (қамшысымен қонышын ұрып). Ендеше, мен де шұқып алған жоқпын. Көзінің құнын Омардан дауласын. Ел басқарады, жас өкіметтің жанашыры болады екен десек, бай үйінің қазан-ошағын қориды ғой. Көп сөзді қайтеміз, егіз қызбен уағдаласып қойдым. Ел аяғы басылған соң өзен жағасындағы тоғайға келеді. Кеттік.

 

Тоғай. Етектері жер сызып, шəлі бүркенген екі қыз келе жатады.


Қ а м б а р . Армысыңдар, арулар! Тасадан Қамбар мен Дархан шыға келеді.

Дүрия . Туу, жүрегімізді жарып жібере жаздадыңыз ғой. Қ а м б а р . Сендер келмей қала ма деп, алаңдап тұр едік.

 

Екі қыз оқыс дауыстап шошып қалады.

 

Дүрия (наздана). Уəде – құдай сөзі, Қамбаш. Семей- ден ағамыз келгеннен бері бізге еркіндік тиіп тұр.

Қ а м б а р . Ау, бұл не тұрыс, іске кіріспейміз бе? Дүрия (күліп). Қайдағы іске?

Қ а м б а р . Менің сізде аздаған шаруам бар еді... Жүр, айналайын, əкеңнің жылқысын бірігіп күзетелік.

 

Дүрияның қолтығынан жетелеп, оңаша əкетеді. Дархан мен Гүлия біразға дейін үнсіз тұрады. Қыз өте ұяң.

 

Дарх а н . Гүлия қалқам... (Паузадан соң). Кеше ғана тұ- лымың желбіреп: «Аға ат ұстап берші», – деп, жүгіріп жүр- ген бала едің, енді, міне... айналдырған бес жылдың ішінде шашбауың сылдырлаған ару болыпсың...

Гүлия . Жас өспеуші ме еді, жарлы байымаушы ма еді, аға... Сіз де өзгергенсіз...

 

Гүлияның қолынан ұстайды.

 

Дарх а н . Осылайша қол ұстасып мың жыл тұрсам – не арман.

Гүлия . Жер басып жүрген соң тұрғаннан гөрі, ертеңгі атар таң, шығар күнге ұмтылған мақсұт-ау.

Дарх а н . Мен сені...

Гүлия (жігіттің бауырына тығылып). Мен де сізді, Дархан аға...

 

Жас балаша өксіп жылайды.


Дарх а н (ойланып). Сенен басқа кімім бар, қалқам.

Гүлия . Тəңірім, ұзағынан сүйіндірсін. Жалғыздық құ- дайға ғана жарасады.

Дарх а н . Бұған дейін сыңар қанат құс секілді едім. Айтқан серттен айнымайық деп анттаспалық, бірақ... екі та- лай күн туса, тағдырдың тезіне шыдай аламыз ба?

Гүлия . Мен сізді арғы дүниеден де іздеп тауып аламын, аға. Білем, əке-шешем батасын бермес, батасыз-ақ бағына ұмтылған қазақ қызының алды-арты мен бе екенмін. Мен бір боздап жүрген ботаңызбын, жетелеңіз, ердім соңыңыздан...

 

Осы кезде қатты дүмпу естіледі. Қыз шошына жігітке жа- бысады.

 

Дарх а н . Қорықпа, Гүлия. Бұл – түрксібшілердің дау- сы. Ертең, үйіріме барып мен де қосылармын.

Гүлия (таңдана). Сонда қалай, мені тастап тағы да ат- танып кетесіз бе?

Дарх а н . Мен – жұмысшымын, қалқам. Бар байлы- ғым – екі қолым. Түпкілікті орналасып алған соң, сені алып кетуге келемін. Тек ықыласыңды бер.

Гүлия . Мен қандай сынағыңызға да əзірмін, аға. Осы кезде Оспан келеді.

Оспан . Пай-пай, жарасып, табысып... тұруларын-ай... Тай іздеп жүріп, бай іздеген қызға жолықтым, – депті ғой біреу. (Гүлияға). Жүр, əкең шақырып жатыр.

Гүлия . Шабармандықтан шаршадыңыз-ау, Оспан аға. Дарх а н . Тіліңді тарта сөйле, ауылнай.

Оспан . Білегі мықты бірді жығады, Дархан. Күш көр- сете сөйлейтін заман, қош-қошын айтқан Гүлияға қашаннан бері иелік жасап едің?

Дарх а н . Біз тіл табысқан, мəңгілік ұғысқан жандар- мыз. Байдың асын байғұс қызғанады деп, сенің қимаң неге қышиды, соған таңым бар.


Оспан . Білмейді екенсің – білдірейін. Гүлия – менің боданым. Оң көзімді қамшымен тартып жіберіп ағызғанда, Омар бай қарымтасына егіз қызымның бірін ал деген уəдесі бар. Заманым туды, ендеше, сол өтеуімді алсам несі айып, несі шам.

Дарх а н . Гүлия Омардың да, сенің де қол жаулығың бола алмайды. Барымтаға – қарымтаның дəурені өткен.

Гүлия (үні дірілдеп). Ағалар, бір басымды дауға сал- маңыздар. Ол – жігіттіктеріңізге сын. Анығын естігілеріңіз келсе, мен ескінің етек бастылығына да, жаңаның қошеме- тіне де көне қоймаспын. Жүрегім кімді қалады – соның же- тегіндемін. Оспан аға, сіз ренжімеңіз, қарақан басыңызды сыйлаймын, аға, деуден басқа айтарым жоқ. Мен... мен... қо- лымды Дархан ағаға создым. Шешімім – осы.

 

Гүлия кете береді. Екі жігіт те қыздың соңынан қарап қалған.

 

Оспан . Бала кезімізде бай лақтырған сүйекке таласушы едік, енді қызы үшін қызыл шеке болып тұрмыз (Монтанси). Сенің атың бəйгеден келе берді-ау, Дархан. Қызғанбаймын. Қояйық осымен дау-шарды. Міне қолым, қондырған құсың құтты болсын.

Дарх а н (риза боп). Ə бəсе, жөнімізге көшелік. Не жет- пейді осы бізге.

Оспан . Ертең Ерекеңе еріп Семейге оқуға аттанбақ- пын. Көріскенше күн жақсы болсын. Кездесерміз.

Дарх а н . Жолың болсын. Кездесерміз... Жер қопарған дүмпу естіледі.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.