Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





БІРІНШІ БӨЛІМ. Бірінші көрініс. Екінші көрініс



БІРІНШІ БӨЛІМ

Бірінші көрініс

Төбе. Сол төбенің басында кірпіштен қалап мазар орна- тып жүрген Дарханды көреміз. Алпыстан асқан.

 

Дарх а н . Бəрі де баяғының садақасы. Өмір – поезд, адам – вагон. Сүйрейді, сүйрейді, сүйрелейді. Бір күні тоза- сың да, жол шетінде қаңсып қаласың. Осылайша, өмірің өте шығады.


(Осы кезде төбеге қарай тырмысып алба-жұлба əйел кө- теріліп келе жатады). Мына байғұс тағы да мазамды ала- тын болды-ау.

 

Əйел жалп етіп отыра кетеді. Дорбасынан су толтырған шөлмек алып шығып, екі стаканға құяды.

 

Дүрия . Əй, қақбас, молаң көбейсін. (Əлдекімнің қолы- нан тартады). Қамбар, неғып состиып тұрсың, кел жаныма отыр. Əй, шал, кел, сенің анау салып жатқан молаңның тез бітуі үшін алып қоялық! (Дархан қозғалмайды). Білем, сен баяғыдан ішпейтінсің. Шыққан мүйізің кəне. (Белгісізге). Кел, Қамбар, сенің соғыстан аман-есен оралғаның үшін алып қоялық. (Соғыстырып ішеді. Дарханға). Сен баяғыдан осындай едің... болшебик едің... Үзеңгі бауыңды сегіз қабат- тан тағып, начандік болып тұрған шағыңда ілдалдамен күн кешкен мен байғұсты менсіндің бе... Енді, міне...

Дарх а н (зекіп). Қой енді, Дүрия. Қайдағыны қазбалай берме.

Дүрия (елес адамға). Қамбаш-ау, ішпепсің ғой, бір же- рің ауырып жүр ме? (Сипалап). Əттең, соғыстан кеш орал- дың. Түу, өңің қандай жүдеу, тозақтан шыққандайсың. Жүр, үйге қайталық. (Қолын созып). Қолымнан тартып тұрғыз- шы... Рақмет, жаным. Қаруың əлі қайтпаған екен.

 

Шашы желбіреп, əлдекімге еркелей төбеден құлайды.

Поезд өтеді.

 

Дарх а н . Тағы бір көк ала поезд өтті. Оспандар қай ва- гонда кетіп барады екен. Баяғыда қалай еді, баяғыда...

 

Екінші көрініс

Жайлау. Ымырт. Киіз үй. Сахнаның арғы түкпірінде ал- тыбақан құрып, от жағып, əн салған жастар байқалады. Əл- дебір қағазға шұқшиып, шынтақтай жатқан Еркін мырза мен


малдас құрып ойланып отырған Омар бай. Киіз үйге Рақия бəйбіше кіреді.

 

Рақия . Түу, тастай қараңғыда қалай отырсыңдар? Оме- ке-ау, шам неге жақпағансың?..

Ом а р (зілдене). Осы үйдің құл-құтаны құрып қалған ба?!

Е р к і н . Құл-құтан бостандық алғалы он жыл өтпеді ме, əке?

Рақия білтелі шамды жағып, Еркіннің жанына қояды.

 

Рақия . Ала қағазға тесіле бермесеңші, құлыным. Қа- ладан келгенің кеше, қырға шығып, бой жазып, деміңді ал- саңшы.

Ом а р . Бұл заманның жайнамазы ала қағаз болып тұр ғой.

Рақия булығып, ұзақ жөтеледі.

 

Рақия . Жеңіл-желпі жүріп, кеудеңе суық тигізіп алып- сың-ау, ұлым.

(Адалбақанда ілулі тұрған қасқыр ішікті əкеліп жабады). Қымыз салқындап қалған екен. (Ожаумен алып, дəмін көре- ді). Мен жылытып əкелейін. (Жеңіл басып шығып кетеді).

Ұзақ үнсіздік орнайды.

 

Ом а р (өзіне-өзі). Еркін қаладан неге асығып келді екен?

 

Рақия бəйбіше қайта кіреді. Бір тегене қымызды Күң қыз көтере еріп келеді. Қымыз сапырып отырған бəйбіше əлде- бір сөз күткендей шалы мен баласына алма-кезек жаутаңдай қарайды. Алтыбақан басындағы жастардың шырқата салған əні еміс-еміс естіледі.

 

Бəйбіше . Əлгі екі қызыңды, Дүрия мен Гүлияны ай- там, Қамбар сұмпайы алдына салып айдап əкетті. Жібермей-


мін деп тулап едім: «Бұл ескіліктің қалдығы, сендердің күн- дерің біткен, жастардың ойнап-күлуге правосы бар», – деп əкіреңдеген соң, амал жоқ, рұқсатымды бердім. Ақсақ иттің көңілі ар жақта деп, сол кəмсөмөл жігіттің Дүрияда ептеп көңілі бар ма деймін. (Омар жауап қатпайды. Енді екі көзі шаңырақта, созыла түсіп, шалқасынан жатыр. Ашула- нып). Толғағы қысқан қатындай неғып иленіп жатырсың! Алыстан арып-ашып келген баламен əңгімелесіп, хал-ахуа- лын сұрайды екен десе... бейшара... (Ешқайсысы үндемейді). Аузыңнан маржаның төгіліп кетсе, ал мен кеттім. Қымызды өздерің құйып ішіңдер. (Есіктек шыға бере). Еркінжан, Ос- пан соқыр ауылнай болғаннан бері осы үйдің табалдырығын тоздырып еді. Сен келгелі де жалақтап, екі-үш рет есіктен сығалап қайтты. Еркінжан жол соғып шаршап жатыр, маза беріңдер, деп кіргізбедім.

Е р к і н (қағаздан басын алмаған қалпы). Дұрыс істеген-

сіз. (Рақия шығып кетеді. Тағы да үнсіздік. Алтыбақан жақ- тан қыздың əдемі əні естіледі. Еркін елеңдеп тыңдап қал- ған. Өзіне-өзі). Апыр-ау, мынау Гүлияның даусы ғой. Қарын- дастарымның бой жеткенін алыста жүріп байқамаппын-ау... Шырқасын, айтсын ақтық əндерін. Жайлаумен, мəңгі жасыл өмірмен қоштасқаны шығар. Иə, (күрсініп) енді олар қаздай қалқып, үйректей мамырлаған тоқшылықтың көлін түсінде де көре алмас...

(Əкесі тесіле қараған шаңыраққа ол да қарайды).

Шаңырақтың айшықтана қабысқан күлдіреуіші орыстың кресіне қандай ұқсайды, Тəңірім-ау.

 

Үнсіздік.

 

Ом а р (тамағын кенеп). Иə, ұлым, сөзді сен бастасаң, мен қостасам ба деп едім. Тілің кесілгендей жақ ашпадың. Аман-сау келдің, қуандық, бірақ тізгін ұшымен асығыс неге келгеніңді біле алмай мұрит болып отырмын.

 

Еркін кеудесін көтеріп, көзілдірігін сүртіп, тайжақы ішік- ті қаусырына түсіп, сөз бастайды.


Е р к і н . Əке, сіз бен біз үнсіз тілдесіп, айтпай түсінісіп отырған жоқпыз ба. Шешенің жөні бір басқа... Мынау ақ орда, алтын қордаңызды қия алмай қиналасыз, білемін, бірақ түбі қиясыз, туу Семейден ала өкпе болып, амандық үшін келмегенімді тағы сезесіз. Мынау қолымдағы қағаз, əке, сіз- дің ендігі қалған байлығыңыз, бұдан былайғы өмірлік сері- гіңіз, жолбасшы жолдасыңыз, тіпті керек десеңіз, ата қоныс, жаз жайлау, қыс қыстауымыз болмақ.

Ом а р . Алла тағаладан соң, шимайы көп алақағаздан қорқушы едім, ұлым. Амал не, жазмыштан озмыш бар ма...

Е р к і н . Ендеше, маған жақындаңыз.

(Омар еңбектей жылжып картаға жақындайды). Ең əуелі айтар хабарым, сіз үшін қаралы. (Көзілдірігін орама- лымен сүртіп, қайта киеді). Қазақ ССР Орталық Атқару Комитетінің ірі бай-манаптардың мал-мүлкін конфискелеп, өздерін жер аудару туралы қаулысы шықты... Сентябрьдің алғашқы күні-ақ өз күшіне енеді...

Ом а р . Сентəбірің құркүйек пе?

Е р к і н . Иə, келесі ай. Көшпелі ауданда төрт жүзден астам, жартылай көшпелі ауданда – үш жүзден, ал, отырықшы жерде жүз елуден асқан малы бар байлар, ханның, сұлтанның ұрпақтары конфискеге түседі.

Ом а р . Менің малым төрт жүзден кем жəне менің жерім жартылай көшпелі. Сонда...

Е р к і н (сөзін бөліп). Сонда да түсесіз. Сөзіңізді бөліп жібергенім үшін кешіріңіз. «Менің жерім» деген ұғымыңыз да түбірімен қате. Кеңес өкіметі орнағалы он жыл болды.

Ом а р (ашуланып). Менің қатемді түзейін деп келіп пе едің! Жоқ болмаса, өзің кəмпескелегелі отырсың ба?! Омар- ды енді көр ғана түзетер! Əзірейіл келсе де əзірмін!

Е р к і н . Жоқ, əке, сіз əзір емес екенсіз. Əзір кісі бұлай сөйлемес болар. Конфиске туралы заңды мен шығарғандай ашуланасыз. Маған салса... Амал не, жалғызбын... Маған заң атаулының бəрі түсінікті. Мен Қазан университетінде Ленин оқыған факультетті бітірген адаммын. Қайтейін, ішім қазан- дай қайнайды, күресерге дəрмен жоқ. Алаш деп андыздаған азаматтардың барлығы да бөрінің боғы, бөкеннің сирағы бо-


лып тоз-тозы шықты. Бар қайратымның жеткені Ертіс үсті- не салынар көпірді қопару еді, оны да қайтадан салып алды. (Мырс етіп күліп). Баяғыда бір сорлы айтқан екен: «Жұл- қынғанда қолымнан не келеді, тоңқайғанда құйрықтан жел еседі», – деп.

Ом а р . Сенің шалбарыңның құйрығы жыртық емес, бү- тін секілді еді ғой, балам.

Е р к і н . Шалбары бүтіндердің емес, шалбары жыртық- тардың заманы бұл.

Ом а р . Оны өзім де білемін. Менің білмей отырғаным –

кəмпіске деген заңды əбден бауыздауға тақағанда естірткенің.

Е р к і н . Ол заңның біздің құлаққа тигеніне үш-төрт-ақ күн болды.

Ом а р . Сенбеймін. Жаман күйеу қайынсақ деп, əтиің мен əниіңнің ыстық самсасын қиып кете алмадың ба деп қорқамын.

Е р к і н (түтігіп). Əти мен Əни деген əнді сізден көп айтпаған шығармын. Менікі сол сіз бастаған əннің қайырма- сын қайталау ғана...

Ом а р (ол да сілкініп). Мен татардан қатын алсам. Ол се- нің шешең, Құдайға шүкір, үш баламның анасы. «Қайында- ғы күйеуден қарғыбаулы ит артық», – деп айтқан айналайын аталарым не деген əулие. (Үнсіздік. Омар тағы да шалқалай жатып, шаңыраққа қарайды).

«Көкебайдан асам деп, үш айғыр үйірлі жылқымды беріп жасатып едім. Сенен де бақ тайды. Қайтейін...»

Е р к і н (күбірлеп). «Қоштасып қал, əке, Құдай салды –

мен көндім, дегеніңіз бе?»

Ом а р (басын көтеріп). Өгізім, көзіңе айтамын, мен сені соямын, деп тұр-ау, бұл сəбетің. Қара мойын құлыңмын, қан- ды қолды ұрыңмын, деп аяғына жығылғаннан басқа амалды көре алмай отырмын. Бəрі де бір Алланың жазуы.

Е р к і н . Алла тағала адамның жанын алған емес, қайта бойына жан салған. Жанды алатын адамдардың өздері.

Ом а р (күліп). Алла дегенді аузыңа алмаушы едің, Се- мейдің бас имандығына сайланғаннан саумысың?

Е р к і н (ашу шақыра). Əке! Сіз...


Осы кезде есік оқыс ашылып, Оспан кіреді.

 

Оспан . Здрасти, Еркін мырза. Ат-көлік аман келдіңіз бе? (Қолын береді). Сізге сəлем беру ханмен табақтас болу- дан қиынға соқты, Ереке. Рақия апамыз күні бойы есік торып жібермей қойғаны. Пай-пай, тайын ерткен танадай жарасып отырыстарыңыз-ай...

Ом а р (жақтырмай). Албасты басып жүр ме, танада тай болушы ма еді?

Оспан (ыржыңдап). Бəрібір емес пе, қисынса болды... Ом а р . Бəрібір болса бара тұр, жарқыным. Бес жылда бір-ақ рет көріп отырған, жалғыз ұлыммен шүйіркелесуге

мұрша бер.

Оспан . Ой, ақсақал-ай, өзімсініп келіп едім, бас теріңіз келіспей отыр екен, жарайды, кетейін... Ойбай-ау, бəйбіше- нің қымызы мөлдіреп сол қалпында тұр ғой... (Тостағанға құйып, сыңғыта ішеді). Жоғары жақтан өкіл келеді деп еді, сіздің үйге түсірсек қайтеді?

Ом а р . Өкіл өз үйімде де жетеді. Анау əктіб болып жүр- ген кəмсөмөлдың лашығына апар.

Оспан . Ол итті орнынан түсірем, аға. Ом а р . Қалайша?

Оспан . Көзқарасы жат. Ескілікті көксеп, алтыбақан құрды. Е р к і н (ашумен). Құры! Жоғалт көзіңді! Бүгін алтыба- қанды құлатсаң, ертең домбыраны сындырарсың. Қайран қазақтың ендігі қалған атқамінер тұлғасы сен болсаң, ақыр

заманның орнағаны да.

Оспан . Үйбай-ау, Еркін-ау, бай болғанда бақырып бола ма деп... Жазығым не, жер-жебір, жекен суыма жететін.

Е р к і н . Маза берші, жарқыным.

Оспан . Ойбай-ау, Еркеш-ау, қаланың жаңалығын сұра- йын деп...

Е р к і н . Ертең кел. Өзім шақыртып аламын. Оспан шыға жөнеледі.

Ом а р . Дегенмен, ұлым, ашуланшақ болып кетіпсің.


Е р к і н . Домбырам-ай, шерте берсе қу тақтай болдыра- ды-ай деп, айтатын сіз едіңіз, соның кері. Менің жаным екеу емес, айтысқанмен – айтыстым, тартысқанмен – тартыстым. Жаңа өкіметке бүгін керегім болғанмен, ертең кедейлерін оқытып алған соң, майын алған бүйендей итке лақтырып тастары рас. Түрксіб! Түрксіб – деп, жарғақ құлақтары жас- тыққа тимегендеріне жылға таяп қалды.

Ом а р . Естігенмін. Көк жасыл жайлау, көделі даланы отарба тапалайды деші.

Е р к і н . Тапалайды, əке, тапалайды. Ең сұмдығы сол –

Құландыдағы сіздің қыстаудың тура жүрегін басып өтеді.

Ом а р (басын кекжең еткізіп). Бекер шығар! Баяғыда патша жасаған жобада олай емес еді ғой!

Е р к і н . Ақ патша жасағаннан не қалып еді бүгінде.

Ом а р . Шойын жол Құландыны басып өтер болса, ойға оралудың өзі бекершілдік шығар. Күзеу біткен соң, Ақшиге ықтармалап алып көшем бе деп отырғанмын. Қыстақтың жа- йын біл деп кісі аттандырғанмын.

Е р к і н . Ендеше, бұл шаруақойлығыңыздың керегі жоқ боп тұр.

Ом а р . Немене, табалағаның ба?

Е р к і н . Жоқ, əке, сөздің расы сол. Сіз бен бізге жалғыз- ақ жол бар. Ол – арғы бетке өту.

 

Осы кезде Рақия кіреді.

 

Рақия (тегенеге үңіліп). Е, қымызды ішіп отыр екен- сіңдер ғой.

Ом а р . Ұрттаған да жоқпыз. Оспанға бұйырды.

Рақия . Сол сұғанақтан-ақ көрдім-ау. Тамағыңа тас ты- ғылғыр.

 

Тегенені алып шығып кетеді.

 

Ом а р . Сонымен, не істейміз, ұлым? Қайранға ұрынған қайықтай болдық-ау.


Е р к і н . Мені қинайтыны қара басымның қамы емес, қаймана қазақтың ертеңгі халі.

Ом а р . Ел қамын жеген Едігемін деші.

Е р к і н . Керексіз жерде кекетпеңіз, əке. Сіздерден тар- тып алған малды бағып-қаға ала ма? Əлде ту-талақайын шы- ғарып, күлге аунаған түйедей қасынып қала ма? Сіз бен бізді қойшы, күні ертең көздеріне күйік болмай күн көрер жолы- мызды табамыз. Аш-жалаңаш ел ақсүйек жұртқа ұшырай ма деп шошынамын.

Ом а р (елеңдеп). Бопсаламай сол жолыңды айтшы, жа- рығым, Ал, айтпағың арғы бет болса, онда да менің елшім бар, елім бар. Не бүгін, не ертең сол қара қытай жақтан Та- ңатар келіп қалар.

Е р к і н (риза болып). Сіздің де есебіңіз түгел-ау, əке.

(Еркін картаны жая түсіп, Омарды шақырады). Бері жақындаңыз, бағана үзілген əңгімені жалғалық. Міне мынау жер шарының картасы. Бүкіл дүние жүзі осы тоқымдай ғана қағазға сыйып тұр. Ал, біздер – қазақтар, ұзындығы үш мың, көлденеңі екі мың шақырым ұлан-байтақ далаға сыйыса ал- мадық. Сайын даладан сая таба алмай сандалған жұрттың ертеңі не болар... Енді міне, арғы бет деп құйысқан көтеріп асығып отырмыз. Əрине, салып-ұрып өте шығу оңай-ақ, бі- рақ қазір ертерек секілді. Сол конфисканы үн-түнсіз қарсы алсаңыз қайтеді.

Ом а р . Қызыл табан қылып ит жеккенге айдамай ма?

Артымда қалар егіз қызым мен бəйбішемді қайтемін?

Е р к і н . Жоқ, əке, сіз мені əлі де түсіне алмай отырсыз. Арғы беттен Таңатар, Құландыдан жіберген кісіңіз келген соң бұл мəселені түпкілікті шешуге болады. Айталық, кон- фискация туралы қаулы шыққанымен қиыр жайлап, шет қо- нып отырған сіздерге қарашаның ақырында əрең жетеді. Ер- тең қалаға қайтып, бұл науқанды сіздерге кеш бастау үшін əрекет жасаймын.

Ом а р . Тəргілеу деген итіңнің ерте қапқаны не, кеш қап- қаны не? Бар үміт Таңатарда. Мұрын-сыбаннан шыққан есі бүтін адам сол ғана.


Е р к і н . Семейдегі ұлы да осалмын деп жүрген жоқ, большевиктер қатарына өтіп алған. Қып-қызыл коммунист.

Ом а р . Ол қазір осында.

Е р к і н (шошына). Құдай-ау, ол тірі ме еді. Көпірді қо- парғанда күлі көкке ұшқан екен десем...

 

Есіктен Күң қыз көрінеді.

 

Күң қыз . Əниім тамақтың əзір болғанын хабарла деп еді. Ом а р . Қоя тұрсын.

Е р к і н . Сонымен, əке, ұзын сөздің қысқасы мынан- дай: Қазір сіз Тарбағатай сілемі арқылы арғы бет – Қытайға өтер асудың өкпе тұсында отырсыз. Егер Таңатар шал бүгін келсе – ертең, ертең келсе – арғы күні малыңыздың тең жар- тысынан көбін арғы бетке айдап жіберіңіз. Гоминдан үкіметі тым арыда, бер жағында ұйғыр, қазақ, дүңгендер жүр сай- рандап. Құландыдағы қыстағыңызға өте қораш малмен кө- шіңіз. Таңатар жылқыларды айдап асудан өтті-ау деген кезде

«барымта» деп айғайды салып, милиция шақыртыңыз. Ал, қалғанын ала берсін. Арғы бетке қазір өтуге болмайтын се- бебі, мені – тосасыз. Бұл бетте маған орын жоқ, тіпті арғы беттен де қоныс таба алмаспын...

Ом а р . Сонда қайда барып күн көресің? Жел қуалаған қаңбақтай қаңғи бересің бе?

Е р к і н (ойланып). Мен... Мен Қытай арқылы Таиланд жетіп, сол жерден кемеге мініп, Қызыл теңіз арқылы өзіңіз- дің арман қылған Мекке-Мəдинеге, одан ары Түркияға өтіп кетпек ойым бар. Тіпті, онда жағдайсыз болған күннің өзін- де – Ауған түсем. Бəрі де мұсылман елі. Тілдерін білемін. Балыққа су қорқыныш па екен.

Ом а р (армандай). Əттең, сол Меккені жалғыз-ақ рет көріп жан тапсырсақ арман не.

Е р к і н . Түбінде əлемді билейтін коммунистер болуы мүмкін. Салып ұрып күні ертең Қытайға да жетер.

Ом а р (күрсініп). Қайда барсақ та, Қорқыттың көрі бол- ды-ау. Түптің түбінде сол Қытайыңнан бері қайта қашып жүрмелік.


Е р к і н . Ол да мүмкін...

Ом а р (мұңмен). Ендеше, жылы орнымыздан несіне қозғаламыз?

Е р к і н . Ажарыңыз сынық қой, əке...

Ом а р . Бұл дүниеде бүп-бүтін болып тұрған не бар, ұлым. Бақыт деген құс егер бар болса, бір қанаты сынық шығар. Апыр-ай, айналдырған аз жылда дүние осыншалық шырқ айналарын кім ойлаған, кім болжаған. Кең өріс, жылы қоныс туған жер отқа күйген терідей болды-ау.

Е р к і н . Халық та сəби секілді, шымшысаң жылайды, тербетсең уанады. Ура! – дейді де ұра береді. Алданар, қатты алданар...

Ом а р . Қара жерге қар жауса қақ тұрушы ма еді. Ал, түннің бір уағы болды, қырға шығып бой жеңілдетіп қайт.

 

Еркін орнынан созалаңдап əрең тұрады.

 

Ом а р . Ұлым-ау, екі жастың біріне келмей бөксе басты болып қалғансың ба?

Е р к і н . Қайтейін, əке, заманның гүрзісі оңбай ұрған шығар...

(Далаға шығады. Киіз үй ішіне дастарқан жасала бас- тайды. Еркін желге қарсы қарап, ойлана жалғыз тұр. Өз- өзінен сөйлеп). Əлемде мəңгілік не бар екен, шіркін. Əй, жоқ- ау. Баяғыда əр зат өз атымен аталушы еді. Айды ай, күнді күн, жақсыны жақсы, жаманды жаман, кедейді кедей, байды бай дейтін едік. Ал, қазір ше? Тіпті, бара-бара қазақты қазақ демей, совет халқы дейтін боламыз-ау. Уа, балалығымның базары болған Ақ жайлау, қайда жүрсем де жебеп, қолдай гөр. Күз де жақындаған екен, жаурай бастадым...

Осы шақта Оспанның оқыс даусы естіледі. Оспан . Ереке, жаурап қалдыңыз-ау.

Е р к і н (селк етіп). Е, сен бе едің?

Оспан . Өзіммін ғой, Ереке!

Е р к і н (нəумез). Бұл не жүріс түзге отырғаныма дейін аңды деген нұсқау алып па едің.


Оспан . Ереке, менің келгеніме біраз уақыт болды. Ойыңызды бөле алмадым. Бəйбіше тамақ суып қалды, деп шақырып жатыр.

Е р к і н (өзіне-өзі). Таңатар болмасын... Оспан . Солар, Ереке, солар келген.

Е р к і н (таңғала). Соларың кім?

Оспан . Түнделетіп келген Таңатар дегенім ғой. Аттың дүбірі естіледі.

Е р к і н (өзіне). Апыр-ау, бұл иттің адамның ойын оқи- тын сиқыры бар ма? (Естірте). Арғы беттен Таңатар келді дегеніңе жол болсын. Шекарадан құс болып ұшып өте ме?

Оспан . Таңатардың осы мезгілде бір соғып қайтар əде- ті бар. Ол – адам емес, сайтан. Əкесінің келгенін алтыбақан- ның əуресімен жүрген Дархан білмейді-ау, жазған.

Е р к і н . Ендеше, ол білуге тиісті де емес. Осы ауылда- ғы ендігі естияр өзіңсің, оқып алуың керек. Семейдегі темір- жолшылардың курсына барасың ба?

Оспан (қуанып). Барамын, Ереке, барамын. Е р к і н . Ендеше, ертең бірге аттанамыз.

Оспан . Жақсылығыңды жалғанда ұмытпаспын. Киіз үйге кіргенде, төрде Таңатар отырғанын көреді.

Е р к і н . Ассалаумағалейкүм, Тау ата! Қалай, ат-көлік аман келдіңіз бе?

Т а ң а т а р . Уағалайкүмсалам, балам. (Үңіле қарап). Жү- деусің ғой.

Е р к і н . Жүдетті ғой, ақсақал. (Сəл үнсіздік. Тамақ же- лінеді). Ақсақал, арғы беттің жаңалығын айтпадыңыз ғой.

Т а ң а т а р . Арғы бетте тыныштық, шырағым. Желісі үзіліп, жел бауы қиылмаған мамырстан өмір. Етегін жел кө- теріп, еңкейіп шапқан қазақтар, тұнығы шайқалмаған ескі- ліктеміз. Қашанға барарын кім білсін, əйтеуір, қазір қой үс- тіне бозторғай жұмыртқалаған заман.

Оспан . Апыр-ай, ə...


Т а ң а т а р . Ол жақтың да өз Оспаны бар. Ауылнай бо- лып, атқа мінгенің құтты болсын, қарағым.

Оспан . Рақмет, ақсақал. Сіздер де естіп қалғансыздар ма? Жақсылық жатпайды-ау.

Ом а р (сəл кекесінмен). «Ауылдағының аузы сасық», – деп баяғыда бағаламаппыз. Бұл жігіттің ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс қазір. Қойнында Кеңес өкіметінің тайдың тұя- ғындай мөрі бар. Тек ұзағынан сүйіндірсін.

Оспан . Аумин, айтқаныңыз келсін, Омеке. Егер арғы бетке аман-есен өтіп алса, мына отырған Омекеңдер мен Ерекеңдер құмырсқадай қаптаған қытайыңыздың өзіне би- лік жүргізбей ме...

Е р к і н (өзіне-өзі) Мынау іремей сойып отыр. Өте қауіп- ті адам. Қайдан біліп алған. Сақтану керек екен...

Оспан . Не нəрсеге де сақтық керек қой... Е р к і н (селк етіп). А, не дедің?

Оспан . Ақсақалға айтамын, не нəрсеге де сақтық керек қой. Қазір дүниенің күйіп тұрған уақыты, «Бергі бетке өт- сін» деген рұқсат қағазыңыз бар ма?

Т а ң а т а р (ақыра). Əй, суырдың айғырындай аңқитта- ған неме, мені тергейтін күш қайдан бітті саған? Əкең екі итке ас бөліп бере алмайтын ынжық еді. «Шабаннан желмес, сараңнан бермес туады» деген сөз рас болғаны да. Балта са- бынан озар деймісің, тəңірім.

Е р к і н . Сабыр, сабыр сақтаңыздар.

Т а ң а т а р (қынынан жұлып алған пышағын Оспанға ұсынады). Мə, ет кес, өзіңе жұмсалмай тұрғанында. Жоқ-ау, осы ауылдың абызы осы секілді. Үйге кіргеннен бері аузы өрге шыққан өгіздің көтеніндей бүлкілдеп, бір тыным тап- сашы.

 

Отырғандар ду күледі.

 

Оспан (ыржалақтап). Тіліңіз тотияйын-ау, Тау ата. Сізге дауа жоқ. Рақия бəйбішенің де өзіңіз жоқтан бері ра- қаттана күлгені осы шығар. Сағынады ғой, сағынады...


Рақия қызара ұялады.

 

Рақия . Қыртты езген жеңеді, езгенді Құдайдан безген жеңеді деген осы-ау.

Е р к і н (өзіне-өзі). Бұл тағы да бірдемені бықсытты... Оспан . Ал, ет кеселік. Баяғыда біреу:

 

Ел арқанын көп тарттым, Кəне, қолымның жарасы. Ел бақырын көп астым, Кəне, қолымның қарасы, –

 

Сол айтқандайын, ауылнай болсақ та, ет кесуге арланбай- мыз.

 

Жаппай тамақ ішу басталады.

 

Оспан . Апыр-ау, адам адамға ұқсай береді екен-ау, ə. Кішкене кезімізде асық ойнап жүріп Тəкеңнің ұлы Дархан мен Еркін мырзаны бір-бірінен ажырата алмай ауыстырып ала беруші едік. Енді қарап отырсам, Ерекең Тау атамыздың аузынан түсе қалғандай... ғажап!

Е р к і н (өзіне-өзі). Мынау тағы да өзгені көздеп, мені атты.

Т а ң а т а р . Еркін шырақ, қаладан шыққаныңа көп бол- ды ма? Біздің ұлды көре алдың ба?

Е р к і н . Көпір салып жүрген жерінде бір-екі рет жолық- тырдым.

Оспан . Сол көпір қопарылды, көп адам қырылды деп еді...

Т а ң а т а р . Не дейді?!

Е р к і н . Іріген ауыздан шіріген сөз шығады, ақсақал, Дархан аман-есен, сеніңіз маған.

Т а ң а т а р . Қайда жүрсе де, аман жүрсін. Маған өкпелі шығар. Қайтейін...

Оспан . Орыстан қатын алып кетпесе, келер... Т а ң а т а р . Оттай бердің-ау, Оспан.


Оспан . Асылдың астары да асыл болса жарасар деге- нім ғой...

Ом а р . Əй, аузың қышып бара жатса, алтыбақанға бар- шы. Əлгі біздің қыздарға айт, үйге қайтсын.

Оспан (аузын сүртіп). Мақұл, ақсақал. Қайтарайын үйге. Əңгімелеріңізге кедергі болмайын...

 

Шығып кетеді.

 

Е р к і н . Уһ, ішкенімізді ірің, жегенімізді желім қылды- ау. Мұндай көк езуді көрсемші.

Ом а р . Қайтесің, заман осылардікі.

Е р к і н . Тау ата, қалғып кеткенсіз бе?

Т а ң а т а р . Түні бойы жол жүріп, шаршағандікі шығар... Е р к і н . Ұзын арқан, кең тұсаудың заманы емес, Оспан- ның оттаубайы талай уақытымызды ұрлады негізгі əңгімеге көшелік. Біз арғы бетке өтпек ойдамыз. Қытайыңыздың қол-

тығына сыяр ма едік?

Т а ң а т а р . Түбін қайдам, қазір тыныш, дедім ғой шы- рақ. Мұнда да қырып-жойып, өртеп-өлтіріп жатқан ешкімді көрмедік қой. Астарыңнан су шықты ма?

Е р к і н . Совет өкіметі тігерге тұяқ, саларға сырмақ қал- дырмай сыпырып алайын деп жатыр. Ендеше, əкемнің ма- лын арғы бетке айдап кетіңіз, соңынан өзі де барады. Бүгін түн еру болып, ертең түн жолға қайта шығыңыз. Ешкімге кө- рінбейсіз.

Т а ң а т а р . Күні бойы дүзге шықпай қалай отырамын. Жас балаша тосасыңдар ма? Мен бой тасалағанмен, Ардакү- реңді соймайсыңдар ғой.

Ом а р . Ардакүреңді жабулап тастаймыз. Оған қам жеме. Бүгін түн аттанып кетуге шыдас бермес, демалсын деп отыр- мыз.

Т а ң а т а р . Бəрін өздерің пішіп, кесіп қойған екенсің- дер, Құдайдың басқа салғаны шығар. Ардакүрең екеумізден қасиет кеткені де. Мен бір алжыған арыстан болдым, елге қарар бетім жоқ, тек Дарханыма ғұмыр берсін. Түтінімді өшірмесе болды.


Е р к і н . Семейге барған соң сəлеміңізді айтармын. Ал, қазір демалыңыз.

 

Бəрі дүркірей орындарынан тұрады. Омар мен Еркін шет- керірек шығады.

 

Ом а р . Таңатар айнып қалмаса, ісіміз оңға басайын деп тұр, ұлым. Қалаға қайтам дейсің, аңдыған жау бар, сақ бол. Сенерім де, соңыңнан ерерім де, сенсің. Көзімнің қарашы- ғындай көруші едім...

Е р к і н . Сауысқан балапанына: «Сақ бол, балам, екі шо- қып бір қара», – дегенде, баласы айтыпты: «Жоқ, əке, мен екі шоқып бір қарамаймын, бір шоқып екі қараймын» деп... (Сəл үнсіздіктен соң). Аздаған алтын-күмісіңіз болушы еді, ол қайда?..

Ом а р . Сен де қайдағыны сұрайды екенсің. Құландыда- ғы қыстақта жатыр да... Алтын-күміс тас емес пе, тəйірі...

Е р к і н . Жоқ, əке, қазір малдың басы керек жоқ, сол алтын-күміс тас керек.

Ом а р . Сенің де жиған-тергенің бар шығар?..

Е р к і н . Менікі қағаз ғана. Қағаз болғанда Николай мен Керенскийдің қағаз ақшасы, ол от тамызуға ғана жарайды. Жаңа үкіметтің айлығы – шайлығымнан асып көрген емес.

Ом а р . Сенгенің əкең екен ғой... Мені емес, байлығым- ды қорғауға келгеннен саумысың.

Е р к і н . Ол да рас, əке. Айран сұрай келіп, шелегімізді жасырайын ба.

Ом а р . Дегенмен, қатты болып кетіпсің.

Е р к і н . Жұмсақ едік, заманның қазаны қатты қайнап қатайтты. Несі бар, қуа алмадық, қашып көрелік.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.