Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АЯҚТАУ. Екі бөлімді драма)



АЯҚТАУ

Алып трактордың шанаға тиелген шөпті сүйреп жүріп келе жатқанын байқаймыз. Рычагта – Нұржан. Трактор кілт тоқтайды.

 

Н. Ал, достарым, ренжімеңдер. Бала жастан бірге ойнап, бірге өсіп едік, артық-ауыс айтылған сөз, қимыл-əрекетім болса, кешіріңдер. Өмір атты ұзақ сапарды бірге бастасақ та, бірге аяқтау мүмкін емес екен. Мен осы жерде – Қар қызы елінде мүлдем қаламын, мəңгілікке қаламын. Мен оны... Қар қызын таптым! (Қоштаса бастайды). Почему-то люди все стали убегать от пространства к суете... иə, мен осынау қар басқан иесіздікте қаламын...

Бақыт ж а н (толқып). Шөп тиелген шананы сүйретіп өту, біздің маңдайымызға жазылған шығар. Қаламын десең – қарсы емеспіз. Қар қызы еліне де еркек керек-ау... Бар ескер- терім, қанатыңмен ұшсаң да, құйрығыңды ұмытпа...


Трактор қозғала береді. Аманжан жүргізіп отыр. Үнсіз- дік. Тоқтайды.

 

Ам а н ж а н . Ал, бауырым, біз Кіші Қоңқай тауының өкпе тұсына келдік. Осы қарғыс атқан жерде қалып қоюға мен де бел байлап тұрмын. Мүмкін, аз жылға шығар, бəлкім, мəңгілікке – əзір өзім де білмеймін... тағдырдың жазуы осы шығар. Қоңқай шалдан не жеңілем, не жеңем, не болмаса соның жолын қуып кетермін, əйтеуір Үлкен өмірге барғым келмейді... Үлкен өмірге кішкентай адамдар ғана сыя ала- ды... Ренжіме. Жолың болсын... малдарың маңырап тосып жүрген шығар. Хош! Қайта айналып келуге жол түссе, маған бұрылмай кетпе. Ендігі келгеніңде бұл жер – Аманжан тауы аталады.

Бақыт ж а н . Бəлкім, бала Қоңқай атанарсың. Не дейін саған. Өзің білесің. Бұл елді Қоңқайсыз қалдырмайын деге- нің шығар... Иə, анда-санда тəубемізді есімізге түсіріп тұрар Қоңқайлар, бəлкім, керек те шығар... Бірақ келесі келгенім- де, аяғыма ескі пима киіп келермін...

(Тракторды Бақытжан жалғыз өзі жүргізіп келе жата- ды. Көрермендерге). Ал, ағайын, жақтырсаңдар да, жақ- тырмасаңдар да мен сіздерге беттеп барамын, əкри...

 

Қар қызының мұңлы əнін «ДТ-54»-тің дырылдаған үні құмықтырып жібереді.

 

Шымылдық


ЗЫМЫРАЙДЫ ПОЕЗДАР

(Екі бөлімді драма)

Қ а тынас у ш ы л а р

 

Дарх а н    – теміржолшы

Қ а м б а р   – жылқышы

Гүлия  – Дарханның жары

Дүрия  – Қамбардың жары

Оспан  – белгісіз бейне

Ом а р         – бай (екі қыздың əкесі)

Рақия  – Омардың əйелі

Е р к і н        – Омардың ұлы

С о б о лев – өкіл

Т а ң а т а р  – Дарханның əкесі Ақай ша л     – түрксібші

К ү ң қ ы з

 

Түрксібшілер – Кексе жұмысшы, Сақалды жұмысшы.

Бала жұмысшы. Орыс жұмысшысы.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.