Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бесінші көрініс



Бесінші көрініс

Сиыршы шалдың үйі. Түн. Темір пеште от жанады! Май шам. Кемпір кіріп-шығып, шай қамдап жүреді. Үш жігіт төр алдында сұлап-сұлап жатыр. Сиыршы шал малдас құрып отыр. Іргеде ескі ағаш төсек. Тұс киіз орнына көгершіннің суреті кестеленген ақ мата қағылған. Төсектің бас-аяғынан бой жеткен қыздың киімі байқалады.

 

С и ы р ш ы ша л . Кемпір, оу бəйбіше. Шайыңды тез- дет, балалар екі күн нəр татпаған көрінеді.

К е м п і р . Енді самаурынның оттығына түсіп кет дейсің бе?

 

Самаурын келіп, дастарқан жайылады.

 

С и ы р ш ы ша л . Бұл жерді бұрын Бекалқа деп атау- шы еді. Екі-үш жыл болды Қар қызының мекені атап жүр. Үлкен Нарын ауданының ең алыстағы қыстағында біз отыр- мыз. Бізден ары ел жоқ, иен. Ел жоқ дегенде, мүлдем адам- сыз емес, Таулы Алтай өлкесіне дейін ара-тұра аңшылар ұшырасады, ал жаз айында қапшығын арқалаған туристер құндыздай шұбырып жүреді. Ал, дастарқанға бағыныңдар...

 

Жапа-тармағай шай ішу басталады.

 

Б. Ата, балаларыңыз өсіп, баяғыда ер жетіп кеткен шы- ғар...

С и ы р ш ы ша л . Көрге кіргенше адам баласы не көр- мейді, шырақтарым... Бəрі де тіршілік қамы. Үйреніп ет өліп кеткендік-ау, тегі мал бақпасам отыра алмаймын. Қолына


қарап, етегіне жармасып, асырап-сақта деп бұлданатын ұл жоқ. Көздің қарашығындай жалғыз қызымыз бар. Оған да обал... шырғалап, бізді тастап ешқайда кете алмайды. Иə, оған да обал... Иə, өлмейін деп өкпе жеген заман да... Əй, кемпір, бүгін Алмажан кешікті ғой, жас бұзаулармен алысып жүр-ау жарығым.

Н. Мынау көгершіндерді кім кестелеген? Тұс киізді нұсқайды?

С и ы р ш ы ша л . Алмажан ғой. Соның көгершіні. Ай- налайын, өзі де тордағы құс секілді, еркіндікті, алысқа ұш- қанды аңсайды. Иə, аңсайды ғой үлкен өмірді, аңсайды... Əйтеуір, бар ермегі бас алмай кітап оқу, сурет салу.

Н. Сонда қалай, бағымыңыздағы бойдақ мал ма? Аманжан мен Бақытжан қалғып отыр.

С и ы р ш ы ша л . Жоқ. Қыста туған он шақты сиыр бар. Сүтін сауып анау ойдағы – үлкен ауылға ат-шанасымен апарамыз. Оны үлкен кісілер ішеді... Соның бəрін Алмажан- ның жалғыз өзі атқарады. Ақылы көп өзінің... айналайын қоңыр қозым, біздің қас-қабағымызды аңдып, бабымызды табамын деп-ақ шаршайды...

Н. Дегенмен қиындау, ақсақал, қиындау. Жас жүрегі екі жастың біріне келмей құсаға толады ғой...

С и ы р ш ы ша л . Енді қайтеміз... Үлкен жерден қаға- беріс, тау арасында жатырмыз. Кейде (күліп) ақымақ болса да – адамдарды, көрсоқыр болса да – көрші-қолаңды сағына- сың. Осыншама саяқ тартып жүре берсек, Қоңқайға айналып кетерміз деп шошынамын.

Н. Үлкен жерді аңсап та керегі жоқ-ау. Өйткені үлкен ел- дің үлкен дауы болады... Ал, Қоңқайың тірлігі басқа, ақса- қал. Ол кісі жалғыздығым – еркіндігім деп, алдына келсе – тістеп, артына келсе – теуіп, ешкімді маңайлатпайды.

С и ы р ш ы ша л (насыбайын құшырлана иіскеп). От- тапты. Көпшіліктен қорқады ғой, қорқады қорқауың... Ол да


бір көзге шыққан сүйел. Он екіде бір гүлі ашылмаған қыз- дың обалына қалды.

Н (елеңдеп). Сол оқиғаның анық-қанығын айтып беріңіз- ші? Біздің жақта əркім əр саққа жүгірткені болмаса, шынды- ғын ешкім білмейді.

 

Екі жігіт пысылдап ұйықтап жатыр. Кемпір кіріп-шығып жүр.

 

С и ы р ш ы ша л . Балам, ол бір қорқынышты оқиға. Осыдан үш-төрт жыл бұрын, он сегіз жасар жолаушы қыз жөн сұрап Қоңқайға жолығады. Қыстақтағы шешесі қатты ауырып, ат-шанасымен Үлкен жердегі ауруханаға апарады да, қайтарында əлгі жалмауыз шалдың жалғыз үйіне тап болады. Шалдан: «Ата, асуда жол бар ма, тау айналып жүр- генше тіке тартып кетейін деп едім. Асығыспын, ата, қорада қамаулы қой қалып еді», – деп ақыл күтеді. Бұғының қанын ішіп, көзі қарайып отырған шал əлгі қызды тарпа бас салып, абыройсыз қалдырады... Түн ішінде шырылдап, жалаңаш, жалақ аяқ қашып шыққан қыз... ақ қар, көк мұздың арасын- да адасып, тіпті ызым-ғайым жоқ болған. Не бөрі жегенін, не үсіп өлгенін күні бүгінге дейін ешкім білмейді. Кейбіреулер айтады: «Ол қыз қарға айналып кетіпті. Қыста осы тауды шарлап əн салып жүреді екен де, жаз шыға жер астына түсіп кетеді екен», – деп. Анау бір күні біздің кемпір айтады. Өті- рік, шынын қайдам (кемпір далаға шығып кетеді): Қораның сыртына дəрет сындыруға шықсам, аппақ күміс шашы бар... (ойланып) иə, бейнебір қардан жасалғандай, сұп-сұңғақ қыз тұр. Шошынып шалқамнан құлап қалдым», – дейді. Ол да мені көріп қолтығымнан көтеріп орнымнан тұрғызып, жа- нары мөлдіреп қарады да: «Елге, адамдарға сəлем айт, апа, енді мен ешқашан да адам болғым келмейді», – деп зым-зия болып кетті. «Жүзін анық байқай алмай қалдым. Бетінде ақ торғын пердесі бар», – дейді бəйбішем.

Əрине, мен сенбедім. Ал, кемпірім: «Пайғамбар жасына келгенде өтірік айтып не көрінді», – деп ант-су ішеді.


Кемпір бір құшақ отыны бар қайта кіреді.

 

К е м п і р . Қақсай бермей, балаларға ұйқы бер.

С и ы р ш ы ша л . Қазір, бəйбіше... Былтыр қыста елікке қақпан құрдым. Құдайдың құдіреті, қақпанға түскен елікті белгісіз біреу босатып жіберіпті. Адам дейін десем, жаңа жауған қарда ізі жоқ. Егер түн ортасы ауа далаға шықсақ, біреу əн салып жүргендей сыңсыған дауыс естисің... Қызық əйтеуір, өз қызымызды да түн баласында ұзатпай, үйге қамап ұстайтын болдық. Анау... төр алдындағы бейнесі жіппен ті- гілген сол – Қар қызы... Алмажанның ойлап тауып жүргені ғой...

 

Нұржан Қар қызының төрдегі суретін жаңа байқап, та- ңырқай қарайды.

 

Н. Шынында да, ертек-сынды ғажап дүние екен. Сол жұмбақты қыз менің де түсіме кіріп жүр.

С и ы р ш ы ша л . Алмажан да: «Түсімнен шықпайды, тіпті сырлас болып кеттім», – дейді. Ал, менің түсіме бір рет те кірген емес, шырағым.

 

Үй сыртында торып, шаңғымен жүрген Қоңқай шалды байқаймыз.

 

К е м п і р . Жатып, демалсаңдаршы. Əй, шал, ертегің аяқталса, балаға маза бер.

 

Ыдыс-аяқты жинастыра бастайды. Екі жігіт ұйықтап жатыр.

 

С и ы р ш ы ша л . Қазір-қазір, бəйбіше. Төсегіңді қам- дай бер. (Нұржанға). Мен сенен бір нəрсе сұрайын деп едім, ұлым, (жігіттер жатқан жаққа қарап қояды) анау жігіт неше жаста?

Н. Қайсысы?

С и ы р ш ы ша л . Анау. (Аманжанды нұсқап). Ұзын бойлы, сүйегі ірісі.


Н (күліп). Ə-ə, Аманжан ба... Менімен жасты, жалпы осы үшеуміз де даңқұрдастармыз – жиырма үштен астық. Қарта- йып барамыз, ақсақал.

С и ы р ш ы ша л . Қарттықтың аулы сендерді қойып, маған да алыс... Шешесі тірі ғой ана жігіттің?

Н (күрсініп). Жоқ, ата, осыдан бес жыл бұрын қайтыс болған...

С и ы р ш ы ша л . Құдайдың құдіреті, сол жігітті алғаш көргенде, жасарып кеткен Қоңқай екен деп қалдым. Тура ау- зынан түсе қалғандай...

Н (мəн бермей). Кісіге кісі ұқсай бермей ме... Айталық, Бақытжан біздің ауылдың бастығынан айнымаса, бағана мені сізге ұқсайсың, дейді жігіттер. Құзға тартар əкеміз жоқ, үндемей көне береміз...

С и ы р ш ы ша л (қипақтап). Мен сендердің ауылда- рыңда екі-ақ рет болғанмын... иə, адамға адам ұқсай бере- ді... Бірақ, менің ойыма осыдан жиырма үш жыл бұрынғы бір оқиға, түсіп отырғаны... Иə-иə, ол 1945 жылдың жаз айы болатын.

К е м п і р . Əй, заржақ шал, түн ортасы болды, жатсаң- даршы енді... Арғы бетте қалған ұлыңды енді іздеп отырсың ба?..

С и ы р ш ы ша л . Қазір, бəйбіше, қазір... Күбір-күбір сөйлесер кісі таба алмай зерігеміз, ұлым. Жылқы екеш жыл- қы да күмбір-күмбір кісінесіп, сауырынан қасысар үйірін із- дейді. Азбан болып кетсек те, Үлкен жерге қарап азынайты- нымыз қалмаған.

Н. О не дегеніңіз, ата, айта беріңіз. Мен тіпті тегінен ұй- қыға жоқпын.

С и ы р ш ы ша л . Ол жақсы əдет. О дүниеде мəңгі ұйықтайтын болған соң, бұл дүниеде аз ұйықтаған лəзім. Сонымен осыдан 22 жыл бұрын кержақ аулы Огневкадан бір қыз жоғалды. Бəріміз ат сабылтып іздеп таба алмағанбыз. Онда да дəл осындай қақаған қыс еді. Бір-екі жыл өткен соң өліп қалдыға жорып қойдық. Бірақ кейін бір сыбыс естілді. Қоңқай үйіне қыстатып жіберген екен де, екі қабат болған соң: «Қоңқайлар ұрпағы өз баласын өзгеге асыратып өсірме-


се, жұрт тұқымын құртады», – деп арғы беттегі ауылға апа- рып тастаған екен. Тіпті Қар қызы туралы аңыз сол кезден бері ел аузында...

 

Қыстақтағы терезенің түбінде тың тыңдап тұрған Қоң- қайды көреміз.

 

Қ о ң қ а й ша л (өз-өзіне). О, Тəңірім, ақсарбас, ақсар- бас, Ұлым тірі екен... Қоңқайлар ұрпақсыз қалмапты. Қоң- қайлар мəңгі жасайды... (Жоғалады).

Ұйқыдағы Аманжан тісін қайрайды.

 

Н. Қызық екен... (Аманжанға үрке қарайды).

С и ы р ш ы ша л . Ал, балам, жатайық. Сөзде түп бар ма. Əй, кемпір, Алмажан бүгін көп айналды ғой. Жас бұзау- лармен алысып жүр-ау, жарығым...

К е м п і р . Қазір келетін шығар. Үйде қонақ болған соң – ұялып жүр де. (Нұржанға). Жолдастарыңды оята ғой, төсек салайын.

 

Нұржан екі жігітті əрең оятып, далаға алып шығады. Ай жарық. Суық. Аманжан мен Бақытжан «и-шай» деп дірдек- теп үйге қайта кіріп кетеді. Нұржан сыртта жалғыз өзі қала- ды. Осы кезде əн естіледі.

 

Н (елігіп тыңдап). Апыр-ау, мынау əнді қайдан естідім. Өңім бе, түсім бе? Транзистор ма əлде сауыншы қыз Алма- жан ба? Кім болса да жалғыздықтан, өгей өмірден мұңдықты күй кешкен жанның жалыққанда тілдесіп сөйлесер, сыбыр- ласып сырласар адам іздеп, шарқ ұрған көңілін əнмен əлди- легені, сабыр сақтап, сап-сап, жүрегім, дегені – өз-өзін жұба- туы, өз-өзін уатуы. Тербетер кісі таба алмай өзін-өзі шайқап, ырғалып, өксіп барып ұйықтаған сəбидің əлсіз əрекеті секіл- ді. (Əн естіліп тұрады. Қоңыр леппен). Əн – түнгі əн жəне ол əнді айтушы кім дейсің-ау. Ол əннің айтушысы: Сіздің түсіңізге ғана жарылқаушы боп кіріп, тек қиялыңызда ғана


қалықтап ұшып жүретін əсте ешкімге сездірмей ғұмыр бойы қартайған сайын сезім пердесінің арасына жасырып өтер Қар қызы... тоты құсыңыз): Сізді ғана емес, бүкіл əлемді ра- қатқа кенелтер салхар мейірім иесі – махаббаттың буалдыр көлеңкесі табиғатқа ғашық сыршыл жүректің əмсе ардақтап өтер қуатты жыры əр қауіпті минутта ол сіздің қасыңыздан табылып, түпсіз тұңғиық – үмітсіз шайтан тірлікке құмар сə- тіңізде қол ұшын береді, көңіл əлемінде осындай ақ қанат армандай Қар қызы бар адам мəңгі жасарып, тау еркесі шыр- ша-шынардай мəңгі жапырақ жайып сапар шекпек мынау аппақ суық дүниеден...

 

Жарық сөніп қайта жанғанда, Нұржан іргедегі ағаш тө- сектің түбінде жатады. Темір пештің оты жылт-жылт жана- ды. Көз алдына Қар қызы елестейді.

 

Н (өз-өзіне). «Мені үсікке шалдырмай, түнде тұр-тұрлап оятқан қыз кім? Тіпті Қар қызы жоқ, бəрі өтірік болсын... сонда мені түртіп оятқан кім?.. Бəлкім, əлгінде əн салған Алмажан емес, сол Қар қызы шығар... ол да мүмкін, бəлкім, шалдың Қар қызы деп сандырақтап жүргені өз қызы...»

 

Осы кезде есік сықырлап ашылады да, əлдекім кіреді. Ол – Алмажан екенін сеземіз. Шешінеді. Темір пештің жа- нына отырып тамақтанады. Қыздың отпен шағылысқан ап- пақ мүсініне Нұржан көрпенің шетінен сығалап қарап жа- тады.

 

Н (өз-өзіне)... Құдай-ау, не деген сұлулық мынау. Қар қызы дегеніміз осындай-ақ болар. Мүмкін, Қар қызы деп жүргеніміз осы болмасын... Нағыз сұлулықты табиғат-ана өз аясынан шығармайтыны рас та, рас та...

 

Алмажан қою қара шашын төгілте Нұржанның жанын- дағы ағаш төсекке келіп отырады. Күрсінеді. Қар қызының сыңсуы баяу естіліп тұрады. Алмажан жатады. Шашы тө- сектен төгіліп, Нұржанның бетін қытықтайды. Екі жастың


тілсіз тілдескен ала-құйын сезім желін сеземіз. Нұржан жас- қана сипайды. Қыз оның...

 

Алм а ж а н (ақырын қоңыр үнмен). Сіз кімсіз, аға?!

Н (сыбырлай толқып). Аппақ қардың үстімен бос шана сүйреткен боздақпын...

Алм а ж а н . Бос шананы неге сүйрейсіз?

Н. – Сүйре! – деді сүйрейміз. Ал, мен Сізді білем əкең айтқан.

Алм а ж а н . Ал, мен Сізді баяғыдан... жер жаралмай тұрғаннан білем. Бағана, сиыр қораға шөп түсіріп жүрген- деріңізде тағы бір рет – тіпті тым жақыннан көрдім. Таңғал- дым, ылғи түсіме кіретін, үнемі қиялымнан іздейтін беймə- лім жігіттің Сізге ұқсағанына қайран қалдым.

Н. Мен де... мен де Сізді көп іздедім ғой, құрбым... Алм а ж а н . Сіздің іздегеніңіз Қар қызы емес пе?..

Н (алақанымен қыздың көзін сипайды). Жанарыңызда жас бар ғой. Шаршадыңыз ба мынау аппақ суық дүниеден... Алм а ж а н (жігіттің көзін сипап). Сіз де жылап жа- тырсыз. Шаршатқаны-ау мынау аппақ суық дүние... Сіз бі- лесіз бе, апам мен атамның Қар қызы деп жүргені – мен- мін. Иə-иə, іргеңізде жатқан сол аты аңызға айналған Қар

қызы...

 

Нұржан шошып қалады.

 

Н (басын көтеріп). Мүмкін емес... Ол өлген! Қарға айна- лып кеткен... мүмкін емес, ол жай ертек қана...

Алм а ж а н (ол да басын көтеріп). Қорықпаңызшы... Мен қорыққандардың қорғаны болуға жаралған адаммын...

Н (таңдана). Сіз шынымен-ақ адамсыз ба? Алм а ж а н . Иə, адаммын...

 

Екеуі өз төсектерінде тізелерін құшақтап отырады. Қал- ған кісілер қалың ұйқыда.

 

Н. Сонда қалай, сіз шал-кемпірдің баласы емессіз бе?


Алм а ж а н . Апамыз бала көтермеген кісі... Мен... сол түні адасып кеткен Қар қызымын... (Мұңлы əуен естіледі). Боранды түнде үсік ұрып, кірпігім ғана қимылдап, қарға кө- міліп жатқан жерімнен осы үйдегі ата тауып алды. Жан адам- ға сездірмей бір жыл бағып-қақты. Кейін... ауруханадағы шешемнің қайтыс болғанын естідім... «Шешеден қыз қалма- сын, түйеден тұз қалмасын» деген емес пе, алыстан қосылар ағайын болғанмен, ет жақыным жоқ, елге қайтудың ешбір қисыны жоқ еді. Содан бері тіпті тірі адамның бетіне қара- ғым келмейді. Екі аяқты атаулының бəр-бəрінен көңілім қал- ды да, үстіме аппақ көйлек киіп, қырға шығып əн саламын... Ал, Қар қызы туралы аңызды өзім ойлап таптым. Атам екеу- міз əдейі ел-жұртқа таратып жібердік. Міне, содан бері күн- діз – сауыншы, түнде – Қар қызы бейнесінде жүрмін... Кейде жападан-жалғыз жата беруге шыдамай, мынау ағаш үйден атып шығып, тізеден қар кешіп алаулаған ыстығымды баса- мын... бəлкім, сізді іздеген сезімнің сергелдеңі шығар...

Н. Ғажап екен... бəрі түсімдегідей... Қар үйшікте жатып

үсуге айналғанымда «тұр-тұрлап» мені оятқан да сіз бе?

Алм а ж а н . Ол мен емеспін. Бірақ сол түні сізді қатты сағындым, көп ойладым. Аяғыма шаңғы іліп алып, тау-тас- ты кезіп əн салғаным рас. Сізді мен бұрын көрмеді деп ой- лайсыз ба?

Н. Əрине, көрген жоқсыз.

Алм а ж а н (күлімсіреп). Көргенмін. Күзді күні маши- наға шөп тиеп жүргендеріңізді көргенмін... Міне, содан бері, сенсеңіз, есімнен ешбір шықпадыңыз... Осында, мынау же- тім қыстаққа жетелеп келген де, сол – менің сағынышым...

Н. Ол да мүмкін-ау...

Алм а ж а н . Кеше сіз менің түсіме кірдіңіз.

Н. Сіз де... Сіз менің бетімнен сипап оятып жібердіңіз, қо- лымнан тартып тұрғыздыңыз.

Алм а ж а н (толқып, өзгеше мұңмен)... Ұзақ жолдан екеуіміз де шаршап-шалдығып келе жатырмыз екен деймін. (Қар қызының сыңсуы естіліп тұрады). Үстімізде ақ кебін- нен өзге еш нəрсе жоқ – жалақ аяқ, жалаң баспыз. Мойны- мызға іліп алған шана – сол шанада Қоңқай, тағы бір жігіт


отырады... Келе жатқанда да қатар, қол ұстасып емес, сіз шығыстан, мен батыстан бір-бірімізге қарама-қарсы жүре- міз. (р.s. (Бұл көріністі көрсетуге болар...) Алдымыздан қар басқан тау кездеседі. Ол – Қоңқай тауы екен... Сол таудың екі жағынан тырмысып өрмелейміз, ұшар басына енді-енді іліне берген кезде сырғанап төмен түсеміз... Мойнымыз- ға қылғындыра іліп алған шана... сол шанадан Қоңқайлар қарқ-қарқ күліп біздерді қамшының астына алады... Сүйрей алмай жан теріміз шығады... Сол уақытта Қар қызы келеді де, мойнымызды қылғындырған шананың бас жібін қиып жібереді... Қоңқайлар сол шанамен ағып құзға құлайды... Содан соң екеумізді аппақ күміс шанаға, үлде мен бүлдеге орап отырғызады да, барлық адамзат сүйреп, бүкіл əлемді шарлап, аралатады екен деймін... Ғажап, екеуімізді барша адам атаулы шанаға жегіліп сүйреп жүр... сүйреп жүр, сүй- реп жүр...

 

Қар қызының əні естіліп тұрады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.