Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЕКІНШІ БӨЛІМ. Төртінші көріністің жалғасы



ЕКІНШІ БӨЛІМ

Төртінші көріністің жалғасы

Сол... баяғы қардан жасалған үйшік. Біздің үш кейіпке- ріміз бірдей үсіну процесін бастан кешуде. Зеңіп жатыр.

«Тұр!», «Тұр!» деген дауыс толастамаған. Нұржан жиыры- лып, созылып жатып, зорға дегенде тұрады. Ол тік тұрғанда, қар үйшік құлап қалады. Аманжан мен Бақытжанды жұлқы- лап, тепкілеп оята бастайды. Бірақ олар ес-ақылын көпке де- йін жия алмайды.

 

Н. Тұрыңдар! (Ышқына айғайлап). Тұрыңдар деймін, ой- бай.

(Беттерінен ұрғылайды. Олар ербиіп тұра береді де, қи- ралаңдап қайта құлайды). Тұрыңдар! Үсік шалып барады!

А. Түн ортасында оятқаның не-ей, жау шапты ма? (Мең-

зең).


Б (былқ-сылқ етіп). Кішкене ұйықтай тұрайыншы... əкри.

Н (жұлқынып). Ұйықтауға болмайды! Үсік ұрып өлейін деп пе едіңдер?

 

Екі жігіт енді ғана ес-ақылын жия бастайды. А. Ал, тұралық, қойғаның суып бара жатса.

Ұмтыла беріп жығылады. Нұржан оларға көмектеседі.

 

Б. Ту, əкри, аяқ-қолдың дызылдап удай ашуын қарашы.

А (қиралаңдап). Ал, мен... жігіттер, обще жүре алатын емеспін.

Н. Қане, өлгілерің келмесе, менің командамды тыңдаң- дар! (Бұйрық бере бастайды). Тұрыңдар! Отырыңдар! Тұ- рыңдар! Молодец!

(Үшеуі тынымсыз жаттығу жасауға көшеді). Ал, енді өкпеміз күйіп, жығылғанша жүгірейік! (Жігіттер трактор- ды шыр айналып жүгіреді). Ал енді, бет-қолымызды қармен ысқылайық!

(Қармен ысқылаған болады. Нұржан жанталасқан жі- гіттерге риза көңілде). Ал, енді айызымыз қанғанша бір кү- лейікші... Қане, күлейікші бір, жолдастар. Бүкіл əлем күңі- ренсін...

А. Неменеге жетісіп күлеміз. Бақыттан бас айналып па? Сол бақыт деген құсыңда ақыл жоқ-ау, егер ақылы бар болса, кімнің басына қонарын білер еді...

Б. Просто, əншейін... сайтан қытықтағандай сықылық- таймыз, ə.

Н. Еркек адам сықылықтамайды, қарқылдап күледі. А. Онда бүкіл əлем «ха-хаға» айналып кетпей ме?..

Б. Өзі де солай ғой, өмір дегеніміздің өзі дара шегірткедей қаптаған, «ха-ха-халардан» тұрады ғой. Ал, бастадық.

Н. Өмір үшін, өндірдей жастығымыз үшін есірік үнін шы- ғарайық... Ха-ха...

А. Не деген тамаша өмір... күлген адамның бəрі бақытты емес. Бақыт дегеннің есі дұрыс емес... ха-ха...


Б. Қане, (екеуінің қолынан тартқылап) билейікші бір айызды қандырып. (Билейді). Өзім үшін, Қол шатырлы құр- бым үшін – ла-ла.

 

Нұржан мен Аманжан қосылады.

 

Н (ентігіп). Қане, енді құшақтасып, ыстық-ыстық сүйісе- йік! Бұдан кейін қолымыз тие ме, тимей ме?.. Тіпті бұдан ке- йін бір-бірімізді дəл қазіргідей қимас көңілмен, жақсы көре аламыз ба, жоқ па?..

 

Үшеуі сүйіседі.

 

А (түкіріп). Сүйіскеннің бəрі махаббат, құшақтасқанның бəрі адал дос емес. (Байыздап). Бəрібір үлкен башпайымда жан жоқ. Өне бойым бір түрлі қызына қышиды.

Б. Мен аман секілдімін. Бірақ таң атқанша шыдай алмай- мын-ау.

А. Таң атқан соң дайын жұрағатыңның үйіне барасың ба? Б. Дегенмен, күн шығады ғой.

А (қолын сермей ашуланып). Ой, сол күніңді сенің...

Б Өлім аузында жатсаң да, күнге тіл тигізуге болмайды.

Саған керек жоқ болғанымен, өзгелерге керек.

Н (секіре, серектей қимылдап). Тұрмаңдар, жігіттер! Тек қана қозғалыс керек... қане (итермелеп), қимылдаңдар. Ажалдан бұрын алжымау үшін!

А (көзі шатынап). Ура, жолдастар!

Б (елеуреп). Совхоз үшін! Отделение үшін, алға! Жасасын Управляющий. Ура!

А Ура! (Өзін-өзі жұлмалап). Бəрібір тұла бойым құрсаула- нып, буыным босап барады. Бəсе-бəсе, о ыстықтай бастадым.

Үстіндегі киімін шеше бастайды. Н. Не болды саған?!

А (бақсыдай сақылдап). Ештеңе де емес. Ананы қараң-

даршы, костер жанып тұр. Лаула, костер! Лаула, қар үстінде


жанған от! Не деген ыстық дүние! (Жолдастарын жұлма- лап). Неғып тұрсыңдар, шешінсеңдерші!

 

Өзі шешіне береді.

 

Н. Ұстайық, Бақытжан! Ұстап алып денесін қармен ыс- қылайық.

А (мазақтай). Ұстай алмайсыңдар! (Өтірік отқа қызды- рынып). О... жарықтық лаулап жануын-ай... Айналайын жа- рық от! Күйдірші! Жандыршы! Өртеші, өртеп жіберші анау қар бетіндегі қаптаған қара мысықтарды... (Екі жігіттен бастап санайды). Бір мысық, екі мысық, үш мысық... жүз, мың, миллион... мысық, мысық...

Б (жыламсырап). Құдайым-ай, Алла тағалам-ай, не жа- зып едік саған. (Жүресінен отыра қалып, көкке қол жаяды). Жазығымыз – жастығымыз ба?! Қандай жұрттың қағанағы қарқ, сағанағы сарқ... Бір мая шөп үшін үшеуіміз бірдей...

Н (жекіре ұрсып, желкесінен көтереді). Тұр орныңнан былжырамай! Азамат емеспісің! Сені де біреу байым деп айтады-ау ертең. Бар... шық ананың ту сыртынан, арт жағы- нан бас салуды жақсы көруші едің ғой.

 

Ептеп есі ауыса бастаған Аманжанды əрең дегенде ұстап, бой бермеген соң пускашқа от беретін қайыс жіппен екі ая- ғын тұсап байлап тастайды. Өне бойын қармен ысады.

 

Б. Əттең, не спиртпен, не болмаса қаздың майымен сылар ма еді...

А (бұлқынып). Қоя беріңдер! Жаурадым. Құтырып кет- тіңдер ме! Өзім-ақ...

Н. Өзім деп өзеуремей, тыныш жат. Ысқылай береді.

А (жалына). Қоя беріңдерші! Құдай үшін.

Н (кеудесіне мініп отырып). Ыстықтадың ба? А. Тоңдым, ойбай, тоңып барамын!


Н. Қарашы қардың үстіне, от жанып тұр, ə жанып тұр ма?

Қара мысықтар ше?

А (бұлқына). Қайдағы от. Ақылынан мен емес, сен ауыс- қансың!

Н. Ендеше, босатайық.

 

Аманжан енді өзі жүгіре бастайды.

 

А. Рақмет, достарым! Сендер болмасаңдар, жынданып кете жаздадым білем. Қызық... дəл ортамызда лапылдап от жанып тұрғандай елестеп кетті. Ал, киімдерімді қалай шеш- кенімді де білмеймін.

Б. Сақ болайық, жолдастар! Біреуіміз шешіне бастасақ, сап беріп ұстап алып, қарға етбетінен салып, май құйрықтан шапалақтап, бір қабат терісі сыпырылып қалғанша ысқыла- йық, əкри...

А. Сен бəрімізді алдыңа салып барып үсисің. Терің кит- тікіндей.

Б. Алтайдың суығына киттікіндей емес, иттікіндей тері ғана шыдайды.

 

Қар қызының сыңсыта салған əні естіледі.

 

Н (елеңдеп). Сол... сол қыздың əні... Естимісіңдер, доста- рым, мынау ғажап дауысты.

Б (таңырқап). Нені?

Н. Қар қызының мұңлы үнін...

А (ол да аң-таң). Қар қызының...

Н (көзі жайнап). Иə-иə, Қар қызының... бізді өлім сапа- рынан алып қалған ақ қанат періштенің əнін естимісіңдер...

Б. Енді мынау жындана бастады. Давай, ұстайық та ыс- қылайық...

 

Екеуі екі жақтан ұмтыла береді.

 

Н (шегіне). Тоқтаңдар! Құдай үшін сабыр сақтаңдаршы!

Адал да ақ жүрек нағыз достарымсыңдар ғой...


Коль человек чужой мне верен – он мой брат, Неверный брат – мой враг, будь проклят его край. Лекарство иногда опасней, чем отрава,

Болезни иногда излечивает яд.

 

(Лепірме көңілмен). Кімдерміз, осы біз... Кімдерміз? Қай- да барамыз қаңғырып? Қолында қаруы, алдында атысар жауы жоқ... бір-біріне қас екен. Кімдерміз осы біз?.. (Көрер- мендерге). Өз-өзінен жынданған, өз-өзімен майдандасқан мынау бейбіт өмірдің үш солдаты... үш есалаң – үш батыр!

 

Айға қарап əулекілене сөйлеген Нұржанға таңырқай қа- рап тұрған Бақытжанның жан даусы шығады.

 

Б. Ананы қара! Ана жаққа қараңдар! Бес-алты ит тұр. Қасқырдың ұлығаны естіледі.

А (саспай). Атаңның басы – ляуқұй! Иен тауда ақылы бар ит те жүрмейді. Анау шоқиып-шоқиып отырғандар біздің жаназамызға жиналған бөрібайлар... дəретіңді ала бер.

 

Үшеуі бірдей ошарыла солай қарайды.

 

Б. Өлді деген осы, ит-құсқа жем болып. (Жыламсырайды).

А (ызалы кескінмен). Бостан-бос, құр бекерге үсіп өлген- ше, аш қасқырдың азығы болған да абзал өлім-ау.

Н. Сіріңке жақ, Аманжан. Оттан қорқады деуші еді, қор- қау иттер... Мен шоқпыт əзірлейін.

 

Трактордағы жəшікті ақтара бастайды.

 

А. Солярка мұздап қалған шығар, тез түтіктен ағар дей- місің...

 

Факел жасап, алау жағады.


Б (дірілдеп). Ептеп ары қарай жылыстады. (Қорқынышын жасыра). Бəрібір тракторға жолай алмайды, əкри. Темірден қорқатын шығар.

А. Атаңның басы. Ашыққан қасқырлар трактордың өзін асап қояр. Баяғыда... Қара далада пəсепте жүрген кезімізде бір бөшке автолымызды ішіп кеткен.

Б (күліп). Сен де су қоспай соғасың-ау өтірікті.

А. Енді жолдасым сен болсаң... бір жақ көзімді қысамын да...

Бəрі өтірік күледі. Ол қылықтары өздеріне ерсі көрінеді. Н. Өлең айтсақ қайтеді. Адам даусынан үркетін болу  ке-

рек. Үшеуміз қосылып тұрып, баяғыда... мектептің  көркем-

өнерпаздар үйірмесі концертіндегідей асқақтата салайықшы жайлау əніне... Келіңдер, (екеуінің қолтығынан ұстап) шыр- қайық бір, жолдастар!.. Шырқайық! Бақытты үнімізді қасе- кеңдер де тыңдасын... (Айта жөнеледі)... «Басқа жанға қара- маймын, мен ешкімге алданбаймын, Ай-ша-жа...н...»

 

Аманжан оның аузын алақанымен басады.

 

А. Қасқырды өлең айтып қуғанды қай атаңнан көріп едің? Жетіскен əн де түспепті-ау аузыңа. Қорыққаныңа көрінсін. (Тісін қайрап ырылдайды). Тек... жақындасаң, маңайлап көр- сін қисық ауыздар, кімді-кім жейтінін көрсетейін! (Жұдыры- ғын түйеді).

Қасқырлардың ұлығаны, қыңсылап жақындағаны білі- неді.

 

Б. Сонымен қасекеңдерге концерт қойып беретін бол- дық... Мен барып... билет сатып келсем қайтеді. (Кенет шо- шына айқайлап). Əне... əне, əкри! Бізге қарай жақындап ке- леді! Ойбай-ай!...

Н (ол да сасқалақтап). Шырқайық, жолдастар! А. Шырқасақ – шырқайық!


Үшеуі қосылып: «Комсомолдар, жас қайраты елімнің...» –

деп бастап, əн айтады.

 

Н. Енді трио болғанды қойып, сольный əнге көшейік. Қасқырлар ептеп шегінейін деді. Ал, Бақытжан, ауылдың алты аузын баста, жарықтығым.

Бақыт ж а н н ы ң ə н і :

 

Апам-ай, апам, апам-ай, Жалғызың қор боп қала ма-ай. Апам-ау, апам, апам-ай,

Енді қайттім, қорқам-ай.

 

Н. Ал, енді (қасқыр жаққа қарап), құрметті қасекеңдер, ендігі тыңдайтындарыңыз, Аманжанның əні, «Аш қасқыр, жалаңдама қорықпаймын». Орындайтын автор.

 

Өтірік стаканға арақ құйған болады.

 

А.           Аппақ қар, аш қасқыр, оу-оу. Аппақ қар, аш қасқыр, оу-оу.

 

Ал, енді жолдастар, қасекеңдердің бізді ұмытпай, елеп- ескеріп келгені үшін, жасөспірім жастарға жасаған ағалық қамқорлықтары үшін, осы кісілер болмаса, таңымыз атар ма еді, күніміз шығар ма еді, кешіміз батар ма еді, өзімізді ап деп асап қоярын, тегі қасқыр екенін біле тұрып, мақтамасқа шамамыз бар ма. Ал, ағайындар, Сіздер үшін алып қоялық!

Өтірік арақ ішкен болады.

 

Н. Енді үшеуміз қосылып, өзіміздің собственный əнімізді бастайық. Бұл əн де құрметті қонақтарымыз – заманымыз- дың ұлы қайраткерлері – қасекеңдерге арналады.

Үше у і н і ң т р и о ə н і :

 

Болдық қой бар өнерді тауысқандай, Мерт болдық айға шауып арыстандай,


Ат жалын тартып мінген бұла шақта, Шықылықтап көзге түстік сауысқандай...

Жарық ептеп сөне бастайды. Б. Ура! Таң атты!

А. Таңның атқаны рас-ау. Түнгі қонағымыз – алыстап ба-

рады... Иə, қасқырларды да сағынатын күн туар...

Б. Интересно, бүгінгі қасқырлар жемейді, бірақ масқара қорқытады.

Н. Не деген бақытты ұрпақпыз! Жау жеңілді! Ура, жол- дастар!

 

Бəрі уралайды.

 

А (мұңая). Бəрібір батыр атағын бермейді. Б. Өйткені ешкім көріп тұрған жоқ.

А. Көріп тұрса да бермейді. Өйткені біздің де, трактордың да қанаты жоқ, жоқ... ешқашан да ұша алмаймыз, жазған. Ұшу үшін туатындар бар. Біз – бауырымен жорғалаушылармыз.

 

Таңның атқаны білінеді. Ұзақ пауза.

 

Н. Таң атты. Қонақтарды қайтардық. Енді не істейміз? Тракторды шыр айналып шығады.

Б. Қарным ашты. Қасқырды атып жейтін қару болмады-ау. А (мырс етіп). Шошқа өлгелі жатса да, қорс еткенін қой- майды. (Қалтасын ақтарып, темекі іздейді). Тфу, атаңа нə- лет-ай, жығылған үстіне жұдырық деп, темекім таусылып

қалыпты-ау.

Н (трактордың əр тетігін бір ұстап). Тракторды қыз- дыру үшін, екі кубометр отын, сақылдап қайнаған екі шелек су керек.

А. Ауылда, үйдің іргесінде тұрғанда Құдайдың зорына əрең дегенде от алушы еді, итаяқ болып қалды деші. (Ысқырады).


Б. Солярканы жіпсітіп алсақ, бір амалы табылар еді-ау.

Н. Құрғақ сөзбен трактор қыздырылмақ емес. Қане, іске кіріселік.

 

Трактордың бабына кіріседі.

 

Б (айғайлап). Ура! Ананы қараңдар!

А (шошына). Не? Не тағы? Қасқырлар қайтып келе ме?! Б (ыржиып). Жоқ. Тал өсіп тұр, сонау қияда... Сенбесең-

дер қараңдаршы.

Н (сүйсіне, арқасынан қағып). Дүниедегі жақсылық пен жамандықты сенен бұрын көрер тірі пенде бар ма екен бұл фəни жалғанда. Ендеше... сол... сепсиген Айыртаудың мұрты секілді ағашты балтамен қиып əкеліңдер...

Б (қипақтап). Қар қасат қой. Тайғанақтап шыға алар ма екенбіз қияға. Аяғымызды тағалап алған біз емес... пима дегеніңнің табанына сабын жағып қойғандай...

 

Аманжан трактордан балта алып, Бақытжанның қолынан сүйрелей жөнеледі.

 

А. Тақыстанбай, таңдайыңды тақылдатпай ер соңымнан!

Қолыңа сүймен ұста, таяныш болады!

Б (ырықсыздау). Үйден шыққанда тракторшы едік зіңгіт- тей-зіңгіттей, одан Қоңқай шалдың тұтқыны болдық, одан түні бойы қасқырларға концерт қойып, артист болдық, енді, міне, альпинистке де айналдық.

А. Енді бір түн далада қалсақ, кері маймылға айналып ке- теміз, саспа ляуқұйым.

Б. Тіпті, соның өзі жақсы. Шынымды айтсам, кейбір қи- налған сəтте, адам болып жаралғаныма өкінемін де

А. Адам болып жетістіріп жүргенің шамалы еді. Айда, кеттік, жаман адам болғанша, жақсы аң болған озық.

Б. Туғалы тауып айтқан сөзің осы шығар.

 

Екеуі қия бетке тайғанақтап өрлей бастайды. Нұржан олардың соңынан қарап тұрады.


Н (өз-өзіне). Тамаша жігіттер! (Қар қызының сүлдесі кө- рінеді. Сыңсыта əн салған). Шынымен-ақ адасып кеттік пе?

«Өкпеге қисам да, өлімге қимаймын, осы Қоңқай асуынан тіке ассаңдар, алдарыңда Айыртау тұрады. Сендер іздеген шөп сол таудың түстік етегінде», – деп еді-ау. Біз қай тұс- та тұрмыз осы. (Жан-жағына барлап қарайды). Жүз қадам жерде ғана тұрған трактор шанасына қалай жетеміз? Дүние- де, алға жүруден де гөрі, шегіну қиын екенін білсемші. Иə, артқа жүру қиын, кері оралу қиын жалғанда.

 

Жоғарыдан айғай-ұйғай дауыс естіледі.

 

А - ның да усы . Ляуқұй. Эгоист. Қара жүрек, тамақсау. Б - ның да усы . Неменеге қодыраңдайсың. Аштан өле- йін бе? Сенген қойым сендер болсаңдар, күйсегендерің құ-

рысын.

А - ның д а у с ы . Ендеше кет осы жерден! Жаяу кет.

Б - ның д а у с ы . Тапқан екенсің ақымақты. Сенің қа- лай өлгеніңді көріп бірақ кетермін.

Н - д ы ң д а у с ы . А-а-у-у-у-а! Не болды?!

(Бақытжанның баж-баж еткені естіледі де, жоғары- дан зыр етіп сырғып, Нұржанның жанына топ ете түседі). Не жетпейді осы сендерге... Айыртаудың қарына таласып жүрсіңдер ме?

Б (жатқан жерден тұра алмай үйелеп). Əкеңнің аузын... скелет... мен дегенде қозатын қызыл көз жыны бар. Əке-ше- шесін мен өлтіргендей, сүйкенбей жүрсе іші кебе ме... сво- лыш...

Н. Жоғарыда не жетпегенін білмеймін, Бақытжан. Бірақ, сенің тілің кісіні бұтына жібертеді.

Б (шатынып). Ə-ə, жалғыздайын дедіңдер ме? (Қорсыл- дап жылайды). Елге аман-есен жетсем, екеуіңе етігімді жа- латармын. Бұл өмірге кімнің керек екенін сонда көрсетер- мін... тек есен-сау жетейік ауылға...

 

Бір құшақ отыны бар Аманжан зырлап түседі.


А. ...Ляуқұй. Осындай арамза жігітті көрсем – көзім шықсын. Теріс қарап, сілекейі шұбырып малжаң-малжаң етеді. «Ұртыңдағы томпайған не?» – деп сұрасам, айтпайды. Сосын, басын қолтығыма қысып тұрып екі ұртынан қысып қалып едім, аузынан қоядай малта ытқып-ақ кеткені...

Н (басын шайқап). Тіпті ұят екен, масқара екен мұнысы. Соғыс немесе ашаршылық болса, бір сəрі. «Қасқыр да қас қылмайды жолдасына» деген қайда?.. Апаң қалтаңа салып берген сыңар уыс малта қыстан шығарады дедің бе?

Б (бұрқ-сарқ ашуланып). Қызғанғандарың, қызыққанда- рың осы болса, мə, алыңдар. (Малтаны шашып жібереді). Талап жеңдер. Тамақтарыңа тас тығылсын... Тіпті қарында- рың ашып бара жатса, мені сойып қақтаңдар! Семізсің, тұла бойың тұнған май деп, қызыға беруші едіңдер...

 

Қар бетінде бытырап жатқан малтаға ешқайсысы бетте- мейді. Үшеуі арбаса үнсіз отыр.

 

Н. Осымен бітсін дүрдараздық. Кемедегінің жаны бір де- ген. Бəріміз – біріміз үшін, біріміз – бəріміз үшін алға, жол- дастар!

А. Бақытжан-ай, «Ешқашан да досымды сатпаймын», – деп ант ет. Өлім мен өмірдің екі арасында тұрсың ғой, бер антыңды!

Б (қипақтап). Ант еттім... Ал, қышыған жерің басылды ма? А. Ант етіп, қар же.

Н. Ол шартың артықтау енді... мынадай суық күнде.

А. Олай болса, бəріміз желік. (Алақанына қар жентек- теп асап жібереді). Бұл дүниеде Алтайдың ақша қарынан таза дүние жоқ.

Б. Қар жегенше, құрт жеп анттассақ қайтеді, əкри. Н (күліп). Əй, саған дауа жоқ екен.

 

Бəрі қар асайды. Солярка жылымай көп əуреге түседі.

Бықсып қана от жанады.

 

А (ызаланып). Бұл əрекетімізден түк те шықпайды.


Н. Дегенмен, солярка ептеп жіби бастады. Бірақ, сайтан- ның отындай қызу қар ерітіп, су қайнатуға қуаты жете қой- мас. Не істесек екен?

А (шаршап). Білмеймін, шеф. Бас қатты. Сирағымызды кесіп жақпасақ...

Б (шешініп). Менің басыма гениальный идея келді. Тон- ның ішінен киген жел өтпес желеткем бар. «Кеудеңе суық тимейді, құлыным», – деп қозының елтірісін астарлап апам тігіп беріп еді. Амал жоқ, енді... үстіне жанармай құйып, соны жағайық...

 

Шешіп Нұржанға береді. Екі жолдасы таңдана тұрып қалады.

 

А. Апамнан айналдым! (Кеудешенің үстіне солярка құяды).

Н (күрсініп). Басқадай амал да жоқ еді...

 

Бақытжанды құшақтайды. Лаулай от жанады. Шелектен бу шығады.

 

Б. Ура! Күн шықты!

 

Күннің шыққаны білінеді. Бəрі мəз-мейрам.

 

А. Жарықтық, құр жымиғаны болмаса, қызуы жоқ күннен не пайда.

Б. Қар үстіндегі қан менікі болар. Əй, Аманжан-ай, мұр- нымды атамекеніне көшіре оңдырмай ұрдың-ау. Жалпы, өзі- ме де сол керек. Есіңде болсын, (Аманжанға) мен ешқашан- да кек сақтамайтын адаммын.

 

Қанды көміп тастайды.

 

А. Ендеше, өсесің, жарқыным. Аз-ақ жылда айғырдай азынаған бастық боласың.

Б. Өсуден кім үміткер емес дейсің. Құдайдың өзі де одан əрі өскісі келеді, амал не... өзінен үлкен қызмет жоқ.


Н (Бақытжанға). Тоңған жоқсың ба?

Б. Қалтырағаным болмаса, ішім қыз-қыз жалындап тұр. А. Олай болса, мына шелекті сенің қарныңа қойып қай-

нату керек екен.

Б. Өзі де қайнады...

(Үшеуі күледі. Шелектегі су қайнай бастаған). Нұржан, үсікке шалынған адам, ыстықтап үстіндегі бар киімін шешіп тастайтыны рас-ау деймін... Түнде менің бойым енді-енді жылынып, күйіп-жана бастағанымда, сен оятып жібердің... Ал, көрген түсім... (Мұңая көзін жұмып). Сендер сұрамаң- дар, мен айтпайын. Енді ғұмыры қайталанбайтын шығар-ау ондай бақытты түн.

А. Егер Нұржан болмаса, шынында да, серейіп қатып жа- тар едік. (Радиаторға қайнаған суды құяды).  Қызық, мен

де өлердей ыстықтадым. Жылқышының қызы қолымнан же- тектеп, қап-қараңғы белгісіз жаққа кете беріп едік Сен бү-

йірімнен бір теуіп, ояттың, шеф.

 

Трактордың пускашы дырылдап от алады.

 

– Ура! Ура! Ура!

– Жасасын жарық дүние!

– Жасасын «ДТ-54»! Жасасын заманымыздың қара ай- ғыры!

– Кісінеші бір, жарықтық! Жалпақ жаһанды жаңғыртып! Шексіз қуанышқа бөленеді. Нұржан моторды бəсеңдетеді. Н. Қане, бері жақындаңдар.

Жігіттер алқа-қотан жайғасады.

 

Б. Тс (Қалтасын ақтарып). Сендерден жасырар не сыр

қалды. Қалтамның түбі тесік еді. Бір малта сол жыртықтан жол тауып, пиджагымның астарын қуалап кетіпті. (Көрсе- тіп). Ал, енді қандай ақыл айтасыңдар? Бөліп кемірейік пе, жоқ болмаса, лақтырайық па? Қане, дауысқа салайық.


А. Лақтырайық!

Н (жөтеліп). Трактор от алды, енді не істейміз?

А. Осы сен қызықсың, де істегені несі?.. Есіміз барда елі- мізді табамыз.

Н (Бақытжанға). Ал, сен қалай ойлайсың? Б. Сен қалай ойласаң – дəл солай ойлаймын.

Н. Түу... ит арқасы қияннан күн демей, түн демей бар ауыртпалықты арқалап шыққанда, жол ортадан қайтып кету- ге дəтім шыдамайды. Ел-жұрттан ұят.

А (қызынып). Пах... шіркіннің елден ұяла қалғаны-ай... Ұлыған қасқыр, ұйтқыған боранға бесіктен белі жаңа шық- қан бізді алдап-арбап айдап салғанда, сол елің... ұялмайды... біз ұялуымыз керек! Айда, былжырақты қойып, тракторға мініңдер. Күн барда етекке түсіп алайық.

Қарғып трактордың табанына шығады. Н. Асықпа, жігітім, дауысқа саламыз.

Б (ыңылдап). «Адыраңдама, содырым, баланы басып ке-

тесің...» – депті баяғыда біреу.

А. Пах! Бейне бір кинодағыдай... комсомол жиналысын ашамыз деші...

Н. Ар-ұят жиналысы...

А. Хватит! Шалтай-балтайды қойыңдар. Екі тəулік өлім- мен алысқанда ар-ұятымнан айрылып қалғанмын. Ал, қарыз алуға – əркімнің өз қара басына жетпей жүр.

Б. «Ляуқұйсың, ұйқышылсың, тамақсаусың», – деп мені келемеждегенде, потепондай сайрап едің, бір бармағымды бүгіп жүрдім деші... Осы жаңа ғана ант берістік қой... Бірінің жүнін бірі жұлып жеп қорада қоғам малы тұр маңырап...

А (қарқ етіп күліп). Пах, шикінің патриотын-ай, а... Пав- ка Корчагин ортамызда жүр екен-ау... (Жекіп). Ляуқи неме, қоғамға мал керек болғанда, адам керек жоқ па екен. Аштық- тан бірімізді-біріміз тірідей жегелі тұрып, жалынды сөздер айтамыз. Жалынды сөз жанымызды алып қала алмайды, жарқыным... (Паузамен). Тіпті, үйге қайтпай, Айыртауға ат- танғанның өзінде, шөпті арқалап апарамыз ба? Анау қияда


қиқайып ақ қар, көк мұздың астында қатып жатқан шанаға қалай жетеміз. Тым болмағанда, осы проблеманы шешіп алып, кəмсөмөл... жиналысын ашсаңдаршы.

Б. Егер осы, сен айтқан проблеманы шешіп алсақ, кəм- сөмөл... жиналысын ашып керегі не? Бұл – айыптау емес, ақылдасу мəжілісі.

А. Насихатшым мен лекторым іргемнен табылып ит болдым-ау. Бес жыл құлағымның етін қоғам танудан сабақ беретін ызылдақ мұғалім жеп еді... енді міне...

 

Үнсіздік. Қар қызының əні естіледі.

 

Н. Сай табанына түсіп шыр айнала орай шананың көк желкесінен лық етіп түсеміз. Ал, ауылға бір айыр болса да, пішен апармай құр қол оралу – қылмыс. Осы пікірге қосы- лам дегендерің қол көтеріңдер.

А. Ол үшін тағы екі тəулік уақыт керек. Ондай тас жұтар тəуекелге сенің қарның, трактордың майы шыдамас...

 

Бақытжан мен Нұржан қол көтереді.

 

Н (Аманжанға). Егер сен барғың келмесе, осы жерде қала бер. Маневрді біз, өзіміз-ақ жасап келеміз.

 

Аманжан тракторды сөндіріп жібереді де, екі мықынын таяна талтайып, шынжыртабанда тұра қалады.

 

А. Бұға берсе – сұға беруге əбден үйренген бұл жұрт. Ал, осы жерден тырп етіп көріңдерші! Ең əуелі екеуіңді, содан соң өзім қан болайын. (Қалтасынан бəкісін суырып алады. Екі жігіт шошына қарап тұрып қалған). Надоели вы мне! Надоели! (Кеңірдегін сызып).

Б (қалжыңға шаптырып). Мынаның орысшасы ничеуа екен, а, Нұржан...

А (шатынап). Ыржақтама! Боқ-жыныңды ақтара салармын! Б. Сен де былшылдама ендеше! Əкемнің шоты шапқан сайын дамиды деп... Досымның қолынан өлсем, арманым


жоқ! (Сырт киімін шешіп). Үндемегенге үруді қоймадың ғой... Сенен келген кереметті көріп алдым. Қоңқай шалдан қорық, қасқыр мен суықтан, аштықтан қорық, енді сенен шошып жүрген өмірдің ішін ұрайын...

 

Тұра ұмтыла бергенде, Нұржан ұстап қалады.

 

А (мысқылмен). Есектің арғымақ болып жер тарпығанын алғаш рет көруім... Баяғыда біреу айтқан екен: «Жұлқынған- мен қолымнан не келеді, тоңқайғанда жыртықтан жел есе- ді», – деп... Егер, менімен бірге ауылға қайтқыларың келсе... трактордың артына ғана жабысасыңдар... Сендер үшін бұ- дан үлкен жақсылық жасай алмаспын. (Бақытжанға). Ей, ляуқұй, тракторға от алдыр...

 

Үнсіздік. Бір-бірімен арбасып тұрады. Дəл осы сəтте Ба- қытжан оқыс айғай салады.

 

Б (қолымен нұсқай). Ура! Ананы қараңдар! Шанаға қос ат жеккен адам көрінеді. (Аманжан жалт қарай бергенде, қолындағы, бəкіні Нұржан теуіп ұшырып жібереді). Ура! Адам көрінді! Кəдімгі кісі... екі аяғы, екі қолы бар, басы да жұмыр...

 

Қаруынан айрылған Аманжан етпетінен түсіп солқылдап жылайды.

 

А. Жеңдім деп тұрсыңдар ғой! Мə... мə... (Саусағын шы- ғарып). Бəрібір ажалдарың менен... бүгін болмаса – ертең, ертең болмаса – арғы күні. Өйткені мен кек сақтаймын, сақ- тағанда мың жыл тарқамайтындай етіп, мықтап тұрып сақ- тайтын адаммын... (Келе жатқан кісіге қарап). А Құдай, бір тілегімді бере гөр, қар үстінде қараңдаған ей, адам – Қоңқай шал бола гөр... Қоңқай бола гөр...

Н (саспай сабырмен). Қара нардай қасқая тартқан жігіт- тің сырттаны екен десем, ез, шыбық тимей шыңқ етер нағыз ляуқұй өзің екенсің. (Алысқа қарап). Расында да, адам көрі-


неді. Бірақ қандай адам?.. Оның да қойнына тыққан тасы бар шығар? (Аманжанның бəкісін өзіне лақтырады). Мə, мына шошқа пішеріңді өзің ал, тағы да біреуді қорқытуға жарар.

А (екі қолын көкке созып). А, Құдай, келе жатқан адам – Қоңқай бола гөр. Қоңқай шал бола гөр... екеулессек, мына- лардың қай-қайдағысын еске түсірер едік...

 

Сахнаға үстіне тон киіп, сақал-мұртын қырау басқан Шал кіреді.

 

Б. Ассалаумағалейкүм!

С и ы р ш ы ша л . Ағалейкүм ассалам? Жол болсын, балам.

Н. Əлей болсын, ақсақал. Екі күн болды, қар бетінен қа- райған көре алмай берекеміз қашып, қарнымыз ашып жүр- ген жандармыз.

С и ы р ш ы ша л . Е-е, шырақтарым-ай, мынау Кіші Қоңқайда қатып қалмай шыбын жандарыңның қалғанына тəубе деңдер. Қайдан жүрген балаларсыңдар?

Б. Ой ақсақал-ай, сіз сұрамаңыз, біз айтпайық. Көрмеген- ді көріп, көн тулақты киіп келе жатқан хал. Сонадайдан сіз- дің төбеңіз көрінбегенде, ендігі...

 

Нұржан оның сөзін бөліп жібереді.

 

Н Сіздерге көрші Қатонқарағай ауданының жұмысшы-

ларымыз. Айыртауды асып күзден қалған пішенді алып қай- туға шыққан бетіміз еді Көрмейсіз бе, қырсыққанда шана-

ның ағытылып қалғанын...

Сиыршы ша л . Жөн-жөн, шырақтарым. Үстінде қыл- тан шөбі жоқ, бос шанадан айрылып қалған екенсіңдер, жүгі бары жүрер деймісің... Бірақ мынау Кіші Қоңқай асуымен қысты күні бұрынды-соңды ешкім жүріп көрмеген еді-ау.

Қар үстінде отырған Аманжан айғай салады. А. Ей, шал, темекің бар ма?


Екі жігіт ыңғайсызданады.

 

Б. Ата, ол жігіттің сөзін көңіліңізге дік алмаңыз. Шал көр- се, көзі шатынап шыға келетін ауруы бар.

С и ы р ш ы ша л . Шырағым, мен насыбай атушы едім. А. Ештеңе етпейді: «Боқ жаман емес, жоқ жаман», – де-

ген екен қарға.

С и ы р ш ы ша л . «Қызымды алмасаң – алма, бірақ жа- мандама» деген сөз тағы бар. (Шал алақанына салып берген насыбайды атып жіберген Аманжан ұзақ түшкіреді. Күл- кі). Ə, бəлем, қалай екен? Енді ішің өткенше түшкіресің.

Б. Ой, ақсақал-ай, біздің ішіміздің қаңсып, ішек-қарны- мыз салдырлап бос жүргені қашан... (Аманжанға). Өзіне де сол керек, əкри.

А (сіңбірініп). Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнады.

С и ы р ш ы ша л . Дегенмен мынау. (Нұсқап). Қар қызы жолына қалай тап болып жүрсіңдер?

Н. Кіші Қоңқайда қонған үйдің иесі сілтеп еді... Айыртау- ды шыр айналғанша, жол қысқартайық деп, тəуекелге басып едік... көрмейсіз бе, көмусіз қала жаздадық.

С и ы р ш ы ша л (сақал-мұртындағы қырауды қағып).

Жол сілтеген адамның аты-жөні кім? Қоңқай ма?

Н. Дəл өзі, ата. Сол қызыл көз шал.

С и ы р ш ы ша л . Ой, тұқымы өшкір қақбас-ай, қарақ- шылығын қартайғанша қоймай келеді-ау. Осыдан үш-төрт жыл бұрын тағы бір қызды алдап, адастырып, дəл осы бет- кейде ат-шанасымен қатып қалған еді... Содан бері бұл өңір- дің Бекалқа аты ұмытылып, Қар қызы мекені аталып барады ел аузында. Жамандықты жақсылық жеңбей қоя ма... Мысық тілеу Қоңқайдың үйіне қонған кісіден ақы алатын əдеті бар еді... Ол иттің маңдайына тек адамдарды адастыруды жаз- ған. Ой, айдаһар-ай, алтын табақ, ақ жамбы берсең де, алдап, адастырып жібереді-ау.

А. Əркімнің кəсібі – əр басқа емес пе. Сенің де қандай шал екеніңді қайдан білейік. Осы күнгі шалдардың бəрінен


сақтану керек. «Шырағым» деп тұрып, шырағыңды үрлеп сөндіреді.

С и ы р ш ы ша л . Шырағым, Қоңқаймен туыстығың жоқ па еді? Тіпті өңің де...

А (сөзін бөліп). Оны қайтейін деп едің?

С и ы р ш ы ша л . Əншейін жөн сұрағаным ғой, балам.

Тіпті өзің де, мінезің де ұқсайды екен.

А. Ендеше, оңбай қателестің. Əкем 1942 жылы соғыста өлген. (Мысқылдап). Ал, өзім 1946 жылы туғанмын, яғни əкем соғысқа кеткенде іште қалғанмын...

С и ы р ш ы ша л . Төрт жыл шешеңнің құрсағында жүрген екенсің ғой, шырақ. Ондай-ондай болады соғыста...

А. Так точно, ақсақал. Мынау екеуі де төрт жыл ана құр- сағында жүргендер. Байқайсыз ба, (Нұржанды нұсқап), мына жігіт сізге өте ұқсас... Менің Қоңқайға ұқсастығымнан бір де кем емес ал, мына жігіт (Бақытжанды көрсетіп) біз- дің ауылнайдан айнымайды-ау, айнымайды. Өйткені, соғыс туғызғандар бір-біріне ұқсай береді. Дитя эпохи!

Н. Ата, бұл жігіттің əкесіндей адаммен қалжыңдасар əде- ті бар.

С и ы р ш ы ша л . Əзілің жарасса, атаңмен ойна...

Б. Ақсақал, анау қарға малтап жатқан шананы мынау қос қара керіңіз тарта ала ма?

С и ы р ш ы ша л . Байқап көруге болады...

Б. Ендеше, жегейік аттарға. Тракторға дейін сүйреп, əке- ліп берсеңіз, жақсылығыңызды бұл дүниеде де, о дүниеде де ұмытпаймыз.

С и ы р ш ы ша л . Ұмытпағандай көрейін, осы жерден сабамай аттандырсаңдар...

Н. О не дегеніңіз, ата. Ат-шанасына салып əурелегенше, сіздің шөпті бірақ тиейміз трактор шанасына... Қайта-қайта келіп жүресіз бе...

С и ы р ш ы ша л . Қайдан білейін, қарағым. Өздерің жол соғып, аяз сорып шаршап келесіңдер...

Б. Қайда қалмаған есіл еңбек. Ұрыста тұрыс бар ма, ал кеттік.


А. «Сен маған – мен саған» заманы деп <



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.