|
|||
Жалған көрінісЖалған көрініс Аппақ киіз үй. Төр алдында төсекте мамыққа оранып Нұржан, Аманжан, Бақытжан үшеуі жатыр. Ортада лаулап жанған от. О дүниенің елесін байқаймыз. Отауға қолдарына шырақ ұстаған қара көйлекті екі қыз кіреді. Бірі – жылқы- шының қызы, екіншісі – қол шатырлы қыз. Жұмбақты əрі сиқырлы əуен естіліп тұрады. Мұның барлығы жігіттердің түсі-сынды.
Ж ы л қ ы ш ы н ы ң қ ы з ы (Аманжанға). Тұр, жаным, басыңды көтер. Саған айтар сырым бар. (Қолынан тартып тұрғызады). А. Сырым... (Таң-тамаша)... «Айта алмайтын шындығы, аша бермес сыры болмаса, адам несіне жер басып жүреді»... (Таниды). Құдай-ау, шынымен сенбісің? Өңім бе, түсім бе? Ж ы л қ ы ш ы н ы ң қ ы з ы . Иə, менмін. (Жігіттің бе- тін сипап). Менмін, Аманжан. Біз екеуміз бар сырымызды, бар шынымызды айта беруімізге болады. Шын ғашық адам- дар тек арғы дүниеде ғана қосыла алады. А (таңырқап). Сонда қалай, біз жер астында жүрміз бе? Ж ы л қ ы ш ы н ы ң қ ы з ы . Иə, жер астындамыз... А. Сен қашан келдің бұл жаққа?.. Ж ы л қ ы ш ы н ы ң қ ы з ы . Зоотехниктен жəбір көрген соң... А. Біліп едім, сезіп еді жүрегім... Есіңде ме?.. Ж ы л қ ы ш ы н ы ң қ ы з ы . Иə, бəр-бəрі есімде... Ол кезде жайма-шуақ жаз еді. А. Рас, ол кезде жадыраған жаз еді... қазір қыс... Суық. Ж ы л қ ы ш ы н ы ң қ ы з ы . Қыс жер үстінде ғана, жа- ным. Мұнда жаз. Жер астында қар жаумайды. Мəңгі жылы- лық. А (есеңгірей, қыздың құшағында былқ-сылқ отыр). Біз өлікпіз бе?.. Ж ы л қ ы ш ы н ы ң қ ы з ы (аймалап). Жоқ, жаным, біз мəңгі тіріміз. Өйткені біз ғашықпыз бір-бірімізге... ғашық жандар өлмейді. Ромео мен Джульетта, Қозы мен Баян, Тө- леген мен Қыз Жібек, Лəйлі – Мəжнүндер де осында... А (орнынан тұрып). Олай болса... барайықшы соларға...
Екеуі қол ұстасып, ақ отаудан шығады. Енді біз қол ша- тырлы қызды аңғарамыз.
Қ о л ша тыр лы қ ы з . Тұр, басыңды көтер, Бақыт- жан. (Басын қолымен жайлап көтереді). Бұл менмін ғой, танымай қалдың ба? Қол шатырлы қызбын ғой... Сені ертіп кетуге əдейі келдім, күнім... (Аймалайды). Мен саған бар сы- рымды, бар шынымды айтпақпын... Б (таңырқап). «Айта алмайтын шындығы, аша алмайтын сыры қалмаса, адам несіне жер басып жүреді»... Қ о л ша тыр лы қ ы з . Ол – жер басып жүргендерге ғана... Б (дел-сал). Тəңірім-ау, мен қайда жатырмын. Не деген ыстық дүние... үй ме бұл? Қ о л ша тыр лы қ ы з . Бұл – Жер-ананың ыстық құ- шағы. Анаң да қара жер, атаң да қара жер... жер... Қо л ша тыр лы қыз . Олар мені осында əкеліп таста- ған... Мəңгілікке əкеліп тастаған... Ол жақта мезгіл күз еді... Б. Иə, күз болатын, қазір қыс. Суық. Бірақ ыстықтап отырмын. Қ о л ша тыр лы қ ы з . Бұл елде күз болмайды... Үйт- кені біз, жер астында жүрміз... мəңгі жылылықта жүрміз... (Шашын сипайды). Енді сен ешқашан да тоңбайсың... Жүр менімен – адал сүйгенің рас болса, ер соңымнан. (Жетелейді). Б (тартыншақтап). Қайда? Қай жаққа барамыз? Қ о л ша тыр лы қ ы з . Суық күзі, сұмдық адамдары жоқ ғашықтар елі, махаббат патшалық құрған – о дүниеге... Ромео мен Джульетта, Қозы мен Баян, Қыз Жібек пен Төле- ген, Лəйлі мен Мəжнүн жер бетінде бір-біріне қосыла алма- ғандардың барлығы... сол жақта. Б. Сонда қалай, біз де өлікке айналамыз ба? Қо л ша тыр лы қыз . Жоқ, күнім. (Құшақтап). Мəң- гі жасап өтеміз. Сен бұған дейін өліп келген едің, енді бүгін- нен бастап тіріміз... тіріміз... жүр ғашықтар мекеніне, жүр... Б (жүрексіне ереді). Тек асықпайықшы, асықпайықшы...
Екеуі ақырын-ақырын басып, ақ отаудан шыға береді... Қар қызының сыңсыта салған əнін естиміз. Отауға ақ киім- ді қыз кіреді. Ол сұлқ жатқан Нұржанның бетін ақырын си- пайды.
Қ а р қ ы з ы . Тұр! Тұра ғой, Нұржан. Ұйықтауға бол- майды. Н (басын көтеріп). Сен кімсің? Əлде періште, əлде адам... Қ а р қ ы з ы (Алмажан). Қар қызымын... Н. Қар қызы... (Маужырап)... Қар қызы... мынау қарлы өлкеде сыңсыта əн салатын жұмбақ қыз сен екенсің ғой... Қ а р қ ы з ы (Алмажан). Иə, менмін. Н (қуанып). Сенің мұңлы əніңді жер бетінде тек мен ғана ести алатынымды білесің бе? Тек мен ғана тыңдай аламын. Қ а р қ ы з ы (Алмажан). Егер оны білмесем, іздеп ке- лер ме едім. Ал, мен саған ғана көрініп, бар сырымды ақта- рып отырғанымды сезесің бе?.. Тек бір өзіңе ғана... Н. «Аша бермейтін шындығы, ақтара бермейтін сыры жоқ болса, несі адам». Айтпа, маған да сенбе. Қ а р қ ы з ы (Алмажан). Екі адамның бір-біріне сенуі міндет емес, сен маған сенсең болды да. Н (құшақтап). Көп іздедім ғой өзіңді... көп іздедім. Шар- шадым, шаршатты мені: «Айыртауда Қар қызы бар екен, қыста қарлы шағылдардың арасында көзге көрінбей əн са- лып жүреді екен де, жаз шыға жеті қат жер астына сіңіп кете- ді екен», – деген аңызды талай-талай естісем де, өзім іштей иланғанмен, өзгені сендіре алмап едім. Енді, міне, өзіңді кө- ріп отырмын. Қандай сұлусың! (Аймалайды). Қ а р қ ы з ы (Алмажан). Қаншалықты сұлу болсам – соншалық суықпын... Н (оның қолын ұстап). Рас, суықсың, неге олай екен?.. Қ а р қ ы з ы (Алмажан). Мені адамдар мəңгілікке өк- пелеткен. Н. Адамдарың кім сонда? Қ а р қ ы з ы (Алмажан). Қоңқай шал. Н. Ол адам емес, Қоңқай ғой... Қ а р қ ы з ы (Алмажан). Қоңқайлар да адам. Олар ке- рек. Олар – адамдарды адастыру үшін керек. Ал, адамдар əуелі адасып алмаса, бірін-бірі іздеп əсте де таба алмас еді... Неге екенін білмеймін, сенің Аманжан досың да сондай қор- қынышты жігіт екен... Н. Рас айтасың, егер сол Қоңқай шал шатастырмаса, мен сені ешқашан таба алмас едім... Қ а р қ ы з ы (Алмажан). Егер сол шал болмаса, мен дəл осылай мəңгі бақи адасып, зар илеп, зар жылап өтпес едім. Сен менің тілімді алсаң, қазір орныңнан атып тұр да, анау екі жолдасыңды қуып жетіп ертіп қайт, кері қайтар. Н (таңырқап). Олар қайда кетті? Қ а р қ ы з ы (Алмажан). Қол-аяғын үсік ұрған екеуі жер асты еліне беттеп барады. Н (ойланып). Егер мен дəл қазір орнымнан тұрып кет- сем... Сені қайтып көре алмай қалармын. Сол жер асты еліне саған еріп менің де барғым келеді. Шын бақыт, шын махаб- бат, нағыз бостандық – жер астында ғана. Қ а р қ ы з ы (Алмажан зəрезеп болып). Мені сүйетінің рас болса, келе көрме бұл жаққа. Шын бостандық жер ас- тында да жоқ. Н. Неге? Неге? Неге? Қ а р қ ы з ы (Алмажан). Өйткені, екеуміз қосылып қоя- мыз. Н. Қосылсақ ше? Біз ғашық жандармыз ғой... Қ а р қ ы з ы (Алмажан). Шын ғашық о дүниеде де қо- сылмауы керек. Бірге тұрса, бəрібір ұрсысып қалады. Бұл де- генің бейғұмыр жалған ғой. Қозы мен Баян арыз беріп, бая- ғыда бөлініп кеткен. Күлмеңіздер, рас айтамын. Қыз Жібек Төлегеннен алимент алып тұрады. Өйткені, адам – қайда да: жер бетінде де, жер астында да, тіпті көк тəңірісінде де – бə- рібір адам. Н (жалбарына). Махаббат ше? Махаббат! Қ а р қ ы з ы (Алмажан). ...Жоқ болғандықтан да, ма- хаббатқа тым ынтызармыз. Егер зəуде бар бола қалса, жек көріп кетеріміз сөзсіз. Нағыз махаббат жер астында да жоқ. (Нұржанның қолынан тартады). Тұр! Езіле бермей, еңсеңді көтер! Қазір мен кетемін. Сен орныңнан атып тұр да, үсік шала бастаған екі досыңды оят. Сендер секілді жас жігіттер, жер астынан гөрі, жер бетіне қажет. Тұр! Тұр! Тұр! Тұр!..
Жалбарына сыбырлап шыға береді. Сыңсыта салған мұң- лы əн естіліп тұрады. Осы шақта жалаң аяғына шалғы ілген Қоңқай шалдың пырдай болып үйшікте жатқан үш жігітке үңіле қарап тұрғанын байқаймыз.
|
|||
|