Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Төртінші көрініс



Төртінші көрініс

Қар үйшік. Үш жігіт үш жаққа қарап, ауыр ойда жатқа- нын байқаймыз. Ояу екенін мұрындарын тартып, жөтелген- дерінен сеземіз.

 

Н (өз-өзіне). Қоңқай шал қандай əулие еді... «Бəрі-бір қаңсыған бос шананы сүйретіп, бір-біріңмен итше таласып өлесіңдер», – деп еді-ау. Айтқаны айнымай келіп жүрмесін... Жо-жоқ, ондай өлімнің беті аулақ, өзіне көрінсін кəрі иттің... (Тітіркене бүрісіп). Не деген сұп-суық дүние еді... Дегенмен төбелесіп алғанымыз тым бекершілік болмады-ау: расында да бойымыз жылынды, енді, міне, ұйқы деген албастыдан да құлан-таза құтылдық...

А (өзіне-өзі күбірлеп). Жұлдыздар қандай көп. Үркер ауып барады екен. Жұлдыздар да жаурап, жанарларынан жас сау- лап тұрған секілді. Бір-бірлеп теріп алып, қойныңа тығып, жылытқың келеді. Əттең алыста, өте алыста... Менен алыс, қол жетпес армандай дүниелер қандай көп еді. Жан дүнием- нің əн салып тұрғанын ұпайы түгел, сезімі семіз жұрт біле бере ме?.. Тоңмойын, ұрда жық, қатыгез деп ойлайды. Ал, мен олар түсінбеген соң, ерегесіп, əдейі істеймін, қасақана істеймін. Бірақ... əлгінде... қаным тасып, қаныпезерленіп кеткенім не? Мұндай ит мінез қайдан жұққан маған. Бұл, сойқан қылық əр адамда бар, бірақ соның оянуы оңай емес- ау... Əйтпесе... Нұржаннан ақылды, Нұржаннан байсалды кім бар еді? Ал, ол... менен асып түсті. Саңырау құр секілді жан-жағын атып, құлатып жатса, қашан өзіне оқ тигенше ме- ңірейіп отыра берер ляуқұйлық қиын жалғанда. Қандай ра- қат, жанға жайлы... жылы үй... ол шақта жаз еді ғой... Иə, ол қызды мен жаз айында кездестірдім... қандай əдемі еді... Өне бойым жылып, ыстықтай бастағаным...

Б (өзіне-өзі) ...Ол кезде қоңыр күз емес пе еді... ағаштан

сап-сары ала жапырақтар жауып тұрған... Сонда, қалада қа- лып-ақ қалсам ғой. Енді, міне, айдала – аппақ қардың ор- тасында, аузы-мұрным дал болып қанап, жұдырыққа жы- ғылып жатқаным. Анау... екеуі мені ылғи ұйықтап отыр  деп


ойлайды. Жо-жоқ... Мен сонау күзде көрген қол шатырлы қызды көріп отырмын... қандай рақат, жып-жылы дүние... жып-жылы...

Н (өз-өзіне). Мен бұл өлкеге былтыр да келгенмін, бірақ басқа айналма жолмен. Онда қарашаның қара суығы бола- тын. Қарлы жаңбыр сабалағанда, біздерді Огневканың бірде- бір үйі қондырмай, тек Ұлы Отан соғысында екі аяқтан ай- рылып, мүгедек болған кержақ қана түнетіп, аузымызға асын тосып еді. Қарашаның ең соңғы жаңбыры жауратқан жігіт- тер, сүдігер жыртып етекке құлаған трактордың соқасына мініп, ойға əрең түсіп едік. Сонда мен мынау кержақтар ме- кені болған ішкері жаққа қайтып ат ізін салмаспын деп, ант етіп едім. Енді, міне... Мынау жұмыр жердің төсінде, үлкен картаның бетіне түсе бермейтін кішкене ауылдар, үлкен кі- сілердің көзіне іліне бермейтін кішкентай адамдар... қандай көп еді... Бірақ, əрдайсысының да өз қуанышы, өз қайғысы бар... Қызық, бейнебір құс төсекте жатқандай бойым бал- қып, бүкіл денем талмау тартқаны несі. Қызық... үлкен баш- пайым, саусақ-саусағымнан қан жүгіріп, дуылдап қышыға- ны қалай?.. (Елегізіп). Бағанағы қыз даусы тағы естілді... Ол кім екен? Аппақ қардың арасында адасып жүрген... тоңып жүрсің-ау, жазған, тоңып жүрсің-ау...

А (өз-өзіне)... Жайма-шуақ жаз болатын. Жылқылы ауыл-

ға келгенбіз. Киіз үйде қымыз ішіп отырғанда, есік сыдыр- лап ашылып, жап-жас маралдың қозысындай мөлдіреген қыз кірді. Жер ошақтағы отқа шағылысқан жанарын жалт еткізіп маған қарағанда, жүрегіме ошақтан ыршып шоқ түскендей, ес-ақылдан айрылып едім. «Жылқыларды Ешкіөлгенге қа- рай беттетіп жібер, Малика» – деді қыз əкесі. Ол мен жаққа тағы бір рет ұрлана қарады да, лезде қайтып шығып кетті. Менің көз алдымда тек бейнесі ғана қалып, өзі мəңгіге жо- ғалды. Қайтып келе жатқанымда жолдасым айтты: «Жыл- қышының қызы былтыр оныншы класс бітірген. Оқуға түсе алмапты. Зоотехник қырындап жүрген көрінеді». Ол иттің қатын-баласы бар еді. Кеңсірігім ашып, жылағым келді. Тым болмағанда зоотехниктің бақыты бұйырмағанына өкіндім... Құдай-ау, (елегізіп) сол киіз үй мынау жылқышының қызы –


Малика қайда? Əне... əне, жер ошақта маздап от жанады... Ыстықтадым... Əне, ол маған сапырып-сапырып қымыз құй- ды. Неткен жылы дүние... адам тоңғанда ғана жылынады екен-ау... Рақатын-ай... ыстығын-ай...

Б (өз-өзіне)... Сары ала күз болатын. Өскемендегі Жам- был паркіне бардым. Би басталған екен: даңғаза, айғай-шу. Үйір-үйір жастар. Осынау екі-екіден, қосағымен қол ұста- сып жүрген жастардың ешқайсысына қосылмай, саяқ тар- тып, адасқан аққудай жалғыз қыз жүрді. Қолында шатыры бар. Қалаға алғаш келгендіктен мен оны танымадым. Əрі таңғалдым. Осыншалық сұлу қыздың жападан-жалғыз жү- руі – көзге оғаш əрі ерсі еді. Мен ойладым: бұл ару ешкімді менсінбей əрі теңін таппай жүрген тəкаппар да тентек қыз. Ендеше, бағымды сынап көрейін. Қатарласа жанасып, бар өнерімді салдым. Айтпаған сөзім жоқ. Амал не, жұмған ау- зын ашпады. Тіпті қалмай үйіне дейін еріп бардым. Итпісің, кісімісің деп, пысқырып та қарамады. Қоштасарда: «Айнам, сен мені жоғалтып аларсың, мүмкін, мен сенің бақытың бо- лармын», – дегенімде, алғаш рет тіл бітті: «Жоқ, ағай, сіз мені жоғалтып аласыз, бəрі жалған, бəрі бекер», – деп үйіне кіріп кетті. Көзінде жас бар еді... Ертеңінде сол паркке кер- без қызды іздеп қайта бардым. Дарбазаға енді жақындай бергенімде, қышқырып жедел жəрдем келді де, аппақ болып асфальттің үстінде сұлап жатқан қызды носилкаға сала бер- ді. Қол шатырынан таныдым: сол еді, нақ өзі еді, əлемдегі ең ерке, ең сұлу қыз еді. Əлдекімдер айтты: «Байғұс қыздың талма ауруы жазылмай-ақ қойды-ау...» Ағыл-тегіл адам ағыстан басым айналды. Мен осы уақиғадан соң ол қалада қала алмадым. Содан бері көзімді жұмсам болды, аппақ етіп сұлатып, қол шатырлы қызды жедел жəрдемге салып жата- ды... Өз-өзімнен шошып, көзімді ашып жіберемін... Ал, қа- зір, оны еске алу тіптен де қорқынышты емес... Ол, əне, өзі кеткен жаққа қол бұлғап шақырады... мынау... (Елеңдеп). Сыңсыған əн сол қыздың арғы дүниеден жолдаған сəлемі, тірілерді шырқырай шақырған үні емес пе?.. Соңынан ере бергім келеді... Қандай рақат... жып-жылы... маздатып от жаққан кім?.. Ыстықтадым... Біз қайда жатырмыз осы?..


Қайда... жылылықтың қадірі тоңғанда ғана білінеді екен-ау... ыс-тық-та-дым...

 

Қар. Аяз. Ай. Қар қызының сыңсыта салған əні. Қасқыр- дың ұлығаны естіледі. Осы кезде аяғында шаңғысы бар Қоң- қай шалдың қарап тұрғанын байқаймыз.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.