Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





шінші көрініс



Үшінші көрініс

Қыс. Қар. Сахнада алып трактор. Кабинада үш жігіт. Аман- жан рычагта. Алғашында трактор үні қатты естіледі. Осы үн-


сіздік біраз уақытқа созылады. Лəм демей безеріп отыра бе- руге шыдамады ма, Аманжан айғай салады өз-өзінен.

 

А. А-а-а-у-у-у-а!

Нұржан мен Бақытжан шошып қалады. Н. Тоқтат тракторды!

Б (Н-ға). Жынданып кетті ғой деймін, əкри! Нұржан рычагқа жармасады.

Н. Тоқта! Мынау қия таудан қирап өлеміз.

Газды басып, тракторды сөндіріп тастайды. Б (А-ға). Не болды? Жын қағып кетті ме?

А. Не дейсің?

Н. Неге айғай салдың деймін?! А. Қашан?

Б. Мынау тапа-тал түсте, шынында да, есінен ауысқан екен. А (жуасып). Бір түрлі жүрегім қысылып кеткені... Уһ! Əңгіме айтып көңілді отырайықшы, жігіттер. Суық күн,

суық сезім – адамды жындандырмай қоя ма...

Н. Аздап аялдап оң-солымызды танып алайық. Суымыз қатып қалмай тұрғанда тракторға қайта от бергеніміз жөн шығар.

Нұржан кабинадан шығып, тракторды от алдырады. Б (аңқаулана). Немене, келіп жеттік пе?

А. Атаңның басы жеттің.

Б (мойнын созып). Дегенмен, қай тұста тұрмыз өзі?..

Н. Білсек, тұрамыз ба. Ішкері жақтың қыл-қыбырсыз көсе таулары. (Аманжанға). Саған таныс емес қой бұл жер?

А. Ит біле ме. Етегін түріп тастап, тоңқайып-тоңқайып жатқан таудан өзге ербиген бұта, ербең етер аң жоқ.


Б (есінеп). Сыздауық секілді. Енді не істейміз?

Н. Осы бағытпен жүре берейік. Шал алдамаған шығар.

А. Əй, қайдам. Көзі жыландікіндей жылт-жылт еткен сол қақсалға сеніп келе жатқан жоқпын.

Н. Сенбегенде істер айламыз бар ма...

Б. Между прочим, шал айтқан (Аманжанға): «Сенің кө- зіңнен от көрдім», – деп. (Басын шайқап, таңдайын қаға). Таңғаларлық ұқсастық...

А. Бас жаққа барыспайық, ляуқұй. (Үнсіздік. Трактордың қайта қозғалғаны байқалады. Аманжан темекісін тұтата- ды). Мен үшін, ең соңғы тау осы – бір өрлеп бара жатқан тау секілді.

Н. Тау таусыла ма. Ол да бір адам өмірінің бел-белестері- сынды. Ендігі тілек те, үміт те адастыра көрмесін...

 

Бақытжанның қорылы естіледі.

 

А. Мына саудайынның кəперсізі-ай. Басын басып өтсең де, мыңқ етер емес. Біздің ауылдағы ең бақытты азамат – бəлкім, осы шығар...

Н. Мұндай, уайым-қайғыны біле бермейтін, ұйқышыл адамдар көп жасайтыны рас. Шындығында, біздің совхозға тап осындай кəперсіз жігіттер ғана шыдай алар еді.

 

Бақытжан қозғала бастайды.

 

Б (есінеп). Немесе, мені құзғын, жоқ болмаса тасбақа деп пе едіңдер мың жасайтын. Əлде, өлімімді тілеп отырсыңдар ма? Көз жұмғанның – бəрі ұйқы емес. Мұқымын сезіп, біліп отырамын. Бұл тау емес – жау!

А (күліп). Ой, сен де жердің жыртығын жамаған зəлім екенсің.

Б. Досының көзі ілініп кетсе, ғайбат сөз айтқан мына еке- уің де зəлімдіктен құр алақан емессіңдер... (Қомданып). Мен текештің тұқымымын...

А. Білеміз, білеміз. Упрай да текеш... Бүкіл Қаратайды ау- зына қаратқан Мəметек би: «Əй, Текеш, – мен тас санаған қу


едім, сен құм санап қулығыңды асырдың, дауа жоқ», – деген екен. (Трактордың тау үстіне шыққаны сезіледі). Ура! Кіші Қоңқайдың үстіне шықтық!

 

Үшеуі бірдей түрегеліп, алдарына қарайды.

 

Н. Рейхстагқа ту тіккендей айқұлақтанба. Алдыңа қара... Алдарынан тағы да тау көрінеді.

А. Тфу! Атаңа нəлет. Тағы да тау... тау... тау... Б (есінеп). Енді не істейміз, əкри?

Н (күрсініп, отыра кетеді). Білмедім, бас қатты. Жазды күні болса айнытпай табар едім... Қазір бір-бірінен айырма- сы болсашы, бейнебір жұмыртқа секілді.

А. Онда да əр тауықтікі емес, бір тауықтың жұмыртқасы секілді.

(Қалтасынан шылымын алып тұтата алмай əуре бола- ды. Содан соң Бақытжанды теуіп қалады). Ей, ляуқұй, тал- таймай аяғыңды жинап отыршы! Қатыныңның құс төсегінде жатқан жоқсың ғой, шіренбе!

Б (шамданып). Қоңқай шалдың жұдырығынан мозгатре- сение алғансың ғой деймін... Талағың тарс айрылып келеді.

Н. Не істейміз?

Б. Қап тауын асып, Қатын суынан өтіп кетсеңдер де, ма- ған один шорт! Билеп-төстеп келе жатқан екеуің.

А. Былжырамай жайыңа отыршы, сенен ақыл сұраған еш- кім жоқ. Осы координатты бетке алып жүре беру керек.

Б. Жүре бергеннің жазасын жанармай таусылғанда тар- тасыңдар.

А. Мысық тілеу. Сен де біз мінген кеменің тышқаны емес- сің бе?..

 

Трактордың жүріп бара жатқанын сеземіз. Алыстан қар қызының мұңлы даусы естіледі. Нұржан өз-өзінен сезікте- ніп, артына жалт қарағанда, ағытылып қалған шананы кө- реді.


Н. Тфу! Бір қырсықса – мың қырсығады деген осы. Трак- тор тоқтайды.

А. Не болды?

Н. Артқа қарашы...

А. Давай, артқа... назад!

Н. Оны өзім де біліп отырмын. Бірақ шана ағытылып қал- ған анау қияға қайта өрлеп шыға аламыз ба?

А (құлшына). Тəуекел! Оған жетер тросымыз жоқ. Амал- сыз кері оралу керек!

 

Трактордың шегінгенін, жүре алмай бір орнында шыр кө- белек айналғанын сеземіз. Сахнада қарбалас қимыл.

 

Н (газды бəсеңдетіп). Болмайды. Беттер емес... кəпірің. А (алақанына түкіріп). Қане, маған берші.

Н. Өзің тартпайсың ғой. Мотор біреу... аттың күші. Екеуі орын ауыстырады.

А (қатты қимылдап). Уə, Қаратайдың аруағы! Вперед! Трактор ышқына шыр айналады.

Н (айқайлап). Айттым ғой, бет қаратпайды деп. Ілгері жүрген қайда... артқа шегініп барамыз.

А (шаршаңқы). Енді не істейміз? (Трактормен бірге изек- теп, маужырап отырған Бақытжанды теуіп қалады). Ей, қой күзетіне келдің бе? Əлде жау түсіріп келдің бе? Тым құ- рығанда ояу отырсаңшы!

 

Трактор толастайды. Бақытжан керіліп-созылып есін жияды.

 

Б. Əкри, қызықсыңдар. Мен бəрін біліп отырмын. Шана- ны жаяу сүйреп кел дейсіңдер ме... Ондай күш болса – осын- да отырар ма едім көрінгеннен сөз естіп...


Сəл үнсіздік.

 

А (дірілдеп). Егер... сонау, етекке түсіп, өзекті құлдай... Мына тауды шыр айналып... өз ізімізді қуалап, шананың қыр желкесінен түсе қалсаң қайтеді.

Б. Ол да ақыл, əкри. Вот голова...

Н. Сай табаны қандай күйде екенін қайдан білеміз. Қар- дың асты жер тас немесе сор батпақ болса...

Б. Қыстыгүні батпақ болушы ма еді, əкри.

А. «Əкри», (Б-ны жұлқылайды) сенің... тып-тыныш ау- зыңнан су ағып, ұйықтай бергенің абзал еді, бекер-ақ оят- тым... Сонау етектегі (ежіктеп) сиырдың сілекейіндей шұ- бырған буды көрдің бе?

Б (мойнын созып). Ал, көрдім делік.

А. Ендеше, сол жерде қардың астында қатпай жылып ағып жатқан бұлақ бар. Ал, бұл жақтың бұлағы қыстың күні де батпақты келеді. Өйткені, су миым, қар қалың түсіп, суық өткізбейді, былайша айтқанда, үстінде жамылған көрпесі бар.

Б. Ұлы мəртебелі мырзам, құлдығыңа бас идік, енді бəрі де түсінікті болды. Өзі дауыстап білмей тұрып, өзгеге ақыл айту – екінің бірінің қолынан келмейтін өнер.

Н (рычагқа сүйене ойланып). Енді не лаж?

 

Бəрі де томаға-тұйық. Трактор баяу жұмыс істеп тұр. Сах- на қараңғыланады да, Қар қызының қияли бейнесі пайда бо- лады. Ол ағытылып қалған шананың үстінде əн салып отыр. Осы қорқыныштылау тыныштықты Аманжанның айғайы бұзады.

 

А. А-а-у-у-а!

 

Орнынан атып тұрғанда, басын кабина төбесіне соғып алады. Бəрі селк етіп оянады.

 

Н. Түу, сен бақырып жібермегенде, осы қонақтаған қал- пымызда серейіп қатып қалады екенбіз.


Б (есінеп). Жаңа ғана көзім іліне беріп еді, əкри... қоян- шығың бір басылмады-ау.

А. Тілімді тістеп алғанымды. (Түкіріп). Не істейміз? Б. Өздерің біліңдер, əкри. Менің міндетім ере беру.

А (ашуланып). Сен немене, көшке ерген итпісің...

«Ə-əкри-мəкри».

 

Таудың ар жағынан ай көтеріледі. Сахна сүттене бастай- ды. Осы əдемі көріністі қызықтаған үш жігіт трактор таба- нына шығып еліте қарайды.

 

Б. Мұндай көрініс енді қайталана ма, қайталанбай ма, тіпті қайталанғанның өзінде де көре аламыз ба?.. Қане, əр- қайсымыз (шабыттанып.) ...өз анамызды еске алайықшы...

А. Неге анамызды ғана?

Б. Басқа кіміміз бар? Ұлы ұрыстың ұрлық ұрпақтарымыз.

 

Ана туралы əдемі əнді Қар қызы айтады. Қаздай тізіліп үшеуінің де шешелері өтеді көз алдарынан.

 

Бірінші а н а : Тоңып жүр-ау, құлыным. Е к і н ш і а н а . Тоңып жүр-ау, құлыным. Үшінші а н а . Тоңып жүр-ау, құлыным.

Б (таңдана еліріп). Қандай тамаша! Рас айтамын, доста- рым, айналаға қараңдаршы, ғажап емес пе! Əдемі емес пе! Ертек-сынды дүние. Ақ боз атқа ақ шана шегіп, мынау ақ қаймақ қардың бетімен ағызар ма еді... ағайын...

Н. Сенен осыншалық сезімталдықты күтпеп едім...

Б. «Бет – перде ғана, шын адам – соның ар жағында», –

деген екен бір данышпан...

А (жөтеліп). Сенің ол данышпаның оттаған екен, енде- ше. «Адам бір боқ көтерген, боқтың қабы», – деген біздің ақ- сақал, (күрсінеді) бəрі бекершілдік. Бүгін – алдасаң, ертең – алданасың. Баяғыда... мүлдем басқаша еді ғой... Ол шақта жаз болатын. Ал, мен уыздай жас едім...

Б. Қазір қартайып тұрсың ба, бар болғаны жиырма үштен жаңа астың...


А. Иə, достарым, біздер бос шана сүйреп жасына жетпей қартайған шалдармыз.

Н (ол да əсерленіп). Балалықтың базарлы күндерімен жы- лап қоштасқалы қашан... Шынында да, баяғыдай емес... бір түрлі жанға жат, тəнге салқын.

Б. Мынау аппақ дүние! (Айға қарап алақанын жаяды).

А. ...Бірақ, сұп-сұйық дүние... Сұп-суық...

Б. Кімдерге – суық, кімдерге – ыстық... өмірге өкпелеуге болмайды...

Н. Ендеше, тракторды өшірмей болмайды... Б. Неге?

А. Біздің түбімізге жетіп, шашымызды ағартатын, сенің

«неге?» деген сауалың шығар-ау.

Б. Өмірдің өзі осы сұрақтан тұрмай ма?

Н. Өшірмеске амалымыз жоқ. Жанар май таусылып қал- са, ертең мынау ит өлген жерден аттап шыға алмай, арманда қалармыз.

Б. Мотор өшсе, трактордың суы қатып қалмай ма? Содан соң радиатормен мəңгілікке қоштаса бер.

(Үшеуі туған айға телміріп, үнсіз тұр. Бақытжан айғай- лап жібереді). Ура! (Қолғабын біріне-бірін ұрғылап). Ура! Жолдастар! Ананы қараңдар. (Нұсқап). От көрінеді. Таудың иығында от жанып тұр. Ура!

 

Жұлдыздың шеті жылтырайды.

 

А (маңғаз үнмен). От емес. Таудың көк мұз сілеуленген көк желкесіне қайбір ағайының қазан асып отыр еді. Жұл- дыздың шеті ғой жылтыраған. (Үнсіз телмірген Нұржанның жеңінен тартады). Не ойлап тұрсың-ей?..

Н. Есіме Упрайдың сөзі түсіп отырғаны. «Біз не көрме- дік, – деп жер тепкілеп бақыратын. – Оқ пен оттың арасын- да, ақ қар, көк мұздың ішінде жүріп Отанды қорғадық... күн демей, түн демей еңбек еттік... тағы-тағылар... тағы сондай- лар... Қазіргі жастар бұзылған жатып ішер жалқаулар», – деп те қанша рет құлақ етімізді жеді...


Жасаса да небір қылық бізге жат, Балаларды əумесер деп ойлама.

Өз ойы бар, өз жолы бар, көңілі шат, Біз қартаңбыз, олар жастар жайнаған, –

 

деп Жами ақсақал бір ғасыр бұрын айтқан.

А. Қысыр қиял, бос сөзді қайтеміз. Не істеу керек. Соны айт бізге, аға тракторшысың ғой.

Б. Давай, думай, шеф, что будем делать... Қарным аша бастады. Ішімде бір кесе мұз жатқандай.

Н (қамданып). Тракторды сөндіреміз.

 

Газдың құлағын төмен баса салады. Жым-жырт.

 

А. Нағыз суық енді басталғандай. Суын ағызайық...

 

Үшеуі бірдей трактордан қарғып түседі. Радиатордың тығынын суырып алады. Сарылдап буы бұрқырап ыстық су ағады. Қолдарын суға жуады.

 

Б (мəз болып). Қандай рақат, бейне бір алып қара өгіз са- рып тұрғандай. Ішсек қайтеді, ішіміздегі мұз ерір ме екен...

А. Сенің асқазаның «ДТ-54»-тен əлдеқайда мықты. Тəуе- кел, ішсең іш.

Б. Тапқан екенсің ақымақты. Былтыр жазда шөп шауып жүріп, жылан жұтып едің ғой, сен іш.

Н. Ертең осы суға зар боламыз.

А. Алдымен сол ертеңге жетіп алайық. Н. Тірі жанбыз ғой, бір амалы табылар.

 

Олар трактор табанына секіріп қайта шығады.

 

Б (елеуреп). Қар – мұхит, трактор – қайық. Үш батыр ай- қасқа шықты тілсіз жаумен.

А. Атаңның басы. Аппақ дастарқанның бетіндегі – жал- ғыз қара ноқат – сасық қоңызбыз. Тарақанбыз. Қанатын əу-


месер бала жұлып алған қара шыбынбыз бейшара. Тырбана- мыз, сосын... тырапай асамыз!

 

Үнсіздік. Қар қызының мұңлы əні естіледі.

 

Б. Апамдар тамағын ішіп, баяғыда жатып қалған шығар... Сендерге бекер-ақ еріп шықтым, əкри... «Ойбай, мына тұр- ған жер, шауып барып, тиеп алып келеміз», – деген соң...

А (сөзін бөліп). Сені қойып, өзім де өкініп отырмын. (Зіл- дене). Осының бəрі Қоңқай қырттың кесірі... Қыстыгүні бұл кербаққан тұстан Айыртауға асар жол жоқ екенін біліп едім... Б. Білсең, неге аузыңа маржан сала қалдың? Сол үйден кері қайтып-ақ кетсек, Упрай төбемізге шай қайнатардай шо- шыдық... Ендігі мұрнымыз шуылдап өз отымыздың басында сораптап сорпа ішіп отырар едік. Енді, міне... айдала, айда- ла, аппақ қар – қырық градус суықта бойымыз суып баратқа- ны... (Жыламсырап). Құдайымыз-ай, елден екі елі ажырауға

болмайды екен-ау.

 

Нұржан айға телміріп үнсіз отыр.

 

А (тісін қайрап). Əттең, бəрі кеш. Жүрегім сезіп еді бір сұмдықтың боларын. Сенгім келмеп еді сол шалға. Енді, міне, адалдықтан адасып отырмыз.

Б. Кеше сол шалдың үйіне қайдан тап болдық, деп өкініп едік. Құдайдың құдіреті, дəл қазір сол жалмауыз шалды са- ғынып отырғанымыз.

Н. Елден алыстағандікі ғой. Туған аулыңның өзіңе үрген итін де сағынарсың əлі.

А. Əкеңнің... (Арпалысып). Сол Қоңқайдан бастап, бүкіл əлемді трактормен таптап өтер ме едім!

Б (күліп). Горюшиің жетпейді ғой.

А. Жоқ, одан басқа да бірдеме жетпейді. Арам өлгенше – айғайлап өлейін... А-а-а-а-у-у-а! Мен тоңып, жылынарға от, ішерге ас таба алмай отырмын, ей, адамдар! Естимісіңдер менің үнімді! Ə-ə, үндемейсіңдер, ə, қол ұшын беруге қор-


қасыңдар, ə! Біз не көрмедік!... Ха-ха-ха, ағалар! Ендеше, ей, ақсақалдар, қарасақалдар, мына біз не көрмедік!

 

Жұдырығын сермеп, тепкілейді.

 

Б. Өле қалсақ, бір-бірімізге топырақ та сала алмайтын болдық-ау.

А. Ничего, қар саламыз. Ха-ха!

Н (жекіріп). Жетті! Ажалдан бұрын алжымайық.

 

Үнсіздік. Қар қызы қыдыра сыңсып жүр. Оның сүт бей- несі жігіттерге байқалмайды.

 

А (жуас үнмен). Мынау кабина емес – камера болды-ау.

Далада бұдан гөрі жылырақ шығар. Енді не істейміз?

 

Кабинаның қабырғасын ұрғылайды.

 

Б (шолақ тонының жағасын түріп). Өздерің біліңдер, əкри. Мен глубокий ұйқыға кеттім. Чао!

Н. Ажалдан бұрын алжаспайық, дедім ғой. Мынандай суықта бір минут те көз ілуге болмайды. Одан да трактордың ығын тазалап, қасат-қатқан қар ойып əкеліп, үйшік-баспана қалап алайық. Қардың іші жылы болады деуші еді...

Б. Астымыздан сыз өтпей ме, əкри.

А (ашу шақыра мазақтап). Трактордың сидениесін төсе- мейміз бе... Артымызға... «əкри».

Б. Өздерің біліңдер.

А. Біздің совхозға нағыз керек адамның сөзі осы...

Н. Ал, аттандық, қардан үй жасауға! Бұл да бір – майдан!

 

Үш жігіт секіріп-секіріп түсіп, қар ойып үйшік жасаған болады. Бір-бірін қағып, мəз болып күліп, асыр салады.

 

А (үйшікке кіріп). Ұядай. Тамақ табылса, қыстан шығуға болар.


Б (ол да басын сұғып). Бір-бірімізді сойып жемесек, қыс- тайғы азық қайдан табылсын.

А. Əуелі сені соямыз соғымға, ішіміздегі қоңы жақсы өзің ғана. Құдай біледі, төрт елі қазың бар. (Өзі рақаттана кү- леді).

Б. Тым майлы ет ішіңе жақпаушы еді, өтіп кетіп жүрер. Үшеуі жатады.

Н. Əйтеуір, қара басып ұйықтап қалып жүрмейік.

Е. Ұйықтамайтын болсақ, несіне арпалысып үйшік қала- дық.

А. Тоңбас үшін, ляуқұй!

Б. «Ляуқұй, ляуқұй» дейсің, сол не деген сөз осы? А. Сен «əкри» дегеніңді түсіндірсең, айтайын...

Б. Ой, ол сөзді бүкіл аудан қолданады ғой. Ол кержақтар- дың «якри» яғни «язви» деген қыстырма сөзіне төркіндес болу керек.

А. «Ляуқи» бүкіл облыс қолданады. Ол – нағыз миғұла, ақымақ, ынжық деген сөздің бəрін ауыстыра алады.

Б (шиқылдап күледі). Жаргон деші... Олай болса, бұл

«ляуқиың» екеумізге де қатысы бар сөз екен... Орнымызды кез келген уақытта ауыстыра алады.

А. Пəлесін қарашы... Сенің образың барған сайын ашы- лып келеді-ай...

Б. Өйткені мен дараланған, толық қанды қаһарманмын.

Сіз секілді – эпизодта босқа шауып жүргем жоқ...

Н. Төбелессеңдер де, ұйықтай көрмеңдер, əйтеуір. Аманжан темекісін тұтатады.

Б (жырқ етіп күліп). Темекіңді бықсытып көп тарта бер- ме, əкри. Қар үйшігімізді өртеп жібересің...

А. Оттама! Темекіден өртенбейді мұндай үй. Сен шығар- ған газдан өртенеді.

Б (күрсініп). Таздан тарақ, бізден газ қалғалы қашан... Бір жарым тəулік болды нəр татып, оразамызды ашқан жоқпыз.


(Үнсіздік. Қар қызының сыңсыта салған əні естіледі. Еле- гізіп). Тракторды қасқыр жеп кетпесін, əкри. (Өтірік күледі).

А. Оттапсың! Ең əуелі, май тыққан бүйендей, ең семізіміз сені жейді.

Б. Құрдас-ай, аш қасқыр семіз-арық, деп таңдар дейсің бе? Сенің де сорпалығың бар...

 

Үнсіздік. Ай. Қар. Суық. Қар қызының əні.

 

Н. Жігіттер, қара басып ұйықтап қалып жүрмейік. Аман- жан, ей, дəу, (бүйірінен түрткілейді) шылымың бар ма?

А. Оны қайтесің?

Н. Шегеміз. Ұйқымды ашар ма екен...

А. Мұның бір ұлы жаңалық болды. Адам бұзылам десе, аяқ астынан екен-ау. «Жігітіңде мін жоқ, қалтасында дым жоқ». «Ішейін деп ішпеймін, жетпеген соң ішем», – деп айт- қан кім еді?

Б. Ұмытпасам, мен болармын...

А. Атаңның басы, ляуқұй. Сенен ондай ақылды сөз шық- са – жатқанымнан тұрмайын.

Б. Жатқанымыздан қай-қайсымызда тұра алмаспыз.

 

Нұржан темекіні ішіне сорып қалып, қатты шашалады.

Анау екеуі мазақтап күледі.

 

Н. Қой, менен шылымшы шықпас.

А. Ендеше, бүлдірме темекімді. (Мұқият сөндіріп қалта- сына салады).

Н. Одан да далаға шығып, əрі-бері алысып ойнасақ қайте- ді. Ұйқымыз қашып, бойымыз жылынар ма екен.

А. Далада жатып, далаға шыққаны несі... «əкри» қарсы болмаса...

Б (оның сөзін бөліп). Мен бара алмаспын.

А. Бармасаң – бадал, қара жерге қадал. (Орнынан тұра бастайды). Кел, Нұреке, екеуміз екі сирағынан ұстап, лақ текедей маңыратып, сүйреп шығарайық.


Екеуі Бақытжанды сүйрей жөнеледі. Ол қарсыласады. Қар дəлдескен боп, бірін-бірі қуып, асыр салып ойнайды. Қасқыр ұлиды. Оны мазақтап үшеуі қоса ұлиды.

 

А-у-у-у...

Б. Мен – өгіз, Аманжан – қасқыр, Нұржан – жылқы секілді. А. Олай болса, екеуіңді де мен жеймін...

Б. Жерсің сен, жерсің...

А (жұдырығымен алақанын ұрғылап). Давайте, друзья, төбелесейік.

Б. Не істейік дейсің?.. (Таңданады).

А. Төбелесейік деймін... Б. Қалайша?

А. Кəдімгідей, шын айтамын, жұлқыласып, жұдырықта- сайық. Əйтпесе жылына алмаймыз. Жасасын төбелес! Ура!

 

Жүгіріп барып Бақытжанды бокстаған болады.

 

Б (қашқалақтап). Мен ондай ойынға қатыса алмаймын, əкри. (Ысқырып). Өзім... осылай ысқырып тып-тыныш жү- ремін...

Н. Біздің шамамыз саған жетпейді ғой.

А. Екеуің жабылыңдар (Əзірленіп). Ал, қане, келіңдер.

Б. Ə, олай болса, можно. Ей, Нұржан, сен алдынан шық, мен артын орайын... позиция керек.

Н (күліп). Почему мен алдынан, сен артынан...

Б. Себебі мен адамдардың артынан бас салғанды тəуір кө- ремін.

Н. Иə, əркімнің өз тəсілі бар. Мен-ақ бетпе-бет барайын.

А (қолын көтеріп). Тоқтаңдар, тоқтаңдар, мұнымыз нағыз төбелес бола алмайын деп тұр. Күліп жүріп жұдырықтасқан- ның мəні жоқ. Содан соң, сендер маған бүкіл тактикаларыңды сездіріп алдыңдар. Қазір мен мошный қорғанысқа кетемін де, арқамды тракторға тіреп тұрып, жақындағаныңның жағың- нан ұра берем. Давайте, ребята, шын мəніндегі қанды сойқан бастау үшін ар-намысқа тиіп ыза келтірер балағат сөзбен ай- тысайық əуелі. Давайте, достар, (көзі жайнап, екілене сілкі-


ніп) айызымыз қанғанша бір боқтасайық. Ешкім де көріп, ес- тіп тұрған жоқ. Нағыз еркіндік... өлер алдында ғана туар-ау.

Н. Ендеше мұндай спектакльге мен үзілді-кесілді қатыс- паймын.

Б. Ең алдымен ит болып бастайық, қызық болсын. А (түсінбей). Итше бастағаны қалай?

Б. Мəселен, жер тарпып үреміз. А. Үрсек үрейік... ав, ав, ав!

Б. Ав болса – ав!

(Екеуі бір-біріне шабаланып ит болып үреді). Болды, бол- ды. Сенен жап-жақсы төбет шығып кетуі мүмкін екен. Енді, бала, қазақтың бұрынғы билеріндей жүгініске отырып, бала- ғатымызды бастап кетеміз. Қамшы орнына биялай тастаймыз.

А (күліп). Ол қырыңа да көндік.

Б. Жарайды, ендеше. (Алға суырылып шығады. Мықынын таяна жүгініп отырады). Екі рольді бір өзім-ақ ойнайын. Ей, Аманжан, кел жүгініске, құтырған бурадай жыныңды шашпай тыңда мені. Ал, бастадым: итаяқтай болған аузың- ды, құрықтай сорайған бойыңды, қорадағы қойыңды, түк ой- ламайтын ойыңды, кірпідей тікірейген шашыңды, шақшадай болған басыңды... ана жеріңді, мына жеріңді... пəлен етейін, түген етейін... (ентігіп) общем, ұрайын... Уһ, жіпсіп кеттім ғой, ішпей-жемей албаты балағаттасқан қиын екен...

А (тамағын кенеп, дайындалып, ол да жүгініп отыр). Ал, ляуқұйым, енді сен тыңда: ей, Бақытжан, күжірейген мойныңды, стол үстіндегі дойбыңды... ұрым-бұтақ, зау-за- тыңды двайной, тройной ұрайын... мə, қамшым, сен сөйле. (Қолғабын тастайды).

Нұржан екеуінің балағатын тыңдап, рақаттана күледі. Н. Баяғының билері де дəл осындай айтыспаған шығар.

Б (қызынып). Ендеше, Нұреке, алдияр тақсыр, төбе биіміз

сенсің... Біздің жанжалымызбен салыстырсақ, баяғының биі жіп есе алмайды.

Н. Оу, бүгінгі заманның шешендері сендер болсаңдар,

(күліп) онда... онда құмырсқа қуырып же десеңші...


Б. Ей, Аманжан, «ДТ»-ны азды дейсің бе, озған да, тозған да жоқ. «ДТ»-ның аты – трактор, арба емес шана азды дейсің бе, шананың аты – шана, қол шана емес, сенбесең жатыр, əне əлде Нұржан азды дейсің бе, азған да озған жоқ, Нұржанның аты – тракторшы, директор емес ал, боқтасуға келсек: шай ішетін кесеңді, сиыр сауып жүрген ше...

А (айғай салып). Не?! Əкені айтсақ та, шеше жағына ба- рыспайық.

Долдана ұмтылып, Бақытжанды ұрып құлатады. Бақыт- жан бажылдап орнынан тұра атылады.

 

Б. Атаңның аузын... скелет, аш аруақ, ойнайды екен де- сем, шындап жүр ғой.

 

Аманжанды тебе берем дегенде, ол оның аяғынан шап бе- ріп ұстап бұрап қалғанда, қиралаң етіп құлайды. Аманжан тебеді. Нұржан шыдай алмай айыруға ұмтылады.

 

Н. Тоқтатыңдар! Айуан болып кеттіңдер ме?! Сұмдық қой бұл!

А (тісі ақсия буырқанып). Мен сендерге айуандықтың не екенін көрсетейін! Əйтеуір боғымызбен қатып иен тауда арам өлеміз! Бəрібір аш қасқырдың жемтігі боламыз! (Қал- шылдап). Одан да армансыз соғысып, күшімізді сынап жан тапсырайық. Соғысқанның бəрі батыр. (Өз кеудесін өзі ұр- ғылайды). Əкелші, қаруың мен жауыңды, қынадай қырып, шалғыдай орып шығайын. Бос, салабай шана сүйретіп мағы- насыз-мақсатсыз өлгенше, қаһарыма мініп, қан жоса болып өлейін! Ха-ха! Көріңдер, біліңдер Аманжанның ерлігін... сұңқарға торғай ілдірмей...

Жүгіріп барып Нұржанды баспен ұрады. Ол құламайды. Ендігі сəтте Нұржан сақылдай, тісін қайрап долдана бас- тайды.

 

Н (өз қолын өзі тас қылып ұстап). Апыр-ай, досым-ай, мені ашуландырып алар ма екенсің... Мен көтерілсем, қиын


болушы еді... енді кетіп қал жанымнан, (жалына) жыныма тие бермей, Құдай үшін кетіп қал.

А. Сенен қорыққаным – қара қойдан үріккенім! Мə саған! Тағы ұрады. Нұржан құламайды.

Н (айғай салып). Кет! Кет, жанымнан жан керек болса. Бұ- дан əрі шыдай алмаспын. Қанымды қайнаттың-ау... (Əндете). Ла... ла... ла... шыдайыншы, шыдайыншы... ла... ла... ла...

А. Маған қарсылас керек. Мə саған!

 

Тағы да ұрады. Нұржан құламайды. Аманжан сасқалақ- тап қалады.

 

Н (жер жаңғырта ақырып). Біттім! Бұдан əрі төзе алмай- мын. Шыдамның шынысы быт-шыт, быт-шыт! Əй, əкеңнің... Тіпті болмадың ғой. Ендеше, получай! Өз обалың өзіңе. Мə саған! (Ұп-ұзын Аманжанды іштен переді. Ауырсына еңке- йіп қалғанда, көк желкеден ұрады қос қолдап). Мə саған! (Əлі де құламай тəлтіректеп тұрғанда, қылтадан тебеді). Мə саған! (Тоңқаңдап құлай бергенде, қос аяқтап бөкседен те- беді). Мə саған! (Бұдан соң бұралып өксіп жатқан Бақыт- жанды теуіп өтеді). Мə саған! Одан əрі буырқана шыдай алмай, қар басқан тракторды ұрғылай бастайды. Мə саған! Мə саған! Осының бəрі сенің кесірің, көк темір!

 

Өзі де құлайды, жер бауырлап жатып солқылдап жылай- ды...

 

А (басын көтеріп). Бұл əдісті қайдан үйрендің, Нұржан...

Н. Əскерден... соғысар жау болмаған соң бір-бірімізді ұратынбыз.

Б. Осының бəрі... бейбіт тірліктің салдары... еріккендік...

 

Үшеуі үш жерде бүк түсіп жылап жатады. Қыс. Суық. Қар. Əлдеқайдан Қар қызының сүлдесі көрініп, сыңсыта салған мұңлы əні естіледі.




  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.