|
|||
Бірінші көрінісБірінші көрініс Сахна – аппақ қар. Суық ызғары сезіледі. Қар басқан тау- лар. Қас қарайған шақ. «ДТ-54» маркалы алып трактордың үлкен кабинасында үш жігіт отыр. Рычаг-рульде Нұржан. Трактордың жарығы шатырын қар басқан үйге түседі.
Нұржан . Біреуіміз барып біліп шығайық. (Мотор үні ештеңе естіртпеген соң, газдың дыбысын азайтып Аман- жанның құлағына айғайлайды.) Біреуіміз үйге кіріп біліп шығайық! Қондырар ма екен! Ам а н ж а н (ашуланып). Неменеге бақырасың! Саңы- рау дейсің бе? Құлағымның дабыл жарғағын тесіп жібердің ғой. Нұржан . Өтің жарылып кетпесе болды, достым. Бұл заманда керең-соқырлар да аштан өліп, көштен қалып жат- қан жоқ. Неғұрлым саңырау болсаң, солғұрлым жақсы ести- сің...
Тоңған саусақтарын үрлеп, құлақтарын уқалап жылытқан болады.
Ам а н ж а н . Мынау қыстақта тірі пенде болса, көп көр- ген тесік құлағымды саған-ақ кесіп берейін, қарның ашса, қақтап жерсің... Ей, Нұржан, осы сайтанның немесе сен айта беретін Қар қызының үйі болмасын. Нұржан . Сығырайып шам жанып тұр ғой. Ам а н ж а н . Ол – сайтанның оты. Нұржан . Сен де қайдағы-қайдағыны оттайсың-ау. Ба- ғана «Фадиха» тұрғындары айтқан: «Айыртаудағы асуда жалғыз үй – оңаша шал – тұрады», – деп. Ам а н ж а н . Олай болса, бар-бар, біліп кел өзің. Бəлкім, түсіңе кіре беретін періште қыз осы үйде тұратын шығар... Нұржан (əлдене есіне түскендей елегізеоі). Ол да, мүмкін... (Осы сəтте сыңсыта салған қыз əні естіледі де, сахнаға сүйретіле шұбаған аппақ көйлегі бар Қар қызы шы- ғып, тракторды айналып өтеді). Əне, айттым ғой, құдай-ау, əне, əн салып кетіп барады... Ам а н ж а н . Кім кетіп барады? (Қарайды). Түк көрсем, көзім шықсын. Нұржан . Əнін естідің бе? Əнін... неткен ғажап дауыс... Толқып орнынан тұра береді. Ам а н ж а н (иығынан басып). Отыр! Көзіңе қос көрінді ме, əлде жынданайын дедің бе?! Нұржан . Рас айтамын. Бейне бір ертектегідей... «Одиссей» деген кино көріп пе едің? Ам а н ж а н . Иə, көрдік. Есіңде болар жиырма тиынды сен үшін мен төлегенмін. Нұржан . Сол кинодағы төбе құйқаңды шымырлатар сиқырлы үн ше... Содан бір кем емес... əне, əне... тыңдашы...
Қар қызының даусы тағы естіледі. Бақытжан қорылдап ұйықтап отыр.
Ам а н ж а н (ыза болып). Тфу, атаңа нəлет, мес қарын, мынадай суық дүниеде қысып бара жатқан қандай ұйқы екен. (Теуіп қалады.) Тұр! Тұр-ей! Нұржан . «Осыншадан құр қалып, сорлы Көкбай, қор болдың-ау».
Бақытжан былқ етпейді.
Ам а н ж а н . Саспас екен. Қандай көп жасар екенсің... Бақытжан қимылдай бастайды. Бақыт ж а н . Қойыңдаршы, əкри... мен бəрін біліп отырмын. (Есінейді). Ам а н ж а н . Атаңның басы біліп отырсың! Бақыт ж а н (саспай). Жұрттың бəрі сен секілді дабыл жарғағы тесіліп, оның өзін беске кесіп жіберген, шұнақ дей- сің, бе, Қар қызының даусын мен де естідім, Адамның жыла- ғысы келеді екен. (Үшеуі үнсіз отырады. Қар басқан үйден тырс еткен дыбыс білінбейді.) Бір түрлі қорқынышты екен, əкри... (Күрсінеді). Ам а н ж а н . Сен ляуқұй, «əкри-мəкриді» қалтаңа са- лып ал да, анау үйдің терезесін қақ. (Бұйырса.) Бар! Үйқың ашылсын. Бақыт ж а н (шап етіп шамдана). Батырсың ғой, өзің бар! Шанаға тиеп алған запас жаным жоқ. Күйдіре берме.
Əлгіден бері əннің əсерінде отырған Нұржанға тіл бітеді.
Нұржан . Бекерден бекер ерегесесіңдер, жігіттер. Қо- рықсақ, үшеуіміз де барайық. Суықтан қатып қалмаса, тірі пенде бар шығар. Бақытжан орнынан лажсыздау қозғала бастайды. Бақыт ж а н . Тракторды өшіреміз бе? Нұржан . Əзірше тұра берсін. Қондырмай жатса, кері қайтуға тура келетін шығар. Бақыт ж а н (тартыншақтап.) Əй, осы жұмбақ үйден қорқамын. Əйнегі сығырайып, үндемей қабатын ит секілді жер бауырлап жатысы жаман екен. (Қипақтап.) Мен... трак- торды күзете тұрсам қайтер еді...
Үшеуі бірге трактордың шынжыр табанынан жерге қар- ғып түседі. Содан соң баспалап қыстаққа жақындайды. Қыз- дың əні қайтадан естіледі. Үйдің іргесіне келген үшеуі бір- дей ошарылып тұрып қалады.
Ам анжан . Былжырама! Темірді қасқыр жейді деймісің. Бақыт ж а н (үні дірілдеп). Қорқамын, əкри! Бақыт ж а н (аңқаулана). Ақсақал, сіз орыс шалы емес- сіз бе? Қ о ң қ а й ша л . Неден қорқасың, шырағым. Нечего бо- ятся! (Гүр ете қалған үнге үшеуі бірдей қарайды. Қыр желке- лерінде ағараң қағып еңгезердей шал тұрады. Сасқалақтап үшеуі бірдей сəлем береді. Шал үш жігіттің бетіне үңіле қарайды). Здравствуйте, дети! Қ о ң қ а й ша л . Нет, голубчик! (Өзі мырс етіп күледі). Қайдан келеді? Қайда барады? Ам а н ж а н . Аташка, рұқсат болса, үйге кіріп жөн сұ- рассақ қайтеді, тіпті, масқара жаурап тұрмыз.
Осы кезде үш жігіт Шалдың жалаң аяқ, жалаң бас, тек ақ көйлек-дамбалмен ғана тұрғанын көріп қайран қала ұя- лады.
Қ о ң қ а й ша л (алға түсіп). Ну и что же, идемте, по- говорим дома... Нұржан (екі жігітке). Сендер жүре беріңдер. Мен трактордың суын ағызып, сөндіріп бір-ақ барайын.
Бақытжан Шалдың артынан томпаңдай жөнеледі. Аман- жан кейіндеп, Нұржанның құлағына сыбырлайды.
Ам а н ж а н . Тракторды өшірмей аялдай тұрсаң қайтеді. Мынау жалаң аяқ, жалаң бас шалдан қорқайын дедім.
Нұржан рақаттана күледі.
Нұржан . Ей, ұзын тұра, сенің де сескенетін адамың бар екен ғой, ха-ха. Ам а н ж а н . Айтпады деме, менің жүрегім жыланның жусағанын сезеді.
Қолынан бір сілтеп кете береді. Зіркілдеп тұрған мотор үні сөніп, тыныштық орнайды. Сиқырлы үн сыңсып тағы ес- тіледі. Нұржан сілейе тыңдап тұр.
Ж ұ м б а қ т ы с ы б ы р : Мен... тоңдым... мынау... Мен... тоңдым... мынау... суық... жалғаннан... Адамдар бірін-бірі қимайды, Адамдар бірін-бірі қинайды. Ыстықтан жаураған, Мынау қарлы өлкеде Мұзға айналып қалмаған, Адамың бар ма?! Айт маған!
|
|||
|