Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





БАСТАУ. БІРІНШІ БӨЛІМ



БАСТАУ

Аппақ қардың үстінде екі адам тұр. Біріншісі – бөлімше басқарушысы Упрай, екіншісі – жиырмадан жаңа ғана ас- қан тракторшы жігіт. Упрайдың үстінде: жағасы құндыз тон, басында тиын құлақшын, аяғында ақ пима. Жігіттің үстін- де майсіңді күпейке, мыжырайған қоян құлақшын, аяғында бірі – ақ, бірі – қара пима...

 

У прай (жерге шырт түкіріп). Ал, бала, жолға жинал.

Амал жоқ, сен баратын болдың.

Нұржан . Оны... ағасы, кеше сезген еді ішім.

У прай . Сезгенің жақсы, шырақ. Таптырмайтын қасиет ол. Өзің тағы екі жігітті іріктеп, маңдайынан шертіп жүріп


таңдап ал да: «Қайдасың, қасқырлары ұлып жатқан Айыр- тау?» – деп тартып кет, жарқыным.

Нұржан . Иə, сезгенім рас, бірақ келісімімді берген жоқпын ғой.

У прай . Ол жағын біз сізден сұраймыз, шырақ... Давай, тілің мен жағыңа сүйене бермей, сапарға дайындал. Ертең ертелетіп жүріп кетіңдер. Өз тракторыңа көңілің көншіме- се, осы ауылдағы он «ДТ»-ның ең мықтысын ал, қолыңнан қақпаймын.

Нұржан (қыңырлана). Трактор ат емес қой, бəрінің күші мен жүйріктігі бірдей...

У прай . Ал, олай болса, жолың болсын, шырақ. Кете береді. Оны Нұржан тоқтатады.

Нұржан . Ағасы, оу ағасы! Бір минутқа аялдай тұры- ңызшы.

У прай (жақтырмай). Не, не, тағы... давай, тездет (са- ғатына қарап) жеңешеңнің шайы суып барады. Үздік-соз- дық қылмай, айтарыңды сразы айтсаңшы, əкри.

Нұржан . Мен бармайтын болдым.

У прай . Іфу, енеңді... не деген мылжың еді-ей, əкри.

Нұржан . Аға, сіз бір нəрсені байқайсыз ба? Мəселен, физикада мынадай заңдылық бар. (Жүрелей отырып қардың бетіне сұқ саусағымен жаза бастайды). Яғни, заттың еркін түсу үдеуі оның массасына тіпті де байланысты емес деген, міне, формуласы: Ғ = а.

У прай . Оны несіне арам тер болып айтасың, енді елу- ден асқанда оқу қонбайды маған. Өмір туралы өз формулам бар. Ол – адамның қызмет істеп өсуі – тіпті де оның басына байланысты емес. Міне, формуласы. (Отыра қалып жаза- ды). Мен, яғни управляичий, тең – бүкіл ауылға... У = А...

Нұржан (еріксіз күліп). Демек, ағасы, сау желіп тұрған техникамен Айыртаудан пішен алып келу, тіпті де трактор- шылардың массасына, сіз айтқандай, миына, яғни «маңдай алды» механизаторлығына байланысты емес, деген сөз...

У прай . Сен осы кімнен тудың, əкри?


Нұржан . Сізден емес, əрине...

У прай . Өзім де білем... Дабай, сыңар езулемей, жол қа- мына кіріс. Атаң қазақта: «Көп сөз – боқ сөз» деген мəтел барын білесің...

Нұржан . Атамыз қазақта: «Ақыл адамға жас кезінде емес, əсіресе, қартайғанда керек» деген сөз жəне бар.

У прай . Атамыз қазақ тілімен орақ орған ел ғой, айтса –

айтқан да шығар.

Кете береді.

Нұржан (айғайлап). Ағасы, оу ағасы!

У прай . Не болды? Есіңе тағы бір формула түсті ме?

Нұржан . Егер бір дене екінші денеге қандай күшпен əсер етсе... (Ойланып). Жə, қойшы, бəрібір ұқпайсыз... Ме- нен басқа біреуді жіберіңіз.

 

Упрай күйгелектене жүгіріп келеді.

 

У прай . ...Сен де сондай... кері күшпен əсер етіп тұр- ған екенсің ғой. Ендеше өз обалың өзіңе! Əкри, он жылдық білімің бар, баланың сөзін айтып оттайсың.

Нұржан . Тіл тигізбей басқарыңыз... халқыңызды...

У прай . Мен шынымды айтып тұрмын. Он жыл қа- ғаз кеміргендеріңнен не пайда, тым болмағанда осы ауылға есепшілікке жарамайсыңдар. Өзгені былай қойғанда, қалың жұртшылықты жиырма жылдан бері басқарып келе жатқан менің білімім бес-ақ класс қой.

Нұржан . А, сіз зато ...герон формуласын, Ньютонның бүкіл əлемдік тартылыс заңын, қос мекенділер класын, бит- бүрге, бақа-шаян, құрт-құмырсқаның ішкі құрылысын Абай, Жамбыл, Мұхтарлардың өмірбаян, өлең-шығармаларын Уругвай, Парагвай деген елдердің қай жерде орналасқанын, тіпті жер шарында неше мұхит, неше құрлық барын...

У прай (қолын көтере). Жетті, жетті... Ньютон деген шалдың басына алма құлап, шошынып оянғанын, Абайдың екі-үш қатын алғанын, сондықтан да оның бірнеше мекені болғанын білмейді дейсің бе? Ал, Бурундайда үлкен қызым тұрады, алдыңғы жылы барып қайттым ғой... (Нұржан күле-


ді). Давай, сен күлкіні доғар, əкри. Зато мен шаруашылықты білем, соғысқа барып сендей саудайылдарды қорғап қалға- нымды білем, қысқасы, сенің Айыртауға барып, шөп əкеле- тініңді білемін!

Нұржан . Соғыста мен де болдым... У прай . Кепкеніңнің басы!

Нұржан . Шекарада служит еттім. Соғыстан айырма- шылығы – атыспағанымыз, тіпті ептеп атысқанымыз, аты- суға жібермегеніміз... Отанды оқ атпай күзету, анау-мынау соғысыңнан əлдедайда қиын, өйткені жау көзге көрініп тұр- ған жоқ...

У прай . Бобше, осы күнгі жастар нашарлап, тұқымы- мыз азыңқырап бара жатқан секілді.

Нұржан (мысқылдай). Һи... тұқымның бұзылуы – сор- тына байланысты ғой... аға.

У прай (ойлана). Иə, біз не көрмедік, не көрмедік... Енді, міне, саудың тамағын ішіп, аурудың сөзін сөйлейтін ұрпақпен ұрсысып тұрғанымыз. Ішкендері – алдында, ішпе- гендері – артында, көйлек – көк, тамақ – тоқ, шыбық тимей шыңқ етерлер...

Нұржан . Жарайды, аға, тіпті таусылып, суалып сөй- ледіңіз-ау. Мен-ақ барайын. Бірақ, əділдік керек еді, ағасы. Əлемде əділдік аз екенін, бəр-бəрімізге жете бермейтінін білемін. Əйтпесе, ала жаздай сол Айыртауыңызда биттеп- құрттап мен жүрдім емес пе?! Қайда қиындық – сонда мені айдайсыз...

У прай . Жə-жə, сен де таусылма, шырақ. Үкімет пен партия ескереді еңбегіңді... Көрмей, білмей отырған жоқ.

«Абыройлы комсомол» деп, аудандық газетке жазып жа- тыр.

Нұржан (күліп). ...Онда да суретімді ауыстырып жі- берген. Менің фамилиямды жазып, қыздың суретін басып, құдай ұрыпты. Сізге қояр жалғыз-ақ шартым бар...

У прай . Айт, айта ғой, шырағым? Қасқалдақтың қаны, адамның жаны емес шығар.

 

Нұржанның арқасынан қағып күледі.


Нұржан (саусағын бүгіп). Біріншіден, көмекшілікке Аманжанды аламын. Ол – өте сенімді, мықты жігіт.

У прай (қарқылдай күліп). Өй, Құдай-ай! Соны да кісі деп сұрап тұрсың ба? Ол итаяқ ауызды Алтай асырып əкет- сең де, қолыңнан ешкім қақпас, тіпті, артынан іздейтін адам да жоқ. (Қолын сермеп.) Сол, ішкері жаққа, реті келсе, қал- дырып кет, əкри!

Нұржан . Екінші көмекшілікке – Бақытжан шыдас бе- рер. Терісі қалың, толық жігіт қой, арық-тұрақ біздерге жылу беріп жүрер.

 

Упрай ойланып қалады.

 

У прай (естімеген болып). Кімді дейсің? Нұржан . Бақытжанды...

У прай . Ой, ол жігіттің өзі, қалай екен былай... бос белбеу, орашолақ жігіт еді... текке масыл болып жүрер. Мы- надай жауапкершілігі үлкен, қиын сапарға жарар ма екен?.. əкри...

Нұржан . Айыртаудан шөп əкелу – Сандыбадтың жеті сайраны емес шығар. (Өз-өзіне.) Бір қасық қаны болған соң, аяп тұр-ау, жазған.

У прай . Шырағым, Сандыбадтың сандалбайларынан мың есе ауыр сапар бұл. Бұған жігіттің жігіті ғана шыдар.

Нұржан (күліп). Ағасы, осы əзірде ғана, оп-оңай ша- уып барып алып келесіңдер деп едіңіз...

У прай . Шырағым, жеңгеңнің қойғаны суып қалар...

Мені бөгеме. Барам десе, Бақытжанды да қосып ал.

Нұржан . Үшіншіден, ағасы, үстіңіздегі тоныңызды, басыңыздағы құлақшыныңызды, аяғыңыздағы ақ пиманы прокатқа қия тұрыңыз. Аман-есен қайтып келсем, өзіңізге қайтарып берем.

 

Упрай бұрқан-тарқан ашуланады.

 

У прай . Мүмкін, іштəнім мен ішкөйлегімді қоса алар- сың?..


Нұржан . Оларыңыз маған кеңдеу, ағасы... У прай . ...Ендеше, барлығы да кеңдеу...

Нұржан . Спецодеждаға берген совхоздың бүкіл шо- лақ қара тонын Алматыда əлдекімдер модалап мойнына асып жүрген көрінеді... Ал, біз мұнда... білегіміз сорайып дірдектеп жүрміз.

 

Осы кезде Аманжан мен Бақытжан көрінеді.

 

У прай (қолын бұлғап). Ей, ұзынды-қысқалы қоқиқаз- дар, қаздаңдамай бермен келіңдер.

 

Екі жігіт шығады сахнаға.

 

Бақыт ж а н (Аманжанға). Əкри... Көзіне түсіп қал- дық-ау. Айтпады деме, қазір, міндетті түрде бір жаққа жұм- сайды. Ініне кірген суырдай жым-жырт жатып алу керек еді, бекер шықтық үйден.

 

Екі жігіт сəлем береді.

 

У прай . Шырақтарым, мəселе былай болып тұр...

Бақыт ж а н (сөзін бөліп). Ағасы, жаңа сіз бізді «қо- қиқаздар» деп шақырдыңыз, оны қайдан білесіз. Айталық, мектепте биология, зоологиядан менен артық білімді ешкім болмаушы еді. Əлі есімде...

Ам а н ж а н . Естелігіңді тездетіп айт, күн суық.

Бақыт жан . ...Əлі есімде, 6-класта оқып жүргенімде

«көшпелі шегіртке» жəне «көк қасқа шегіртке» деген екі сұрақ келді. Шегіртке (Упрайды меңзеп) өте мешкей болады, ағай...

У прай (мысқылмен). Сенен де ме?..

Бақыт ж а н . Сөзді бөлмеңіз, аға. Айталық, бір ұрға- шы шегірткенің ұрпақтары өздерінің даму мерзімінде ки- лограмнан артық жас өсімдіктерді жейді екен. Ол, яғни ше- гіртке, жолдас управляющий, – жем талғамайтын зиянкес. Ал, көк қасқа шегірткенің айырмасы – оның жіңішке, мына сіздікі секілді ұзын мұрты болады.


У прай (ашуын білдірмей). Сонда қалай, інішек?.. Сен- дер қоқиқаздан, мен шегіртке тұқымынан азғаным ба? Ал- тыншы кластағы ұлым, кітапты үнемі айғайлап дауыстап оқиды. Сонда естіп едім, қоқиқаздар тамақтанған кезде жиі- жиі қарқылдаған тұрпайы үн шығарады деген-ді...

Ам а н ж а н . Бір де – ноль! Аға, сіздің пайдаңызға.

У прай . Жə, жетер! Ойнасақ та, біраз жерге бардық.

Мəселе былай, жігіттер.

Нұржан . Мықтыларым сөз айтса, бас изеймін шыбын- дап...

У прай (ашуланып). Хватит! Қаңтардың қақаған суы- ғында шыбындамай тұрыңдар!

Нұржан . Ағасы, сіз боссыз. У прай . Немене?

Нұржан . Сіз боссыз, деймін. Мəселені мына екі қоқи- қазға өзім түсіндіріп айтамын... Екеуі де комсомол мүшесі, секретарын əдемі тыңдайды.

Ам а н ж а н . Əлбетте, Нұреке, əлбетте...

У прай . Ондай беделің бар болса, бұл мəжіліске менің қатысуым, расында, не обязательно шығар. Сəт сапар тілей- мін, əкри.

Бақыт ж а н . Рақмет, əкри...

Упрай жөнеле бергенде, тағы да Нұржан тоқтатады. Нұржан . Ағасы, оу ағасы!

У прай . Тағы не?!

Нұржан . Жылы киім мəселесін шешпедіңіз-ау.

У прай . Өзің де бір қадалған жеріңнен қан алмай қой- майтын, тас кенеше жабысқақ екенсің. Жүріңдер біздің үйге. Нұржан саған – пимамды, Бақытжан, саған, Аманжан, саған да ескі пима, қажетсіз құлақшындарымды тауып берейін. Құдайға шүкір, ескі деген аты болмаса, жыртығы жоқ, бəрі бүтін.

 

Бəрі дабырласа сөйлеп кете береді.


БІРІНШІ БӨЛІМ



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.