Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АЯҚТАУ. Екі бөлімді драма)



АЯҚТАУ

Алғашқы көрініс. Көпір. Айнала орман. Тау. Мазасыз сай- раған құстар. Жайма-шуақ өңір. Тамылжыған табиғат. Ақ- тан көпірдің жақтауына арқасын тіреп, үнсіз бүктісіп отыр. Сахнаға жүгіріп Қыз шығады.

Қ ы з (қуанышты). Аға десе, аға, сүйінші! «Рахат» қай- нарына барар жол сіз ұсынған жоба бойынша Сұлушоқыны айналып өтеді. Қопарылыс болмайды! Міне, қатынас қаға- зы! Енді сіз өскен ауыл, сіз еккен орман, сіздің сүйген қы- зыңыздың моласы – бəрі-бəрі аман қалады. Берел, Аршалы ауылдарына күре жол тартылады, Бұқтырма өзенінің үстіне бір емес, екі көпір қатарынан түседі.

Сіз жеңдіңіз, аға! Қаратан Атантаевич жол құрылысынан аласталатын болыпты. Ура, аға!

Осы сəтте көрерменнің ортасында отырған Бастаушы жі- гіт – баяғы Жесірдің Ақтан тəрбиелеген баласы – орнынан көтеріледі де, сахнаға шығады.

Баст а у ш ы ж і г і т . Сүйінші, əке, сүйінші! Алпыс жасқа толуыңызға байланысты, орман шаруашылығында ұзақ жылдар адал қызмет еткеніңіз үшін табиғат қорғаудың тамаша қамқоршысы болғаныңыз үшін Еңбек Қызыл Ту ор- денімен наградтапты. Міне. (Қолындағы газетті көрсете- ді). Міне, Указ шыққан газет!

Шөге түсіп, жым-жырт отырған Ақтанды қыз бен жігіт:

«Сізге не болды?» – деп иығынан тарта бергенде, өлі дене сылқ етіп сұлап түседі көпірге.

 

Баст а у ш ы ж і г і т (ышқына айқайлап). Əке!

Қ ы з (есеңгіреген күйі). Аға десе, аға десе... Сіз жеңдіңіз деймін! Жеңдіңіз!

 

Тау жаңғырыға үздік-создық əлгі дауысты «жеңдіңіз» деп қайталайды. Осы сəтте қолындағы қайрап жүрген балтасын


əлі тастамаған Делқұлды ертіп, Қаратан келеді. Ақтанның тамырын ұстап көреді. Қолындағы ант тасы – Айгүлдің бой- тұмарын алады.

 

Баст а у ш ы ж і г і т . Əкеліңіз, былғамаңыз бойтұмар- ды. Итке темір не керек.

 

Қаратан сасқалақтап, бере салады.

 

Д е л қ ұ л (Ақтанға жақындап). Шынымен өліп қалған ба? Искусственный дыхание жасағанда тіріліп кетіп жата- тындар бар. (Қаратанға). Ендігі кезек сізге келеді... Мен осындай асыл досты жалғыз жіберуге қимас едім. Ол, Айгүл- ге сенен бұрын баратын болды... қап... (Ақтанды Айгүлдің рухы жетелеп бара жатқанын көреміз). Қап, айрылып қал- дың-ау. Мə, балтамды берейін, əйтпесе кеш қаласың... Əне, Айгүлді алып кетті! Əттең, о дүние деген жоқ-ау, егер о дү- ниенің бар екені рас болса, қамсыз қалмай, анкетаң мен мі- нездемеңді əдемілеп толтырып алып, безектеп бара жатар едің...

Қ а р а т а н (жігітке). Сен... сен менің ұлымсың!

Баст а у ш ы ж і г і т . Қателесесіз. Сізде бала болған емес! Ұрлық өмір кешем деп жүріп, ұрпақсыз қалдыңыз.

Қ а р а т а н (қалшылдап). Құдай-ау, с... с... сен менің бір тамшы қанымнан жаралып едің ғой!

Баст а у ш ы ж і г і т . Жоқ! Сізде қан жоқ! Бұл – өз сө- зіңіз. Тұлабойыңыз толған у!

Қ а р а т а н (басын ұстап). Менің де басым құмырсқа- ның илеуіне айнала бастады. Ақтан мен Айгүлдің обалы жі- бермес... мен де аттанайын соңдарынан...

Баст а у ш ы ж і г і т . Жоқ! Сіздің о дүниеге де кере- гіңіз жоқ. Өйткені мына, сіз – тірі өліксіз. Ондай адамдар абзал өліммен өле алмайды!

Қ а р а т а н . Кеш, кешіріңдер, достарым!

Баст а у ш ы ж і г і т . Бəрі де кеш. Өте кеш сұрадыңыз кешірімді. Сіздердің араларыңызда жүректеріңізді жалғар көпір салынбаған еді. Қайран əкем! Табиғатты қорғаймын


деп жүріп, қорғансыз өткеніңізді сезбей де қалдыңыз-ау. (Көпшілікке). Ең, əуелі адамды адамдардан қорғайтын қоғам құру керек-ау, халайық! Шіркін-ай, адам мен адамның, ұлт пен ұлттың, мемлекет пен мемлекеттің арасына мəңгі бұзыл- майтын достық көпірі орнайтын күн қашан туар екен...

Д е л қ ұ л . Ондай күн тумайды, бауырым. Ондай күн туып, көпір орнаса, онда мына балтаны суға лақтыруға тура келер. Ал, қандай да көпір тек балтамен ғана салынады... Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде біреу айтқан екен. Бұл дүниедегінің бəрі – қауіпті, бірақ бəрі – қажетті. Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде арманына жете алмай, адасып өл- ген бір бейбақ болған екен. Сол бейбақпен бірге арғы дүние- ге бұл ауылдың бар шындығы, бар тарихы, бар ертегісі еріп кеткен екен...

 

Осы шақта көпірдің арғы жағынан басына қара жамыл- ған Мылқау кемпір шығады да, көрермендерге қарай үнсіз аяңдайды.

 

Шымылдық


ҚАР ҚЫЗЫ

(Екі бөлімді драма)

Қ а тынас у ш ы л а р

 

Қ а р қ ы з ы (Алм а ж а н ) – элегиялық бейне Нұржан – тракторшы жігіт Ам а н ж а н

Бақыт ж а н                      – көмекшілер Алм а ж а н (Қ а р қ ы з ы )      – сауыншы қыз Қ о ң қ а й ша л

 

Бөлімше басқарушысы Упрай, Сиыршы шал, оның кемпі- рі, елес қыздар, қасқырлар.

Оқиға Алтай тауының бір қуысында өтуі мүмкін...

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.