Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ШЕГІНІС. ШЕГІНІС. Алтыншы сурет



ШЕГІНІС

Сол көпір. Сол тау. Сол орман. Қарағайдың түбінде Жесір жылап отыр. Бауырына басқан жас баласы бар. Ақтан оны жұбата алмай əлек.

 

Ақт а н (əйелдің көзін сүртіп). Қой енді, босама, ондай- ондай кімнің басынан өтпейді. Бұл жалғанда ешкім де көз жасын жылап тауысқан емес. Қолымнан келген көмегімді аямаспын.

Ж е с і р (өзін-өзі тоқтата алмай егіліп). Енді қайтып жан сақтаймыз. Шиеттей төрт бала бар. Қарағанымыз қара сиыр еді. Оны да ұрлап сойып жеп қойды. Жығылған үстіне жұдырық дегендей, жалғыз ешкінің лағын жайратып, қас- қыр тартып кетті. Аңынан адамының айырмасы болсайшы бұл елдің! О Құдай, кімнің асығын алшысынан түсіріп, қа- ғанағын қарқ, сағанағын сарқ қылып қоясың! Жазған құлың- ның жазығы не...

Ақт а н . Құдайдың бізге бөліп берері жоқ. «Бақ-дəулетті не сасық сараңға беремін, не жанкешті жаманға беремін», – деген екен «ол кісі». Аллаға сенгенше, əліңе сенгенің озық. Жетім-жесірдің зарын аспандағы Алла түгіл, жұмыр жердегі екі аяқты адам тыңдап көрген бе екен. (Жесірдің шашынан


сипап). Шыбын жанымыз аман болса, ептеп-септеп жан сақ- тармыз. Əрине, саған менің де бөліп-жарып берер еншім жоқ. Жастайымнан жамандықты ерттеп мінген мен де бір мұңлықпын. Əкеміздің кім екенін білмедік, шешеміз тіл- құлақтан айрылған мылқау... Қарайғанда не қалды, қамыс қалды. (Толқып орнынан тұрып кетеді). ...Қарайғанда не қалды – қамыс қалды, жастай жарадар болған жүрегімнің жалауы – Айгүлім бар еді, оны да көп көрді.

 

Ақтан мен Жесір əрқайсысы өз мұң, өз қайғысымен бо- лып жылайды. Арадағы мұңлы үнсіздікті Жесір бұзады.

 

Ж е с і р (бекініп). Рақмет, Ақтан. Алмас қандай азамат еді. Көздерің көрді. Жігіттің сұлтаны еді ғой. Одан айрылған үш жылда еркегі жоқ үй – ермегі жоқ үй деді ме, сенің до- сың Қаратан шырғалап мазалай берді. Шашы ұзын, ақылы қысқа əйелмін ғой, арбағанына алданып, алғашында етегі- нен ұстағаным да рас. Одан мынау (баласын көрсетіп) күшік келді өмірге. Қаратан алдырып таста деп қанша қорқытып- үркіткенімен: «Ішіме сыйған бала сыртыма да сыяр», – деп ырық бермедім. Аяғы алдадым құдай, алдадым дегендей, та- лақ етіп тынды. Оны да жазғыра алмаймын, байсырап бара жатқандай, барымды аузына тостым! Оны да қойшы, мой- ныма мінген ақшадан қалай құтыламын, дүкеннің бар мүл- кін өтеу үшін шашым жетер ме? (Тағы да жылайды).

Ақтан Жесірдің баласын қолына алып, əлдилей бастайды.

 

Ақт а н . Дүкенді кім тонады деп ойлайсың, сезіктенетін кісің бар ма?

Ж е с і р (көзін сүртіп). Сенен жасырар сырым жоқ енді, Ақтан. Бəрін де... бəрін Қаратаннан көремін... Тоналмай тұ- рып-ақ дүкеннің жартысын ішіп-жеп қойғанбыз...

Ақт а н (баланы жоғары көтеріп тұрып). Уайымдама, жазылмайтын жара жоқ. Мен бұл ұлын əкесінің жолын қай- таламайтын, нағыз таза азамат етіп тəрбиелеймін. Ал, ақша- ның бір реті табылар...


Ж е с і р . Ақтан, анау жолы Қаратан бір əңгімесінде ай- тып еді: «Тəңірқоймасында қыруар байлық бар, əттең қор- қып түсе алмай жүрмін», – деп... мүмкін...

Ақт а н (мəн бермей). Бекер шығар... Жесір басын Ақтанның кеудесіне сүйейді.

Ж е с і р . Жақсы адамдар өмірде неге аз екен. Ақт а н . Жақсының көбі жер астында.

 

ШЕГІНІС

Мұз аңғарлар. Жақпар тастар. Тылсым орман. Басына бұлт байланған таулар. Терең мұз үңгірдің басында Ақтан тұр. Қолында шумақтай ұстаған арқаны бар. Сахнаға Ақтан- ның екі ойы шығып, қылыштаса бастайды.

 

Ақт а н 2. Тəңірқоймасына екі аяқты, жұмыр басты пен- денің түскені жоқ. Ал түссе де қайтып шыққаны жоқ. Көзді жұмып көлге секіргенді қояйық.

Ақт а н 1. Тəуекел – тас жұттырар. Бұл фəниден өзін-өзі бір сынамай өткен ер-азамат несіне еркек болып жаралған. Оны былай қойғанда, Жесірдің мойнына мінген қыруар ақ- шаны қайдан тауып бересің. Не онда, не сенде көк тиын жоқ. Анау мұз үңгірде босқа шіріп жатқан байлықты түсіп алып шықсақ, бүкіл өміріміз қамтамасыз етілмей ме. Артық дəу- лет бас жармайды, жарқыным. Ал, Тəңірқоймасына түсу біз- дің қолымыздан ғана келеді.

Ақт а н 2. Дəулетті адал еңбекпен-ақ табуға болады ғой. Егер сол мұз үңгірде сайтан да жоқ, өзіміз қайтып шыға ал- май, пұшайман болсақ...

Ақт а н 1. Адал еңбек, адал еңбек... кім табан ет, маңдай терімен байып жүр. Жаңа ғана жарлыдан байыған жас өкі- метті тонау, əлдекімнен ұрлау арқылы емес, өзіңнің айла-тə- сіл, жойқын қаһармандығыңның арқасында иесіз байлыққа қолың жетсе ше, ол адал еңбек емес пе?


Ақт а н 2. Тəңірқоймасындағы байлыққа басқаның да қаны мен тері сіңген ғой. Сондықтан да ол халық қазынасы, мемлекетке өткізу керек.

Ақт а н 1. Басқалар да басқаны сору, күш көрсету арқы- лы жинаған шығар сол алтын-күмісті. Қандай да байлық бі- реуді-біреудің қанауымен жасалмақ. Бұ күнде жауыңнан кек алу үшін ақылдың қажеті жоқ, алтын керек... түсеміз үңгір- ге! Егер сол жанымызды шүберекке түйіп жүріп алып шық- қан байлықты апарып өткізейікші: «Мұны қайдан алдың», – деп қып-қызыл шоқтың үстінде билетсін.

 

Сахнада арқаннан ұстап сусып мұз үңгірге түсіп келе жатқан Ақтан көрініс береді. Көгілдір жалғыз жарықтың өн бойымен біртіндеп төмендеген сайын өзіне деген сенімсіз- дік, шаршағандық білінеді. Арқанның ұшы бітіп, екі аяғы- мен ауаны тепкілейді, салақтап қалады. Мұз үңгірдің түбіне дейін əлі де бір метрдей бар. Ақтан не істерін білмей сасқа- лақтағанда, тағы да екі ой тайталаса бастайды.

 

Ақт ан 2. Не істеу керек? (Үңгір жаңғырыға қайталайды). Ақт а н 1. Адамдардың санасында мың-миллион жыл үстемдік құрып, беріш боп қатып, шешімін мəңгіге таптыр- май келе жатқан осы сұраққа біз де ілініп тұрмыз. Рас, осы сұрақ төңірегінде бас қатырмаған пенде бар ма. Өзі не іс- терін білмей тұрып, басқаға не істеу керектігі жайлы ақыл айтатын данышпандар жетеді. Ондай пысықайлар не жоғары шыға алмай, не төмен түсе алмай салақтап тұрған бізге қан- дай кеңес берер. Көрер таңымыз əлі көп емес пе еді, жалғыз рет қателесті екен деп табалайсыздар ма? Ал, енді етектерің- ді ашып күліңдер... Кінəлаңдар... (Көрермендерге). Жоқ, сіз- дер күлкі тоқтықпен байқамай жүрсіздер. Əркім өз үмітінің,

өз су ішкілігінің қыл арқанынан ұстап, дедектеп жүр...

Ақт а н 2. Сонымен не істеу керек? (Үңгір жаңғырыға қайталайды).

Ақт а н 1 (жанталаса). Біздің жанымыз темір емес. Не жарық дүниеге оралу керек, не қапасқа құлау керек. Қане, (көрермендерге) қол ұшын кім береді? Кім құтқарып қалар?


Ақт а н 2. Не істеу керек?! (Үңгір жаңғырыға қайталай- ды).

Үнсіздік. Осы сəтте Айгүлдің аппақ сүлдесі алыстап, тым-тым алыстан елес береді.

Айгүлдің р у х ы (сыбырлап). Жаныңды қинағанша, қоя бер, қоя бер арқанды. Менің жаныма – мəңгі бейбіт, мəң- гі еркін əлемге келесің. Біз мəңгі бірге боламыз. Сосын жа- рық əлемге қайтып оралмас едік...

Ақтан ұстап тұрған арқанды қоя бере салғанда, топ етіп мұз үңгірдің ішіне түседі. Тəңірқоймасының түбі де тоста- ғанданған көк тайғақ сіреу мұз. Ақтан есін жиғанда жан-жа- ғында жайраған алтын-күмісті көреді. Алғашында есі шыға қуанып, қойны-қоншына толтырып-ақ алады. Сосын ақыл- ға енді ғана келгендей, жоғары қарайды, үңгірдің оймақтай аузынан көк аспанды, сол көк аспаннан құдықтың жібіндей салақтап тұрған арқанның ұшын көреді. Сол арқанға əлде- неше рет қарғып, табаны тайып, етпетінен құлайды. Мұрны дал боп қанаған.

Ақт а н 2. Не істеу керек? (Мұз үңгір жаңғырыға қай- талайды).

Ақт а н 1. Өзімізге де сол керек. Асан шал айтатын ертек дүниенің ортасына топ ете түстік деген осы. Ендеше, қайда бұл заманның жалғыз көзді дəуі мен жалмауыз кемпірі?!

Ақт а н 2. Қайда алтын кебісін тастап кететін тоты қыз- дар, құйрығына қазан байлап шабатын қазан ат?

Ақт а н 1. Қайда бұл заманның тауды тауға ұратын алып жігіттері, көл жұтары мен жел аяғы? Саққұлақ пен көреген? Ақт а н 2. Қайда серуенге шығар сексен қыз, кілемге салып көтеріп жүрер сал-серілер, ақындар мен шешендер?.. Ақт а н 1. Жоқ олар! Құрыған! Отырайық осылай, қа- натымыз қайрылып, дүниенің бар үзерінен айрылып. Тасша бала Кейқуаттың да сүйегіне қына шыққан, ол енді бізге күнде бір ешкісін тастап кете алмайды. Өлген деген осы да. Шоқ-шоқ, өзімізге де сол керек. Тым-тым ақ жүрек, əділ едік.


Дəл осы шақта сахна бұрышынан Делқұл шығады да, кө- рермендерге кезекті мылжыңын айтады.

 

Д е л қ ұ л . Мен оқыған, білімді бір жігітке былай деп, са- уал қойдым: «Егер Тайбурыл мінген Қобыланды, Байшұба- рын мінген Алпамыс тіріліп келсе қайтер едің?» – дедім. Ол ойланбастан жауап берді: «Арғымақтарын етке тапсырып, өздерін пропискаң жоқ деп айдап салар едім...» Ха-ха-ха...

 

Ақтан төбесіндегі салбыраған арқанға тағы атылады, тағы құлайды. Қойнындағы бар асыл тасты лақтырып тас- тап, жан ұшыра секіреді, бəрібір жете алмай қор болады. Сосын еңкілдеп тұрып жылайды. Үңгірдің аузынан Айгүл қарағандай болады.

 

Ақт а н 2. Не істеу керек?! (Үңгір қайталай жаңғыры- ғады).

Ақт а н 1. Дүние деген боқ емес пе, боққа қызықпай- тындар жоқ емес пе... Ха-ха-ха... Адамдар, сендердің бейша- ралықтарыңа күлемін... Ха-ха-ха... Жасасын, қайғысыз қара суға семірген қой торы тірлік! Жасасын өлі арыстаннан тірі тышқанның артықтығы! Жасасын тамағы тоқтық, уайымы жоқтық – жарамсақ жалған, күлге аунаған күйкі өмір! Ха- ха... Ей, Ақтан, əкемізден озған жеріміз қайсы?

Ақт а н 2. Жазығымыз не, жазығымыз – жақсылық жа- сайық дегеніміз бе?

 

Жарық үңгірде жатқан Ақтанның өзіне түседі. Орнынан табанын тайдырмай қалтиып тұрады да, айғай салады.

 

Ақт а н н ы ң ө з і . Құдай-ай, осыншалық азапқа сала- тындай не күнəм бар еді! Бұдан да жауыммен, бетпе-бет ке- ліп, атысып өлгенім иманды еді-ау. Шынымен-ақ, (екі қолын көкке соза) шынымен-ақ, əке жолын қайталап алғаным ба? Əке жолының керегі бар, керегі жоғы бар... Əттең, осы үңгір- ден шықсам... (Қалтасындағы ең ақырғы асыл тасты лақ- тырып жібереді). Жасасын табан ет, маңдай тер!


Айгүлдің бейнесі сүлделенеді.

 

Айгүлдің р у х ы (сыбырлап). Ер едің ғой, ер едің ғой... Ертек адамның, еркек адамның ақыры едің ғой. Ақтан едің ғой... секір... секір... секір... (Бірте-бірте жоғалады).

Ақтан арыстанша бүгіліп барып, ақыра ышқынып атыла- ды. Дүние астан-кестен болып «Айгүл...» – деп жаңғырыға- ды. Ақтан есін жиғанда, үңгірдің сыртында талықсып шал- қасынан түсіп жатады. Көгілдір дүние, жарық əлем.

 

Ақт а н 1. Əттең, бір кесе алтын ала шықпаған екенмін... Ақт а н 2. Жаныңды алып шыққаныңа қуансаңшы, бей-

шара!

Д е л қ ұ л (сахнаға шығып). Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде осы орманда үлкендігі осы театр үйіндей барабан пайда болыпты. Дүңкілдеген даусы жер жарып, айбаттанған- да ормандағы жан біткеннің жүрегі жарылып өліпті. Содан бері қоян тұқымы азып кеткен екен. Ал, ол бейбақтар дүңкіл- деген барабанның іші қуыс екенін білмепті-ау. Қоян жүрек болмау үшін не нəрсенің де ішіне үңілу ақыл.

 

Алтыншы сурет

Ақтанның ағаш үйі. Мылқау кемпір жүн түтіп отыр. Ала көлеңке мезгіл. Ағаш төсектің тұсына аюдың терісі ілінген. Босаға жақта адалбақан секілді бұғының мүйізі қағулы тұр. Темір пеште от маздап жанып, қара барқын бөлмеге жылт- жылт сəуле шашады. Осы кезде үйге Ақтан кіреді. Бір тəулік үшты-күйлі жоғалып кеткен оның кісі өлтіргендей ызғар- лы түрі емес еді Мылқау кемпірді шошындырған. Ұлының бір-ақ күнде аппақ болып ағарып кеткен шашы-тын. Ақтан:

«Апа!» – деп анасын бас салып жылайды.

 

Ақт а н . Шаршадым, шаршадым ғой, апа! Неге ғана мені осыншалық сорлы қылып жараттың? Əлде, мен туған- да қалжа жемеп пе едің? Əлде əкем екеуің Құдайға күнəлі


болып тілдерің тиді ме?.. Кетейікші бұл жерден, кетейікші... Алдымда қасқайып тұрған дұшпаным жоқ, іштей соғысып, іштей арбасқан өмірдің баяны, қане? Əкем кім? Ол қайда? Ел-жұрттың бəрі бізге неге үрке қарайды? (Шешесін жұлқы- лайды). Қара тасқа айтты не, саған айтты не – бəрібір ұғып отырған жоқсың. Дүниедегі жамандық пен жақсылық атау- лыдан бейхабар сенің тас керең күйің озық-ау, ана! Кейде құ- лақ кесті мылқау болғым келеді сен секілді. Мен не көрдім, не естідім. Тіл-құлағы жоқ сенен озған жерім, созған қолым қайсы? Əкемнің «ұлым», шешемнің «құлыным» деген сөзін ести алдым ба? Сасып-борсып жатқан мұңымды тыңдар пен- де жоқ, бұзауы өлген сиырдай мөңіреп отырған түрім мынау...

 

Мылқау кемпір үнсіз жылап отыр. Ақтан орнынан тұрып тебірене сөйлейді.

 

Ақт а н (өзіне-өзі). Жо-жоқ, бұлай өмір сүруге болмай- ды екен. Көрінген жерге күл төге бергенді қояйын. Мен ең əуелі жарық дүниеге неге келгенімді, не үшін өмір сүреті- німді анықтап алуым керек. Иə, иə, не үшін сүремін? Атақ, даңқ, байлық, дəреже, мансап, билік... қайсысын таңдау жөн? Əй, қайдам, шабаннан желмес, сараңнан бермес туа- дыға ұрынып жүрмесек. Адам ең əуелі өзінің өмірге керек- тігін түсінсе, ал дүниеде керегі жоқ артық зат бар ма? Тек əжетке жарата білу керек... Адам ащыны да, тұщыны да, сый-сияпат, мақтау, даттауларды тірі кезінде естіп, көргені үзір-ау... Ал, тас ескерткішке айналған шақта басына қойыл- ған гүлдің, аяғына жазылған сөздің керегі не? Сонда не істеу керек? Айтыңыздаршы ақылды. Ə, ə, үндемейсіздер. Айты- ңыздаршы, мен неге жеңіле беремін, Қаратан неге жеңе бе- реді? Жамандықпен күрес жолым дұрыс па?

 

Бұған дейін мылқау атанып келген Кемпірге тіл бітеді. Мылқа у к е м п і р . Құлыным!!!

Ақтан селк етіп артына қарайды.


Ақт а н (шошына). Не дедіңіз?!

Мылқа у к е м п і р (жылаған күйі қолын созады).

Жалғызым, келші, маңдайыңнан сүйейін! Шөлдедім ғой.

 

Ақтан бірте-бірте жақындаған шешесінен аса қорқы- нышпен шегіне береді.

 

Мылқа у к е м п і р (көзінің жасын сүртіп). Кеш мені, балам! Кеш! Сен туғаннан бері мылқау күйге түсіп, өзімді- өзім өлтіріп, өзімді-өзім жазалағаным үшін кеш... Сен туған- нан бұрын əкең істі болып, басы дауға ілікті. Сосын арғы бетке қашып кеткен. Ол сенің тіпті өз əкең емес еді. Көңілдің бостығын, көңілдің осалдығын, менің махаббатымды пайда- ланған, қорқақ та қорқау біреу еді...

Ақт а н . Жақындамаңызшы, апа. Мен сізден қорқамын. К е м п і р . Сен дүниеге келген күні қатты қиналдым, тол- ғағым ауыр болды. Талықсып кеткендей едім, есімді жисам, маңайымда ешкім жоқ. Сені орап, жаныма жатқызып кетіпті. Сонда мен бейбақ сенің қызыл шақа түріңе қарап отырып, ауыр да азапты ойға қалдым... Құдай-ау, күні ертең ержетіп əкем кім, ол қайда десе не бетімді айтамын, жолдан тауып алған жолбике деймін бе, ал бұл дүниеде одан ауыр сөз бар ма. Жоқ, бүгіннен бастап тіл-құлақтан айрылдым! Мен енді кереңмін! Ертеңінде бүкіл Аршалы шулап жүрді. Мағзияның толғағы қатты болып, мылқау болып қалыпты десті. Иə, мен сенің маған қояр сансыз сұрақтарыңа жауап беруден қорқып едім. Иə, содан бері қаншама жылдар өтті. Зіңгіттей азамат болдың... Кейде маңайымда жан адам жоқ, жападан-жалғыз отырып, Құдайдан тілерім сен едің. Ей, Алла, екі көзімді ал, екі құлағымды ал, қол-аяғымды ал, бəр-бəрін ал, бірақ жал- ғызыма ғұмыр бер, алдынан ай, соңынан күн тудырғай деп

жалбарынатынмын.

 

Бірте-бірте анасына жақындапкелген Ақтан: «Анашым», –

деп құшақтай алады.

 

Ақт ан . Сонда əкем кім? Жаман да болса, біліп жүрейін.


Мылқа у к е м п і р . Сенің əкең – Қаратанның арғы бетке қашып кеткен əкесі еді.

 

Ақтан шешесіне шошына қарайды.

 

Мылқа у к е м п і р . Иə, иə, ұлым, сол инженер жігіт еді... Ұшқан құс, жүгірген аңның бұл фəниден өтпейтіні бар ма, мүмкін, əлдеқашан өлген шығар. Ол жақта да ел-жұрт бар, мүмкін, үйлі-баранды болып мəре-сəре ғұмыр кешіп жүрген шығар-ау... қайдан білейін... менің білетінім – мына сен, маң- дайдағы жалғыз меңім – жалғыз ұлым. Бұл əсте де ұрлықтан болса да – ұрпағым барға шүкіршілік ету емес, жо-жоқ...

Ақт а н . Енді не?

Мылқа у к е м п і р (жасты жанарын қадап). Сен мені айыптайсың ба, ұлым?!

Ақт а н (толқып). Жоқ, ана, айыптағаным емес бұл... өйткені сол қателікті мен де қайталап жүрмін. (Үнсіздік. Ше- шесін мойнынан құшақтап). Апа, мен əкемді көрген едім.

Мылқа у к е м п і р (шошына). Қашан, қай жерден? Ақт а н . Көккөлдегі вольфрам қазған үңгірден...

Мылқа у к е м п і р . Е-е, жазған-ай, тірі жүр деші... қуарған қу сүйек, тірі аруақ боп жүр деші... е-е, жазған-ай, өмір бойы қаңғырып, туған жерден бір күрек топырақ бұ- йырмай, ит пен құсқа жем болды деші... е-е, жазған-ай... Сөйлестіңдер ме?

Ақт а н . Сөйлестік. Тіпті төбелесіп, бір-бірімізді өлтіріп қоя жаздадық.

Мылқа у к е м п і р (селк етіп). Не дейді?

Ақт а н (күліп). Қорықпай-ақ қой, аман аттанды. Қос ау- ызды мылтықтың қарауылына үш рет алсам да, қолым қал- тырап ата алсамшы, дəтім жетпеді.

Мылқа у к е м п і р . Е-е, жазған-ай... сезгенсің ғой... жүрегің сезген ғой... (Үнсіздік). Ұлым, бір биеден ала да, құла да туады деген. Қаратанмен айтыса берме, өзге жатыр- дан болғанмен, қаны бір ғой. Көк көпірдің үстінде əлі талай- талай кездесерсіңдер. Өйткені арғы жағадағы үлкен өмірге – сол көпірден өтпей бара алмайсыңдар. Ол міз бақпаса да, сен


бұрылып жол бере сал, одан қор болмайсың. Тіпті, бір-бірің- ді өмір атты асау өзеннен көпір болып өткізіңдер.

Ақт а н . Егер мен қалай бұрылсам ол солай бұрылып, алдымнан шығып жолымды тори берсе қайтемін?

Мылқа у к е м п і р . Шегіне сал.

Ақт а н . Ал, егер артымнан тұра қуса ше...

Мылқа у к е м п і р . Бұл дүниеде қуған да алда, қаш- қан да алда деген сол, ұлым. Сенде бес бересі, алты аласы жоқ шығар, ондай кісəпірлікке бармас. Шешесінің менімен күндес болып, күресініме күнде күл төгіп өткені де жетер...

Ақт а н . Қайдам, апа, мал аласы сыртында, адам аласы ішінде деуші еді, атымды адам деп қойған соң, туған жерді тойған жерге айырбастап кетпес үшін арманда кеткен ақ құсым – Айгүлдің рухы үшін күресіп өтермін. Иə, күресіп өтермін! Бірақ менің қорқатыным, ана, сіз бекер сөйледіңіз- ау. Əлі осы мылқау күйіңізді талай-талай сағынарсыз... Иə, сағынарсыз.

 

Баяғы көпір. Сол көпірдің үстінде бір-біріне қарама-қар- сы келе жатқан Ақтан мен Қаратан ұшырасады. Ақтан таза көңілмен құшағын жая ұмтылады.

 

Ақт а н . Қаратан, досым менің! Сүйінші! Сен менің ба- уырым екенсің. Екеуміздің əкеміз де бір екен. Айналайын та- биғат! Құдіретің неткен күшті еді.

 

Қаратан сыздана қарап, Ақтанның қолын қағып жібереді.

 

Қ а р а т а н . Өзіңмен бірге мені де түрмеге шіріткің келе ме?

Ақт а н (таңданып). Қайдағы түрме... Не айтып тұрсың, бауырым.

Қ а р а т а н . Мүлəйімсіме... Ішің сезіп тұрған шығарсың.

Қамаласың.

Ақт а н (күліп). Жə, қалжыңыңды қой. Онан да екеуміз- дің туыс болып шыққанымызды айтсаңшы. Ғажабыңнан ай- налайын, табиғат. (Балаша мəз болып қуанады).


Қ а р а т а н (түнеріп). Күлкің көмір болады-ау, жазған... Бауырың болсам, Жесірді саған əмеңгерлікке бердім, ауыр- сынбасаң анау баламды бас-көзге ұрмай тəрбиелей салар- сың. Бірақ менің жұмыртқамды басуға шамаңды келтірмей- ді-ау, келтірмейді...

Ақт а н (шын екеніне көзі енді жеткендей). Жұмбақта- май айтсаңшы, не болды? Жазығым не?!

Қ а р а т а н . Айт десең, айтайын: сенің үш қылмысың ашылып отыр. Мен осы жаңа ғана ауданнан келдім. Бірінші (бір саусағын бүгіп) – Көккөлдің басында біздің үкіметке жат қашқынмен жолығып, Совет еліне қастандық ойлап жүрсің; екінші (екінші бармағын бүгеді) – Айгүлді зорлап, көнбеген соң дəл осы көпірдің үстінен Бұқтырмаға лақтырып өлтір- дің, оның айғағы – анау мойныңдағы Айгүлдің бойтұмары; үшінші – Жесірдің дүкенін тонадың, қолындағы бар ақша- сын тартып алдың, бұдан соң Тəңірқоймасына төрт-бес ар- қанды байлап түсіп, бай-кулак жасырған тамам байлықты алдың, ал сол байлықты əлгі қашқынмен бірігіп арғы бетке алып кеткелі жүрсің... сонсоң...

Ақт а н . Жетті, қарабет! Бір тамшы қаным емес пе едің? Қ а р а т а н . Жоқ! Менде қан жоқ!

 

Осы кезде орманның арасынан Бөтен кісі шығады.

 

Бөтен к і с і (сайқалдана). Жолдас Ақтан Адасқанов, аудандық соттың тергеушісі Қаратан Атантаевичке тіл тигіз- беңіз.

Қ а р а т а н (əлгі кісіге). Сіз жүре тұрыңыз. Ақтанмен арадағы тергеу əлі аяқталған жоқ, жаңа ғана басталды, қашан бітерін кім білсін. (Темекісін алып тұтатады, Ақтанға да ұсынады). Ə, сен най тартпайды екенсің ғой... Бəлкім, тергеу он жылда бітер, жүз жылда бітер. Жə, оны қойшы, сонымен, досым, ғафу ет, бауыр екенсің ғой, үңгірден қанша алтын алып шықтың?!

Ақт а н . Тергеуші болып та үлгердім деші, жүгірген ал- майды, бұйырған алады деген осы да. (Ойлана ағаштардың ұшар басына қарап тұрады).


Қ а р а т а н . Жетті, тіл мен жағыңа сүйене берме! Бұл сұ- рақтан құтылудың жалғыз-ақ жолы бар. (Құлағына сыбыр- лап). Тəңірқоймасынан алып шыққан олжаны тең екіге бөлу. Бұл қорқытуым емес, туыстық ілтипатым, қандастығым. (Ақтан үнсіз). Өмір бақида есіңде болсын, достым, ешкім- ге сенбе, əрқашанда бірінші болып ұруға ұмтыл. Бұл – өмір заңы. Сендегі қара күштің түкке де қажеті жоқ. Қазір төбе- лесе кетсек, сен жеңесің, мен жеңілемін. Бірақ, түптің түбін- де, жеңіс туы менің қолымда қалады. Сондықтан да жердің үстімен емес, астымен соғысуға машықтанудамын. Қой, күн кешкіріп қалды... ақырғы рет сұраймын, олжаны ортаға са- ласың ба, жоқ па?

Ақт а н . Тəңірқоймасынан байлық алып шыққаным жоқ. Тіпті, шыққан күннің өзінде, саған мынау да (саусағын шығарады) татырмас едім.

Қ а р а т а н . Ендеше, тістегенде тісім, ұстағанда уысым қалар ата дұшпаным боласың. Əзірше ұры-қары ретінде жиырма жылға бара тұр, сонсоң бауырым ретінде тағы да жиырма жылға ұзартып беремін сот мерзімін. Ал, Жесірде- гі (күледі) екеуміздің баламыз детдомға тапсырылады... Ха- йыр! Жиырма жылдан кейін осы көпірдің үстінде жолығар- мыз... Егер тірі болсақ... (Бөтен кісіге). Ана көтерем сиырдай сидиған көпірсымақты да бұзып кет, Ақтанды айыптайтын себеп-салдар аздау. «Кім бұзды?» – десе, осы дейміз. Мен емеспін деп дəлелдеп көрсін.

Ақт а н . Апыр-ай, менің жөнім бір басқа, қарапайым ха- лықты зарлатып нең бар... арғы беттегі елдің бергі бетке – үлкен өмірге – өтер жалғыз көпірі ғой.

Қ а р а т а н . Ол елдің үлкен өмірге өткенде де бітірері шамалы.

 

Бөтен кісі Ақтанның жеңінен тартады. Бөтен к і с і . Алға түсіңіз, айыпкер.

Алыстан, тым-тым алыстан, Айгүлдің шақырған даусы естіледі.




  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.