Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бесінші сурет



Бесінші сурет

Салып келе жатқан жол. Студенттердің құрылысшы от- ряды алқа-қотан жиналған. Үстеріне кигені бірыңғай форма. Əзілдесіп, əн айтып көңілді отыр.

Г и т а р а лы ж і г і т . Əлгі жиналысы қашан басталу- шы еді, бастық қызымыз қайда жүр?


Бірінші қ ы з . Шынында да, кешікті. Не мəселе екен қарайтынымыз.

С е м і з ж і г і т . Кеше біз қопарып тастаған өліктерден арыз түсіпті...

К ө з і л д і р і к ті ж і г і т . Жə, болды! Ауыз өзімдікі екен деп, ауа жайыла берме. Мəселе біреу – Арасанға апарар жолды, мынау Сұлушоқыны жармай, Бұқтырмаға көпір са- лып, арғы жағалаумен өткізу...

Ə, міне, бастығымыздың өзі келді. Инженер қыз келеді.

Г и т а р а лы ж і г і т . Баяғыда, яғни ерте, ерте, ертеде біреу айтқан екен: «Ұлы мəртебелі, аса қымбатты Ұлығым, мен сізді шексіз сүйетіндігім соншама, тіпті жата қалып та- баныңызды, яғни аяғыңызды жалар едім, амал не, сіз жаяу жүрмейсіз ғой, кілем, кілемнен шыға машина мінесіз, сон- дықтан шаң-тозаң жоқ», – деп... Ал енді...

Инж е н е р қ ы з (асығыс, қолындағы шиыршықтай ұстаған қағазын жаяды). Тұра тұр, Делқұл ағаның мылжы- ңынан құтылдым ба дегенде, бір бүйірден сен шықтың ба. Сонымен, жолдас құрылысшылар, Сізбен біз ашық əңгіме бастасақ деп едім. Кілтін бұрап-бұрап қай бағытқа бұрып жі- берсе, солай қарай шаба беретін ойыншық ат емеспіз, тауды тіліп, тасты бұзып жатқан жастармыз.

С е м і з ж і г і т . Баяғыда біздің ата-бабамыз осындай жолмен жалғанның жартысын жаулап алған.

Е к і н ш і қ ы з . Қойыңдаршы, тіл мен жаққа сүйенбей.

Сөз тыңдалық.

Инж е н е р қ ы з . Ақтан аға, біздің жұмысымызға мы- надай өзгеріс енгізіп отыр. Расында, ол кісінікі ұсыныс қана, оны шешетін мына біздер. Расында, біздер де емес, Алматы. (Картаны жайып). «Рахат» демалыс үйіне салынар жолдың мына бір тұсына өзгеріс енгізсек...

Г и т а р а лы ж і г і т . Оны не қыл дейсіңдер. Қаратан Атантаевич екеуіңіз ғой шешетін. Жазған құлда жазық не, айға жол сал десе де, сала береміз.


Бірінші қ ы з . Фу, осыны да біреу жігітім бар деп жүр-ау...

Бəрі күледі.

Инж е н е р қ ы з . Жə, жетті. Сөзге қонақ беріңдер. Ұзын сөздің қысқасы, жолды Сұлушоқыны қопармай, анау самсаған ағашты оңды-солды қирата бермей, өзеннің арғы бетімен өткізу керек, жолдастар. Бұқтырманың үстіне салы- нар көпірге жұмсалар шығын, табиғатты бүлдірер жайттан əлдеқайда арзанға түсер.

К ө з і л д і р і к ті ж і г і т . Сайып келгенде, сұлу жердің дидарына тыртық түсірмейміз ғой.

С е м і з ж і г і т . Ал, енді бұған Қаратан Атантаевич қа- лай қарайды екен. Жаман-жақсы болса да бастығымыз сол кісі ғой.

Инж е н е р қ ы з . Ол кісі қарсы.

Бірінші қ ы з . Адамдар да қырқылған ағаш секілді.

Жазықсыз кесіледі...

Е к і н ш і қ ы з (күрсініп). Біз қайыңның көз жасынан сусын жасаймыз...

Г и т а р а лы ж і г і т . Кеше күлін көкке ұшырып жібер- ген обаның астында қай ғасырда, қандай адам барын білсек қой. Əттең, өлгендерге тіл бітсе...

Е к і н ш і қ ы з . Өлілер қайта тіріліп, қосылса егер елге, Тірілер ар мен ұяттан, кіріп те кетер көрге.

Бірінші қ ы з . Жоқ. Ар-ұяттан ешкім өлген емес.

Г и т а р а лы ж і г і т . Рас, ұяттан өлген адамның бейіті жоқ.

К ө з і л д і р і к ті ж і г і т . Егер өлгендерге тіл бітсе, жер бетінде бірде-бір жалған қопарылыс жасалмаған болар еді.

Инж е н е р қ ы з . Негізгі мəселеге көшелік, сонымен сендердің маған көмектерің керек.

Е к і н ш і қ ы з . Біз бəріне де дайынбыз.

С е м і з ж і г і т . Иə, міне, екі айдай біздің көшбасымыз болып келесіз... Жамандық көрген жеріміз жоқ. Бастаңыз...

К ө з і л д і р і к ті ж і г і т (есіре). Иə, ердік соңыңыздан.


Құптаған дауыстар.

 

Инж е н е р қ ы з . Олай болса, мына Зыряньға жөнелті- лер қағазға қол қойыңдар.

Бірінші қ ы з . Неге Зыряньға? Алматы ше?

Инж е н е р қ ы з . Өйткені, бұл «Рахат» арасанына тар- тылар жолдың шығынын тікелей Зырянь қорғасын-мырыш комбинаты төлейді. Демек, құрылысқа иелік етіп отырған да солар...

 

Жігіттер мен қыздар кезектесіп қол қоя бастайды.

Осы көрініс жоғалады да, жарық Қаратанға түседі. Ол телефон арқылы қаламен сөйлесіп жатыр.

 

Қ а р а т а н . Алло! Алло! Зырянь! (Ашуланып). Шыра- ғым-ау, шəңкілдемей комбинатты жалғасаңшы. Иə, иə, ди- ректордың өзін. Мықтыбаев жолдасты. Алло! Алло! Ойбай- ай, мынаның қорлығын-ай, шырағым, мынауың телефон емес, арқан ба немене өзі. Алло! Шырағым, сен бар ғой, Қаратан Атантаевич сұрайды де... Алло! О, Темеке, өзіңізді алудан – Құдайды алу əлдеқайда оңай шығар. Айып етпеңіз, құдайдай мықты деп əзілдеп жатқаным ғой. Ал, енді, Теме- ке, қартайғанда кəрі боз жорға шықты деген осы. Əлгі ал- дыңғы жылғы, өзіңіз жіберген жол жобалаушылардың біраз, серьезно айтқанда, мемлекеттік маңызы бар былығы ашы- лып отыр. Ол иттер. «Рахат» қайнарына барар жолдың жо- басын жасағанда – үлкен жағдайды ескермеген... (Одан арғы сөзі естілмейді, қолын сермеп көп сөйлейді). ...Иə, иə... Мен болмағанда халықты қырып, масқара бола жаздаппыз. Ол кемшілікті не сіз, сізді қойшы, қолыңыз тие бермейді. Сіздің орынбасар не министрлік байқамаған... Рақмет Темеке, рақ- мет. Сеніміңізді ақтаймын. Орден жағын өзіңіз білесіз ғой, алпысты алқымдадық қой. «Оны қалай ойлап таптың дейсіз бе?» Енді біздің бастың да қатты істеп кетер кезі болады ғой. Бəлкім, туған жер жебеген шығар... Ха-ха...

 

Жоғалады.


Тау. Орман. Өзен. Көпір.

Ақтан сол көпірге сүйеніп жалғыз тұр. Жолшылардың азан-қазан тірлігі саябырсыған. Құстың тынымсыз сайраға- ны естіледі. Көпірдің екі жақ басынан тағы да Ақтанның екі ойы – Ақтан мен Ақтан шығады. Қолдарында шпага.

Ақт а н 1. Күні бүгінге дейін жер қаба жеңіліп келе жа- туымыздың себебі неде? Желді күнгі желкенсіз қайықтай қалқаң қағып тірлік кештік.

Ақт а н 2. Оның есесіне ар, ожданымыз таза, елдің де, жердің де бетіне тура қарай аламыз. Горькийдің мына бір сөзі есіңде ме: «Өмірдің қиын-қыстау кездері, қандай ми- нуттары басқа түссе де, менің жүрегім: «Жасай бер, адам!» деген гимнді шырқаудан танған емес».

Ақт а н 1. Қатты жүрмей, қарап тұрмай, егіз аяқ тірлік- пен алпысқа келдік. Заманға бергеніміз, қане, сол заманнан алғанымыз, қане? Арқандаулы аттаймыз, туған жерден қия бассақ қирап қалатындай көреміз. «Əр түп ағаш – əр адам- ның тағдыры секілді!» – деп жар салдық. Бірақ сенің үніңді сол ағаштан өзге кім естіді. Орманың анау – жал-құйрықтан айрылып, күзелген байталдай үрке қашып тұрған. Аң-құсың анау – мотордың дырылы мен таз иттің ырылынан шошып, лағып кеткен. Тіпті, бұл жерден аң екеш аңды қойып, адам- дардың өзі ауа бастады емес пе... Біле білсең, Қаратанның қалтасында да «Табиғатты қорғау қоғамының мүшесі» деген кепілдеме қағазы бар.

Ақт а н 2. Рас. Құстар да адамдар секілді көктемде қай- тып келгенде сол ағаштың басынан өз ұясын іздейді. Мен жиырма жыл жат жұрттықта жүргенде ең əуелі сол орманды, сол ұяны сағынатынмын. Амал не, əйелім өліп, балам қаң- ғып кеткен екен. Бір жыл іздеп жүріп əрең тауып, жинап-те- ріп алдым. Кейінгі бар өмірімді сол, ұясы ерте бұзылған ба- лапандарымды баулуға арнадым. Шүкір, маған артар өкпесі жоқ. Азамат боп өсті.

Ақт а н 1. Ол да жөн делік, байлыққа, дүниеге қызыққан кезіміз де болды ғой.

Ақт а н 2. Ол тағы да адамдарға жақсылық жасау ние- тінен туған...


Ақт а н 1. Ағымыздан жарылайықшы, Жесірге деген ізгі сезім аяушылықтан туды ма, əлде сүйіспеншіліктен бе, əлде Қаратанның жасаған əрбір қиянатына жақсылықпен жауап беріп отырмақ сертіңді бұзғың келмеді ме?

Ақт а н 2. Бəрін де теріс дей алмаспыз.

Ақт а н 1. Жесір əйел Қаратанның егіні еді ғой, біз ки- лігетін жорық не?

Ақт а н 2. Ол да рас.

Ақт а н 1. Олай болса, қыр соңынан қалмай қарауылға алып жүрген ол емес, мына біз екенбіз ғой.

Ақт а н 2. Біз емес, рухы мықты адамдардың мысы... Жоғалады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.