|
|||
ЕКІНШІ БӨЛІМ. Төртінші суретЕКІНШІ БӨЛІМ Төртінші сурет Баяғы көпір. Сол орман. Сол тау. Ағаш қиып, жол салған құрылысшылардың дабыры, тау өзенінің күркірі əлі естіліп тұрады. Қаратан мен Ақтан көпірдің екі басында тұр. Дел- құл баяғы қалпында балтасын қайрап отыр.
Д е л қ ұ л (ағаш басындағы құстарға қарап). Жүгірген аң, ұшқан құстың да тілі бар, кісіше сөйлей алады екен. Бі- рақ олар сөйлемейді екен, сөйлесек адамдар естіп қойып не жұмысқа жегеді, не дүре соғып, соттатып жібереді деп қауіп- тенеді екен. Олар ешқашан да адам болғысы, ақылды болғы- сы келмейді екен. Тек нағыз ақымақтар ғана – ақылды дейді екен... Ха-ха-ха... (Күледі). Үнсіздік.
Ақт а н . Сіз бен біздің арамыздағы достық көпірі жас- тық шақта-ақ қирап қалғанына көзім енді жетті. Қ а р а т а н . Ол көпір тіпті салынған да жоқ еді ғой... Ақт а н . Оған кінəлі кім? Əлде уақыттан, заманнан кө- рерсің? Қ а р а т а н . Жоқ. Бір-бірімізге деген сенімнің бостығы. Ақт а н . Тəңір қоймасынан алтын түгіл, қара басымды əрең алып шыққаныма иланбайсың ба? Міне, сол оқиғадан бермен отыз жылдан астам мезгіл өтті. Кездесіп тұрғанымыз бүгін. Қ а р а т а н . Адамдардың бір-біріне деген сенім-сүйіс- пеншілігі уақыттан емес, уақиғадан туындайды. Ақт а н . Ол рас. Сол іспетті жек көруін де балалататын уақиға. Жаулық, қастық атаулының қаспағына дейін қырып маған бердің? Неге? Себебін күні бүгінге дейін түсінбеймін. Қ а р а т а н . Иман тауында тұрғандаймыз ғой, шынымды айтсам, сенің күндіз-түні көлеңдеп көз алдымнан кетпейтін бейнең, сендегі рухтың мықтылығы, бүгін болмаса ертең тап- тап кететіндей үрей билейді бойымды. Ендеше, өзім жеңілмес үшін, əрқашан да өзгені бұрынырақ желкелегім келеді.
Үнсіздік.
Ақт а н . Рас, қорқақтар бұрын қимылдайды. Мені қи- найтын жиырма жыл бойы қайта айналып қазығымды таба алмай сандалғаным, сенің сандалтқаның емес. Жо-жоқ, дос- тым, (басын шайқай) тіпті де ол емес, ел басына күн туып, анталап жау шапқанда оққа кеудемді тосып, Отанымды қор- ғай алмау өкініші... Қаймана халық қасірет шегіп жатқанда Сібірде жүрдім тентіреп. Осының бəрі кімнің кесірі? Ал, мына сен... Қ а р а т а н (сөзін бөліп). Бармадым, соғысқым келмеді. Ажалымнан бұрын шейіт болғым келмеді, сол үшін айып- тымын ба?.. Тыл да – майдан, айға бата оқып жүрген ешкім жоқ!.. Ақт а н . Əкеңе айнымай тартармысың... Ит не жесе, соны құсады деген тегі рас та. Қ а р а т а н . Сенің де сол кісіден озған жерің шамалы. Үнсіздік. Д е л қ ұ л . Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, тым ер- теде де емес, бір əйелдің күйеуі соғысқа аттанады. Төрт жыл соғысып, үйіне есен-сау оралған солдаттың өзі кеткендегі бір баласы үшеуге жетіпті. Сонда əйелінен бұларды қайдан таптың деп сұрағанда, келіншегі: «Біреуі өзің кеткенде іште қалған, екіншісін емшек сүтіммен көтердім, ал үшіншісін... үшіншісінің қайдан пайда болғанына апам да аң-таң, мен де аң-таңмын», – депті əлгі дүзқара қатын. Ха-ха-ха... (Тауды басына көтере мəз болып күледі). Ақт а н (Делқұлға). Қандай ұзақ жасайды екенсің, бей- бақ. Қолыңдағы балтаны өмір бойы қайрасаң да, ешкімге сілтемей, дөңайбат қылып жаныңды сақтарсың... Былайғы жұрт сескеніп жүруі үшін бір-бір пышақ, не балта байлап алу керек шығар белге. Қ а р а т а н . Жол жөніндегі жобаңды ескеретін болдық. Жарылыс сəл кешеуілдемек. Ақт а н (кекесін үнмен). Бұл не, мүсіркегенің бе? Əлде Құдайдан қорыққаның ба? Қ а р а т а н . Екеуі де емес. Бəлкім, қартайғанда жоқтан басқаға ырылдаса бермейін деп уақытша шегінгенім шығар. Ақт а н . Сен біреумен ырылдасты, ашық айқасқа шы- ғып, бетінен алды дегенге есуас адам сенер ме. Сенің тəсі- лің – үрмей қабу, білдірмей біз сұғу, уақытша шегіну арқылы жеңіске жету емес пе еді. Сондықтан да сенің жолың менің жолыммен өмір бақи түйіскен жоқ – қатар қашқан қос сызық іспетті. Бір ауылдан басталып екіге айырылып кетер соқпақ секілді... Қ а р а т а н . Сан-салалы жолдың тоғысар тұсы көпір ғой. Міне, сол көпірдің үстінде тұрмыз. Шыныңды айтшы, неге менің соңымнан түсіп, Зырянь қаласына іздеп барып, кегіңді қумадың? Сосын, соңғы сұрағым: Тəңір қоймасынан алып шыққан алтының қайда? Ақт а н (ақырын аяңдап Қаратанның жанына кетеді). Шындық – шын сұрағанда ғана айтылады. Асан шалдың бір сөзі əлі есімде: «Балам, – деп еді, – көнектен шошыған бие оңбас, төсектен шошыған ер оңбас. Көңілің бір қалған адам- ға қайтып қайрылма, ит иттігін істемей қоя ма, шайыңды ішіп, сырмағыңды тіліп отырады», – деуші еді. Дəл осы көне көпірдің үстінде Айгүл үшеуміз анттасып едік, дəл осы көне көпірдің үстінен Айгүл суға секіріп өліп еді, дəл осы көне көпірдің үстінде менен Көккөлден келген бейбақ туралы; Үңгірдегі байлық, үйдегі Жесір туралы сырымды айттырып едің; дəл осы көне көпірдің үстінде айдатып едің. Халық та сəби секілді емес пе, шымшысаң – жылайды, əлдилесең – уа- нады. Сенің сезіңе имандай ұйыды. Адал көңіл, ақ жүрегімен сенді. Мылқау шеше, балалы жесірімді тастап ит жеккенге кеттім тентіреп. Енді, міне... (Қалш-қалш етіп). Енді, міне, сол көне көпірдің үстінде жəне де кездестің, бұл – ақырғы жолығуың шығар... Бізге не жетпейді сонда... Сөйтсем сені мен мені, жаман мен жақсыны жалғар негізгі көпір, шынын- да да, салынбаған екен, салынуы мүмкін емес екен. Оны сен бұрын, мен кеш ұққан екенмін, «ештен кеш жақсы» деген- нің аузы қисайсын, кейде кештен ештің өзі артық. (Басын ұстай шөке түсіп, отыра кетеді). Миымда мың-миллион құмырсқа жыбырлап жүргендей... Қ а р а т а н (оқты көзімен ата қарайды). Бас емес, құ- мырсқаның илеуі десеңші. (Қалтасынан алып аузына бір уыс дəрі салады да, шығып кетеді). Д е л қ ұ л (балтасының жүзін ұстап көріп, əндетеді). Баяғыда бір кезде, тоғыз түрлі тағамнан наурыз көже жасап- ты, соны ішкен қазақтар мың-миллион жасапты. Елге сəлем айтыңдар, ұмытпасын біздерді, коньяк ішкен ағайын – қара көже іздепті. Е, Алла, (алақанын жайып) тіршілігіңнен, жор- ғалаған тірі тышқаныңнан айналдым. Жеңіліп жүрсем де, жер басып жүргеніме не жетсін. Делқұл да балтасын беліне қыстырып жөнеле береді. Ақ- тан басын ұстаған күйі жүрелеп отыр. Жүгіріп қыз келеді. Қ ы з . Ағай, ағай десе. Ақтан басын көтереді. Қ ы з (жан-жағына жалтақтап қарап). Қаратан Атан- таевич пен «телохронитель» Делқұл Балтабаев кеткен екен ғой. Ағай десе, «Рахат» қайнарына салынар жолдың сіз ұсынған жобасын біз, Өскеменнің жол құрылысы институ- тынан келген студент-жастар өзара талқыладық. Сонсоң ма- ман құрылысшылармен бірлесе отырып, жоғары жаққа мə- селе қоюды ұйғардық. Ақт а н (маңдайынан сүйіп). Рақмет, қызым!
|
|||
|