Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ШЕГІНІС. шінші сурет



ШЕГІНІС

Кен қазған үңгір. Ақтан от жағып, бал қарағай пісіріп, шағып отыр. Анда-санда түн құсы сұңқылдайды.

 

Ақт а н н ы ң ө з і . Ертең Айгүлмен жолығамын. Неге екенін білмеймін, мен оны жалғызсырағанда еске аламын, жаным қысылғанда еске аламын. Неге екенін білмеймін, мен оны мəңгіге жоғалтып алатын секілдімін. Айгүл айтып еді.


«Біз, осылайша, бір-бірімізді мəңгіге сағынып мəңгіге іздеп өтерміз. Соның өзі бақыт емес пе, Ақтан. Адамдар бір-бірін мəңгілік іздеп өтсе, қандай жақсы...»

 

Үңгірдің қараңғы түкпірінен Айгүлдің сүлдесі ағараң- дайды.

 

Айгүлдің е л е с і . Алыстайықшы, алыстан бір-бі- рімізді сағынайықшы, Ақтан, бір-бірімізді сарғая күтейікші, Ақтан. Шын ғашық бұл дүниеде қосылмайды. Екеуміз о дү- ниеде, жұмақ əлемінде ғана кездесерміз, кездесе тұрып, зар еңіреп жылармыз, жылармыз... жылармыз... жылап тұрып:

«Жарық дүниеге қайтып оралмайық», – деп ант берер едік...

(Жоғалады).

Осы сəтте Ақтанның қыр желкесінен ысылдап келген қыл арқан мойнына сарт ете қалады. Еңгезердей біреу аяғы- мен арқасынан басып, тұзақ арқанды шірене тартып тұрады. Ақтан ойда-жоқта мойнынан ораған ажал арқанынан құтыл- маққа əрекет жасайды. Бірақ бұл бұлқынған сайын кеңір- дегін сыға түскен арқаннан құтыла алмайды. Арбасу ұзақ- қа созылады. От лаулай жанып жатыр. Ақтан тағы да іштей айтыса бастайды.

 

Ақт а н 1 (қиналып өз мойнын өзі жұлқылайды). Жаныма батты-ау! (Үңгір: «Жанға батты-а-ау...» деп жаңғырыға қайталайды).

Ақт а н 2 (салмақпен). Енді не істейміз? Сен шыдасаң –

мен шыдадым.

Ақт а н 1. Рас, үмітсіз шайтан ғана... бірақ сол үміттің өзі шайтанға айналып, шатастырары бар. (Қинала). Адамдар бір-бірінің арқасына көзге көрінбей жабысып, сүліктей со- рып, өмір сүреді. Зəуде сүрінсе, құласа, тағдыр тəлкегінен көреді, арқасындағы адамнан көрмейді. Қазір көзімді жұ- майыншы, менімен бірге бүкіл əлем құритын, жым-жылас жоғалатын шығар-ау... (Көзін қолымен басады, сосын қайта ашады). Құдай-ау, бəрі өз орнында, баяғы бəз қалпы – мəз


қалпы екен-ау. Егер мен өліп кетсем де, осы – еш нəрсе өз- гермейді. Қандай сорлы пенде деген...

Екі «жау» əлі арбасып тұр. Əлдеқайдан, алыстан Айгүл- дің Ақтанды шақырған үні естіледі.

Ақт а н 1. Сонымен не істеу керек! (Үңгір жаңғырығы қайталайды).

Ақт а н 2. Күресейік, жағаласайық, сонда ғана жеңеміз! Ақт а н 1. Тілге келейік. Ағатайлап, жалбарынып, аяғы-

на жығылайық.

Ақт а н 2. «Өмірім де, өлімім де өткір найза ұшында», – деп жер апшысын қуырар батыр бітімді жігіт емес пе едік. Та- биғат сыйға тартқан жойқын қуатың, арыстан айбатың қайда? Ақт а н 1. Қазір қара күштің мезгілі емес, мықтасаң бірді жығарсың, мыңнан жығыларсың. Айға шапқан ары- станды да білеміз, мерт болғанын. Жылы-жылы сөйлесең, жылан да інінен шығады. Айналайын деші, сен жеңдің, мен жеңілдім деші, өтірік жыламсыра, жағымсы. (Еңбектеп,

жік-жапар болады).

Ақт а н 2 (айғай салып). Тұр орныңнан, өйткенше өлген артық!

Ақт а н 1. Мұндай ұстара жүзінде тұрған шақта қара күшіңе сенбе, айлалы да аяр сөзіңе сен. Өзің түгіл түсіңде көрмеген жұмбақ біреумен алысып өлген ерлігің кімге ке- рек, кімге дəрі, қаласың мына үңгірде ит жемі болып. Еңбек- теп жүрсең де, ертеңіңе ұмтыл – тіршіліктен, тірі тышқаннан айнал. Қазір күресетін күш керегі жоқ, тістелейтін тіс керек. Жалбарын, шыбын жанымды қи де...

Ақт а н 2. Өйткенше, өлген артық!

Ақт а н 1. Қанын шығармай соятын, жүнін шығармай жұлатын қулық керек, қулық!

Ақт а н 2. Өйткенше, өлген артық! Қарағайдың қарсы біткен бұтағы емес пе едің! Сілкін! Арыстан боп атыл, ар- қандағы жауыңа! (Екеуі де жоғалады).

Жарық Ақтанның өзіне түскенде, саусағын мойнындағы қыл арқанның астына сұғып барынша жиырылып, бүкіл


күш-қуатымен əуелі алға оқыс еңкейіп, күрт шалқайып құ- лайды. Ақтанның керзі етігі қыр желкесіндегі дұшпанның бетіне былш етіп тиеді. Екеуі апаш-құпаш алыса түседі. Ен- дігі сəтте «Жұмбақ адам» оттан лаулаған шаланы ала салып, Ақтанның көзіне тақай жақындаған. Тас қабырғаға сүйеніп, сілейіп тұрған Ақтан жəне де өзімен-өзі айтыса бастайды.

 

Ақт а н н ы ң е к і н ш і о й ы . Сонымен не істеу ке- рек?! (Үңгір жаңғырығы қайталайды).

Ақт а н 1. Тілге кел. Жалын. Аяғына бас ұр. Тағыңнан түсіп қалмайсың. Егер кек алам деп күшің тасып бара жатса, татуласып алған соң, қапелімде бас сал.

Ақт а н 2. Арам ниетіңе емес, адал күшіңе сен. Мұндай жекпе-жек енді өз өміріңде қайталанбайтынын есіңе ал. Енді сен бұдан былай тек қана іштей күрсінетініңді, тасада тұ- рып тас ататыныңды есіңе ал. Бұл жігіттікті сынар ақырғы да шешуші айқас. Бұл – ақырғы, бұл ғасырдағы ең соңғы жекпе-жек!

 

Жұмбақ адам оттың шаласын жалаңдатып жігітке тіпті жа- қындап қалды. Дəл осы сəтте: «Ақтан...» – деп айғай салған Айгүлдің даусы естіледі. Жұмбақ адам оқыс үнге жалт қара- ғанда, Ақтан оны бар пəрменімен іштен теуіп құлатады. Екеуі де: «Атаңа нəлет!» – деп ышқына ақырғанда, бұл үнді үңгір қақпақылдай қағып қайталайды: «Атаңа нəлет!, Атаңа нəлет!»

Осы шақта сахнаға Делқұл шығады.

 

Д е л қ ұ л . Ерте, ерте, ертеде, тым ертеде де емес енді, бір данышпан айтқан екен «Өзің жегенді итке де бере отыр, тіпті ол сені қапқан ит болса да», «Алтыны бардың кемтар- лығы білінбейді», «Сіңірген еңбек табалдырықта қалады да, күдік пен күмəн төрге шығады», «Адамдар алақандай батпақ үстінде бірін-бірі талап жеп жатқан жəндіктер сияқты» кере- мет емес пе?.. Ха-ха... (Кетеді).

Ақтан от басында сұлап жатқан Жұмбақ адамның бетіне су тамызып, есін жиғызады.


Ақт а н . Сіз кімсіз, аға?!

Ж ұ м б а қ а д а м . Көріп тұрсың ғой, аң емеспін, адам- мын. Арғы беттен, шынымды айтсам – арғы дүниеден өтіп келдім.

 

Ақтан мылтығына ұмтылғанда, Жұмбақ адам көз ілес- пейтін шапшаңдықпен етігінің қонышынан пышағын ала қояды. Екеуі тағы арбасады.

 

Ж ұ м б а қ а д а м (бітім тілей). Қанша қарысқанмен, бір-бірімізді ала алмаспыз. Сен жас ит болсаң, мен кəрі ит- пін. Сен əліңе сенсең, мен айлама сенемін. Байқаймын, қай- сарлығыңа қарағанда, біздің тұқымның тұяғы секілдісің. Аты-жөніңді айтшы?

Ақт а н . Бітім тілеп тұрып, шаруамды бітіріп жүрмейсіз бе?

Ж ұ м б а қ а д а м . Ондай мерез ой болса, бағана қыл бұрау қылша мойныңда тұрғанда-ақ қыршыныңды қияр едім.

Ақт а н . Мүсіркемей-ақ қойыңыз. Ендеше, шық былай жекпе-жекке!

 

Ақтан ортаға орғып шығады.

 

Ж ұ м б а қ а д а м . Жақсы! Өте жақсы! (Сүйсінеді). Жас кезімде мен де сен секілді ер жүрек, ə десе мə деп тұратын өркөкірек едім. Бірақ ондай алапат күш, асау мінезді еркек- тің алды-арты сенімен бітер деп қорқамын. Қыл бұрауды мойныңа əдейі сынау үшін салып едім... (Оттың шаласын ысыра түседі). Сен менен қорықпа да, үрікпе. Қаңғыбас та, дəруіш те, қашқын да, шпион да емеспін. Тағдыр талайынан таяқ жеген, мұзға айдаған түйедей тарғаяқтап жүрген бей- шара жанмын. Менің сорлы болатыным, туған жер, өскен елден қаңғып, жат елге кеткендігім, бақ іздеймін деп жүріп бақытымнан, жұмақ іздеймін деп жұртымнан айрылғаным. (Терең күрсінеді).

Ақт а н (өзіне-өзі). Құдая, мынау менің əкем болмасын...


Ж ұ м б а қ а д а м . Сен менен қорықпа, өзіңнің жал- ғыздығыңнан қорық. Егер дəл осылай кісі киік болып, мəңгі мылқау таудың ортасында жүре берсең, менің тағдыр кепе- шімді сен киерсің... Бірақ, саған ақыл да, нақыл да айтпай- мын. Қазір кімді-кім тыңдағандай, кімді-кім оқытқандай. Қазіргі жұрт іштен-ақ біліп туады... Сондықтан да, бұл аға- йынның есін алдырып болмаса, бір нəрсеге нандырып, көн- діре алмассың...

Ақт а н (сөзін бөліп). Осының бəрін маған несіне тəп- тіштеп отырсыз. Ұзын сөздің қысқасы, Совет елінде жүруге рұқсат қағазыңыз бар ма?

Ж ұ м б а қ а д а м . Туған жерге рұқсат қағазынсыз бара алмай қор болғалы қашан... Мен бұдан он жыл бұрын мына Көккөл кенішінде инженер болып істегенмін. Содан бір күні таудан көшкін түсіп, кен орнын жəне онда істеп жүр- ген бірлі-жарым жұмысшыларды алып кетті. Сонда мен бей- бақ динамит қойып, қопарылыс жасағанда, жарылыс дүм- пуі шоқыларды кіреукелеп ілініп тұрған мұздақты қозғарын білмеген екенмін. Бір кісінің қателігі – мың кісінің тағдырын шешеді екен. Иə, сонымен табиғи апатты күні бұрын бол- жап, кеншілерге ескертпегенім үшін мені он жылға сотта- ды. Сол он жылға шыдай алмай, арғы бетке қаштым. Мерзім уақыты əлдеқашан өткен. Əттең, еліме оралуға қақым жоқ. Енді бұдан былай жер жастанғанша өзімді-өзім тұтқындап өткенім, түрменің үлкені – ар, ождан түрмесі екен. Шіркін, дүниеде туған жердің тұтқыны болудан бақытты не бар... Айтып-айтпай не керек, бəрін де кеш түсіндім. Əр жылдың осы мезгілінде Көккөлге келіп анау көк түтінін көкке өрлет- кен айналайын ауылға көз талдыра ұзақ қараймын. Қарай- мын да, қайран қаламын: құмырсқа теріп жесең де, өз еліңде жүргенге не жетсін. (Кемсеңдеп жылайды). Мен аттанайын. Тұман сейілмей тұрғанда арғы жаққа өтіп алуым керек. Саған айтарым, Аршалыда Жазира атты жұбайым, Қаратан есімді ұлым қалған еді. Егер есен-сау болса, мені кешірсін. Қаратанға əкең айтты де: «Адам адасам десе, қолына шы- рақ ұстап жүріп, тал түсте адасады, ит мініп, ирек қамшы- лап кетсе де, туған жерінен ұзамасын... Əйтеуір, сақ болсаң-


даршы. Мен жүрген ел мазасыз, бүгін дос болып, ертең қас болуы көзді ашып-жұмғанша». (Есіне бір нəрсе түскендей ойланып). Сонсоң... Тəңір-қоймасына ешкім түскен жоқ па?

Ақт а н (таңданып). Жоқ.

Ж ұ м б а қ а д а м (өкініп). Текке жатыр деші шіріп...

Асылды алар азамат табылмағаны ғой.

Жұмбақ адам асықпай, аңдап ұзай береді. Ақтан қолын- дағы мылтықтың қарауылына үш рет алса да, қолы қалтырап ата алмайды.

Ақт а н . «Əйтеуір сақ болсаңдаршы». Апыр-ау, жүрегім нені сезді, қолым неге қалтырады? Атып неге тастамадым? Шынымен-ақ, Қаратанның əкесі ме?..

 

Үшінші сурет

...Баяғы көрініс. Көпір. Сол көпірдің үстінде Ақтан мен Қа- ратан əлі тұр. Делқұл балта қайрап отыр. Трактор мен мотор- лы араның даусы естіледі. Құрылыс жүріп жатқан сыңайлы.

Ақт а н . Егер мен өзен болсам, онда ең əуелі сені жағаға лақтырып тастар едім.

Қ а р а т а н (байыппен). Толқын жағаға тек қоқырын ғана емес, асылын да лақтырып тастамай ма?

Ақт а н . Оқығанның аты – оқыған-ау. Есеңді логика- дан жібермейсің. Дегенмен, бұған дейін маған істеп келген жаулығыңның себебін анықтай алмай-ақ қайранмын. Антты бұзды деп айыптамай-ақ қояйын, Айгүлдің өлімін неге ме- нен көресің? Сенің бұдан 35 жыл бұрын маған таққан үш айыбыңның алғашқысы осы ғой.

Қ а р а т а н (көпір үстінде əрі-бері жүре бастайды).

...Өткенге, өкінішті жылдарға сүйрелей бердің-ау достым. Рас, білгің келе ме?

Ақт а н . Рас.

Қ а р а т а н . Қолыңдағы таспиқ қылып ұстап тұрған Ай- гүлдің тұмары емес пе? Егер сен өлтірмесең, қайдан алдың оны?


Ақт а н (күледі). Əй, достым-ай, кісіні қаралау мен жа- зықсыз жазғыру тəсілің əбден ескірген. (Түсін суытып). Бұл таспиқ – отыз жылдық жан жолдасым, қараңғыдан алып шы- ғар шырақшым, сүрінгенде сүйеу болар медетім. Елден бе- зіп, еңбектеп жүргенде күндіз қолымнан, түнде мойнымнан тастамаған бойтұмарым. Сен құс төсекте жатқан шығарсың, мен тас төсекте жатқан шығармын, бірақ сенің де, менің де түптің түбінде барар жеріміз, жатар орнымыз біреу, ол – қара жер! Сен шыңғырып, өз ар-ұятың өзіңді буындырып өлті- рер, мен сақ-сақ күліп өлермін.

 

Осы кезде балта қайрап отырған Делқұл қысыр əңгімесі- не кіріседі.

 

Д е л қ ұ л . Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде біреудің жалғыз ұлы болыпты. Əкесі: «Əй, ұлым, сені үйлендіру ке- рек еді», – дегенде: «Əке-ау, əке, қатын əпергендей көрейін, сабамай жүрші», – деген екен... Ха-ха-ха... (Жалғыз өзі тар- қылдап көп күледі).

Ақт а н (өзіне-өзі). Бүгінгі заманның жастарға ертегі жыр айтып, жас қиялын тербер əңгімеші шалы да осы. (Ба- сын шайқайды). Балтаны қанша қайрағаныңмен, өз намысы- ңа сілтей алмай, өзгенің шабарманы болып, шабылып өтке- нің-ау, бейбақ.

 

Бағанағы қыз қолында қағазы бар қайта келеді.

 

Қ ы з . Қаратан Атантаевич десе, біз екі жолдың да жо- басын қайта қарап, кететін уақыт пен жұмсалатын шығын- ды, тұрғылықты халыққа тигізер пайдасын детально есеп- теп шығардық. Ақтан ағайдың логикасына қайран қалдық, біздің соңғы қорытындымызбен өте сəйкес келеді. Шынын- да да, Алтай тауының құпиясын білу үшін, яғни қандай да үлкенді-кішілі жоба немесе жоспар жасамас бұрын, осындай туған жерімен бірге жасасып, біте қайнасқан ескі көз адам- дармен ақылдасып алу ауадай қажет екен...

Ал...


Қ а р а т а н (сөзін бөліп). Əй, шырағым, суырша шақыл- дай берме. Министрлік бекітіп берген жобаны бұзуға, қайта жасауға кім рұқсат берді? Болмаса, бұл жерде мен туған жоқ па екенмін?

Қ ы з . Ағай десе, біз жол жобасын бүтіндей емес, не бары бір бөлшегін бұзып тұрмыз ғой.

Қ а р а т а н . Егер бұл негізгі бөлігі болса ше?..

Қ ы з . Мəселе осында, негізгі бөлікте – негізгі қателік бар, іс барысында ептеп өзгеріс жасау, қайта қарауға қақы- лымыз.

Қ а р а т а н (қызға). Ей, шырағым, құлағымның етін же- мей бара тұршы. Артынан сөйлесерміз. (Қыз иығын қиқаң еткізіп шығып кетеді. Үнсіздік. Əлі де ашуын баса алмаған). Осы ғой, осы менің жаныма тиетіні!

Ақт а н . Жастың аты – жас. Шындықтың бетіне тура қа- райды, өз ойын айтудан тайсалмайды. Бүгінгі жастардың ар- тықшылығы, мықтылығы да осында-ау.

Қ а р а т а н (қолын бір сілтеп). Шындық, шындық, елу жыл күрессең де, өз шындығың өзіңді шыңғыртып келеді- ау... жазған.

Ақт а н . Достым, сен осы ретте де жеңіліп тұрсың. Тек əбден көк тамырланып алған бетпақтығың мен көрсоқырлы- ғың – бұл сыннан да есен-сау алып шығар. Бəлкім, сен менен қорықпайсың, бірақ жаңағы қыздан, өзіңді өкшелеген кейін- гі жастан жасқанасың, осы қауіпіңді жан ұшыра жасырғың келеді. Əйтпесе, «Рахатқа» апарар тас жолдың əуелгі жоба- сын жасауға өзің де тікелей қатыстың емес пе. Егер бүгін сол жоба бүлініп жатса, күні ертең əуелі сенен сұрайды. «Ай қарадың ба баяғыда», – дейді...

Қ а р а т а н . Сондықтан да өз қолымды өзім кесіп, мына сен құсап, өз көрімді өзім қазғым келмейді.

Ақт а н . Білем, білем, сен көрді тек қана өзгеге қазасың. Бірақ, дəл осы жолы ойлануың керек, бұл сенің алғашқы да ақырғы ақылды ісің болмақ, бұған дейінгі күнəңді жуар ерлігің болмақ. Сайып келгенде, əкеңнің тірлігін қайталап алмау үшін керек... Қателіктің сұмдығы – қателікті түзей алмау.


Қ а р а т а н (елеңдеп). Ол қандай қателік?

Ақт а н . Сенің əкең бұдан қырық жыл бұрын мынау Көккөл кенішінде инженер болып істеген. Тас қопарғыш ди- намитті есептемей қолданып, ана Сұлушоқыдан сел аққан, қар құлап, адамдар мен кен орнын басып қалған.

Қ а р а т а н . Оған менің қатысым қанша?

Ақт а н . Егер Сұлушоқының алқымына аммонит ал- тыншыны қойып жарсаң, бүкіл тауды дірілдетер құдіретті күш, шың басында жүздеген жыл жатып-семіп тұрған мұз сіреулерін сусытарын ескердіңдер ме? Мен бұл істің мама- ны емеспін, бірақ тəжірибем, ойым айтады. Ал, жүз грамм аммониттің жарылыс қуатын менен гөрі сен жақсы білесің.

 

Қаратан Ақтанға бір, шың басына бір алақтай қарайды.

 

Қ а р а т а н (ойланып). Дегенмен, ойың тым негізсіз емес. Бірақ, бұл іске, шынында да, сенен гөрі біз жетікпіз. Аммонит алтыны неғұрлым терең көмсе, солғұрлым дүмпу толқыны жақынға тарайды.

Ақт а н . Қопарылыс жасау жөнінде сен ойлағандай, тым кеще емеспіз. Жарғыш егер бір метр тереңдікке көмілсе, дүмпуі жүз метрге кемитінін де білемін. Сол өзіңнің «арқаң- да» өткірген жиырма жыл – жер қопаруға арналған. Менің күмəнім басқада. Сіздер сол аммонит деген «итті» қанша те- реңдікте көмдіңдер, көк тасты бұрғылай беруге ерініп, асы- ғыстық жасаған жоқсыңдар ма?..

 

Қаратан Ақтанның бетіне екі ойлы таңданыс кейіппен қа- райды. Үнсіздік.

 

Қ а р а т а н (өзіне-өзі). Апыр-ай, мынауың қалай-қалай тартады сырнайын. Жо-жоқ, бұл жиырма жыл емес, қырық жыл отырса да, аяғын шалдырғанымен, арқасын алдырма- ған екен. Оңай жаңғақ көрінбейді, шағатын азу емес, тағы да айла керек. Тəңірім-ау, қалай ғана шаршамаған. Айтып тұр- ғаныңның зəредей қателігі жоқ, рас, біз аммонитті тым таяз- ға көмдік, ертең жарылыс... Сонда не істеу керек? Ақтанның


пікірін, өз ойым ретінде жоғары жаққа хабарласам, сөйтіп, жарылыстан бас тартсам? Сонда барлығынан мен ақылды болып шықпаймын ба... Бұл жалғанда ешкім əшкерелей ал- майтын жалғыз нəрсе бар, ол – ой ұрлығы, яғни басқаның пікірін малдану...

 

Екеуі көпірдің екі басында теңселіп тұр.

 

Ақт а н (өзіне-өзі). Бекер айттым-ау ойымды. Ертең ол сақтанады. Маған жасаған өмір бойғы бақастығының басы- на су құяр сəт осы еді. Алды-артына қарамай қопарылыс жа- сап жібергенде, өзгені қойып, өзінің күлі көкке ұшар еді-ау. Сөйтіп, жер бетінен тағы бір лағынет аластар еді-ау. Бірақ, ол лағынет өзінің артына сандаған лағынетті аманатқа тас- тап кетпегеніне кім кепіл? Табиғат апатынан өлгенше, азап- танып, рухани қорлықтан өлсін, қырық жылғыны қылға тіз- бейін... Менің түсінбейтінім, бізге не жетпейді осы – туған жер, өскен ел бір. Аспан бір, ал адамдар... адамдар... басқа... Қ а р а т а н (үнсіздікті бұзып). Осы ғой, осы менің жы- ныма тиетіні – күндіз өңімде, түнде түсімде – сенің бейшара бейнең көлденеңдейді де тұрады. Сондықтан, рухы мықты-

ларды ұрып жығу əдетім. Əттең, баяғы кез болса. (Өкінеді).

Ақт а н (зілмен). Жоқ! Жоқ, баяғы кезің. Аммонитті Сұлушоқының емес, сенің астыңа қойып қопару керек.

Қ а р а т а н (күліп). Қопарыла қойсам... Асылы, адамды қопаратын аммонит əлі ойлап табылған жоқ.

 

Осы сəтте сахнаның арғы түкпірінен үстіне қара жамыл- ған Мылқау кемпір шығады да, екеуін айыптай үнсіз қарай- ды. Тыныштық.

 

Шымылдық




  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.