Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ШЕГІНІС. ШЕГІНІС. Екінші сурет



ШЕГІНІС

Баяғы көпір. Жасыл орман, тау-тас. Ақтан, Қаратан жəне Айгүл үшеуі сықылықтай күліп, қолдасқан күйі ағаш ара- сынан шығады. Бəрі уыздай жас. Олар көпірдің үстіне келіп тұрады.

Айгүл (көңілді). Жігіттер, егер тірі жүрсек, əрбір он жылда дəл осы көпірдің үстінде жолығайық. Жəне досты- ғымыздың айғағы үшін анау Бұқтырманың маржан секілді ақ тасынан бір-бірлеп алайық. Мейлі, қайда жүрейік: алыста ма, жақында ма – бойтұмар ғып таққан ақ тас жанымыздан бір елі қалмасын! Мейлі, қашан жолығайық, бүгін бе, ертең бе – амандықтан бұрын əуелі көрсетеріміз – осы достығы- мыздың ақ тасы болсын!

Қ а р а т а н . Тобық ойнаймыз деші.

Айгүл өзенге жүгіріп түсіп, доп-домалақ əдемі үш тас те- ріп əкеледі де, үлестіріп береді.

Айгүл (қолын ұсынып). Келістік қой осыған, жігіттер!

 

Қаратан мен Ақтан: «Келістік», – деп дауыстайды. Үшеуі бірінің қолынан бірі қыса ұстайды.

 

Айгүл . Ант етейік! Тау куə! Орман куə! Көпір куə!

Қ а р а т а н (қолын күйгізіп алғандай жұлып алады). Ал, сол антты бұзған адам қандай жазаға тартылар еді?

Айгүл . Əкем айтып отыратын, қазақтың ең жаман қар- ғысы: «Күлің шашылмасын, шалғының басылмасын», – деп. Осы қарғысқа жолықсын.


Ақт а н . Тым қатал үкім емес пе, Айгүл?

Айгүл . Қатал болғандықтан да, қасиетті үкім.

Қ а р а т а н (ыржалақтап). Егер антты бұзсам, сол қар- ғысқа мен-ақ жолығайын... Тіпті осы сөзіңе қарғыс па, алғыс па түсіне алмай тұрмын.

Айгүл . «Күлің шашылмасын», – «күліңді шашып ой- найтын балаң болмасын», – дегені. «Шалғының басылма- сын», – дегені – «Есігіңді жан адам ашпасын, сіздің үйге ке- лер жолға шөп өсіп кетсін», – дегені.

Ақт а н (сүйсіне қарап). Əн айтшы, Айгүл! Көп болды даусыңды сағындық қой.

Қ а р а т а н . Рас сағындық. Сендей Алтайдың ақмара- лын жар еткен жігітте не арман бар екен, тəңірім. (Күрсіне- ді). Айтшы, Айгүл, сен махаббат деген мантырақ сөзге сене- сің бе?

Ақт а н . Əрине, əлімсақтан бері белгілі.

Қ а р а т а н . Бұл фəни жалғанда сүйгеніне қосылған ға- шықты естісем, құлағым керең болсын.

Ақт а н . Естімесең – естисің.

Қ а р а т а н . Басқаны қайдам, дəл екеуіміздің қолымыз- дан келмес.

Ақт а н . Əттең, бұғы боп жаралмағаныма өкінем. Егер бұғы болсам, өз бақытымды жекпе-жекте жеңіп алар едім.

Қ а р а т а н . Бірақ, ол бұғы да шаршайды ғой. Дəл сол кезде келесі бұғы бүйірінен бір сүзіп, маралды тартып алады екен.

Айгүл . Қойыңдар, жігіттер, менің ертеңгі тағдырым жайлы бал ашу ерте шығар.

 

Айгүл əн айтады. Мұңға толы, қоңыр əуен.

 

Қарағай басын кессем, мол-ақ екен, Дүние ойлап тұрсам, шолақ екен.

Он бес пен жиырма бесің-ей,

қайран отыз Үшеуі үш күн қонған – қонақ екен.

ақай-ақай-ай...


Айгүл . Неге екенін білмеймін, жерден жеріп, аспанда ұшып жүргім келеді, екі қанат емес, шұбатылған қол-аяқ бер- геніне өкінемін. Қызық, кеше түс көрдім. Аппақ бұғы жеккен ақ шанада – Ақтан, ал қара бұғы жеккен қара шанада – Қара- тан ақша қардың бетімен ағыза жарысып барасыңдар.

Қ а р а т а н (шыдамсызданып). Ал, сен... сен кімнің ша- насына отырдың?

Айгүл . Сенің, мына сенің шанаңда отыр екенмін, ал- дымыздағы үлкен ордан секіргенде мен аунап түсіп қала- мын, сен қайырылмай алға кете бересің...

Ақт а н . Мен сендерге өлең оқып берейін бе?

Қ а р а т а н . Өй, сенің ақындығың да бар ма еді? Кəне, қисаңдат аузыңды.

Ақтан өлең оқиды.

Деп жүрсің ғой сұлумын – мол сыбағам, Мен бір деген алтын адам, асыл адам, Мейлі, сенің ай болсын ақ маңдайың, Көз жанарың күн болсын жарқыраған, Қолаң шашың түн болсын маужыраған, Қызыл ернің гүл болсын қалтыраған,

Қабақ шытсаң, ол, мейлі, мұз боп қатсын, Жадырасаң бұлақ боп сарқыраған, Жанарыңнан атылған оққа ұшып, Жатсын талай жігіттер қансыраған, Адалдық пен адамдық болмаған соң Сұлулықтың бес тиын нарқы маған.

Қаласам сендегі бар сұлулықты, Жалғыз шумақ өлеңмен тартып алам...

Қ а р а т а н . Ал, мен оқиын ендеше:

Ақындар жанын текке қинайды, Махаббат өлеңге сыймайды.

Жарық бірте-бірте сөне береді. Осы көрініс жоғалады да, сахнадан қолын қусыра ағаш басына мелшие қарап тұрған əуелгі Ақтанды көреміз.


Ақт а н н ы ң ө з і (күбірлеп). Кім жолығып еді сол қар- ғысқа... Кім?.. Кім?..

 

Құлақ тұндырар ащы дауыс естіледі. Сосын алыстан, тым шалғайдан Айгүлдің аппақ сүт бейнесі көріністенеді де, бір- тіндеп түнекке сіңіп, ғайыптанады. Тек, «Ақта-а-ан!», – деп шақырған үні ғана талайға дейін жаңғырығып тұрады. Осы сəтте Ақтанның екі жағынан екі ойы шыға келеді – əуелі шпагамен шайқасып алады.

 

Ақт а н 1. Иə, кім! Кім еді антты бұзған? Ақт а н 2. Қаратан...

Ақт а н 1. Оған көзің жете ме?

Ақт а н 2 (басы салбырай күмілжіп). Естігенмін... сез- генмін...

Ақт а н 1 (жекіп). Бірақ өз көзіңмен көре алдың ба, жар- қыным! Өйткені біз көп дүниені көрмей, тек сезіп, секіріп өтер едік. Өйткені біздікі көз емес, жараның орны секілді еді. Өйткені біздікі без емес, шын жанар болса, Айгүлдің адал махаббатын ұғар едік. Айгүл жүрегіне көпір сала ал- мадық, сондықтан да құлап өлді... мына көк көпірден... Ай- гүлдің керемет деп жүргені кері кеткен болды... Махабба- тымыздың ақ маралын атып тастадық та, біреудің жесіріне үйлендік... Қане, өз кіндігімізден бала қалғаны, қане? Егер антты Қаратан бұзса, қарғысқа сол жолығар еді. Бүгінде ұл өсіріп, қыз өсіріп, немере сүйіп, асығы алшысынан түсіп отыр. Біз болсақ, міне... не қуа алмай, не қаша алмай қара басып қалғанымыз...

Ақт а н 2. Менің бейшаралығым сол – ақ пен қараның,

жақсы мен жаманның парқына бара алмағаным-ау. Екі жерде екі – төрт деп жүріппін. Сөйтсем... екі жерде екім – үш екен, бəлкім, бес екен. Қаратан менен гөрі есеп сабағына жүйрік, осы пəнді жақсы оқып еді мектепте. Айгүлдің өліміне, шы- нында да, мен кінəлі шығармын...

 

Осы кезде сахнаның бұрышынан Делқұл шығады.


Д е л қ ұ л . Ерте, ерте, ертеде бұлаққа ат суара барсам, бір əйел шашын жайып ағыл-тегіл жылап отыр. «Не бол- ды?» – деп сұрасам: «Сүйікті күйеуім үш күн бұрын қайтыс болды, енді осы бұлақ суалып, əбден сарқылғанша аруағын жоқтап отырам», – дейді еңіреп. Апыр-ай, осындай адал ма- хаббат əлі де бар екен-ау деп əйелге риза болдым. Сонсоң жаным ашып бір күн өткен соң қайта барсам, əлгі əйел суал- майтын болған соң бұлақты бас жағынан бұрып жатыр екен, зəнталақ... ха-ха...

 

Кетеді.

 

ШЕГІНІС

Ақтандар жоғалады да, сахнаға Айгүл мен Қаратан шы- ғады.

 

Айгүл (қорқақтай сөйлеп). Ақтан шақырады деп едің ғой. Ол келмепті ғой. Əлде мені (əзілдеп) алдап əкелдің бе?

Қ а р а т а н (түнеріп). Қазір келеді. Жүрген шығар қаң- ғырып, тоса тұрайық. Кел, отыр. (Екеуі жасыл шөпті жапы- ра қатар жайғасады).

Орманда құстың сайрағаны, еліктің əупілдегені естіледі. Соншалықты бір тамаша көрініс. Ағаш басынан асып батқан күннің алауы əлі де семе қойған жоқ.

 

Айгүл (көңілді). Қаратан мен берген ақ тасты жоғалт- қан жоқсың ба?

Қ а р а т а н (көңілсіздеу). Міне. (Қалтасынан алып көр- сетеді).

Айгүл . Қалтаңа салып жүргенің не? Жоғалтып алмай- сың ба? Мінеки, (мойнынан алып) мен бойтұмар қылып та- ғып алғанмын.

 

Қаратан үндемейді. Құстар мазасыз сайрап тұр. Орман ішіндегі жарық бірте-бірте сөне бастайды.


Айгүл (елегізіп). Ақтан кешікті ғой... Мүмкін, келмей- тін шығар... қас қарайып кетер. Жүр, қайтайық ауылға.

 

Қаратан лəм демейді. Түнерген күйі Айгүлдің білегінен ұстайды да, өзіне қарай икемдеп тартады.

 

Қ а р а т а н . Сонымен сен менің шанамда отырдың, ə... Бірақ есіңде болсын, егер құлап қалсаң, өмір бақида жолда қалдырмаймын.

Айгүл (шошынып). Не болды саған?! Түу, білегімді ауыртып жібердің ғой. Жіберші. Саған не болды? Жіберші деймін...

 

Міз бақпаған қалпы бауырына басып, сүйе бастайды.

 

Қ а р а т а н (демігіп). Айгүл жаным, егер бүгіннен ке- шіксем, сенен мəңгіге айрыларымды білемін. Өз есемді, өз үлесімді ешкімге қиғым келмейді, жаным. Өз бақытыма өз- геден бұрынырақ ұмтылмасам, өмір бақи өкініп өтерімді бі- лемін, жаным. Енді сен мендіксің... (Ессіз сүйе бастайды). Бүгіннен кешігуге болмайды...

Алыс-жұлыс, Айгүлдің зар еңіреген даусы естіледі. Айгүл (жылап). Ақ тас ше? Ант ше? Ақтан ше?..

(Жарық қайта жанғанда, қалтасындағы тасты алып,

суға лақтырып жіберген, сосын асыға басып шығып кеткен Қаратанды көреміз. Айгүл бүк түсіп солқылдап жылап жа- тыр. Құстар мазасыз сайрауда. Қас қарайып барады. Айгүл орнынан əрең, сүйретіле тұрады да, көпірге келеді. Мой- нындағы ақ тасты алып, көпірдің жақтауына бауынан бай- лайды. Сонсоң көрермендерге қарап.) Жазығым не, жазығым не, жазығым – адалдығым ба, адал адамның маңдайына азап шегу жазылған ба? (Осы сөзді айтқан қалпы өзенге секіреді. Тау-тасты жаңғырықтыра айқайлаған үн – Айгүлдің үні:

«Ақта-ан!!!»)


Екінші сурет

Тау. Тас. Орман. Баяғы көпір. Ағаштың түбірінде ойға ба- тып отырған Ақтан. Қолында Айгүлдің көпірге байлап кет- кен тас тұмары. Осы сəтте тағы да Ақтанның екі ойы шыға- ды – Ақтан мен Ақтан.

 

Ақт а н 1. Сонда Айгүлді кездесуге шақырғаның рас еді ғой?

Ақт а н 2. Рас.

Ақт а н 1. Ендеше, неге келмедің?

Ақт а н 2. Сен, мына сенің ақылыңды тыңдадық емес пе?

Ақт а н 1. Одан қор болды ма? Жесірдің обалы жіберді ме...

Ақт а н 2. Ол жолы жесірдің кінəсы жоқ. Көккөлге аң қарап кеттік емес пе? Сонан қайтып келе алмадық уағдалы жерге.

Ақт а н 1. Егер келсек, Айгүл тірі қалар еді. Кейде адам тағдырын қас қағым сəт шешерін ескере бермейміз.

Ақт а н 2. Иə, тірі қалар еді... Біздің иттігіміз сол – өмір бақи кешігіп келеміз. Бірақ Ақтанның өзі де өлім аузынан қайтты емес пе. Есіңде болар, Көккелдегі вольфрам қазған үңгір.

Ақт а н 1. Бəрі есімде. Лаулатып от жаққанбыз. Ауыр ойға батқанбыз. Сонда біз тек Айгүлді ғана емірене еске ал- мадық па? Одан арғысы сұмдық еді ғой.

Ақт а н 2. Рас, сұмдық болатын.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.